MAUARA-NAHR ما وراء النهر

@mauaranahr


Ілім талап етушілерге арналған фиқһ және усуль фиқһ каналы

Каналды жүргізуші: Данияр Кенжеұлы

2015-2018 Сарыағаш медресесі
2018-2022 Ханафи фиқһ және усуль факультеті (Бакалавр)
2022 жылдан бастап Ханафи фиқһ және усуль факультеті (Магистратура)

MAUARA-NAHR ما وراء النهر

22 Oct, 14:00


Қазіргі уақытта кейбір адамдар: «Зекетті шетелдегі ілім ізденушілерге беруге болмайды, себебі фиқһ кітаптарында зекетті басқа қалаға немесе елге беруге рұқсат жоқ» деп айтуда. Бірақ мұндай пікір айтатын адамдар фиқһты тек өздеріне тиімді жерде ғана қолданады, ал басқа жағдайда өздеріне қолайлы мәзһабтан пәтуа іздеуден тайынбайды. Мысалы, Құран оқу үшін ақша алуға болмайды десең, «бұл жерде Шәфиғи мәзһабын ұстанамыз» деп мазақ қылатындарды да көрдік.

Осындай көзқарасқа ие адамдарға айтатынымыз — фиқһ мәтіндерін дұрыс түсініп, орынды қолдану керек. Иә, фиқһ кітаптарында зекетті басқа елге немесе қалаға жіберу мәкрүһ деп жазылған, бірақ мәселенің толық жағын түсіну қажет. Тек осы тұсты оқып тоқтап қалмай, ары қарай оқысаңыз:

(كره نَقْلُهَا إلَّا إلَى قَرَابَةٍ أَوْ إلَى طَالِبِ عِلْمٍ)

«Зекетті басқа елдегі туысыңа немесе ілім ізденушіге берсе, мәкрүһ болмайды» делінген.

Яғни, егер басқа қаладағы адам туысқан, ілім ізденуші немесе мұқтаж болса, зекетті беруге толық рұқсат етіледі. Ал егер мұқтаж емес адамға жіберілсе, ол жағдайда мәкрүһ болады. Оның өзінде бұл мәкрүһ тәнзиһан — яғни тыйым салынбаған, тек қайырымдырақ амалды ұсынған. Ибн Абидин бұл туралы:

أَنَّ الْكَرَاهَةَ تَنْزِيهِيَّةٌ تَأَمَّلْ، فَلَوْ نَقَلَهَا جَازَ
«Бұл мәкрүһ — тәнзиһан (хәләлға жақын). Егер зекетті басқа жаққа жіберсе, рұқсат» деп түсіндірген.

Сонымен қатар, шетелдегі ілім ізденушілер бөтен елдің адамдары емес, өзіміздің қазақтар. Ілім талап етушілер — елдің рухани тірегі. Ілімсіз елдің болашағы бұлыңғыр. Шетелде жүріп ілім талап етпеген адам олардың жағдайын түсінбеуі мүмкін, сол себепті осындай пікірлерді айтады. Мәселенің ақиқатына үңілмей, қалтаңды ойлап, дінді бұра тартпа.

Фиқһ кітаптарынан өзің күнде істеп жүрген амалдарыңды харамға шығаратын көзқарастар табуға болады. Сондықтан әр үкімді сүзгіден өткізбей, жеке пайдаң үшін пайдаланба!

MAUARA-NAHR ما وراء النهر

22 Oct, 09:01


-Мешіт жамағатына “шарх мағани әсәр” кітабынан дәріс өтіп жатырмын

-Шейх, жәрайсың! Оны біткен соң бірден “Таудихты” бастап кет, артынша ибн мәләктан дәріс қыл🤓

#әзіл

Алған білімін есегіне күнде қайталап беретін ғалым жігіттің оқиғасы есіме түсіп кеткендей-ақ…

MAUARA-NAHR ما وراء النهر

22 Oct, 06:51


Ибн Таймия өлер алдын тәубе етті деген сенімде жүрген кейбір әһл сунна жолын ұстанушы бауырлар бар екен! Не дейді мыс?! Хафиз ибн Хажар өзінің еңбегінде: Ибн Таймияның «Мен Ашғари ақидасындамын, Алла аршыға истауа жасады деген аятты зоһири (тура) мағынада емес» деп өз қолымен жазып кеткенін дәлел ретінде келтірген.

Айналайын, бауырым! Бұл тек Хафиз ибн Хажар ғана емес, одан басқа да көптеген ғалымдар айтқан нәрсе ғой. Бірақ… сол тәубе, сол кездегі ғалымдардың айтарлықтай тығырыққа тіреуінен, уақытша тыныс алу үшін жасалған тәубе емес пе еді?

Ойлап қарашы: егер тәубесі шын жүректен болса, түрмеден шыққан соң неге қайтадан баяғы жолға түсті? Су ағысына қарсы жүзіп, басқа бағытқа баруға мүмкіндік болды ғой. Бірақ, жоқ, ағысқа қарай қарсы емес, сол баяғы соқпақпен қайта жалғасты. Жоқ, әлде, сол «истауаны» зоһири мағынада түсінетін жолы әлдеқайда жайлы болды ма?..

MAUARA-NAHR ما وراء النهر

22 Oct, 05:31


Кейбір ғалымдар арасында “Әбу Ханифаның дәлелі әлсіз болғанда ғана оның сөзін тастаймыз” деген пікірлер айтылады. Әдетте, бұл пікірді фуқоһа мухаддистер немесе тек хадиспен айналысқан ғалымдар айтқан. Олар Әбу Ханифа немесе басқа фақиһтардың қолданған дәлелдерін әлсіз деп бағалайды. Алайда, бұл пікірді толықтай негізсіз деп санауға болады.

Біріншіден, Әбу Ханифаның дәлелдері бізге толық жетпеген. Оның фиқһтық мәселелері риуаят етілгенімен, дәлелдері екінші және үшінші ғасырдағы ғалымдар тарапынан болжамды түрде түсіндіріледі. Сондықтан, ешкім нақты түрде Әбу Ханифаның дәлелін әлсіз деп айта алмайды.

Екіншіден, әрбір абсолютті мүжтахид Құран мен сүннеттен үкім шығару үшін өзінің қағидаларына сүйенеді. Әбу Ханифа да осылай істеген, және оның үкімдері өзінің әдістемесіне сәйкес дұрыс деп саналады. Дәрет мәселесіне қатысты аяттағы “ب” әрпі секілді, кейбір мәселелерде әртүрлі мәзһабтардың түрлі көзқарастары болуы мүмкін, бірақ әрқайсысы өздерінше дұрыс.

Үшіншіден, кейде Әбу Ханифаға жеткен хадис бастапқыда сахих болған, бірақ кейінгі мухаддистер оны әлсіз деп санаған болуы мүмкін. Мұның себебі — хадисті қабылдау қағидаттарының айырмашылығында. Әбу Ханифаның дәлелін әлсіз деп шығару үшін адам алдымен абсолютті мүжтахид дәрежесіне жетуі қажет. Ал ондай дәрежедегі ғалымдар 3 ғасырдан бері әлі шыққан емес. Шықса да қабылданбаған. Оған мысал, ибн Һумам (рахимаһулла)

Сондықтан, ешкім Әбу Ханифаның дәлелін сыртқы көзқарасқа сүйеніп әлсіз деп айта алмайды, өйткені бұл үшін абсолютті мүжтахид болу керек.

MAUARA-NAHR ما وراء النهر

21 Oct, 16:55


https://youtu.be/29AOL4DLDwQ?si=Okm8YcLIizXZdLHP

MAUARA-NAHR ما وراء النهر

21 Oct, 13:56


https://youtu.be/PrfhXWN3Wfk?feature=shared

MAUARA-NAHR ما وراء النهر

20 Oct, 14:45


Палестинада тағы да көз жасымен суарылған топырақ, қайғының үнсіз айқайы көкке жетті. Әлем үнсіз қарап тұрғанда, бейбітшілік тек сөз жүзінде қалды. Қираған үй, жанын жоғалтқан ана, балалық шағын көрмеген сәбидің тағдыры — бұл жерде тек жанның емес, рухтың майданы өтіп жатыр. Қаншама рет дұға еткен халықтың үміті үзілсе де, жүрек түкпіріндегі сенім өшпейді. Әділдік орнамай қоймас, себебі Алланың әділдігі пенденің есебіне бағынбайды. Кешігіп келген әділдік, бәрібір, ақиқаттың ең биік шыңында тұрады.😔

MAUARA-NAHR ما وراء النهر

20 Oct, 14:25


Менің ең жек көретінім — уатсапта екі ауыз сөзді бөліп-бөліп жазып, телефонды қайта-қайта дызылдататын адамдар. Бәрін бір хабарламаға қосып жазуға болады ғой😬

MAUARA-NAHR ما وراء النهر

20 Oct, 13:19


Санасын тұрмыс билеген уағызшылардың білім жайлы сөз қозғағанын көргенде, «мискин» деп қоя салатының қандай өкінішті, да… Білместігі көрініп тұрса да, өзін білгір көрсеткені — түйені түгін қоймай сойып, жұртқа “бұл қой” деп тұрғандай әсер қалдырады. Шынайы ілім олардан соншалықты алыс, бірақ олар соны сезбей, қасықтап білім айтып жүргендей…

MAUARA-NAHR ما وراء النهر

20 Oct, 09:14


Имам Даһлауи «әл-Инсаф фи асбаб ихтилаф» атты еңбегінде былай дейді: «Соңғы ғасырдағы ғалымдар пайғамбарымыздың ﷺ уаһи түскен заманынан едәуір қашық болғандығы себепті, Құраннан үкім алуы біршама қиындықтар әкелген. Сондай-ақ, хадистен тікелей үкім алуға қауқарсыздығының есебінен олардың үкім туындату бойынша хадистің қуаттылығы мен әлсіздігін айыра алмайтыны анық. Хадистер сырт көзге түсінікті әрі ұғымды болуы мүмкін.

Алайда, мүжтахидтің көзқарасы мен критерийлері мүлдем басқаша көрініс береді. Абсолютті мүжтахидтер хадистердің не себепті біріне-бірі қарама-қарсы келетінін, сахабалардың кей хадиске амал етсе, келесісіне не үшін амал етпегенін, сонымен қатар әсәрлар мен хадистердің қайшылығының басты себептерін жетік білген. Жоғарыда айтылғандардың ешбірі соңғы ғасырда келген ғалымдардың бойында табылмағандықтан, оларға Құран мен сүннеттен үкім алу қиынға соғары сөзсіз.

Ал абсолютті ижтихад иесінің бойындағы бұл шарттарды өз бойына сіңіру — адамның бүкіл ғұмырына пара-пар. Бұл шарттарды бойға сіңірген соң, соған сай үкімдерді мектеп қылып қалыптастыру жағы тағы бар. Егер осыған барлық өмірін сарп еткеннен кейін, ол адам қандай ақыл иесі болса да, әрі қарай келетін фиқһ тармақтарын қалайша жүзеге асырмақ?! Әлбетте, бұл шаруаға күш-қайраты мен өмірі жетпесі анық».

Имам Даһлауи 3-4 ғасырдағы ғалымдардың Құран мен хадистен үкім алудағы қауқарсыздығын айтуда. Енді сіз күні кеше дүниеден өткен сәләфилердің көсемдерін ойлай беріңіз…

MAUARA-NAHR ما وراء النهر

20 Oct, 06:50


Кейбір деректерде Ібілістің шын есімі «Азазил» екендігі айтылса, басқа бір мәліметтерде «Харис» деп келеді. Алайда, ислам ғалымдары мұны жоққа шығарып, «исралияттардан» енген хабар дейді. Мұсылман үшін Ібілістің шын есімін білу маңызды емес. Ібілістің шын есімін, әйелінің бар я жоқтығын ізденіп, босқа уақыт құртудың да керегі шамалы. Маңыздысы — Ібіліс жыннан жаратылғандығы және Алланың мейірімінен мәңгілік қуылғандығын білуі болмақ.

«Әкәмул-мәржәән фи ахкамил-жәән»

MAUARA-NAHR ما وراء النهر

19 Oct, 16:39


Жындардың ерекшеліктері:

➢ Адамдар сияқты туылып, қайтыс болады.

➢ 300, кейбір деректерде 3000 жылға дейін өмір сүреді. Ғалымдар жындардың өмір жасының ең ұзағын негізге алып, бізден бұрын өмір сүрген ғалымдар Пайғамбарымызға иман келтірген сахаба жындардың да өмірде бар екенін айтқан.

➢ Жындар ғайыптан хабар бере алмайды, себебі ғайыпты тек Алла ғана біледі. Алла қаламайынша, ешкім ғайыптан бір сөзді, бір істі де жеткізуге дәрменсіз.

➢ Жындар намаз, ораза сынды ғибаттарға міндеттелген.

➢ Жындардың мұсылмандық, християндық, яһудилік дінді ұстанушылары бар.

➢ Жындар түрлеріне қарай бірнеше қасиеттерге ие. Солардың бірі — жындардың ішіндегі кейбірі көзді ашып-жұмғанша, ең ұзақ деп санаған жерге лезде барып, қайта келе алады.

«Әкәмул-мәржәән фи ахкамил-жәән»

MAUARA-NAHR ما وراء النهر

18 Oct, 17:33


🔥

MAUARA-NAHR ما وراء النهر

15 Oct, 18:20


Өзбекстанда өтіп жатқан конференцияға әлемнің түкпір-түкпірінен ислам ғалымдары жиналды. Шейх Мухаммад Аууама да осы мәжіліске арнайы шақыртумен келген.

Суретте ұстазым шейх Салах Әбулхадж және әйгілі ғалым шейх Тақи Усмани🔥🥹

MAUARA-NAHR ما وراء النهر

15 Oct, 17:08


https://youtu.be/ckjbS_rxZXg?feature=shared

MAUARA-NAHR ما وراء النهر

15 Oct, 10:05


Мына топ 3 кітабымызды алмағандар болса

Чекті мына нөмірге жібереміз

8707 5949420

MAUARA-NAHR ما وراء النهر

14 Oct, 04:39


Намаз оқығанда жиі кездесетін қателік

Намаздың ішкі парыздарының бірі – қырағат қылу, яғни Құран оқу. Күндізгі және жеке оқыған түнгі намазда қырағатты өзіңіз еститіндей деңгейде оқу шарт. Егер Құран әріптерін өзіңіз еститіндей деңгейде оқымасаңыз, намазыңыз жоқ есебінде болады. Дәл сол секілді тәкбір тахрима жасаған кезде де өзіңіз еститіндей деңгейде айту шарт. Айтпаған жағдайда намазға әлі кірмеген боласыз.

(Бәдәәиғ сәнәәиғ, Раддуль мухтар)

MAUARA-NAHR ما وراء النهر

13 Oct, 17:35


АЭС: Жарқын болашақтың жаңа беті ме, әлде жеп кетудің ескі жолы ма?

Болашақтың энергиясы дейді ғой, АЭС деген керемет жоба. Әлде тағы да бір “керемет” жоспар ма? “Қазақстан АЭС салады” деп жар салғаныңызда, өзіміздің қарапайым халық бір ойда қалдық: экономикамыз дәуірлеп кетті ме, әлде инженерлеріміз жаңа бір деңгейге көтерілді ме деп. Бірақ бәрі түсінікті ғой. Отанымыз атом саласында алпауыт мемлекетке айналмаса да, әр жобаның артында белгілі бір тұлғалардың қалтасы біршама кеңейіп отыратыны анық.

Әрине, энергетикалық тәуелсіздік деген әдемі сөздер айтылып жатыр, бірақ шынайы тәуелсіздікті елдің есебінен “тәуелсіз” қаптарды толтырумен шектелмесе болғаны. Ең қызығы, Қазақстан АЭС салып көрмеген ел ғой. Енді қалай екен, соны да үйреніп көрмек. Бәлкім, сала алмайтын шығармыз, бірақ “үлкен жобаларға” дейін, сол аралықта өз үлесін алып қалатындар аз болмайды.

Энергияның жаңғырығы жеген ақшаның дыбысынан күшті ме екен, көре жатармыз. Бізге тек қарап, қуанғаннан басқа не қалды дейсің? Бар күшті салғандай болайық, ал нәтиже баяғыдай болса, таң қалудың да қажеті жоқ.

ЛРТ-ның тағдыры естеріңде ме? Үлкен амбициялар, жарқын жоспарлар, бірақ қазір қала ішінде аяқталмаған, бос қалған құрылыс қаңқасы. Миллиардтар желге ұшып, ортасындағы кейбіреулер өз пайдасын көріп үлгерді. Енді АЭС ЛРТ-ның екінші сериясы болмаса болғаны. Тек бұл жолы ойын қауіптілеу, себебі атом мен бос қалған рельстің салдары әртүрлі…😉