Әбілқайыр Мәдиұлы Жұматаев

@abilkaiyr_madiuly


Әбілқайыр Мәдиұлы Жұматаев

19 Oct, 11:05


Алла үшін жақсы көру деген не?

Оның саған жасаған жаманшылықтарына қарамастан жақсы көру.

Осы жайлы видео

Әбілқайыр Мәдиұлы Жұматаев

19 Oct, 10:23


Алла дәл мұның садақасына мұқтаж емес шығар?

Алладан садақа туралы аят түскенде сахабалар жүгіріп садақа бере бастайды. Олар Алладан не елшісінен бір бұйрық келсе, жүгіре кететін. Қалтамда жоқ, не істе дейсің?!, - демеген. Айтқанын орындауға бар күшін салған. Қолында жоқтары арнайы садақа беру үшін жұмыс тауып, базарға барып өз арқасында зат тасып, тапқанын салуға тырысқан.

Абдурахман ибн Ауф келіп көп қылып садақа бергенде, екіжүзділер "рия қылды" деп тиісіпті.

Сахабалардың бірі ортаға әкеліп аз ғана дүние салғанда, оның да артынан күліпті.

Сонда Алла өзі араласып, аят түсіріп, оларды нағыз мазаққа да, азапқа да душар ететінін хабарлаған.

Жалпы екіжүзділер сырттай мұсылман көрініп, жаны ашыған көрініп, мұсылмандарға тиісіп, зиян жасап жүретін болған.

Әбілқайыр Мәдиұлы Жұматаев

19 Oct, 10:03


Садақада жарысқан адамдар ақшаның көлемімен жарыспау керек. Долямен жарысу керек.

Мен ақшаның пәленбай пайызын бердім деп. Айтып мақтанбайды. Бірақ біреу белгілі бір пайызын береді деп естіп қалса, одан да көп беруге тырысу керек.

Әбілқайыр Мәдиұлы Жұматаев

18 Oct, 18:24


Әркім қолынан келген нәрседе біреулерді табалаушы. Раббым баршамыздың тәубемізді қабыл ала гөр! Бізді кешірші

Әбілқайыр Мәдиұлы Жұматаев

18 Oct, 15:21


Бір проблеманы уайымдау - оны шешу емес.

Проблеманы уайымдау бөлек нәрсе. Шешу бөлек нәрсе. Әрекетке көш

Әбілқайыр Мәдиұлы Жұматаев

09 Oct, 11:23


Әр сәтті бағалауға қатысты

Олжас Ханафин бауырымызбен теңізге барған болатынбыз. Мен үшін ең көркем сәттердің бірі болған. Соңғысы деп ойлаған жоқпын. Тағы келеміз ғой деп ойлаған едім.

Тағы да болады ғой деп қанша қайталанбайтын сәттерді жіберіп жатыр екенбіз

Әбілқайыр Мәдиұлы Жұматаев

07 Oct, 15:24


Қажеттеріңді өтеу үшін жұмыс істеу, дүние табу - теңізге түсумен бірдей.

Батып кетпеу үшін, үнемі зікір етіп рухыңды қимылдатып отыру керек. Әйтпесе дүние табамын деп ішіне батып кетесің.

("Мин кулли аятин фикра" кітабынан)

Әбілқайыр Мәдиұлы Жұматаев

06 Oct, 19:23


Аллаға оның алдындағы әлсіздігіңді танытсаң, саған құдірет есіктерін ашады

Әбілқайыр Мәдиұлы Жұматаев

06 Oct, 19:22


Тауға "әлем мені көрсін" деп шықпа. Әлемді көру үшін шық

Әлемді көру үшін шықсаң алақандағыдай анық болады. Мені көрсін деп шықсаң адамдарға майда болып көрінесің.

Әбілқайыр Мәдиұлы Жұматаев

06 Oct, 19:19


Менің бойымнан сен көрген көркемдік - сенің шағылың. Руми

Красота которую видишь во мне - это твое отражение. Руми

Әбілқайыр Мәдиұлы Жұматаев

28 Sep, 13:06


Досының жүрегіне жаны ашымаған ғана оны қажетсіз жерде бетіне мақтайды.

Осылай бетіне мақтап, сосын досы оны көтере алмай қалса, тәкаппарлық етіп жатса, мақтаған кісі бірінші теріс айналады.

"Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап" Абай

Әбілқайыр Мәдиұлы Жұматаев

21 Sep, 19:44


Құдайын таныған құлдың тыныштығын бер Алла!

Әбілқайыр Мәдиұлы Жұматаев

15 Sep, 09:24


Қайталау

Бұл – білім ізденушінің ең маңызды міндеті.

Қайталау әртүрлі жолмен жүзеге асады:

1) Жалғыз қайталау. Яғни, дәрістен кейін өткенді бір оқып қарап шығасың. Бұл көп пайдасын бермесе де, ештеңе жасамағаннан жақсы.

2) Біреумен қайталау. Бұл – қайталаудың ең тиімді һәм пайдалы жолы.

3) Өткен тақырыбыңа ұқсайтын басқа дәріс қарау не басқа кітап оқу. Мысалы, сен Қудуриден дәрет бабын өттің. Енді дәрет бабын қайталау үшін сен Қудуриді емес, басқа мәтінді аласың. Мысалы, Канз, Мухтар т.б.

Мұндай қайталау белгілі бір тақырыпты не деңгейді жақсы меңгергеннен соң пайдалы. Жаңа ғана оқыған білімді басқа кітаптан оқуға асықпау керек. Жақсылап оқып шыққан соң ғана.

4) Бір деңгейден жоғары деңгейге өтіп, сол жоғары деңгейді біткеннен кейін, бірінші деңгейді қайталау. Мұндай қайталау бірінші деңгейді толықтай меңгеруге, уақытында түсінбегенді жақсылап түсінуге көмектеседі.

5) Дәріс беру. Бұл әрине оқып жатқан саланы біраз жылдар бойы өткеннен кейін, дәріс беруге отыру. Мұның шарты – сен өз салаңдағы барлық мәселелерді білесің (жауабын дұрыс білмесең де). Яғни, сен оқыған салаңның не нәрсе екенін, қандай мәселелерді қамтитынын, қандай кітаптар бар екенін, ғалымдарын, жүйесін білесің. Сен сол салада өзіңнің дәрежеңнен төмен қандай да бір бұрын оқымаған кітапты ашсаң да, оны жеңіл түсіне аласың. Сондай кезде дәріс беруге болады. Бірақ, сол дәрежеден бір саты жоғары болуы шарт.

#кеңес

Әбілқайыр Мәдиұлы Жұматаев

13 Sep, 19:04


Алла күнәмен күресіп жүргендерге салиқалы орта бұйырсын

Әбілқайыр Мәдиұлы Жұматаев

13 Sep, 19:01


Күнә көбеюі ауыр нәрсе. Бірақ одан асқан проблема - күнәні болмашы нәрсе деп көру. Оған үйреніп кету. Ол жүректің өлгенін көрсетеді

Әбілқайыр Мәдиұлы Жұматаев

12 Sep, 17:44


Аллахым! Баршамызға тура жол хидаят бере гөр. Әрбірімізді кешірші. Сен ғана жүректердің әміршісі

Әбілқайыр Мәдиұлы Жұматаев

12 Sep, 12:15


Адамның ең үлкен әлсіздігі - әлсіз екенін ұмытып кете беру

Әбілқайыр Мәдиұлы Жұматаев

12 Sep, 07:21


Пайғамбарымыз ‎ﷺ кейбір дұғаларды құранды үйреткендей үйрететін болған. Яғни, нақты белгілі бір сөздерді қолдануын қадағалаған. Әлбетте дұға еткенде кез-келген сөздерді қолдануға болады. Бірақ, Пайғамбарымыз ‎ﷺ белгілі бір сөздермен дұға етуді үйреткен болса, сол сөздерде ерекше мән мен күш бар екенін білдіреді. Ибраһим Шағбан

Әбілқайыр Мәдиұлы Жұматаев

12 Sep, 06:29


Асығыс намаз оқыған адамды Пайғамбарымыз ‎ﷺ қайтарып, 3 мәрте қайта оқыттырған. "Қайтып бар да, намаз оқы. Сен намаз оқыған жоқсың" деп айтқан. Ол кісінің қателігі рукуғқа барғанда, рукуғтан тұрғанда, тұрақтамай, апыл-ғұпыл оқыған

Әбілқайыр Мәдиұлы Жұматаев

12 Sep, 06:23


Адам альхамдулиллях деп айтқан кезде, Алла "Құлым маған мадақ айтты" деп айтады деген сахих хадис бар.

"Кейбір кісілер осы уақытта Раббысы осы сөзді айтқанын қалап, арнайы фатиха сүресін оқитын болған". Ибраһим Шағбан