Narkes

@dalilnarkes


Имам Әбу Ханифа (оған Алла разы болсын!): «Араларыңда хадиске көңіл бөлетін (хадисті талап ететін) адам жүрген уақытта, адамдар әрдайым игілікте, жақсылықта болады.

Narkes

21 Oct, 11:00


Фирдаус жәннатының төрінде болғың келеді ме? Қалай өзі?

Әл-Фудәйл (р.а.) былай деген:

«Еһ, сен фирдаус жәннатының төріне қоныстанып, пайғамбарлармен, шынайы иман келтіргендермен, шейіттермен және ізгілермен бірге Рахманның жанында болғың келеді ме?

Бұл үшін қандай амал жасадың? Қандай құмарлықты тастадың? Қандай ашуды тежедің? Қандай туысқаныңмен қатынасты үзбей жалғадың? Бауырларыңның қандай қателігін кешірдің? Алла разылығы үшін қандай жақыныңнан алыстап, қандай алысыңмен жақындастың?». Ол тағы да былай деген: «Адамның бауырына сүйіспеншілік және мейіріммен қарауы – ғибадат».

Narkes

21 Oct, 10:12


وعنه صلى الله عليه وسلم : " إن أحبكم إلى الله الذين يألفون أو يؤلفون ، وإن أبغضكم إلى الله المشاؤون بالنميمة المفرقون بين الإخوان "

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) былай деген: «Сендердің Аллаға ең сүйіктілерің – басқалармен жақсы қарым-қатынаста болатын және басқалармен тіл табыса алатындарың. Ал Аллаға ең жеккөрініштілерің – өсек тасып, бауырлардың арасын бұзатындарың».

Narkes

21 Oct, 07:41


Әрекет ету – менің ісім,
Бірақ жетістік емес күшім.
Тырысамын, талпынам, жанталасам,
Табысты беру Алланың ісі, түсін.

Narkes

20 Oct, 18:20


Біз «Оқы» үмбетіміз! (Бірақ өкінішке орай оқымаймыз!)

Narkes

20 Oct, 08:25


Шамамен жарты жылға арналған тәлім!

Narkes

20 Oct, 08:24


Сіздердің дұғаларыңызбен 181 тақырып кешкі отбасылық тәлім кітапшасын бітіруге кірістім.
Бұл кітап бітпей кетті. Бітсе талай отбасы тәлім-тәрбие алып ажыраспай, сапалы ұрпақ табар еді.

Алланың көмегімен…

Narkes

20 Oct, 08:09


Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ,
Күлкішіл кердең наданның.
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды —
Әдеті надан адамның.
Бойда қайрат, ойда көз
Болмаған соң, айтпа сөз.

Narkes

18 Oct, 08:14


«Я пришёл к вам с людьми, которые любят смерть так же, как вы любите жизнь»

Халид ибн аль-Валид

Narkes

06 Oct, 18:54


Алладан сабыр сұрағанда ол саған сабыр береді ме, әлде сабырлық танытатын жағдай береді ме?

Алладан батылдық сұрағанда ол саған батылдық береді ме, әлде батылдықты танытатын жағдай береді ме?

Қашанда Алладан бақытты отбасы сұрағанда Алла сіздерге жылулық пен жұмсақтықты береді деп ойлайсыңдар ма?

Әлде сізге сол махабатты білдіруге мүмкіндік береді ме?

Мүмкіндікті жіберіп алма! Сабырлы болуға, батыл болуға, бақытты отбасы болуға мүмкіндіктер күніге беріліп жатыр 😊

Narkes

29 Sep, 14:48


Пайғамбарлардың ﷺ көркем мінездерінің бірі - кешіріммен және төзімділікпен надандарды қабыл ету.

Narkes

29 Sep, 13:36


Сабыр етіп, Алладан ﷻ сауабын үміт ету кемел иманның белгісі.

Шыдамсыздық, ашуға берілу әлсіз иманның белгісі.

Narkes

26 Sep, 14:51


Ауыр еңбектің болғанына қарай ұлы мәртебеге жетесің,
кім жоғары болуды қаласа түндерін ұйықтамай өткізеді.
Кім жоғары болуды еңбексіз қаласа,
Мүмкін емеске өмірін зая кетіреді.
Ұлықтықты қалайды, түнімен ұйықтайды,
Маржандарды іздеушілер мұхиттқа терең сүңгиді.

Имам Шафиғи (Алла мейіріміне алсын)

Narkes

25 Sep, 14:53


بِـقَـدْرِ الْـكَـدِّ تُـكْـتَسَبُ الْمَعَالِي وَمَـنْ طَـلَـبَ الْعُلَا سَهِرَ اللَّيَالِي
وَمَـنْ رَامَ الْـعُـلَا مِـنْ غَـيْـرِ كَـدٍّ أَضَـاعَ الْعُمْرَ فِي طَلَبِ الْمُحَالِ
تَــرُومُ الْــعِــزَّ ثُــمَّ تَــنَـامُ لَـيْـلًا يَغُوصُ الْبَحْرَ مَنْ طَلَبَ اللَّآلِي

Narkes

23 Sep, 14:55


Бауырыңа кеңес берер кезде оған көмектесуді ойла, жағымды болуды емес.

Солон

#коуч #ұстаз #психолог #имам

Narkes

21 Sep, 06:44


Ұятсыздық, арсыздық көзге үйреніп бара жатыр. Сол себептен адамдар нәпсісіне жақпайтын жақсылықты көрсе “жақсылықты” сынайды! Негізі дұрыс емес, жаман нәрсені сынамайды ма?!

“Кімде кім фитна (бүлік) заманында бір сүннетті тірілтсе бір шахидтің сауабы болады”

Narkes

20 Sep, 13:12


Журналист:
- Осы орамал таққандар көбейіп кетті, соны байқап жүрсіз бе?
Жақсы адам:
- Мен олардың көбейгенін емес, қысқа киінгендердің, іш киімін шешкендердің, ЛГБТ-ның, арсыздардың, ұятсыздардың көбейгенін көріп жүрмін. Олардың қоғамға зиянын тигізіп, халыққа жаман әсерін беріп жатқанын байқап жүрмін.

Narkes

20 Sep, 09:11


Қыз туылса береке мен ризық келеді дейді.
Өйткені ата бабаларымыз айтады: "қыз тоқшылықта, жігіт жоқшылықта түзеледі".

Шуттың әңгімесі

Narkes

19 Sep, 19:18


Әйеліңе қолыңнан келетін жақсылықты жаса, жәннаттық әйел өзі ақ рақметін айтады!

Narkes

17 Sep, 14:59


Мынаны бір жігіттер “богатый мышление” деп жатыр екен)

Narkes

17 Sep, 14:45


Бишр Алхафи (Алла мейіріміне алсын):

Бәленің барлығы сенің нәпсі қалауыңда.. және одан сауығуың оған қарсы шыққаныңда..