Abylaikhan Nurlanuly📚

@arabicabylaikhan


Инстаграмда да бармыз: https://www.instagram.com/abylaikhan.nurlanuly?igsh=MWZwem1uMW51eHplbA%3D%3D&utm_source=qr

Abylaikhan Nurlanuly📚

22 Oct, 05:48


Бөлінбейік…

Сіздермен ұстазымыз шейх Ахмад әл-Фадылдың (Аллаһ оны сақтап, панасына алғай) бір насихатымен бөліскім келеді:

ЕШҚАНДАЙ ЖАМАҒАТҚА ҚОСЫЛЫП, ОНЫҢ ТУЫН КӨТЕРМЕҢДЕР. СЕНДЕРГЕ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МҰХАММЕДТІҢ ЖАМАҒАТЫ “АҺЛЮ СУННА УӘЛЬ-ЖАМАҒА” ЖЕТКІЛІКТІ

Abylaikhan Nurlanuly📚

22 Oct, 05:41


Үлкен табиғин Абу Сулейман ад-Дарони (Аллаһ оны рақымына алсын) айтады екен:

Кім Аллаһ жайлы дұрыс ойда болып, бірақ, одан қорықпаса (яғни, күнәлі істерін тастамай жүрсе) ендеше ол өзін де, басқаны да алдап жүрген адам” деп.

Abylaikhan Nurlanuly📚

20 Oct, 16:28


- Бір ауыз сөзбен дүниенің қадірін айтып бере аласың ба?

- Ұстазымыз шейх Юсуф Хаттар (Аллаһ оны панасына алғай) бірде сабақта былай деп еді:

“Дәретханаға қай аяқпен кіресің? (Яғни, сол аяқпен)
Енді, мешіттен дүниеге қарай қай аяқпен шығасың? (тағы да сол аяқпен)
Осымен дүниенің шама-шарқы белгілі емес пе?”

Abylaikhan Nurlanuly📚

17 Oct, 10:20


- Адамда бірі екіншісіне қарама-қайшы екі сипаттың жиналуы мүмкін бе?

- Шейх Муаз Хаууа (Алла оны панасына алғай) айтады:
Байлық пен кедейлік (мұқтаждық) бір уақытта көрініс табатын сипаттардан.

Себебі, сен қанша жерден бай болсаң да, Алланың нығметтеріне кедейсің, оған мұқтажсың.

Сол сияқты, қанша жерден пақыр кедей болсаң да, сен Алламен байсың
” деп…

Abylaikhan Nurlanuly📚

16 Oct, 07:01


- Маһр беремін деп, қызды алып ап, ниетінде бермеу болса, не болады екен осы?

- Аллаһ елшісінен
мынандай хадис риуаят етіледі:
Қандай да бір кісі әйеліне маһр белгілеп, уәде берсе… Алайда, Аллаһ оның жүрегінде “бермеймін” деген ниетін көрер болса, ертең қияметте Алламен зинақор күйінде жолығады

📚Ахмад, Табарани

Abylaikhan Nurlanuly📚

14 Oct, 07:07


Олжас Ханафин ұстаздың (Алла рахымына алсын) телеграм каналындағы жазбалар мен аудармалардың жиынтығы. PDF форматта. Тегін.

Abylaikhan Nurlanuly📚

29 Aug, 14:24


Адамдар сені қайтсең жақсы көреді?

https://www.instagram.com/reel/C_QZ-aFNPtX/?igsh=a2VsbGc1eDVhYjd5

Abylaikhan Nurlanuly📚

16 Aug, 09:33


Шейх Юсуф Хаттардан сабақ алып жүрген бір шәкірт ұстаздан: «Менің тәкаппар немесе тәкаппар емес екенімді қалай білуге болады?» деп сұрады. Сонда шейх: «Егер адам өзіне тәкаппармын ба, әлде тәкаппар емеспін бе деп ойланып жатса, онда ол тәкаппар адам. Өз-өзіне шыншыл адам "Менің тәкаппарлығым қандай деңгейде?" деп сұрауы керек. Себебі, "Мен мүлдем тәкаппар емеспін" деп айту оңай емес», — деп жауап берді.

©️Шейх Юсуф Хаттар (хафизаһулла)

#тәкаппарлық

Abylaikhan Nurlanuly📚

14 Aug, 15:07


Стрессте емеспін” деп тәп-тәуір жүрген адамның артынан қуып жүріп, “стрессін” (әрине тырнақша ішіндегі) тауып беріп, артынша одан шығу жолын тауып беретіндер көбейіп кетті ғой.

Пайғамбарлар мирасқорлары ислам ғалымдардын тыңдаңыздаршы. Болды:)

Сізде жоқ ауруды шақырмайды. Бар дертіңізді жояды:)

Abylaikhan Nurlanuly📚

13 Aug, 14:01


Тұтынып жүрген дүниелерден болар… Адамдар туралы жаман ойлау - қалыпты жағдай болып қалды.

Алайда, біз мұсылмандар, біреу туралы, әсіресе мұсылман бауырымыз хақысында жаман ойға бой алдырмауымыз ләзім.

Ғалымдарымыз айтады ғой:
لأن أحسن الظن وأخطئ خير لي من أن أسيء الظن فأخطئ…

Жаман ойлап қателесуден жақсы ойлап қателесуім мен үшін хайырлы” деп…

Жақсы ойлауға дағдыланыңыз;)

Abylaikhan Nurlanuly📚

12 Aug, 08:42


Әрбіріміз бала тәрбиелеп, іні-қарындас өсіріп жүрміз. Не түбі соған келеміз:)

Соңғы кезде көзім жетіп жүрген оймен бөліскім келеді.

Жалпы… Баланы шартты махаббатпен жақсы көру - қате. Үлкен қате.

Себебі, сондай мәміле көріп өскен бала болашақта шынайы болудан қалады. Шынайы болудан қалды дегеніміз - біреуге ұнау үшін маска киіп бастайды деген сөз. Ал бұндай баладан мықты тұлға шығуы қиындау.

Иә, мінезді болу тектілік пен қанға байланысты екенін жоққа шығармаймын. Алайда, тәрбие қаннан әлдеқайда әсерлі әрі күштірек.

Abylaikhan Nurlanuly📚

11 Aug, 20:50


Нағыз құрметке лайқты жандар - ислам ғалымдары және солардың артынан ерген толибтар (ілім талапкерлері)

Себебі,
1. Бұл жолға насихаттап, қызықтыру үшін дүниежүзі алпауыттары тарапынан қыруар, сансыз ақша бөлініп жатқан жоқ.

2. Оларды бүкіл әлем бақылап, тв-дан көрсетпейді.

3. Оқуаларын бітіріп келгенде оларды ешқандай қомақты жалақысы бар тұрақты жұмыс күтіп тұрған жоқ.

4. Ислам дағуатына, қоғам түзелуіне атаулы үлес қосса оған ешкім ең соңғы, судай жаңа қымбат көлік мінгізбейді. Және оның үйіне не туған ауылына асфальт төсеп бермейді:)

5. Депутаттар, ел ағалары және бай көкелер оларды өздеріне тартып, достасқысы келмейді.

6. Тіпті, оқуында жүргенде оған тұрақты түрде мемлекет жатын жерін, ішіп-жеуін, жалақысын реттеп бермейді.

Осыған қарамастан “Раббымның кітабын, Пайғамбарымның сүнетін үреніп, оларды басқаларға үйретемін. Дүние емтиханынан өзім һәм өзгелер де сүрінбей өтуге әрекет етемін” деп оқуға бет алып, өмірін сонымен байлайды.

Abylaikhan Nurlanuly📚

03 Aug, 20:31


Жаназаға барар жолда жазылған шұғыл естелігім❤️🫂

Abylaikhan Nurlanuly📚

24 Jul, 16:57


Шығарып салдық ұстазымызды, ағамызды, бауырымызды

Abylaikhan Nurlanuly📚

22 Jul, 10:28


Замануи слэнгтер мен заманауи бағыттағы әңгімеге ес ауған уақытта Олжекемнің әңгімесінің басым бөлігі ақырет болған екен… Ақыретке қамдануға шақыру болған екен…

Адамдарға жағамын деп емес, Аллаға жағамын деп өмір сүрген керемет жанның мысалы…

Аллаһым рақымына бөлеп, күнә-кемшілітеріңізді кешіріп, фирдаустықтардан етсін шейхім😭💔❤️‍🩹

Abylaikhan Nurlanuly📚

22 Jul, 02:38


Аллаһым Олжас Ханафин бауырымызды рахымына алсын. Аллаһым оның барлық күнәларын кешіріп, Өзінің фирдаус жәннатін нәсіп етсін.

Алладан келдік, Аллаға қайтамыз.

Abylaikhan Nurlanuly📚

30 Jun, 15:17


Күнә істеп, оны жасырушы күнә істеп, оны жариялаушыдан әлдеқайда хайырлы.

Себебі, бірінші күнәсі үшін ұялады. Ал екіншісі ұялмайды.