Кітапсүйер

@kitapsuyer


Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat

Кітапсүйер

22 Oct, 15:14


Кітапта Санжар Керімбайдың логотерапия идеясында жазылған мақалалары жинақталған. Автор логотерапия ғылымындағы ауыр түсінік пен терминді қазақы формада тілге жеңіл етіп, қарапайым әңгіме жанрында түсіндірген. Франкл, Юнг сияқты психологтардың идеясын, негізгі ойын қарапайым түсінікте баяндайды. Кітап логотерапия ғылымына қызығатын оқырмандарға арналған.

© Санжар Керімбай
⭐️ Өмірге ғашық болу

@Kitapsuyer 🍂

Кітапсүйер

22 Oct, 07:48


🍂Әдемі адамдар әрқашан жақсы емес, бірақ жақсы адамдар әрқашан әдемі.

©️Әли ибн Әбу Талиб, (Аллаһ оған разы болсын)


@Kitapsuyer

Кітапсүйер

18 Oct, 07:31


Жұма — садақаны көбірек сұрайтын күн емес, бәлкім, салауатты 🤍 көбірек айтатын күн. 🩵

Кітапсүйер

17 Oct, 18:27


Әрқашан қозғалыста болыңыз. Өйткені, тоқтаған адамның отырғысы, отырған адамның жатқысы, ал жатқан адамның ұйқысы келеді.

🌷 әл-Хорезми

Кітапсүйер

17 Oct, 18:19


Егер сіз біреуден «Жағдайыңыз қалай?» деп сұрасаңыз. Ал ол сізге үнемі «бәрі жақсы» деп жауап беретін болса, біліңіз, онда сіз оның сенімді адамдарының қатарында емессіз.

@Kitapsuyer 🍂

Кітапсүйер

16 Oct, 08:37


ChatGpt не ұсыну керектігін біледі 📖

Кітапсүйер

15 Oct, 10:33


⚫️Мына екі адамның бірі болып қалмайық:

— Жаназада ғана намазға тұратын ер кісі,
— Кебінге ғана оранатын әйел кісі.

🔴@Kitapsuyer

Кітапсүйер

15 Oct, 07:37


Ар қайда, рақым қайда, әдеп қайда,
Быт-шыт боп неге жүрміз әрбір сайда.
Көз жұмып, «көппен көрген ұлы той» деп,
Береді бұл надандық кімге пайда.

📌Шәкәрім Құдайбердіұлы

@Kitapsuyer 🍁

Кітапсүйер

14 Oct, 07:19


Қатыгез ортада жерге төселгенше, мейірімді ортада гүлде 🌸

@Kitapsuyer

Кітапсүйер

14 Oct, 07:07


Егер, саған бір жазушы ғашық болса, біл, сен ешқашан ұмытылмайсың.

🧣 @Kitapsuyer

Кітапсүйер

07 Oct, 13:31


Қайсыбір істің бастамасы Алланы разы қылмаса, сол бір істің соңы сені разы қылмайды. 🍁

@kitapsuyer

Кітапсүйер

26 Sep, 12:37


Езуіңнен енші бер 💐

Кітапсүйер

26 Sep, 10:37


Жүрек жүдеу,
Көңіл сынық,
Сынық күн.
Сен де бүгін хал сұрауды ұмыттың.
Сен де суық,
Күз де суық, қайтемін,
Дір-дір етіп тоңғанын-ай үміттің...

© Құралай Омар

Кітапсүйер

26 Sep, 05:25


Жұрттың көбі елді қатал мінезді болып, қатыгез көзқарасқа шақырып, есептесуді үйретіп жатқан мына безбүйрек қоғамда, сіздің құс жүрегіңізде әлі де "қимастық, мейірім, сағыныш" деген секілді аяулы сезімдер өмір сүретін болса, жүрегіңіздің түбіне орныққан болса — онда сіз қуаныңыз. Сіз, тәрбиесі бөлек, табиғи болмысы таза, сәби көңілді, игі жақсы, айналасына тек жақсылық қалайтын адамсыз..
Жақындарын алысқа қимайтын, мейірімді, жан дүниесімен шынайы сағыныса алатын адамдар — психолог коучтар айтқандай "жертва адамдар" емес. Олар жәй ғана бүкіл ғаламшарды мәнді ететін "Адам" деген атқа лайықтылар. Ал қалғандары, өмірге есесі кеткендер...

@Kitapsuyer ✍️

Кітапсүйер

26 Sep, 04:36


Адамдардың екі түрі бар:

1⃣Айтсаң түсінетін
2⃣Айтпасаң да түсінетін...



@Kitapsuyer 🤍

Кітапсүйер

24 Sep, 15:04


Қайғың досың болғанда, күлкің — қасың,
Бәрін сөзбен жеткізу мүмкін бе осы?
Үнсіздікке билеген ойларыңды,
терезеңнің алдында гүл тыңдасын.
Сен де гүлдей тұтқынсың, Мен де гүлдей,
Жан да тұтқын, қара тән көрге кірмей.
Сөздің мәні бір күні жоғалады,
Пешенеңе амалсыз көнгеніңдей,
қайғың қасың болғанда, күлкің — досың,
күле-күле көңілің жыртылмасын.
Айқайларға қорланған ойларыңды,
гүлге обал, тыңдаса, түн тыңдасын.

🪶Бауыржан Қарағызұлы

Кітапсүйер

23 Sep, 08:07


5 жыл бұрын есеймей тұрып, сатып алған құран кітабымды сатамын. Жап жаңа, екі бетінен ары қарай ашылмаған.

#қысқаәңгіме
#тірліккежұтылу

Кітапсүйер

23 Sep, 08:01


💓 Жайнамаз алу керек еді,
Неге, намаз бастадың ба?
💓 Үстінде тұрып суретке түсейін деген едім...

#қысқаәңгіме