Ержан Бақытжанов

@yerzhan_bakhytzhanov


"Нұр-Мубарак" түлегі
"Мешіт ұстазы, исламтанушы"

Оқып түйген ойларым, кітаптан үзінділер мен аудармаларым.

Ержан Бақытжанов

19 Oct, 14:56


Бірде бір ғалым кісіге сұрақ қойғанымда, сұрағыма жауап бермей "Кітап оқыңыздар" деп қысқа қайырған еді. Сол айтқандай көп оқысақ, көзіміз ашылар. Кітап оқиық.

Ержан Бақытжанов

19 Oct, 12:00


Қанша соқыр адам бар, жүрек көзі ашылған,
Қанша көзі ашық бар, жүрек көзі жабылған.

Ержан Бақытжанов

18 Oct, 03:46


Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: "Расында, күндердің ең абзалы – жұма. Сол күні маған салауатты көп айтыңдар, өйткені сендердің салауаттарың міндетті түрде маған жеткізіледі".

Әбу Дәуіт/1531.

Ержан Бақытжанов

16 Oct, 15:01


Расында Алланың құзырында ең жаман адам – білімінен пайда алмаған ғалым.(Біліміне амал етпеген)

Әбу Дарда (Алла оған разы болсын)

Ержан Бақытжанов

13 Oct, 17:19


"Берген Құдайға жағыпты". Бір сыйлы әжеміздің аузынан. Түсінген жанға нендей керемет сөз!

Ұстаз Бауыржан Әлиұлы (Алла рахым етсін)

Ержан Бақытжанов

13 Oct, 14:40


Тәкәппарға көз артық
Көріп тұрып көрмейді.
Жарымеске сөз артық
Жөн сөйлеуді білмейді.
Не істесе де оңдырмас
Артық қолы олақтың.
Тілазарға тыңдамас
Қажеті жоқ құлақтың.
Ғұмырында, әр уақта,
Түк істемес құмартып,
Жалқауларға
Құлақ та,
Көз де,
Қол да,
Бәрі артық!

Қадыр Мырза Әли

Ержан Бақытжанов

13 Oct, 14:35


Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек,
Періште төменшіктеп, қайғы жемек.
Өзімнің иттігімнен болды демей,
Жеңді ғой деп шайтанға болар көмек.

Абай

Ержан Бақытжанов

13 Oct, 12:17


"Аллаға қайтатын күннен қорқыңдар"

Бақара сүресі, 281-аят.

Ержан Бақытжанов

13 Oct, 11:58


Адамдарға керегі – сенің оларға мәмілең ғана. Сені сол арқылы еске алады.

Ержан Бақытжанов

12 Oct, 18:52


Бір жаназа – мың уағыздан артық.

Ержан Бақытжанов

12 Oct, 15:26


Кітап

Стақанда шәйім суып
Қалғанын да білмеймін.
Бас көтермей жолды қуып,
Көзімді бір ілмеймін.

Бетін ашып түгелімен,
Оқып шықсам роман
Отырсам да түнімен,
Рахатқа қалар жан.

Керек емес сусын маған,
Керек емес асың да.
Болды маған – егер толған
Кітап болса қасымда.

Мустахи Бимағамбетов
Ұлы отан соғысының ардагері. Журналист.

1947 жыл. Форт-Шевченко қаласы.

Ержан Бақытжанов

11 Oct, 18:49


Сұм өмір абақты ғой саналыға.

Мағжан Жұмабаев

Ержан Бақытжанов

11 Oct, 12:50


Дос табыңдар! Дін жолындағы дос ақырет пен дүниедегі нағыз байлық. Тозақтықтардың: "Енді біздің шапағатшымыз жоқ. Жан күйер достымыз да жоқ", (Шұғара. 100-101 аят) дегенін естімедіңдер ме?!".

Хазрет Әли (Алла оған разы болсын)
Ихия

Ержан Бақытжанов

11 Oct, 03:06


Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: "Расында, күндердің ең абзалы – жұма. Сол күні маған салауатты көп айтыңдар, өйткені сендердің салауаттарың міндетті түрде маған жеткізіледі".

Әбу Дәуіт/1531.

Ержан Бақытжанов

10 Oct, 14:14


Шынтуайтында кітап жинаушылар тек кітап емес, олар бақыт жинап жатыр.

Бір данышпан

Ержан Бақытжанов

10 Oct, 09:37


Ғұлама Абдулла ибн Мубәрак өзінің еңбектері жайлы: "Мың бөліктен бір бөлік жаздым", – деген екен. Қазір осы сұрыптап жазу, ойланып пайыммен сөз айту деген сиреп кетті. Атақ-мал үшін абырой сатқан уақыт болды-ау.

Ержан Бақытжанов

10 Oct, 08:27


Ақыл айтқыштар "өзіңе пайдалы нәрсені оқы", деп айтады. Мен керісінше "оқыған нәрсеңнен пайда ал", деп айтамын.

Махмуд Аққад.

Ержан Бақытжанов

10 Oct, 08:03


Мөңке бидің “Ақыр заман боларда” деген толғауындағы “Өлімің қойдай болады,
Садақаң тойдай болады” дегені осы шығар.

Біз орыс пен қытайдан қорқып отырмыз. Бірақ олардан бұрын өзімізді өзіміз қойша қырып бітетін сияқтымыз ғой…

Не иманды, не заңды күшейту керек!

“Егер Алла (осылайша) адамдарды бір-біріне қарсы қойып, кей адамдардың бетін кей адамдармен қайтарып отырмағанда, шүбәсіз, жер беті түгелдей бүлінер еді де, онда өмір сүру мүмкін болмас еді (яғни жерде әділдік жойылып, шартарапты зұлымдық жайлар еді)”. (2:251)

Бұл жерде заң, қылмыстық жазалар меңзеліп отыр. Егер адамдар заңнан, оның орындалуынан қорықпаса, небір ауыр қылмыстарды шіміркпестен істей береді. Бүлінгені осы емес пе?!

Ержан Бақытжанов

04 Oct, 19:57


Екі нәрсеге төменшіктеуің сені жоғарылатады.
Ол – Алла және ата-ана алдындағы.

Ержан Бақытжанов

03 Oct, 16:25


Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: "Расында, күндердің ең абзалы – жұма. Сол күні маған салауатты көп айтыңдар, өйткені сендердің салауаттарың міндетті түрде маған жеткізіледі".

Әбу Дәуіт/1531.