Күткендей-ақ, жетекші америкалық БАҚ соңғы төрт жылдағы ең ірі саяси оқиғаға газеттерінің тұтас беттерін арнады. Танымал басылымдар оқырмандарды республикалық партияның жеңісімен құттықтап, демократтардың жеңілу себебін талдап, елдің Дональд Трамптың кезекті президенттік мерзімінде қандай бағытта дамитынына ой жүгіртуде.
«Жаңадан сайланған президент Трамп Ақ үйдегі жеңісінен кейін Американы «Алтын ғасырға» жеткізуге және «бәрін түзетуге» уәде берді», - деп жазды Fox News. Телеарна Трамптың өзінің жеңісін «барлық уақыттағы ең ұлы саяси оқиға» деп атап, елге «сауығуға көмектесемін» деген уәдесін атап өтті.
📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз.