Akhmedov Yerbol

@akhmedovyerbol


Akhmedov Yerbol

21 Oct, 19:51


Адамдардың көзқарасы бойынша:

• Намысты әйел — «тым күрделі»,
• Дініне берік адам — «қатып қалған»,
• Отанын қорғаушы адам — «террорист»,
• Садақа беруші — «ақшасын ысырап етуші»,
• Мешітке барушы — «баратын басқа жері жоқ адам»,
• Ал кітапқұмар — «ескі дәуірдің адамы».

Осы дүниеде жақсы амалдарыңды еге бер. Оларға мән берме!

Шейх Әдһам әш-Шарқауи(хафизаһуллаһ)

Akhmedov Yerbol

21 Oct, 17:24


Ит болғанына қарамастан, біз оның жұбайын ешқашан теледидар экранында көрген жоқпыз.

😹😹😹

Akhmedov Yerbol

21 Oct, 12:56


"Неге соны істедім" дегеннен гөрі "неге соны істемедім" деген сөз көбірек айтылады екен. Сол себепті ештеңеден қорықпай, көп ойланбай Аллаға тапсырып бастау керек.

Akhmedov Yerbol

20 Oct, 14:14


Алланың атынан жалған сөз сөйлеу өте үлкен күнә.
Осындай суреттер көбейіп кетті. Алла сақтасын! Алла һидаят берсін.

Харам…

Akhmedov Yerbol

20 Oct, 12:58


Жын адамға ғашық болады, қызғанады, үленуіне кедергі жасайды деген сияқты қиял-ғажайыптарды айтуды қойыңдаршы, құрметті жынологтар ))

Құранда, сахих хадистерде бар нәрсені ғана айтсаңдаршы. Әйтпесе жынның не істеп, не қойып жүргенін қайдан білесіңдер?

Akhmedov Yerbol

20 Oct, 11:47


Қиындыққа тап болғанда, мыналарды есіңе ал:

Нұх пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) алып таулардай толқындармен кемесін қалай жүздірді, Ибраһим пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) оттан қалай аман қалды, Жүніс пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) киттің ішінде қалай құтқарылды, Мұса пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) таяғымен теңізді қалай қақ жарды.

Алланың көмек беруінің ең әдемі жағы — Ол барлық себептер үзіліп, пенденің жүрегінде тек Алла қалғанда келеді!

Akhmedov Yerbol

19 Oct, 17:58


«Уа, Раббым, мені кешір және менен кейін ешкім ие болмайтын билікті маған нәсіп ет» (Сад сүресі, 35-аят).

Сүлеймен пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) дұғасын тәубе мен истиғфардан бастады. Бұл — пайғамбарлардың терең түсінігі мен даналығы, өйткені күнәлардан асқан дұғаның қабыл болуына кедергі келтіретін нәрсе жоқ. Кейде құл Алладан бір нәрсені сұрайды, бірақ дұғасының қабыл болуына оның өзі істеп жүрген күнәлары кедергі болады. Егер дұғаң кешіктіріліп жатса, өзіңе есеп беріп, қандай күнәларға батып жүргеніңе назар сал. Сол күнәлар үшін дұғаңның жауабы тоқтап қалуы мүмкін!

📚Расайл мин әл-Құран

Akhmedov Yerbol

19 Oct, 14:06


Ілімге жақындаған сайын, біз көбірек бақытқа кенеліп, бізге үлкен көкжиектер ашылады. Ілімнен алыстаған сайын, біз көбірек қиындықтарға ұшырап, өмірдің шындығын түсінуіміз азаяды.

Шейх Әдһам (хафизаһуллаһ)

Akhmedov Yerbol

19 Oct, 13:28


«Ілім іздену – ризықтың ең үлкен себептерінің бірі.»

Шейх Әдһам (хафизаһуллаһ)

Akhmedov Yerbol

19 Oct, 12:49


Әрбір ілім талап етуші таң намазы кірмей тұрып ояу болуы керек.

Шейх Әдһам(хафизаһулла)

Akhmedov Yerbol

19 Oct, 11:59


«Есіңде ме, жолдасына: "Қайғырма, Алла бізбен бірге", – деп айтқанын?» (Тәубе, 40).

Кейде сөздер құшақтағандай болады,
Кейбір сөздер бауырыңа басқандай әсер береді.
Кейде өмір тарылып кетеді,
Бірақ досыңнан жылы сөз келіп, кеңейтіп жібереді.
Кейде жүрек жараланады,
Ал сүйіктінің мейірімді қолы сол жараны емдейді.
Кейде жүрек мұңаяды,
Сонда жақын адамның құшағы оны қуанышқа бөлейді.

Біз бұл дүниеде тек қонақпыз,
Сондықтан бір-біріміздің жолымызды жеңілдетейік.

📚Расайл мин әл-Құран

Akhmedov Yerbol

17 Oct, 14:51


Базбіреулері: «Айтпақшы, Ибраһим деген бір жас жігіттің оларға тіл тигізіп жүргенін естіген едік», – деді.(Әнбия сүресі, 60-аят).

Ибраһим пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) олардың көзінде жай ғана жас жігіт еді. Ал Алланың алдында ол тұтас бір үмбет болатын.

Сондықтан өз құныңды адамдардың көзінен іздеме, сенің нағыз құндылығың – Алланың алдындағы орның!

📚Расайл мин әл-Құран

Akhmedov Yerbol

17 Oct, 13:36


Сен Алладан көп сұрағаның үшін дұғам қабыл болмай жатыр деп ойлама. Алла үшін ештеңе көп емес!

Міне, Сүлеймен пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) жындарды өзіне бағындыруды, желді және құстардың тілін сұрады, сонда Алла оған мұның бәрін берді. Бірақ ол ең алдымен сұраудан бұрын тәубе етуден бастады.

📚Расайл мин әл-Құран

Akhmedov Yerbol

15 Oct, 17:23


Өзіңе, жұбайыңа және балаларыңа апта сайын баратын бір сабақ белгілеңдер. Өйткені, бүгінгі таңда адамдардың рухани азығы — тек жұма уағызы. Жұма уағызынан басқа уақытта көптеген адамдар дәрістерден бейқам.


Шейх Әдһам әл-Асими(хафизаһуллаһ)

Akhmedov Yerbol

15 Oct, 09:21


Өмірің — бұл Қиямет күні Алланың алдында оқитын кітабың. Сондықтан нашар автор болудан сақтан! Бүгін ұялмай оқи алатын нәрселер жаз! Кітабың әлі сенің қолыңда, және сенде тәубенің өшіргіші бар, онымен күнәларыңды өшіре аласың. Көп бос беттерің бар, сол беттерге жарқын жолдарды жазып үлгер.

Кітабыңда садақа беттерін, көңіл жұбататын сөздер мен түнгі намаз жолдарын қалдыр. Тіпті нәпіл оразадан бір үтір болса да қос.

Иә, ешкім өз амалдарымен жәннатқа кірмейді, тіпті Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) да Алланың рақымымен кіреді. Бірақ игі амалдар Алланың рақымын тартудың себебі болады.

📚Расайл мин әл-Құран

Akhmedov Yerbol

15 Oct, 08:59


Бәлқис әйнекпен төселген сарайдың еденін су деп ойлап, одан өту үшін аяғын ашты. Демек, оның көйлегі соншалықты ұзын және жабық болған. Жабық киім патшайымдардың ежелден келе жатқан киімі. Ал ашық-шашықтық пен сұлулықты көрсету – ер адамдарды өздеріне баурау үшін айла жасайтын жеңілтек әйелдерге тән іс.

Өзіңнің киіміңе қара да, өзіңді қай топқа жатқызатыныңды анықта: патшайымдар сияқты, Бәлқис секілді, әлде басқалармен бірге ме?

📚Расайл мин әл-Құран

Akhmedov Yerbol

14 Oct, 18:00


Әр түрлі салалардағы жазылған барлық кітаптардың мақсаты "өз-өзіңді түзету" үшін жазылған. Грамматика кітабын оқысаң тіліңді түзеледі, фиқһ оқысаң ғибадатың түзеледі, ақида оқысаң сенімің түзеледі.


© Шейх Әдһам (хафизаһулла)

Akhmedov Yerbol

14 Oct, 15:15


Періште тек аузыңнан шыққан сөзді ғана жазып қоймайды, олар әлеуметтік желіде жазған сөздеріңді де жазады. Жақсы сөздер сауап дәптеріне жазылады, ал жаман сөздер күнә дәптеріне түседі. Әлеуметтік желіде жазғаныңның бәрі өлімнен кейін де қалады. Егер жазбаларыңда үзілмейтін садақа болмаса, тым болмағанда артыңда үзілмейтін күнә қалдырма.

Шейх Әдһам(хафизаһулла)

Akhmedov Yerbol

13 Oct, 14:02


Өзіңнің айналаңдағы жаратылыстарға қарашы: құстар, балықтар, бақалар, жыландар және барлық жануарларда қалтасы бар киім де, банк есепшоты да, денсаулық сақтандыруы да, қартайған кездегі зейнетақысы да жоқ. Олар таңертең тұрады да, Алланың оларды ризықтандыратынына толық сенеді, сондықтан сен аштықтан өлген бірде-бір жануарды көрмейсің.

Ендеше, өз ісіңді Аллаға тапсыр!

📚Расайл мин әл-Құран