Шексіздік 🌀

@dinarabolat


Канал авторы @dinarabolat
Еркін ойлар аралы

Шексіздік 🌀

21 Oct, 07:42


Мен кішкентай баланы баптайтын ата-ана емес, өсіп қалған баланы жаныма ертіп жүріп сөйлесетін Дос ата-анамын. Ендігі бар күшім тек немерелеріме жететін сияқты. Оның өзінде олардың у-шуын аз күнге ғана көтеретін шығармын.

Астанада сіңілім тұрады. Жолдасымен шетелге демалысқа кету үшін Оралдан әкесін алдыртты. Балаларыңды маған қалдыр деп айта алмадым. Досым Пико мен тұрғанда қызын басқа біреумен қалдырады. Сол кезде де жаман боламын. Бүгін Ақмарал құрбымның шаршап жүргенін оқыдым. “Міне билет, Астанаға маған келе қал. Қызыңды мен баға тұрамын, сен демал” деп тағы жаза алмадым. Сондай кездерде өзімді өте нашар адам сезінемін😔

Шексіздік 🌀

17 Oct, 19:16


🎧 Нажми чтобы найти песню

Шексіздік 🌀

17 Oct, 19:11


Быть нетребовательным к людям, приглашать их в душу, — признак либеральности, но не благородства. Сердца, способные на аристократическое гостеприимство, мы признаём по множеству занавешенных окон и запертых ставней: свои лучшие покои они по меньшей мере держат пустующими, — они ждут гостей, к которым требовательны…

Ницше

Шексіздік 🌀

16 Oct, 16:35


Victoria Secret шоуын көріп шықтым.

Lisa жарады. Бұрын тым арық еді. Қазір формасы мықты. Өзінің мықты тұстарын жақсы біледі. Қылықтарын орнымен, әдемі қосады. Бүгінгі хореографиясы мінсіз💋

Шоуды ашқан Джиджи Хадид. Табиғатынан беті бейбифэйс. Бірақ жүзі де, жүрісі де ауыр болды.

Екінші шыққан Имаан Хамам🔥екен. Врезалась в память🎯Өзінен кейін ешқайсынан мұндай қылық, харизма байқамадым. Шоудан кейін парақшасын тауып, тіркеліп алдым.

Бэлла Хадидтің жалпы киімі ұнамады. Киімді ол алып шықты. Браво! Бірақ анағұрлым әдемі лукқа лайық еді.

Ирина Шейк ТОП. Жасы да асып барады. Бірақ әлі сұраныста. Мынадай форма, жүріс, мінезбен төрде ұзақ тұрақтайды.

Жалпы байқағаным қаранәсілді модельдер өздеріне сенімді-ақ. Мінез бар. Қанша ашық киім кисе де азиалық модельдерден ұяңдық сезіледі. Европоид қыздар жай сол шаңырақтан болған соң сол жерде жүрген фон сияқты. Изюминка жоқ. Жеке ойым.

Шексіздік 🌀

16 Oct, 10:48


Ақылды, білімді қыздар сана биігінде жолығуды армандайды. Менің айналамда түрлі тақырыпта 3-4 сағаттан ой, білім жарыстырып әңгімелесетін ұл достарым бар. Бірақ ешқайсысына сезім туған емес. Соған қарағанда бір мидың сексуалдығы жеткілікті емес-ау.

Шексіздік 🌀

16 Oct, 10:43


Жуырдағы сұрақ-жауапта жастардың сұрағаны кілең махаббат туралы болды. Махаббат туралы өлгендерден сұрау керек -ау. Махаббат дегеніміз бауыр басу ма, құштарлық па, сана биігінде жолығу ма, достық пен сыйластық па? Қосыла алдыңыз ба? Қосылғаннан кейін сезімдер тыныштыққа айналып кетпеді ме? Қосылмағаныңызға өкініш бар ма? Әлде онсыз да өміріңіз әдемі өтті? Нағыз махаббат қайсысы өзі ? Жауабын сол жолдың соңына жеткендер ғана білетін сияқты.

Шексіздік 🌀

14 Oct, 08:41


Сапалы дүние тек осы жақтан боп тұр. Сорри😊

Шексіздік 🌀

11 Oct, 14:59


-мама, менің үш Құдайым бар. Бірінші сен, сосын папа, үшінші Құдайдың өзі.
-ата-ана үшін күшті комплимент. Бірақ біз Құдайдан үлкен емеспіз ғой.
-білемін. Бірақ мен қиналсам да, бірнәрсе қаласам да оны бірінші сіздер орындап, жанымда боласыздар.
- ертең бізден алысқа кеткенде бар қажетіңді Құдайдан сұрайсың. Қуанған, қиналған сәттеріңді бізден бұрын ол көреді. Сонда Құдайға жақындайсың))

Шексіздік 🌀

11 Oct, 14:37


Адам табиғаты туралы байқағанымды бір жазайын десем ылғи бір кездесуге не бара жатамын, не кездесуден келе жатамын. Жазарымның бүгін көрген адамға еш қатысы болмаса да өзі туралы деп ойлап, ренжіп қалар деп кейінге шегеріле береді. Міне тағы кездесуге бара жатырмын. Сонда ол ойлар қашан жазылады?))

Шексіздік 🌀

11 Oct, 12:33


Шок! Тартылыс күші ме екен? Тура өзім екен ғой. Шамаладым. Бірақ осынша ұқсайды деп ойламаппын. Фотоның сұлулықты жеткізе алмайтыны, қуатымның тез таусылатынын, тез шешім қабылдап, бір өзім кетіп қалатыным… мен туралы айтып жатқандай.

Шексіздік 🌀

10 Oct, 20:53


Я говорю «да», ничего не утверждая при этом, и говорю «нет», ничего не отрицая. Я стою выше «да» и «нет».
Я забываю о том, что достигнуто, и о том, что потеряно.

Дайсэцу Судзуки

Шексіздік 🌀

10 Oct, 11:56


Кеше ұл досыммен кездесіп, біраз әңгімелестік. Астанада тым комфорт, артық ақша табуға мотивация беретін басқа қалаға көшкім келеді дейді. Астананың өте комфорт екені рас. Пәтерің болса тіпті. Артық ақша табуға тек саяхаттарым ғана мотивация боп тұр. Бір саяхаттан келген соң екіншісіне дейін 1-1,5 миллион табу миссиясы шығады. Әр екінші-үшінші ай шетелге кеткім келетінін ескерсек ақша табуға өмір бойына үздіксіз мотивация кепілденген))

Шексіздік 🌀

09 Oct, 17:58


Шерзатты өлтіргендердің көкті тіреп тұрған көкесі Хасан есімді адам екен. Оның атын естіп алған қазақ жігіттері “мынауың қазақ емес қой, көзін жояйық” деп шулап жатыр. Қазақ па, басқа ма әлі белгісіз. Бірақ күлкім келгені біздің жігіттердің намысын тек өзге ұлт өкілі оята алады. Қазақ зорласа, қазақ өлтірсе аузын буған қапшықтай үнсіз жата береді. Намыстары да екіжүзді.

Шексіздік 🌀

09 Oct, 16:12


Үйленбей тұрып қысыр әңгіме айтатын жігітпен отбасылық өмір қиын болады.
Бір шаңырақ астында тұрып сенімен санасып қалған, ұсақ күйеумен ажырасқаннан кейін де қиын болады.

Шексіздік 🌀

19 Sep, 19:11


🎧 Нажми чтобы найти песню

Шексіздік 🌀

19 Sep, 18:03


Кеше мені оқымайтын қатысушы “Сіз шынайылық туралы айтып жатырсыз. Өзіңіз қаншалықты шынайысыз?” дейді. “Шексіздікке” кіріп тұрыңыз” дедім))

Отырмыз міне))

Шексіздік 🌀

19 Sep, 04:58


Многие просто наполняют свои умы словами древних и принимают их за истину. Более того, они цепляются за эти слова как за свой собственный взгляд.

Именно об этом говорится в изречении: «Цепляться за чужое понимание - значит закрыть врата к собственному просветлению»

Ханьшань Децин