Кітап үзіндісі

@kitapuzindisi


📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.

💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Кітап үзіндісі

22 Oct, 04:26


...Жаңбыр әлі де сылбырай жауып тұр. Сүлік қара да сылбырай жүріп келеді. Тау басына тұман шөккен. Жер лайсаң. Жол бұралаң. Бұл жолда Бөкен адаспасын біледі. Жаңбыр соңында жадырап шығар күн бар, көзіңді ашып, көңіліңді жұбатар жарық бар. Жарық бар жерде ер жігіт жолдан жаңылар ма?..

📚Дидахмет Әшімхан «Он бірінші күз»

Кітап үзіндісі

21 Oct, 16:47


Қандай кітап оқып жүрсіздер?📒

Кітап үзіндісі

21 Oct, 08:50


– Кім біледі? Кейде еске алғың да келмейтін кезің болады.
– Мүмкін. Бірақ өткенді өшіріп тастай алмайсың. Мен оның қандай қиын шағы болса да, ерекше мұңлы сағынышпен есіме алам. Ол мен үшін не жылап, не қуанып қана өткізген жеке адамның жалаң өмірі ғана емес, оның мына тіршілік жайлы, оның адамға міндетті түрде көлденең тартуға тиіс боп көрінетін қыруар жақсылықтары мен ғажайып құбылыстары жайлы шексіз қиялдарының бір ғана тамшысындай үлесі деп ұғамын.

📚Дулат Исабеков «Өкпек жолаушы»

Кітап үзіндісі

20 Oct, 13:51


— Жұмаққа барғанда адамның түрі бұрынғыдай болып қала ма?
— Білмеймін, олай деп ойламаймын.
— Онда олар бір-бірін қалай таниды?
— Білмеймін, балапан, — деді ол даусы шаршап шығып. — Жай ғана сезетін шығар. Жақсы көру үшін саған көздің керегі жоқ қой, солай ма? Ішіңнен ғана сезесің. Жұмақта бәрі дәл солай. Ол жерде тек махаббат бар, ал өзі жақсы көретін адамын ешкім ұмытпайды.

📚Ракель Паласио «Ғажайып»

Кітап үзіндісі

19 Oct, 05:00


Өмір деген ну жыныс қалың тоғай. Бәз бірде сол жыныс тоғайдың ішіне енгендей боласың. Айналып адасасың. Ең қиыны – адамды танып алу. Көп кісінің бетіне қарап жыға тани алмайсың. Сырын білмейсің. Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал деген Абай ақын не деген данышпан деп ойлайсың.

Осы күні нешебір мәртебелі лауазымның бас айналғандай биігіне шығып алып, маңайына жан баласын жуытпай отырған әкімді, министрді көргенде – өзіңнің қалт-құлт етіп жер басып жүргеніңе қарадай қорланып пұшайман боласың. Әлгі биіктегі алпауытпен ұшырасып сөйлесе қалсаң – бала кешіп өтетін шалшық судай тап-тайыз пайымына көз жеткізіп, қарның ашып қалады. Осыған керісінше, қарапайым тіршілік күйттеп, маңдай терін күніге жүз сыпырып, белін бүгіп еңбек етіп жүрген бәзбіреумен тілдесе кетсең – хан қайырылып құлақ салғандай ақылды сөз айтады. Абыз ақынның сөзіне қарап кісіні ал деп тұрғаны, сірә, жабы аттай бейнет кешіп жүрсе-дағы ел ішінде – шашасына шаң жұқтырмас жүйріктердің бар екенін меңзегені-ау деп білесің.

📕Дүкенбай Досжан «Анасы жақсы адамдар»

Кітап үзіндісі

18 Oct, 06:18


«Жазғыштар сенсіз де жетіп-артылып жатыр, сол көптің бірі болып қалмасыңа анық көзің жеткенде ғана жазғайсың», – дедіңіз сіз.

📕Мархабат Байғұт «Әдебиет пәнінің періштесі»

Кітап үзіндісі

17 Oct, 16:02


– Қой, жылама. Қайғыны да, қуанышты да жыламай көтеру керек...

📕Дулат Исабеков «Сүйекші»

Кітап үзіндісі

16 Oct, 05:01


Қоғамда түрлі дүние боп жатады. Жата кеп барлығына пікір білдіру міндетті емес. Жапа-тармағай әркім ойын, пікірін жазып, келісіп-келіспей даурығады. Ол әлеуметтік желінің жазылмаған заңы іспетті. Көп жағдайда үнсіз қаламын. Қолымнан не келеді, қандай жақсы нығмет істей аламын деп ойланамын... Тәннің жарақатынан жанның жарақаты қиын. Емдеу, тазалау оңай емес. Сөз жақсы, бірақ жақсы сөз одан жақсы.

📕Ғазиза Құдайбергенқызы «Кітапханашы күнделігі»

Кітап үзіндісі

15 Oct, 05:25


Көргeнің мeн көкeйдeгің хатқа түспeсe көң басып кeбініңмeн біргe кeтeді, ал жазылып қалса – жан азығы.

📕Иван Бунин «Арсеньевтің өмірі»

Кітап үзіндісі

14 Oct, 06:02


– Мен де сені жақсы көрем, Чарли.
– Жақсы көрем дегенім бер жағы. Мен сені қатты жақсы көрем. Сені... қалай десем екен? Түу, сөзбен жеткізе алмаймын сезімімді!

📕Дэниел Киз «Алжернонға арналған гүл»

Кітап үзіндісі

13 Oct, 06:02


Шын мәніндегі әйел болу – үлкен өнер. Өнер ғана емес, жай көзге, жай талғамға шегі-шеті көріне бермес ғылым. Өзің ғашық болған, сенім артқан еркектің қайғы-қуанышын, жеңілісін, жеңісін, маңдайдағы бағы мен сорын бөлісуден бөлек те әр әйелдің жеке – жетінші түйсігімен сезінетін міндеттері бар. Ол қандай міндет? Сүйе білу бар да, сүйдіре білу бар. Сыйлай білу бар да, сыйлата білу бар...

Әйел боп жаратылдың екен – тағдырыңа алғыс айт. Сен еркектен нәзіктігіңмен, биязылығыңмен, мейірімділігіңмен, сезімталдығыңмен, кешірімділігіңмен, тіпті оған қарағанда, әлдеқайда әлсіздігіңмен ерекшеленесің. Әрі бұл кемшілігің емес, жетістігің боп есептеледі. Еркек қауымы әйелді қолдап, қорғауды өзіне жазылмаған, бірақ орындауға тиісті заң ретінде қабылдайды...

Өзіңе ғашық адамның ықыласын, құрметін, сағынышын төмендетпей ұстап тұруың үшін ылғи да ізденіс үстінде жүруің қажет... Яғни шын мәніндегі әйел дәрежесіне көтерілу – айтуға ғана оңай, әйтпесе азапты шаруа. Бірақ сол азапты ізденістен ғана бақытқа бастар жол шығуы мүмкін. Өйткені әрбір іс-әрекетіңнің жаңғырығы бар. Әйтпесе қыздың киімін киіп, сырғасын тағып, түрлі әшекейін тағынып, терең тамырлы тіршіліктің мән-мазмұнына, ең әрісі қарапайым әйел табиғатының кейбір көзге ұрып тұрар ерекшеліктеріне бас ауыртқысы келмейтіндер аз ба? Тіпті балалы-шағалы болуға да пәлендей ақыл керек емес. Өзінен гөрі өзгені кінәлауға бейім тұратындар, әдетте, осы тектес төмен етектілердің ішінен шығады.

📕Мұхтар Шаханов «Құз басындағы аңшының зары»

Кітап үзіндісі

12 Oct, 05:17


– Мүмкін, бірін-бірі бұрыннан сырттай білетін шығар. Суының ащы, не тұщы екенін анықтау үшін көлді түгел тауысып ішу қажет пе? Бір татқаннан белгілі. Адам жөнінде де солай, меніңше. Бір қарағаннан аңғарасың.
– Адам көл емес, бала. Есіңде болсын, кісінің сырты мен іші бірдей бола бермейді.

📕Төлепберген Тобағабылов «Түсінсең еді мені»

Кітап үзіндісі

11 Oct, 06:02


Көзімді жұмып, оқып шыққан кітабымды қолыма ұстағанда, оның хош иісі мұрныма келетін. Маған осыдан артық бақыттың керегі де жоқ еді.

📕Харуки Мураками «Норвег орманы»

Кітап үзіндісі

10 Oct, 13:43


маған кітап қарыз кісілерге қарбыз көк/күлгін болып көрінеді екен:)

Кітап үзіндісі

08 Oct, 18:14


– Менің кешірген, кешірмегенім оған түкке де қажеті жоқ. Оны кешіру маған керек. Зұлымдықтан сақтану үшін ғана емес, сол зұлымдықты жасамау үшін де кектенбей, кешіре білуіміз керек. Тұлғалық қасиетіңді сақтап, өзіңді жоғалтпау үшін де кешіруді үйренуге тиіспіз. Әкенің кекшілдігі – ұл баланы әйелдерді қорлап, өш алуға итермелесе, шешенің кекшілдігі – қыз баланы еркектерге зұлым, арам деп қарауға үйретеді. Әйелін жек көретін еркектің, болмаса, күйеуін жек көретін әйелдің балалары психологиялық соққы алғандықтан, өмірге құштар болмайды, олар өмірді ешқашан сүймейді. Өздеріне қол жұмсап өлетін балалардың көпшілігі осындай отбасы құндылығы аяққа тапталған отбасынан шыққан. Ал мен ұлымның ұзақ өмір сүргенін армандаймын. Әйелім өз өмірін сүріп жатыр. Үйленер кезде болашақ жарымның табиғатын терең зерттемеген өзім кінәлімін, – деп, менімен қоштасып, баласымен кездесуге кетті.

📕Аягүл Мантай «Уақыттың көз жасы»

https://t.me/kitapuzindisi

Кітап үзіндісі

05 Oct, 13:08


Көңілдеріңе келсе де айтайын, сағатқа таласқанда жан ұшырасыңдар, ал жаман мінез-құлықты айыптауға келгенде ше? Шылыққа қарсы шын күрескер сендер емес пе? Неге оның шылауында кетесіңдер?

📕Орынша Қарабалина «Ұстаз бақыты»

https://t.me/kitapuzindisi

Кітап үзіндісі

02 Oct, 16:20


«Сен-ақ бүкіл жердің жүзіне, күллі дүние-әлемге ризасың, бір түйір күдіктенбестен, күлесің де жүресің», – деседі маған барша жұрт. Неге ғана күлмейін, күлімсіреп жүрмейін. Бәріне де күдіктене кектеніп, қаныпезер беттеніп қарағандар не ұтар. Аялай қарап айнала, мейірбан көңіл аймалап, жаратылсам, кінәм не?!

📕Мархабат Байғұт «Әдебиет пәнінің періштесі»

https://t.me/kitapuzindisi

Кітап үзіндісі

30 Sep, 06:00


«Мен сенің жасыңда...» деп басталатын әңгімелері арқылы баласына қысым жасайтын «мақтаншақ» ата-ананың баласы өзін жеткіліксіз(кем) сезінеді.

📕Елжас Ертайұлы «Баланы жазасыз тәрбиеле»

https://t.me/kitapuzindisi

Кітап үзіндісі

29 Sep, 06:01


Ақиқатын айтқанда, бұл тобырдың негізгі жауы МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК емес, ОЙ-ӨРІСТІҢ ТАРЛЫҒЫ еді.

📕Харуки Мураками «Норвег орманы»

https://t.me/kitapuzindisi

Кітап үзіндісі

28 Sep, 03:03


Өзіңді-өзің жұбатпасаң, өзіңді-өзің жылытпасаң сені кім жұбатады, кім жылытады?

📕Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша»

https://t.me/kitapuzindisi