Данияр Жігітбек

@dzhigitbek


Бұл – менің онлайн күнделігім. Мұнда ой-толғамдарым, арман-мақсаттарым, ізденістерім мен жалпы өмірімде болып жатқан өзгерістер жайлы жазып отырамын.

Кері байланыс: @zhigitbek
Каналдың талқылау чаты: @dzhigscussion

Данияр Жігітбек

22 Oct, 06:26


Астана және Астана қонақтары!

Сіздерді жылдың үздік кешінде күтеміз.

50 орын бар екен.

https://kitapalclub.tilda.ws/page56189755.html

Данияр Жігітбек

21 Oct, 06:32


Тіркелу үшін анкетаны толтырыңыз:

https://forms.office.com/r/Pi31b109h2

Данияр Жігітбек

18 Sep, 11:20


ДЖігіттер 2.0

Елдің дамуына қазір қоса алатын үлкен үлесім
болашақ көшбасшыларға ағалық ақылымды айтып, бағыттап, дамытып, менторлық ету
деп білемін.

Сол мақсатта ДЖігіттер 2.0 жобасын бастағанымды жариялаймын.

Неге "ДЖігіттер"? Данияр Жігітбектің жігіттері, болашақ жобаларымның қаһармандары деген сөз.

Неге "2.0"? Бұған дейін бұл жобаны жасағам. Жемісін көрдім. Командама бірнеше жігітті іріктеп алдым.

ДЖігіттер 2.0 жобасы 7 ай жалғасады: қараша, 2024 - мамыр, 2025. Тегін!

Оған дейін джігіттерді іріктеп алғым кеп тұр. Мына талаптардың бәрін орындаған джігіттерді жобама қабылдаймын.

1. Қараша, 2024 - мамыр, 2025 арасы Алматы қаласында оффлайн кездесулерге келе алуың керек.
Кездесулер көбінесе Тұңғыш Президент саябағында таңғы 08:00-ге дейінгі уақытта өтеді.

2. 1998-2005 жылдар арасында туған джігіттерді ғана қабылдаймын.
Төл құжатыңның суретін жіберіп растай аласың.

3. Алматы Марафон 2024-ға қатысып, 10 км-ді 60 минуттан аз уақытта жүгіріп өтіп, кейін сайттан нәтижесін көрсетуің керек.

21 км, 42 км жүгіріп өткендерді уақытына қарамай қабылдаймын.

Марафон 29.09.2024 өтеді.

Қатысу құны: 12000 тг.

Толық ақпарат:
https://www.almaty-marathon.kz/ru/events/almaty_marathon_2024/

UPD:
Регистрация 16.09.2024 жабылды дейді.

Тіркеліп үлгермеген болсаң, Strava қосымшасын жүктеп, 10 км-ді 60 минуттан аз уақытта жүгіріп, нәтижесін бөлісе сал.

4. Kitapal Club жобасына жазылып,
қыркүйек немесе қазан айының кітап талдауына қатысып,
қатысқаныңды растау үшін фото дәлел және
бірге қатысқан адамдарыңнан сен жайлы пікірін көрсетуің керек.

Жазылу құны: 10000 тг.

Толық ақпарат:
https://t.me/dzhigitbek/1393

5. 3-талапты (марафон немесе Strava) орындаған соң,
10 рет турникке тартылғаныңды видеоға түсіріп, видео дәлел көрсетуің керек.

Дедлайн: 31.10.2024

6. 01.10.2024 - 31.10.2024 арасы

менен 5 дана "Қаржы қағидалары" кітабын алып, сатуың керек.
Маған ақша аударған кезіңде саттың деп есептеймін.

Әр данасын 4000 тг-ден беремін.
Бір данасын менен алып, өзің қалаған сомаға сатып, сосын келесі данасын алып, солай сатсаң да болады.

Бастапқы капиталың 4000 тг болуы керек.
Бірден 20000 тг төлеп, 5 данасын ала салсаң да болады.

Талаптарды мұқият оқып, шешім қабылдауыңды сұраймын.

Нәтижелерді мына жаққа жібересің: @zhigitbek

Іріктеуден өткен, менімен келесі 7 ай бірге болатын джігіттерді 01.11.2024 күні жариялаймын!

Данияр Жігітбек

29 Aug, 08:20


Kitapal Club 2024-2025 жоба маусымына тіркеу ашық🚀😍🔥

презентацияны оқып, танысып, тіркеле беріңіздер!

Биылғы маусымға тіркелгендер

Алматы, Атырау, Астанадағы дүкендерімізден жеңілдікпен кітап ала алады.

Басқа қалалар да жақында қосылуы керек.

Клуб мүшесі екенін мақтанышпен сезінуі үшін бар жағдайды жасап жатырмыз.

Данияр Жігітбек

01 Aug, 08:16


Данияр Жігітбек pinned «Достар! Инстаграмымды оқып жүрген жандар біледі, кейінгі 6 айда "Қазақша копирайтинг" атты авторлық марафоным арқылы жазуға қызыққан жандарға копирайтинг негіздерін үйретіп жүрмін. Мақсатым: жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 1000-ға жеткізу. Копирайтинг —…»

Данияр Жігітбек

26 Jul, 11:22


Сізді алаңдатқан сұрақтарға жауап беріп, өміріңізді жеңілдететін 156 аудио подкастыма мәңгі доступ алыңыз.

Бұл — 2022-2023 ж. жазған аудио сабақтарым. "Өзіміз отырып шәй ішейік" жобасының архиві. Файлды ашып, тақырыптар тізімімен таныса аласыз.

Мәңгі доступ: бір төлейсіз, болды, 156 аудио подкасттың мәңгі иесі боласыз. Кез келген уақытта сұрақ туса, сәйкес тақырыптағы аудионы тыңдап, жауап таба қоясыз. Өміріңіз жеңілдей түседі.

156 аудионың бәрін тыңдап шыққан адамның ойы сөзсіз өзгереді. Менің ойлау стилімді "жұқтырасыз". Ой өзгерсе, болды, қарым-қатынас, мінез, әдет, қаржы жағдайы — бәрі өзгереді.

Өзгерем, өмір сүру өнерін меңгерем деген ниетіңіз болса, подкастарыма мәңгі доступ алыңыз.

Реквизиттер:

+7 778 601 6131
Марал Б.

20,000 тг жіберіңіз.

Чек: @bmq01

Данияр Жігітбек

02 Jul, 03:50


"Өзіміз отырып шәй ішейік" (для своих) жабық каналыма жазылуды ұмытпаңыздар, ок?)

Қазан айында қозғалған тақырыптар:


40. Тиктоктың пайдасы

Қыркүйек айында қозғалған тақырыптар:


38. Бай ойлау һәм кедей ойлау
39. Қырғызстан инсайттары. Өмірлік миссиям һәм өмірлік стратегия

Тамыз айында қозғалған тақырыптар:


35. Марқакөл инсайттары. Сапар – чекап. Сапар – университет

36. Марқакөл инсайттары. Тәуекел + сабыр = 100% жетістік – 1

37. Марқакөл инсайттары. Тәуекел + сабыр = 100% жетістік – 2

Шілде айында қозғалған тақырыптар:

31. Өрмекшінің 8 аяғы және өмір сапасы
32. Әр қиындықпен бірге кемінде екі жеңілдік жүреді.
33. Жігіт пен қыздың дисциплинасы
34. Таразыдан жемеу һәм Рэй Далионың принципі

Маусым айында қозғалған тақырыптар:


24. Өз-өзіңе жоғары талап қой
25. Профессионал шәкірт
26. Тез және дұрыс шешім қабылдаудың жолы.
27. Тез жүрудің тез ойлану мен тез шешім қабылдауға әсері
28. Ниеттің настройкасы
29. Гормондардың әсері
30. Береке талоны

Мамыр айында қозғалған тақырыптар:


18. Жапония инсайттары. Кең болсаң, кем болмайсың.
19. Жапония инсайттары. Күш позициясын бермеу
20. Жапония инсайттары. Минимализм
21. Әдет қалыптастыруға дайындық. Таңертең 10,000 қадам жасау әдеті
22. Қайнау температурасы
23. Нәпсіңмен келісім-шартты дұрыс түзсең, ол бағынады.

Сәуір айында қозғалған тақырыптар:

9. Тиімді шешім – түсінікті шешім
10. Проблеманы қалай шешем деп емес, кім шеше алады деп ойлан.
11. Байлық = жомарттық * есеп
12. Бірлікті қалай нығайтамыз?
13. Ықылас валютасы
14. Қарапайымдылық – норма. Қарапайым болмау – нормадан ауытқу.
15. Жапония инсайттары. Асықпау
16. Жапония инсайттары. Кішіпейілділік
17. Жапония инсайттары. Соңына дейін істеу

Наурыз айында қозғалған тақырыптар:

1. Ниеттің рөлі. 3 рет ниет ету
2. Бизнестегі ниет
3. Рамазандағы ТОП дұғаларым (2021-2024)
4. Артық киімнен арылу
5. Даму – өмірдің мәні
6. Менің білім алу тәсілім
7. Позитив бекіту
8. Фокустың күші

1 айға подписка жасаймын десеңіз,
3000 тг.

Каспи:
8 777 583 98 00
Руслан Ж.

Чекті мына жерге жіберіңіз: @bmq01

Данияр Жігітбек

14 Jun, 05:58


Әр қазағым жалғызым
қаржылық білімін арттырып,
қарыздан құтылып,
ақшаны дұрыс жаратуды үйреніп,
бай және еркін болғанын қатты
қалаймын.

Сол үшін тегін аудио дәрістер өтіп жүрмін.

"Қаржы қағидалары" деген кітабымды негізге алып, білімімді бөлісіп жатырмын.

Кітап сатып алуға мүмкіндігің болмаса,
оқуға ерінсең,

онда жай Play батырмасын басып,

осы аудио дәрістерді шетінен тыңдай берші.

Сөзсіз пайдасын көресің.

Еш алғыс пен ақы күтпеймін. Сенің өмірің жақсарса, болды.

Міне сілтеме. қосыл:
t.me/qr_zhi

Құрметпен,
Данияр Жігітбек

Данияр Жігітбек

05 Jun, 11:12


Достар!

"Қаржы қағидалары" тәпсірі" деген канал аштым.

Бұл каналда мен, Данияр Жігітбек, өзімнің "Қаржы қағидалары" кітабымда қозғалған тақырыптарды аудио түрінде тәпсірлеп, түсіндіремін.

Кітапты оқу бір бөлек, оны ауызекі тілде түсіндіру бір бөлек.

Каналдағы барлық аудио жазбалар тегін. Сақтап, тарата беріңіздер.

Сілтеме: https://t.me/qr_zhi

Данияр Жігітбек

11 Apr, 13:05


"Не үшін кітап оқу керек?" кітабына алғысөз

Құрметті оқырман! Қолыңыздағы кітапты үш замандасыңыздың кітапқа деген махаббатын көрсететін туынды деп біліңіз. Біз, Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев және Шразаддин Каниязов, осы кітабымыз арқылы сізді "кітап" деген ғажайып әлемге шақырғымыз келеді.

5000-ға жуық кітап оқыған, 10-нан аса кітап жазған жандар ретінде кітап жайлы кітапты біз жазбасақ, кім жазады?

Бұл кітапта біз кітап оқудың пайдаларын, біздің өмірімізді қалай өзгерткенін айттық. Сондай-ақ кітапты қалай оқу керек, қалай таңдау керек, оқығанды амалға асырудың жолдары жайлы да сөз қозғадық.

Кітап үш адамның еркін әңгімесі форматында жазылған. Барынша қарапайым сөздерді қолдануға тырыстық. Арасында ауызекі стильдегі сөздер де кездеседі. Үшеуміз ғана сөйлей бермей, арасында сізге де пікір білдіруге, әңгімеге араласуға мүмкіндік беріп отырамыз.

Әдебиеттен хабары бар жандар біледі, Әзілхан Нұршайықовтің "Ақиқат пен аңызы", Мұхтар Шаханов пен Шыңғыс Айтматовтің "Құз басындағы аңшының зары" кітабы осындай диалог түрінде жазылған. Біздің кітабымыз да сонысымен ерекшеленбек. Үш адамның бір нәрсеге қатысты үш түрлі пікірін оқи отырып, сіздің де өз пікіріңіз қалыптасады. Әрі әңгіме жалықтырмайды. Былайша айтқанда, бір деммен оқып шығасыз.

Бұл – кітап оқу жайлы кітап. Бірақ біз тек кітап жайлы әңгімемен ғана шектелмедік. Кітапқа тікелей қатысы бар ғылым, дін, пәлсапа, өнер тақырыптарына да түрен салдық. Оқып, таным көкжиегіңіз кеңіп қалады деп сенеміз.

Біздің мақсатымыз: Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру. Мына туынды да сол мақсаттан туған. Егер кітабымыз сіздің кітаппен достасып кетуіңізге себеп болса, мақсатымызға жеткеніміз.

Ал, ыңғайланып отырыңыз. Әңгімемізді бастайық.

Данияр Жігітбек

21 Mar, 10:06


@zhigitbek

Данияр Жігітбек

17 Mar, 00:46


"Ауылға Kitapal" жобасының 2024 жылға жоспары

"Туысқандар", "Кластастар", "Ауылдастар", т.б. чаттарға таратып жіберейікші. Барынша көп адам осы жобамыз жайлы білсінші.

Талқылау чатымызға да шақырыңыздар:
https://t.me/+WHwCFVjr2y2bCTaH

Данияр Жігітбек

15 Mar, 06:52


Құрметті достар!

"Ауылға Kitapal" жобасының 2024 жылға жоспарымен танысқан шығарсыздар.
Жоспардың pdf нұсқасы📎 төменде тұр.

Мақсатымыз 16.12.2024 дейін 400 ауылға кітап жеткізу еді.
Осы сәттегі көрсеткіш: 317.

Біз ай сайын әр облыстың 2 ауылына кітап жіберіп отыруға бел будық. Бірақ сол ауылдың жанашырлары болмаса, бұл мақсатқа жетуіміз қиын. Жобаны қарапайым халықтың күшімен жүзеге асырып жатқанымызды атап өткім келеді.

Сол үшін сіздерді бірігуге шақырамын. Біреу мектеп табады, біреу кітаптарды алуға қажет қаражатты іздейді, біреу ерікті боп мектепке барып, сол кітаптарды таныстырып, оқушыларға мотивация беріп қайтады.

Қазіргі облыстар бойынша статистикамыз мынадай:

🟢 мамыр жоспарын орындады (2 ауылға кетті)
🟡 мамыр жоспарын жартылай орындады (1 ауылға кетті)
🔴 мамыр жоспарын әлі орындамады (0 ауыл)

Жалпы: 317 ауылға кетті⬇️

🟢Түркістан облысы: 62
🟢Атырау облысы: 32
🟢Қызылорда облысы: 25
🟢Алматы облысы: 24
🟢Ақмола облысы: 23
🟢Абай облысы : 20
🟢Жамбыл облысы: 19
🟡Жетісу облысы: 17
🟢Ақтөбе облысы: 16
🟢Маңғыстау облысы: 14
🟢Батыс Қазақстан облысы: 13
🟡Шығыс Қазақстан облысы : 12
🔴Қостанай облысы: 9
🔴Павлодар облысы: 9
🔴Солтүстік Қазақстан облысы: 8
🟡Қарағанды облысы: 7
🟢Ұлытау облысы: 7

Бәріміз жұмылып, Қазақстанды кітап оқитын елге айналдырайық!

Құрметпен,
Данияр Жігітбек
"Ауылға Kitapal" жобасының жетекшісі

Данияр Жігітбек

26 Feb, 10:16


Өзіміз отырып шәй ішейік

Достар, каналама шақырамын. Ол жерде ой, білім, инсайттарымды аудио форматта бөлісіп отырамын. Подкаст қой, былайша айтқанда.

2024 жыл соңына дейін жүргізуге бел будым.

Қызық болса, қосылыңыз. Курс емес, марафон емес, үй тапсырмасы жоқ. Жай тыңдап, ой қозғап отырсаңыз, болды.

Подписка форматын таңдадым. Каналдағы аудио материалдар жыл соңына дейін өшпейді.

Кез келген уақытта подписка жасап, бүкіл материалдарға доступ ала бересіз.

Подписка ұзақтығы: 1 ай.

Ай біткенде, тағы төлем жасап, ұзарта аласыз. Болмаса, кешірек қосылып, тыңдап шығуға да болады. Әрине, ол кезде тыңдап үлгере алсаңыз 🙂

01.03.2024 бастадым. Подписка жасап қойыңыз.

1 айға подписка жасаймын десеңіз,
3000 тг.

3 айға бірден подписка жасаймын десеңіз,
7000 тг.

5 айға бірден подписка жасаймын десеңіз,
12000 тг.

Каспи:
8 777 583 98 00
Руслан Ж.

Чекті мына жерге жіберіңіз: @bmq01

Данияр Жігітбек

21 Apr, 05:54


Айт құтты болсын, ағайын!

Рамазанда 30 күн ас-ауқаттан тыйылдық. Бүгін бейне бір еркіндікке жеткендей қуанып, арқаны кеңге жайып отырмыз. Айт күнгі қуаныштың дәмін тек 30 күн ораза ұстағандар жақсы сезінсе керек.

"Бұл өмір кәпір үшін — жәннат, мұсылман үшін — зындан" дегенді естіп едім. Бұл өмірде мұсылман болсаң, қалағаныңды істей бере алмайсың. Белгілі бір тыйымдар бар.

Тамақтың адалын таңдап жейсің. Киімнің ұяттысын таңдап киесің. Сөздің түзуін таңдап айтасың. Себебі сен — Алланың таңдап алған құлысың!

30 күн ораза сияқты тыйымдарға толы бұл өмір де өте шығар. Содан кейін сені еркіндік күні — Жұмаққа кіретін күнің күтіп тұр. Сол күнгі қуаныштың қандай болатынын білмеймін. Бірақ бүгінгі айт күнгі сезімдер сол күні кешетін күйімізден хабар беріп тұрғандай.

Біз Рамазандағы тыйымдардан азап шегіп, қазір енді содан құтылғанымызға қуанып тұрған жоқпыз. Жоқ! Әсте олай емес. Керісінше ол бізге ләззат сыйлайтын тыйымдар еді. Әйтпесе, қасиетті аймен қимай қоштаспас едік.

Дәл сол сияқты мұсылман адам үшін бұл өмірдегі тыйымдар — азап шектіретін емес, ләззат сыйлайтын тыйымдар. Олай болса, өмір бойы тыйылып, содан ләззат алып, одан кейін сол тыйымдардан құтылып, Жәннатқа кіріп, содан да ләззат алатын мұсылманның күйі қандай ғажап!

@dzhigitbek

Данияр Жігітбек

28 Mar, 07:02


Өзгенің ісін жеңілдету

"Өзгеге көмектесу" емес, "өзгенің ісін жеңілдету" деген сөзді қолданғым кеп тұр. Екі сөздің энергиясы екі түрлі. Мені "өзгенің ісін жеңілдету" деген сөз көбірек шабыттандырады.

Жан-жағыма қарап, "кімнің ісін жеңілдете алам?" деп ойлана бастадым. Бір танысым кітабын сата алмай, жарнамасын қалай жасарын білмей басы қатып отыр. Бір әжей банкоматтың тілін түсінбей, қиналып тұр.

Олардың ісін жеңілдетуге шамам мен білімім жетіп тұр ғой. Танысыма хабарласып, 1-2 копирайтинг тәсілді көрсетіп, саудасын көтере аламын. Әжейдің ақшасын шығарып бере аламын.

Мен оларды елемей, өз жөніммен кете берсем де болар еді. Бірақ олай істесем, әлемде кемінде 2 адам қиналып тұрар еді.

Біз өзгенің ісін жеңілдетуді емес, қиындатуды көбірек ойлайтын сияқтымыз. Біреуге жол бермей, біреуді күттіріп, біреуге қағаз толтыртып, біреуге артық іс істетіп, біреуге қырсығып уақытында жауап бермей жатырмыз. Егер жалпы ел болып өзгенің ісін жеңілдетуді ұстаным етіп алсақ, жемқорлықты да жеңер едік-ау осы.

Біреудің көмек сұрағанын күтпей, өзің бірінші барып, ісін жеңілдетсең, кайф! Фишка сұратпай көмектесуде. Жан-жағыңа қарашы. Қиналып, басы қатып жүрген, мейлі ол кішкентай іс болсын, жандарды іздеші. Тез табасың. Сен үшін оп-оңай, бірақ ол үшін қиын істің күрмеуін шешіп бер. Сөйтіп әлемдегі қиналып жатқан адамдардың санын аз-аздан үздіксіз азайта берейікші.

@dzhigitbek

Данияр Жігітбек

22 Mar, 13:36


Күннің батуы, айдың тууымен келіп жеткен Рамазан айы құтты болсын, құрметті мұсылмандар!

Праздник к нам приходит. Үлкен сарайды елестетші. Іші толған алтын кесектері. Бір кесекті сатсаң, құны: $50. Жерде шашылып жатыр. Бассаң, тізеңе дейін батып кетесің. Сарайдың есігі ашылып, "30 күнің бар, үлгергеніңше теріп ал" деді. Сондай күйде тұрмын.

Биыл тек ішіп-жеуден ғана тыйылып қоймай, көз, құлақ, тіл, қол, аяқ та ораза ұстайтын екінші деңгейге ниет етіп қояйық, уа, мұхтарам жамағат!

@dzhigitbek

Данияр Жігітбек

20 Mar, 10:26


Жақында Стамбулда болдым. Досым Олжас Ханафин қарсы алып, қонақ етіп күтті.

"Білім де — ризық", "Сен ризығыңды немесе ризығың сені қайдан табатынын білмейсің, Жер бетін кез" деп жатады ғой.

Олжас бауырым бір білімін бөлісті. Осы сапардың ең үлкен олжасы сол деп білемін.

Ол Стамбулда оқып жатқан Әділет деген қари бауырымыздың Құран жаттау тәсілі жайлы айтып берді. Өз сөзіммен жеткізсем, былай:

Күнде кемінде 1 сағат Құран оқы. Дауыстап. Басында қиын болса, 15 минуттан бастасаң болады.

Сөйтіп оқу жылдамдығың арта береді. 1 сағатта 3 пара (1 парада 20 бет бар) оқитын деңгейге жетесің. 3 пара: 60 бет.

Сонда әр 10 күн сайын Құранды хатым етіп отырасың. Құран 30 парадан тұрады. Яғни, бір жылда 36 хатым деген сөз: 365/10 = 36.5.

Сөйтіп 3 жыл жай хатым ете бер. Шамамен 108 хатым болады. Содан кейін 3 ай арнайы уақыт бөліп, мүмкін болса, бір медреседе жатып, Құран жатта. Ұмытпайтындай жаттап аласың да, қари боласың Алла қаласа.

Көбі Құранды бірден жаттай бастайды. Оны қайталау да оңай емес. Сөйтіп Құран жаттауды да, жай оқуды да тастап кетеді. Ал мына әдіс Құран оқуды тәрк етпей әрі оны ұмытпайтындай жаттауға көмектеседі.

Нейробиология, мидың жұмысы жайлы аз-маз білімім бар. Бұл әдістің неге жұмыс істейтінін біліп тұрмын. 108 рет оқылғаннан кейін Құран түпсанаңа отырады. Сіңеді. Кейін жаттасаң, бәрі оп-оңай орын-орнына тұра қалады. Алматыны 108 рет аралап, кейін көше аттарын жаттап алғандай ғой. Бірден жаттасаң, миыңа кірмейтін еді.

3 жыл бойы "Құран оқушы" деген дәрежеде болу да үлкен жетістік қой негізі. Құранда шамамен 320 000 әріп бар. "Оқылған әр әріпке 10 сауаптан беріледі" деген хадисті де білеміз.

Қарапайым математикаға салып, есептеп көрейік. 108 рет Құранды бастан-аяқ оқып шықсақ,

108 хатым * 320 000 әріп * 10 сауап = 345 600 000 сауап!

3 жылда қари боп кетпесек те, мынадай сауапқа кенеліп жатсақ, керемет емес пе?!

@dzhigitbek

Данияр Жігітбек

04 Mar, 21:23


Адам өзінің біреуге қажет екенін білгенде, өзін бақытты сезінеді.

Дәл сол сияқты ешкімге қажет емес екенін білгенде, өзін бақытсыз сезінеді.

Қанша жерден мықты болсаң да, сені қажет ететін адамдар болмаса, сенің мықтылығың түкке тұрмайды.

Ал сені біреу қажет етуі үшін сен оларға үнемі бір нәрсе беруің керек: уақыт, энергия, білім, қызмет, т.б. Былайша айтқанда, беруші болуың керек қой.

Адамның қарттықтан қорқуының бір себебі: ешкімге керек болмай қалам деп ойлайды.

Әлемді аралап, өзімнің тек қазаққа ғана керек екенімді түсіндім. Сол үшін қазаққа қызмет етіп, барымды беріп өтем деп шешім қабылдадым.

04.03.2023
Сальта
Аргентина

#күнделік

Данияр Жігітбек

03 Mar, 09:32


Дінсіз адамның тәуекелін, болашаққа деген сенімділігін, ештеңеден қорықпайтынын көргенде, өзімнің діндар бола тұра, ірі-ірі мақсаттар қоюға, жоспар құруға ("ой, болмай қалса ше?" деп) тартынып, тәуекелге бармай жүргеніме ұялдым. Алладан ұялдым.

Асылы, менің сенімділігім – Аллаға деген, яғни, Алла мені кез келген жағдайда қолдайды деген сенімділігім болуы керек еді ғой. Бүкіл әлемнің раббысы сенің жағыңда тұрғанда, сенің қорқуың, тәуекел етпеуің, ірі-ірі мақсаттар қоймауың, жоспар құрмауың қылмыс қой. Әсіресе, дінсіз адамның өзі осыны істеп жүргенде.

02.03.2023
Буэнос-Айрес
Аргентина

#рухани_әңгіме
#күнделік