Orientalist's Notes

@shlounak


Автор: Arsen Shadi

#запискиВостоковеда

Біздің онлайн-курстар:

https://web.courstore.com/ru/profile/tilbil2024/

Orientalist's Notes

22 Oct, 16:50


300 орыннан 250 қалды

Orientalist's Notes

21 Oct, 18:27


Онлайн-курсымызға қабылдаудың 2024 жылғы қорытындысын осылай жасауды ұйғардық. 🥳🔥

Бізде араб тілі, ағылшын тілі, түрік тілі, орыс тілі курстары бар.

Кері байланыссыз 14.990₸-ге кез-келген тілдің кез-келген деңгейін аласыз, солайша конкурсқа қатысасыз.

Қараша айының 2-не (02.11.2024) тікелей эфирде жеңімпаздарды анықтаймыз.

Бас жүлде: Умра сапары (қарашаның ортасында) 🕋

Одан кейін дәстүрлі садақ ойнатамыз және көптеген пайдалы кітаптар болады.

Ал егер курсымызды біздің тараптан кері байланыспен алуды қаласаңыз таңдаған тіліңіздің толық пакет курсын 30.000₸-ге алып, әрі конкурсқа да қатысасыз және біздің тараптан кері байланыс пен толық қадағалау аласыз.

Араб тілі:

1. Кіріспе
2. Жалғастырушы
3. Грамматика тобы

Ағылшын тілі:

1. Beginner
2. Elementary
3. Pre-Intermediate

Түрік тілі:

1. А1
2. А2
3. В1
4. В2
5. С1

Орыс тілі:

1. 0-ден
2. Интенсив

Курстар арнайы жазылған видео-дәрістер арқылы

Мазмұнымен, не өтілетінімен танысқыңыз келсе веб-сайтымызға өте аласыз:

https://shadi-courses.kz/allcourses/

Орындар саны шектеулі 😮‍💨🔥

Төлем жасау үшін ⤵️

Кері байланыссыз: 14.990₸ (бір тілден бір топ)

Кері байланыспен: 30.000₸(бір тіл бойынша толық пакет)

Орын алып қалу үшін: 5000₸ (3 күн ішінде толық төлем жасау керек)

Реквизит:

4400 4302 4131 5982 (Kaspi карта)

+7 701 134 37 38 (Kaspi номер)

Арсен Ш. деп шығады

Төлем түбіртегін (чекті) көрсетілген номердің WhatsApp-ына жіберу керек:

https://wa.me/77011343738

Сәттілік!

#TilBil_Polyglot #әлем_кең #өміріңді_өзгерт

Orientalist's Notes

18 Oct, 05:48


Мен дәйім айтам, қазақ - қазақ болғалы, қазақ баласының ең жақсы, әл-ауқаты бүтін, мүмкіндігі кең кезеңі дәл бүгінгідей болмаған.

Осы кезеңдегі біз бен сізде бәрі бар, әлеуметтік тұрғыдан қазақ бұлай жақсы өмір сүрмеген. Қанағат - өлшем бірлік. 1 ғасыр, 2 ғасыр, 3 ғасыр, 4 ғасыр, 5 ғасыр бұрынғы ата-бабаң осы мүмкіндіктерді аңсаған, сол үшін күресті-ақ.

Енді соған жетіп отқан біз бен сіз неге жылана береміз?!

Кезінде Құнанбай қажы (رحمه الله) Мекке-Мединеге 6 сағатта ұшып бармаған, транзитпен 12 сағат Ыстанбұлда н/е Абу-Дабиде тоқтамаған.

Нығметтердің үстінде екеніңді ойламасаң, өмірің қызықсыз, мәнсіз көріне береді.

Қазақ баласының ең жақсы кезеңіндеміз. Өркениет тұрғысынан да. Осындай деңгейде жаппай қазақ баласының білімге бет бұрғанын да тарих бетінен табу қиын.

Дамумен кері кету де бар. Алайда көп нәрсені біздің қарым-қатынасымыз бағамдайды.

#ой_түймекке

Orientalist's Notes

17 Oct, 08:36


“Өзімді таппай жүрмін…” деген сөз қаншалықты орынды?!

Адам тек бір емес, бірнеше қасиет пен қабілеттің симбиозы.

Ол нәрселерді игеру, бойға сіңіру мүмкін емес пе?!

Әрекет еткен адам шешімін таппай қоймайды. “Студентке кеңес” атты кітаптың кіріспесінде Мәуләнә Румидің (رحمه الله) сөзінің негізінде жазғанымыздай, қадам жасап жолға шыққан адамға жол да көріне бастайды, мақсат та пайда болады, ұстанымы да айқындалады. Ал енді жолға шықпаған, қадамын жасамаған адамға ше?!

Ойланарлық…

#ой_түймекке

Orientalist's Notes

15 Oct, 01:18


"Кімнен не нәрседе қалып бара жатсаң да қала бер, бірақ тақуалықта қалып кетпе".

(с) Шейх Са'ид Әл-Кәмәлидің дәрістер легінен

Өте маңызды сөздер, шынында. Өмірлік ұстаным болсын.

#ой_түймекке

Orientalist's Notes

11 Oct, 09:23


Инфобизнес. Қазақстанда ковидтен кейін қатты дамып кетті. Адамдар ауаны да (условно) сатып жатыр.

Бағаны неғұрлым қымбат қоясың, соғұрлым сенің өнімің “ТОП” деген түсінік қалыптасқан.

Кішкене академиялық подходпен зерделеп осыны ұққым келді, себебі азды-көпті біздің де қатысымыз бар инфобизнеске. Жауаптың ұшы көрінгендей.

Енді жазбам аздап жүйеленіп піскен соң сіздермен бөліссем деймін.

Реакция лүпілдетіп, күте берсеңіздер. Бүгін жазамын.

#инфобизнес

Orientalist's Notes

09 Oct, 15:20


Студент кезде Шамиль Аляутдиновтың “Финансы триллионера” деген кітабы қолыма түскен болатын. Ол кісіден де біраз пайда алғанбыз. Бүгінде ғой, аз-маз менсінбей қарайтынымыз, сынайтынымыз. Құдай кешірсін. Бізді де, оны да.

Айтпағым, сол кітапты оқып алып жақсы ақша жинағаным есімде. Студ.билет әрі университетке пропуск ретінде бұрынғы Цеснабанк карточкасы болатын. Соның ішіне арнайы банк бөлімшесіне барып артық ақшаны салып қоямын. Қазіргідей каспи терминалдар емес, ал банкомат арқылы тегі салынбайтын. Содан кәдімгі банк бөлімшесіне барып, талон алып, кезекте тұрып ерінбей шотыма ақша салып кететінмін. Банк қызметкерлері де қызық көретін шығар, 5мың-7мың тг-ден саламын сондағы.

Ұсақ 1000-2000тг-ліктерді қолма-қол ақша күйінде кітаптардың арасына бөліп салып тастайтынмын.

Әлгі Шәкеңнің кітабынан алған негізгі ой қандай болды?

“Эмоциональная дисциплина” деген пункті бар еді. Яғни, қаржылай шешімдерге келгенде эмоциялық тұрақтылықты сақтау. Қатты жанып кетіп, қызығып кетіп ақшаны жарата салмау, импульсивті шешімдерден қашу, қажетсіз нәрселерді өзіңе қажеттей көрмеу. Осы бір нәрсе тиындап ақша жинауды үйретті.

Студентке қажетті, маңызды қабілет дер едім. Грантта оқыса мем-тік стипендиясынан, ақылы оқыса ата-ана берген ақшадан үнемдеп, дұрыс басқарудың алғышарттарын игере алады.

Хадис бар, “Үнемшіл адам кедейлікті көрмейді” деген мағынада.

Студенттік шағыңыз қызықсыз болып қалмайды. Сапалы, сауатты, пайдалы, жоспарлы болса, ертең берекесін көресіз.

#студентке_кеңес #ой_түймекке

Orientalist's Notes

09 Oct, 02:34


Әйелім маған “Жазғышбек” деп прикол ұстайды. 😁

Қашан қараса телеграмға н/е ескертпелерге бірнәрсе жазып отырсам керек. “Қалай жаза бересіз, қайдан шыға береді сөздер?” дейді.

Марқұм Олжас Ханафин ұстаз айтушы еді, бірнәрсе оқыған адам жазбай тұра алмайды деп. Ішіне сыймайды, жай ғана. Әйтеуір жазсаң біреу оқыр, пайда алар.

Өзімде де жағдайлар болған, біреудің жазғанынан н/е салған видеосынан ой түйіп, үлкен өзгерістер жасай білген.

Азды-көпті оқырман бар ғой бізде. Ал мен негізі, оқырманы жоқ адамдардан пайда көп аламын. Нағыз өз саласының мамандарында оқырман аз болады (деп негізсіз бірнәрсе жаза салайын 😄). Жоқ, рас. Көп байқадым. Мықты маман, қаралымы және оқырманы аз. Контентін рахаттанып көрем. Миға азық кәдімгідей. Айтпағым, оқырман саны аз болса да пайда берер дүниемен бөлісе беріңіз. Кем дегенде 1 адамға әсер ете аласыз.

P.s. Оқырманы көп мықты мамандар да бар. Менікі жай, негізсіз әңгіме ғой.

#ой_түймекке

Orientalist's Notes

08 Oct, 07:05


Жас адамға, студентке бірден миллионер-миллиардерлердің баю жолы деген сынды кітаптар оқығаннан, әуелгі 100мың тг-сін жинау жайлы оқып білу керек секілді.

Қияли деңгейден реалистік деңгейге түсіп, нақтылы әрекет жолын ұсына білу маңызды.

Жастарға Марғұлан Сейсенбайларды оқу — келесі деңгей. Алайда оған дейін қатарлас-замандасының үлгісін беру қажет.

Сондықтан да “Студентке кеңес” атты жобамыз керек.

#студентке_кеңес

Orientalist's Notes

07 Oct, 07:21


Студенттің тағы бір жақсы қабілеті — ақша жинай білу. Тиындап болсын жас кезіңізден ақша басқаруды үйренсеңіз, жалпы өміріңіз үшін жасаған жақсылықтардың бірі болады.

Ақша табу қиын емес. Оны жинап ұстап қалу қиын.

#ой_түймекке #студентке_кеңес

Orientalist's Notes

07 Oct, 05:28


Томас Эдисон шамды ойлап тапқан кезде жүздеген сәтсіз сынақтардан өткен. Оған бір шамды жасаудың дұрыс тәсілін табу үшін көптеген қателіктер жасауға тура келді. Эдисон сәтсіздіктерді қабылдай отырып, әр қателіктен сабақ алып, дұрыс жолды таба білді. «Мен сәтсіздікке ұшыраған жоқпын, тек жұмыс істемейтін 10,000 жол таптым» деген сөздері сәтсіздікті табысқа жетудің жолы ретінде қабылдау қажеттілігін көрсетеді.

(c) Арсен Шәди, "Студентке кеңес" кітабы, Қателіктер мен сәтсіздіктерді қабылдау

#студентке_кеңес #ой_түймекке

Orientalist's Notes

06 Oct, 05:03


Кешегі Мұқағали бабамызды сөз еткен жігіт.

Сол туралы жазбаға адамдар “Осы АЭС салар алдындағы халықтың назарын бұру емес пе?” деген сарында пікірлер білдіріп жатыр екен.

Саяздығымыз сан қақсатты деп қисынсыз бір мақал шығарайын. Тиынын жасап, “Палау - кедейдің асы” деп оттап блогерлерге сценарий жазып беріп жүрген қайдағы біреудің аузынан шыққан парасатсыз сөзінің бәрінен мемлекеттің саясатын көре беруді қою қажет қой.

Ойлау көкжиегіміз осы сынды нәрселерге кеп тақалып қала беретіні өкінішті…

#ой_түймекке

Orientalist's Notes

06 Oct, 03:58


Жексенбінің таңын адамдар ұйқыға арнаса, мұсылмандар ояу болуы қажет.

(с) шейх Холид Харса (حفظه الله)

#ой_түймекке

Orientalist's Notes

06 Oct, 03:57


Orientalist's Notes pinned Deleted message

Orientalist's Notes

05 Oct, 06:00


Кітаптан үзінді әрі қызықтыру болсын. Студенттерге арналған жоспардан алғашқы тек 5-еуін берейін, қалған бесеуін кітапты алғанда оқырсыздар.

Жоспардың қысқаша концепциясы қалай болмақ? Тек 10 қадамнан тұратын мысал бере аламын, өз өміріңізге сай өзіңіз қалыптастырасыз.

1. Алла жазса университет бітіргенше ағылшын тілім IELTS-тан кем дегенде 6.5 балл (магистратураға шетелге түсу үшін басталады) жинай алатындай болады.
2. (Ерлерге қатысты) әскери кафедра оқып алуға мүмкіндік болса міндетті түрде оқып аламын, себебі ертең алдымнан шығады, сол уақыт сәті келгенде дайын болып тұрсын.
3. Көлік айдау білмесем осы 1-курстан дайындалып, 2-курста жүргізуші куәлігін алып аламын, себебі өмірде түрлі жағдайлар болады, көлік айдай білу қажет.
4. Бір курс аясында университетте оқитын студентке жылына 12-15 кітап оқу ұсынылады, оның ішінде мамандық бойынша, өзін-өзі дамыту + руханият (руханият болмаса адам тез шаршайды) және көркем әдебиеттерді қамту маңызды. Әрине, оқу жүктемесіне байланысты бұл санды реттеуге болады, бірақ студенттердің кәсіби және жеке дамуы үшін жүйелі түрде кітап оқу өте маңызды. Сол себепті мен өзіме айына 1 немесе 2 кітап оқимын деп бағдарлама қоямын, сонда жылына 12-15 кітапқа жетемін деуіңіз керек. Бұл орта есепте өте жақсы көрсеткіш. Алайда өмірлік жоспарыңызда кітапқа орын болуы қажет. Сөзсіз.
5. Әр курсты аяқтаған сайын қаржылай мүмкіндік болса шетелге бір шығып отырамын. Қаржылай қиындығы бар адамның өзі түрлі гранттар жеңе алады. Шетелге шығу өте жоғары дәрежеде адам миын өзгертеді, ашады, дамытады. Жаз мезгілінде шетелдік курс немесе саяхат сынды мүмкіндіктерді пайдалану керек.

(c) "Студентке кеңес" кітабынан үзінді

#ой_түймекке #студентке_кеңес

Orientalist's Notes

05 Oct, 05:49


"Студентке кеңес" деген кітап дайындап жатырмыз дедім ғой баспаға. Бүгін соның электронды нұсқасын шығарамыз сатылымға.

Таңертең Әлинұр есімді 4-курста оқитын бауырымыз келіп, бірге таңғы кофе іштік сағат 6:00-де. Кітаптан біраз хабар бердім, ерекше әсерде қалғанын айтты.

"Бірінші курста осылай жол сілтейтін аға, ақыл айтар адам болғанда ғой" деп қалды. Алайда бұл кітап тек студенттерге емес, өмірін жоспарлап, өзін тапқысы келетін әрбір жанға арналады дей аламын. Жаза отырып ерекше әсерленген тұстарым болды. Шынайы жанашырлығымды кітапты алып оқыған жандар сезеді деген үміттемін.

Дұғамен қолдап қойсаңыздар. Ел ертеңі жарқын болғай.

#ой_түймекке #студентке_кеңес

Orientalist's Notes

05 Oct, 03:33


Астана қаласында қыз балаларға арналған мектеп ашылған. Қазақтың қаракөз қыздары сол жақта білім алып жатыр.

Бүгінде білесіздер, орамалды қыздарды мектепке кіргізбеу мәселесі бар. Бұл мектеп - сол мәселенің бір шешімін ұсынды.

Мектеп. Директордан бастап мұғалімдерге дейін әйелдер қауымы. Аспаз, асханашы, еден жуушы кісілер де әйелдер. Оқушылар мектепке келгенде орамалын шешіп кіреді, шығарда қайта орамалын киеді. Ешбір ер азамат кірмейді. Келісім солай.

Ел-жұрттың бәрі бала-шағасын жинап шетелге кете берсе, елдің ертеңі үшін қауіпті үрдіс қалыптасады. Егер де ата-ана мықтап жұмыс жасамаса, шетелде тәлім алған бала, түбінде, өзге мәдениеттің жемісіне айналады.

Мүмкіндік болса, қолдан келсе осы сынды бастамаларды қолдауға мүдделіміз. Жоқ дегенде дұға етіп, қаракөздеріміздің келешегі үшін күйе білсек игі.

Кеше ұстаздар күніне орай құрылтайшы мырзаның шақыруымен сол мектептің ұжымын құттықтап, тілек білдіріп қайттым.

Ертеде өз ұстазымнан әйелімізге қалай білім берсек болады деп сұрағанымда, оған әйел ұстаз тауып бер деген болатын. Себебі әйелдің жанын әйелден артық ешкім ұға алмайды.

Ал мына мектепте бәрі үйлесіп тұр екен. Қыз балаларға әйел мұғалімдер. Ұлттың сапалы келешегін жасап жатқан жансыздар дедім. Расында солай.

Ұстаздық - ұлы сапар. Жас буын, көзі мөлдіреген оқушылар - біздің ертеңіміз. Оларды қыспаққа ала берместен, сапалы білім беру үшін жанын түсініп, лайықты әрекет етпек қажет деп түсінеміз.

#ой_түймекке

Orientalist's Notes

04 Oct, 02:52


Студенттерге арналған кітап шығармақпыз баспадан. Қазір дайындық процесі жүруде.

Ол кітап не жайында болмақ?

Студенттік шақты қалай сапалы өткізуге болады, қалай жоспар құрған жөн, студенттік шақта не нәрсеге үлгеріп қалу керек деген секілді практикалық кеңестерді қамтиды.

Соңғы жылдары ойда жүрген мәселе-тін.

Адам іші жақсылыққа, күшке, энергияға толы. Жастарға тек үлгі моделі қажет. Дұрыс үлгі табылмаса, сөзсіз, бұрыс үлгі алдынан шығады.

Сол кітаптың бүгін қысқа форматтағы электронды нұсқасын жариялаймыз (номиналды бағаға).

Оқырманнан Feedback алуды қалаймыз және сол алған адамдардың бәрінің аты-жөнін алғашқы қолдаушылар деп кітаптың ішіне жазамыз.

Бүгін хабар күтіңіздер! 🤝

#студентке_кеңес

Orientalist's Notes

03 Oct, 09:33


Бір бауырымыздың мысалын жазайын, мысалы өрнек болар өзгеге.

Таң намазын мешітте оқу деген челленж (қазақша жазғанда “д” әріпінсіз дұрыс) бар еді ғой, әлгі бауырымыз мешіттен алыстау жақта тұрады, сол челленжге қатысамын деп қанша уақыттан бері жүрмей тұрған көлігін жөндетіп, енді тұрақты түрде таңды мешітте жамағатпен оқуға бел буып отыр.

Осындай мысалдар өтеді өзіме.

Сізге де өтсе реакция басу арқылы білдіре аласыз.

#ой_түймекке

Orientalist's Notes

01 Oct, 05:54


Әр тыныс алған сәтіміз — мүмкіндік. Өзіміздің ең жақсы нұсқамызға ұмтылуды тоқтатпау — міне, мәнге ие нәрсе.

Таң атқан сәтте аспанға бір көз тастап ғажаптығын ойла. Қарапайым нығметтерді норма деп қабылдап кеткен кезде өмірімізден дәм кете бастайды.

#ой_түймекке