Latest Posts from Ақша менталитеті (@aqsha_mental) on Telegram

Ақша менталитеті Telegram Posts

Ақша менталитеті
Арна eurasiapluse.kz ақпарат агенттігіне тиесілі
2,771 Subscribers
13 Photos
1 Videos
Last Updated 01.03.2025 09:16

Similar Channels

ATYRAUOIL 📰
16,818 Subscribers
BAQ.kz
2,756 Subscribers

The latest content shared by Ақша менталитеті on Telegram


💬 Kaspi мен БЦК несие портфелінің өсімі бойынша көш бастап тұр

Банктер несие қоржынын 33,3%-ға арттырған. Kaspi көрсеткішті 6 трлн теңгеге, ал БЦК 4 трлн теңгеге дейін ұлғайтты.

90 күннен асып кеткен төлемдері бар «нашар» кредиттер Kaspi-де 291,6 млрд теңгені (жалпы несие портфелінің 4,82%) құрады.

Ал БЦК-де мұндай кредиттердің көлемі 59,3 млрд теңге (1,48%).

Бұл туралы Ұлттық банктің статистикасы мәлімдейді.

📱 Ақша менталитеті

⚡️Теңге айтарлықтай нығаюда

Бұл хабар дайындалған сәтте KASE-дегі соңғы мәміле 509.31 теңге бағамымен өтті. Кеше ғана доллар биржада 515,06 теңге болған.

📱 Ақша менталитеті

⚡️ Kaspi жеке тұлғалардың депозит нарығында Halyk Bank пен Банк ЦентрКредиттен қалып қойды

Ұлттық банктің соңғы деректеріне сәйкес, 2024 жылы Банк ЦентрКредит (БЦК) жеке тұлғалардың депозиттік портфелін 27,2%-ға ұлғайтып, 💰 2,8 трлн теңгеге жеткізген. Ал Halyk Bank-та бұл көрсеткіш 22,8%-ға өсіп, 7 трлн теңгеге жетті. Kaspi Bank депозит көлемін небәрі 22%-ға арттырып, 6,1 трлн теңгені құрады.

Депозиттік нарықтағы өсім банктердің сенімділігі, клиенттерге ұсынатын шарттары мен сервистік қызмет деңгейіне байланысты болып отыр. БЦК мен Halyk Bank-тің салымшылар базасын кеңейту қарқыны биылғы бәсекелестік деңгейінің жоғары екендігін айғақтайды.

Алдағы уақытта Halyk Bank пен Банк ЦентрКредиттегі депозит шарттары туралы айтамыз.

Бізге тіркел👇

https://t.me/aqsha_mental

Қазақстан банктерінің акциялары 2024 жылдың 10 айында 121%-ға дейін қымбаттады

🏦 Halyk Bank акциялары жылдың басынан бері 51,1%-ға қымбаттап, 3 желтоқсанда 249,09 теңгеге жетті.
💰 Банк ЦентрКредит акциялары 121%-ға өсіп, 2163 теңгеге дейін қымбаттады.
🏦 Kaspi Bank акциялары биржада сатылмайды. Банк акциялары финтех бағытындағы Kaspi акционерлеріне тиесілі: Михаил Ломтадзе (24,42%), Вячеслав Ким (23,22%), Baring Vostok Funds (27,24%). Kaspi-дің акциялары 22,6%-ға өсіп, 55,9 мың теңгеге жетті.
🏦 Freedom Bank акциялары да биржада сатылмайды. Банк Freedom Holding Corp-қа тиесілі, холдинг акциялары 49,5%-ға қымбаттап, $119-ға дейін көтерілді.

Мәліметтер KASE-нің деректерінен алынды.

https://t.me/aqsha_mental

🏘 Теңгенің құнсыздануы, тұрғын үй нарығына қалай әсер етпек?

Теңгенің әлсіреуі құрылыс материалдарының қымбаттауына әкеліп, тұрғын үй нарығында бағаның өсуіне себеп болуы мүмкін. Импорттық материалдардың бағасы өскен сайын, жөндеу мен құрылыс жұмыстары да қымбаттайды.

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мұндай өзгерістердің болатынын жоққа шығармады.

"Әлеуметтік тұрғын үйге келсек, біз бұл сегментті бақылауда ұстаймыз. Мұнда шаршы метрдің шекті бағасын реттей аламыз," – деп мәлімдеді министр.

https://t.me/aqsha_mental

😞 Теңге тағы шегінді: доллар 524!

Ұлттық валюта күн сайын құнсызданып, доллар бағамы жаңа межелерді бағындырып жатыр. Бүгінгі көрсеткіш – 524 теңге. Тарихи минимум. Бұрынғы рекорд екі-ақ күнге жетіп, енді жаңа төменгі шек тіркеліп отыр.

Пайыздық мөлшерлемені көтеру теңгені құтқара алмады, ал интервенциялар әлдеқашан таусылды. Ұлттық банк жаңа интервенция жүргізе ме, жоқ па белгісіз.

Теңгенің құлдырауы халықтың қалтасына ғана емес, психологиясына да салмақ салып жатқаны жайы бар.

https://t.me/aqsha_mental

💰 Home Credit Bank депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені көтерді

Home Credit Bank базалық пайыздық мөлшерлеменің өсуі аясында депозиттер бойынша мөлшерлемелерді көтерді.

🔸 «Простой» депозиті бойынша 3 айға арналған мөлшерлеме мобильді қосымша үшін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ГЭСВ) 0,1%-ға өсіп, 14,3%-ды құрады.

🔸«Простой» депозиті бойынша 12 айға арналған мөлшерлеме бөлімшелер (кеңселер арқылы рәсімделген) үшін 0,3%-ға артып, 14,3%-ға жетті.

🔸«Почтовый» депозиті бойынша ГЭСВ 0,3%-ға көтеріліп, 14,3%-ды құрады.

Бұл туралы банк мәлімдемесінде хабарланды. 💰

https://t.me/aqsha_mental

🇰🇿 Ұлттық банк теңгені құтқаруға кірісті: Интервенция басталды...

Ұлттық банк теңге бағамының күрт төмендеуіне 📉 байланысты ресми мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ақша менталитеті.

Соңғы дерек бойынша, KASE-де USD/KZT жұбы 518–519 теңге деңгейінде саудаланып жатыр, ал 28 қарашадағы орташа өлшенген бағам 512,58 теңгені құрады. Бір тәулік ішінде ұлттық валюта 2,4%-ға әлсіреді.

Реттеушінің айтуынша, теңгенің құнсыздануына бірнеше факторлар әсер етті.

Сыртқы факторлар:

– Глобалды деңгейде доллардың нығаюы;
– Мұнай бағасының құбылмалылығы мен төмендеу тенденциясы;
– Ресей рублінің жаңа санкцияларға байланысты әлсіреуі.

Ішкі факторлар:

– Шетел валютасына сұраныстың артуы және ұсыныстың шектеулі болуы.

Ұлттық банк деректеріне сәйкес, биыл қараша айындағы орташа күндік сауда көлемі 238 млн АҚШ долларын құраған. Бұл өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 1,5 есеге көп (193 млн доллар). Сонымен қатар, кейде сауда кезінде доллар тапшылығы байқалады, бұл нарықта алыпсатарлыққа мүмкіндік береді және тепе-теңдікті бұзады.

⚠️ Реттеуші осындай жағдайды тұрақтандыру үшін валюталық интервенцияларды қолға алғанын ресми түрде мәлімдеді. Дегенмен, Ұлттық банк бағамның толықтай нарықтық қалыптасуын сақтап, оған әкімшілік араласу жасамайтынын атап өтті.

– Егер қаржылық тұрақтылық пен айырбас бағамының шамадан тыс құбылмалылығы тәуекелдері туындаса, Ұлттық банк әділ бағам қалыптастыруды және валюталық нарықтың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін интервенцияларды жалғастыруға дайын, – делінген мәлімдемеде.

Елдегі қаржылық ахуалды бақылап отыр. Бізге тіркеле кет👇

https://t.me/aqsha_mental

❗️Kaspi.kz акционерлеріне 2024 жылдың III тоқсаны бойынша дивиденд төлей бастады

🍋‍🟩Бір жай акцияға 850 теңге мөлшерінде дивиденд төленуде. Алайда, KASE-де финтех компания жариялаған құжатта дивидентке қатысты жалпы сома нақтыланбаған.

Биржада орналастырылған акциялар санына (199 500 000 дана) сүйенсек, ол 169,6 млрд теңгені немесе III тоқсандағы таза кірістің 62%-ын құрайды деп болжауға болады. Осы кезеңдегі қаржылық есептілікке сәйкес, Kaspi.kz 274,4 млрд теңге табыс тапқан. Тура осындай соманы отандық компания өз акционерлеріне 2024 жылдың I және II тоқсандарында да төлеп үлгерген: I тоқсанда шамамен 223 млрд теңге, II тоқсанда — 243 млрд теңге. Ағымдағы жылдың тоғыз айында компания 740,4 млрд теңге табыс тапты.

Қазіргі уақытта Kaspi.kz-ның ірі акционерлері Михаил Ломтадзе (21,53% үлес), Вячеслав Ким (20,39% үлес), сондай-ақ 23,78% үлесімен Baring Vostok қорлары болып табылады. Қалған акциялар пакеті миноритарийлер арасында өзара таратып алынған.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance

⚡️ Шәрли Мангердің өмір ережесі...

Тапқан табысыңыздан аз жұмсаңыз – бұл қаржылық тұрақтылықтың ең қарапайым әрі негізгі ережесі.

Ақылды түрде инвестиция жасаңыз, уытты адамдар мен зиянды әрекеттерден аулақ болыңыз және өмір бойы білім алуға ұмтылыңыз...

💬Осылайша кейінге қалдырылған үлкен қанағат табасыз, себебі сіз саналы түрде осындай өмір салтын таңдадыңыз.

Егер осының бәрін іске асырсаңыз, табысқа жету мүмкіндігіңіз өседі. Ал егер қол жеткізе алмасаңыз, онда сізге өте көп сәттілік қажет болады.

Ақша менталитеті анықтамасы: Шәрли Мангер – әлемдегі ең табысты инвесторлардың бірі, Уоррен Бәффеттің серіктесі, инвестиция мен басқару философиясы арқылы аты шыққан қаржы маманы.

https://t.me/aqsha_mental