Galymdar.kz

@galymdarkz


Galymdar.kz

22 Oct, 12:40


Егер жалғандық өз шыңына жетсе, бұл ақиқаттың жеңісі жақын дегенді білдіреді!

Алланың әлемдегі заңы бойынша, кез келген нәрсе өз шыңына жеткенде, кері құлдырау басталады.

Сондықтан есіңде болсын: түннің ең қараңғы сәті — таң алдында аз ғана уақыт қалғанда болады!

Galymdar.kz

21 Oct, 19:32


Ал алпыс жасқа келгенде, Хадишаның құрбыларының сексенге таяғанын көріп, өзінің шапанын шешіп, оларға отыруға ұсынды. Жанындағылардың таңданысын сейілтіп:

«Бұлар Хадишаның құрбылары ғой!» — деді.

📚Расайл мин әл-Құран

Galymdar.kz

21 Oct, 19:12


Айшаның өзі қабірінде жатқан Хадишадан қызғанатын және оған: «Әлі де оны есіңе аласың ба? Алла саған одан да жақсысын бермеді ме?» деп айтатын.

Ал ол(Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла мені Хадишадан артық ешкіммен алмастырған жоқ!» деп жауап беретін.

Неткен адалдық!

📚Расайл мин әл-Құран

Galymdar.kz

21 Oct, 10:27


«Ілім іздену – ризықтың ең үлкен себептерінің бірі.»

Маған сеніңіздер, мен аспаздықты оқығанмын, бес жыл оқыдым. Аспаздыққа келгенде бізге ең үлкен жалақыны аспаздар алатынын айтатын: бас аспаздың жалақысы барлық жалақылардан жоғары. Біз барлығымыз жас кезімізде дүниені іздеу үшін аспаздықты таңдадық. Мен аспаздықты оқығанда 15 жаста едім, менің мамандығым аспаз болатын. Мен аспаздықты үйрендім және осы өмірді сүрдім, бірақ Алла Тағаланың маған берген үлкен мәртебесі - мен аспаздықтан дін іліміне ауыстым. Қазір, Алланың қалауымен, мен аспаз болып жұмыс істеп жүрген барлық достарымнан әлдеқайда жақсы өмір сүріп жатырмын.

Шейх Әдһам (хафизаһуллаһ)

Galymdar.kz

20 Oct, 11:43


Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) Мәдиянға жеткенде, оның не үйі, не жұмысы, не жұбайы жоқ еді. Ол жақсылық жасады да, көлеңкеге барып, қолын көкке көтеріп:

رَبِّ إِنِّي لِمَآ أَنزَلۡتَ إِلَيَّ مِنۡ خَيۡرٖ فَقِيرٞ

Мағынасы:

«Уа, Раббым! Шүбәсіз, маған берер қандай жақсылығыңа, нендей нығметіңе болса да зәрумін!» – деді.


Дұғаның транскрипциясы:

“Рабби иннии лима әнзәлта иләййә мин хайрин фақиир”


Осы дұғаны айтқан күні күн батпастан, оның үйі, жұмысы және жұбайы болды!

Сіз де осы дұғаны әрбір жасаған жақсылығыңыздан кейін оқып көріңіз!

📚Расайл мин әл-Құран

Galymdar.kz

19 Oct, 13:47


Шейх Бадруддин әл-Хасани, хадис ғылымының үлкен ұстазы (Алла оны рақымына алсын), Дамаскіде үш түрлі мәжіліс өткізетін еді: бір мәжілісі барлық адамдармен, екіншісі саудагерлермен, ал үшіншісі тек таңдаулы ғалымдармен болатын.

Galymdar.kz

19 Oct, 11:50


Муса Пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) туралы:

Анасы: «Оны өзенге ағызып жібер және ол үшін еш қорықпа!» (Қасас, 7)

Екінші анасы: «Оны өлтірмеңдер» (Қасас, 9)

Қарындасы: «Сенің қарындасың барып...» (Таһа, 40)

Жұбайы: «Әкетайым, оны жалдап алыңыз...» (Қасас, 26)

Ұлы тұлғалардың жетістіктерінде әйелдердің үлесі жоқ деп айту мүмкін емес!

📚Расайл мин әл-Құран

Galymdar.kz

18 Oct, 16:36


Перғауынның сарайынан Асия шықты, Қағбаны тауаф жасайтын бұл үмметтің қыздарынан неге ғалым әйелдер шықпайды

Нуруиддин Илдиз(Хафизаһуллаһ)

Galymdar.kz

15 Oct, 09:48


Имам Ахмад ибн Ханбал кішіпейілділікті Алла Елшісінен (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) үйренді. Ол Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өз қойын сауып, аяқ киімін жөндеп, киімін тігіп, жұбайы Айшамен жарысқанын және жұбайы Сафияның көз жасын сүрткенін білді.

Бірде сахабалар (Алла оларға разы болсын) бір қойды соймақ болып, жұмыс бөліседі. Біреуі: «Мен қойды соямын», — десе, екіншісі: «Мен оның терісін сыпырамын», — дейді. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын): «Мен отын жинаймын», — деп айтқан екен.

Galymdar.kz

15 Oct, 09:45


Имам Ахмад Бағдадтың базарына барып, бір бума отын сатып алып, оны иығына салып көтеріп жүрді. Оны көрген адамдар оған қарай жүгірді. Дүкен иелері дүкендерін тастап, өтіп бара жатқандар тоқтап, сәлем беріп жатты. Бәрі: «Отынды біз көтереміз!» – деп айта бастады.

Имамның жүзі қызарып, көзіне жас келді де, ол: «Біз бейшарамыз, Алла Тағала біздің күнәмізді жасырмағанда, масқарамыз шығар еді», – деді.


📚Расайл мин әл-Құран

Galymdar.kz

10 Oct, 15:32


Бір сөздің өзі адамды өзгертеді

Рилс ➡️жақсы сөз сөйлейік

Galymdar.kz

10 Oct, 15:16


Кім ойлады дейсің, жылдар бойы қой баққан Мұса пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) Алламен сөйлесетін пайғамбарға айналады деп?!

Немесе Құрайыштың бай-манаптарының қойын аз ғана ақшаға баққан Мұхаммед (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) кейін соңғы пайғамбар әрі елші болатынын?!

Мүмкін, өміріңнің ең әдемі күндері әлі алда шығар. Аздап күш салып, Аллаға деген сеніміңді нығайта түссең, алда сен күтпегендей керемет күндер келетінін көресің!

Шейх Әдһам (хафизаһуллаһ)

Galymdar.kz

09 Oct, 17:04


Ешқашан жасап жүрген қызметіңнен ұялма!

Жаңа рилсты көру үшін басыңыз

Galymdar.kz

08 Oct, 18:33


Уа, Алла! Маған Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі болсын) сеніміндей сенім бере гөр,

Әбу Бәкір оған: «Егер олардың бірі аяқтарының астына қараса, бізді көріп қояды» дегенде,

Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын): «Уа, Әбу Бәкір! Екі адамның үшіншісі Алла болғанда, неге қорқасың?» — деп жауап берген.

📚Расайл мин әл-Құран

Galymdar.kz

08 Oct, 16:56


Уа, Алла! Бізге Мұса пайғамбардың сеніміндей сенім бере гөр,

Теңіз алында, Перғауын артында, және оның қауымы оған: «Біз ұсталып қаламыз!» деп айтқан кезде,

Ол: «Жоқ! Менің Раббым менімен, Ол маған жол көрсетеді» деп жауап берді.

📚Мин Расайл әл-Құран

Galymdar.kz

08 Oct, 16:18


Адамдардың тілінен қалай аман қаламын

☝🏻Көру үшін үстін басыңыз

Galymdar.kz

07 Oct, 16:55


Сабыр ет, досым,

Құраныңды жаныңда ұста, намазыңа беріктік таныт,

Ауыртпалығыңды сауап деп біл,

Себебі ол — Алланың тағдыры.

Бұл дүние тек бір сынақ, ол да аяқталады, ал біз өткінші аялдамадан өтіп бара жатырмыз.

Күмәнің болмасын! Бір күні біз жәннаттағы бір ағаштың көлеңкесінде отырып,

Бұл дүниенің барлық мәнсіздігіне күлетін боламыз!

📚Расайл мин әл-Құран

Galymdar.kz

07 Oct, 16:50


Өмір толы: білім алу, жұмыс, жұбай, балалар, байлық жинау.

Содан кейін не?

Содан кейін бізді топырақпен көміп, бәрі кетіп қалады…

Және сапар басталады:

Не жәннатқа, не тозаққа.

Бұл дүние — ақыретке өтетін көпір ғана.

Өз көпіріңді таңда!

📚Расайл мин әл-Құран

Galymdar.kz

07 Oct, 15:59


Ерте алған нәрсеңді ерте жоғалтасың!

Қымбатты досым, егер біз жұмыртқаны балапан толық дамымай тұрып сындырсақ, балапан өліп қалады! Егер біз бидайды ерте жинасақ, ол нан бола алмайды! Тағам отта жеткілікті дайындалмаса, ол шикі болып, жеуге жарамайды.

Әр нәрсенің өз уақыты бар, сондықтан асықпа!

Шейх Әдһам(хафизаһуллаһ)

Galymdar.kz

07 Oct, 08:48


Сбор аяқталды! Қаражат артығымен жиналды.

СубханАллах! Бізде сөз жоқ.

Алла сіздерге разы болсын. Алла Тағала бұл дүниеде және ақыретте жақсылықпен қайтарсын.