Your GenZ teacher✨ @yourgenzteacher Channel on Telegram

Your GenZ teacher

@yourgenzteacher


Your GenZ teacher✨ (English)

Are you a member of Generation Z looking to learn and grow in a fun and engaging way? Look no further than 'Your GenZ teacher✨' Telegram channel! This channel is designed to be your go-to resource for all things related to education, personal development, and lifestyle tips for GenZ individuals. With a team of dedicated teachers and mentors, 'Your GenZ teacher✨' offers a wide range of content, including study hacks, career advice, mental health tips, and much more. Whether you're a student, a young professional, or simply someone who wants to stay informed about the latest trends and topics relevant to GenZ, this channel is the perfect place for you. Join 'Your GenZ teacher✨' today and start your journey towards becoming the best version of yourself!

Your GenZ teacher

27 May, 12:48


Қалайсыздар, достар!?

Жоқ болып кете бердім ғой😂

Не ғой ұялмай, қызармай сіздерден көмек сұрайын!

Осы рилске лайк басып, пікір қалдырып кетсеңіздер🤗

Көөөөп рақмееееет❤️

Your GenZ teacher

30 Apr, 04:30


📌Тиктокты да жайлап қолға алып жатырмын. Кеше түнде видео шығарғанмын көрсеңіздер болады.

🔎Көп ағылшын тілін оқып жатқандар қай кезде Salary және қай кезде Wage қолданатынын білмейді. Сол бойынша түсіндіріп кетейін.

🇺🇸Әр мемлекетте әр түрлі болуы мүмкін, бірақ АҚШ-та:

Salary біздегі “оклад” секілді. Бұл жерде сағат/күн саны саналмайды, айына төленетін ақшаны айтады.

Екінші айырмашылығы Salary арнайы саладаға мамандарға төленетін еңбек ақыны айтады. Мысалыға, дәрігер, мұғалімдер, компаниядағы топ менеджерлер т.с.с

Ал Wage болса, сағат санына төленетін еңбек ақыны айтамыз. Wage көбіне физикалық еңбекке төленеді. Оны көбіне даяшыларға, сатушыларға т.с.с төлейді.


⭕️Ең қызығы біз Қазақстанда айлықты айтатын болсақ, мысалы айына 350мың тг табамын дегенде, біз айлық көрсеткішті айтамыз, ал Американдықтардан Salary сұрағанда: олар 1 жылда табатын жалақыларын айтады. Мысалы salary сұраса, “95.000$ “ — деп жауап береді. Бұл бізде 1 жылда табады деген сөз🤓

Your GenZ teacher

30 Apr, 04:17


Достар, қайырлы таң! Қалайсыздар?

Ал сәуір айының бүгін соңғы күні екен, уақыт — зымыран. Кеше ғана 2024 енді басталып жатқан секілді еді, ертең мамыр айы екен🥹

“Осында жазамын, белсенді боламын”— деп жоқ болып кеткенім бар, кешіресіздер. Бірақ мен инстаграм әлеуметтік желісінде белсендімін сол жақта көріп отсаңыздар болады🤓

Your GenZ teacher

25 Jan, 06:07


Өмірімдегі соңғы жаңалықтардан ресми түрде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмысқа кіргенмін. Сіздерге осында тек ағылшын емес, сондай-ақ қызықты деректермен бөліссем. Өзімнің жеке пікірлерімді осында қалдырсам деп дәметіп отырмын😂. Дайын болыңыздар…😉

Your GenZ teacher

25 Jan, 06:02


Алдағы уақытта енді жиі белсенді болуға тырысамын. Негізі видео түсіру, контент жасау, монтаждау бәрі-бәрі өте қатты уақыт алатын нәрсе екен. Өзім телеграмға онша кірмегендіктен, жоқ секілді болып көрінеді. Бұл жерді ашуымның басты себебі тиктокқа сыймаған ақпаратпен сіздерге осы жерде бөлісу болатын. 😉

Жағдайларыңыз қалай?

Your GenZ teacher

25 Jan, 05:59


Сәлеметсіздер ме! Қалайсыздар? Жаңа жылда бірінші рет телеграмға кіріп отырмын🙃

Осында қалғандарыңыз үшін рақмет!❤️

Your GenZ teacher

05 Dec, 15:38


Ақпарат қызықты/пайдалы болса, реакция, пікір қалдырыңыздар. Себебі “энергиямен алмасу” деп атайды екен ғой бұл нәрсені😅
Мотивация береді ма, сондай…

Жеке ойымды алдында бір кісі айтқан еді, бөлісіп тұрыңыз деп. Мүмкін оныда осы телеграмға жазып отырармын… Әзірше қолдап жіберіңіздер🫶🏻

Your GenZ teacher

05 Dec, 15:30


b және d әріптерін өте көп оқушылар шатастырып алады. Шатастырып алатындар осы видеоны соңына дейін қарап шықсаңыздар!!!🙃


Назарларыңызға рақмет!🫶🏻

Your GenZ teacher

05 Dec, 15:29


Сәлеметсіздер ме! Қалайсыздар?

Көріспегелі көп болды. Соңғы күндері қолым тимей, видео сала алмай жүрдім. Телеграмда отыратындардың көбі, тиктокта отырмайды екен, сондықтан осында да видеоларды салып отырамын! 🙃

Your GenZ teacher

26 Oct, 06:08


Тіл оқу арқылы бізде тек оқып қана қоймай, олардың кішкене мәдениетін оқу арқылы тілді түсінуге көмек береді.

Қысқаша айтқанда, тіл — халықтың тарихы мен мәдениетінің айнасы.

Орта ғасырларда дін халықтың басты мәдениеті болған. Бүкіл рухани болсын, материалдық болсын, барлығы дінмен жанасқан.

Біздің қазақтарда да негізінен фамилия деген ұғым болмаған. Себебі қазақтар мұсылман болғандықтан, исламда өзіңнің аты мен әкесінің аты ғана болған. Байқап қарасаңыздар кез-келген Ислам дінін ұстанған елдерде солай болған. Арабтарда Айша бинт Абу Бакр ( Айша Абу Бакрқызы), түріктерде де өзінің аты мен әкесінің аты ғана болған, тек 1934 жылы Ататүрік фамилия болуын талап еткен.

Қазақтарда да солай, орыстардың және КСРО -ның келуімен көптеген қазақтардың әкеснің атын, фамилия ретінде қолданып кетті. Оған мысал ретінде:

Абай Құнанбаев (дұрысы Абай Құнанбайұлы болуы қажет, себебі Құнанбай Абайдың әкесінің аты)

Ахмет Байтұрсынов ( дұрысы Ахмет Байтұрсынұлы, оларда фамилия болмағандықтан, әкесінің атын тегі ретінде қолданған)

Осындай мысалдар тола. Қазақтар әкесінің атын өзгеріске ұшырмау үшін атасының атын фамилия ретінде ала бастады. Себебі орыстарға әкесінің атынан көрі фамилия болған дұрыс болды, ал мұсылмандарда әкесінің атын өзгертуге болмайды.

Егер әкесінің аты фамилияда қалатын болса, көп қыздар күйеуге шыққаннан кейін фамилия ауыстырса, фамилияда әкесінің аты тұрса, ол —әкесінің атын өзгертіп жібереді. Сондықтан әкесінің есімін міндетті түрде қалдырып, фамилияға атасының есімін берген.

Негізі мұсылмандарда қыз баласы күйеуге шыққаннан кейін, фамилиясын ауыстыруға болмайды. Күйеуінің фамилиясын алу — ол батыс мәдениеті.

Your GenZ teacher

26 Oct, 05:47


Рианна деген әншінің, Рианна дегені —middle name болып табылады.

Толық аты -жөні: Робин Рианна Фенти

Your GenZ teacher

26 Oct, 05:27


Осы есімдерді білмегендіктен көп ағылшын тілін оқып жүрген адамдар қате жасайды.

First name деген тұсқа фамилия жазып,

Last name деген тұсқа есімін жазып қояды.

Байқаңыздар! 🤭🤓

Your GenZ teacher

26 Oct, 05:21


👋Барлықтарыңызға сәлем! Қалайсыздар?

Қазір тиктоктың бәрі Американың Грин картасы жайлы болып кетті. Менде осы жайында телеграмға жазайын деп едім.

Әр жылы АҚШ мемлекеті 50.000 адамға the DV program арқылы виза береді.

Грин карта не береді?
Грин карта иегерлері АҚШ-тың ресми резиденттері атанып, АҚШ-та ресми түрде тұруға және жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Құқықтар АҚШ азаматтарымен теңеседі, тек АҚШ президентін сайлауға құқығы болмайды.

Осы грин картаны АҚШ 50.000 адамға лотереямен тегін береді, ол программаны The Diversity Immigrant Visa (DV) Program деп атайды. Осы жылға DV -2025 ға өтінім беру 4 қазан 2023 пен 7 қараша 2023 аралығын қамтиды. Мен өзім тапсырмағанмын толығырақ ресми порталынан біле аласыздар.

Енді бұл нәрсені не үшін қозғап отырмын?

Барлығының сұрап жатқаны, грин картаға онлайн форманы тапсырғанда

first name
•last name
•middle name

Деген үш есім тұрады. Сол жерде қазақтардың сұрағы “Неге middle name”-ді жоқ деп белгілейміз?

Middle name-ді біздегі “әкесінің аты” ( Пәленшеқызы/пәленшеұлы) деп түсінеді.
Бірақ ол ондай емес. Осы жайында мен тиктокта видео түсірдім, қарап кетсеңіздер болады.

Біздің толық аты-жөнімізде бірінші тегіміз( фамилия), екінші өзіміздің есіміміз (имя) және соңғы әкеміздің аты ( отчество) тұрады. Қысқартқанда ТАӘ, орысша ФИО деп тұрады.

🌎Ал батыс елдерінде ол басқаша, Толық аты -жөніңіздің тұру ретіне байланысты:
First name — бірінші аты (имя, name)
First - тің аудармасы бірінші деп аударылады.
Last name (last-тың аудармасы соңғы) тұру реті бойынша ағылшындарда фамилия соңында тұрады. Ал, middle name ( middle аудармасы ортаңғы, ортасы деп аударылады) Себебі, есім мен фамилияның ортасында тұрады.

Мысалыға, менің толық аты-жөнім: Өмірбай Аяжан Кенжеқызы,
ағылшынша менің толық атымды сұраса, мен — Ayazhan Omirbay деп атаймын, себебі олардың логикасы бойынша ең бірінші өзіме берген атым тұру қажет, сосын барып фамилиям тұрады. (Оларда әкеснің аты деген жоқ)

👘Шығыс елдерінде де (Жапония, Қытай, Корея) бірінші кланның есімі (фамилиялары) сосын есімдері тұрады. Мысалыға, Ким Тэхён деген кәрісше есімді, батыс елдерінде Тэхён Ким деп атайды.

Назарларыңызға рақмет!🌷

Your GenZ teacher

20 Oct, 09:03


👋Сәлеметсіздер ме! Қалайсыздар?

🔹Бүгін ағылшын тіліндегі
-tion, - sion, -cian суффикстерінің оқылуы жайында жазғым келіп отыр.

🔹Бұл үш суффикс (қазақшасы жұрнақ) ағылшын тілінде зат есім тудыратын жұрнақтар.

🇰🇿Қазақ тіліндегі -шы жұрнағына ұқсайды. Біздегі жазу етістігіне -шы жұрнағын жалғау арқылы: жазу +шы= жазушы деген сөз шықты бұл енді зат есім болады.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿Ағылшын тілінде де үйрету, тәрбие беру етістігі educate болады, оған -tion жұрнағын жалғау арқылы educate +tion = education ( аудармасы білім/тәрбие болады) зат есім болып тұр.
Немесe decide (шешу ) етістігін алсақ, оған -sion жұрнағын жалғасақ, decide + sion = decision (шешім) зат есімге айналады.

🔸Ең жиі кездестіретін жұрнақтар tion мен sion. Cian алдыңғы екеуінен сирек кездеседі.

🔹Sion жұрнағы “жын” деген дыбысты береді. (Тиктокта түсіндіріп кеттім) Әдетте бұл жұрнақ дауысты дыбыстардан кейін келгенде осылай оқылады. Мысалы:

•collision
•division
•explosion
•decision
•seclusion
•revision
•confusion
•conclusion
•occasion
•vision
•invasion
•exclusion
•precision
•fusion
•persuasion
•intrusion

🔸
Ал егер Sion жұрнағы L, N, R ж/е S әріптерінен кейін келсе, “шын
деп оқылады.

•compulsion
•expulsion
•propulsion
•extension
•tension
•apprehension
•expansion
•pension
•mansion
•comprehension
•dimension
•suspension
•diversion
•immersion
•version
•conversion
•commission
•discussion
•session
•recession
•profession
•mission
•admission
•passion
•depression
•succession
•transmission
•submission
•emission
•aggression
•concession
•compassion
•percussion

🔸Tion
жұрнағы “шын” деп оқылады. (Тиктоктан көре аласыздар)

•information
•education
•position
•action
•section
•situation
•condition
•production
•population
•application
•operation
•election
•association
•station
•function
•organization
•direction
•competition
•institution
•solution
•communication
•protection
•option
•contribution
•eaction

🔹Cian
жұрнағы олда “шн” деп оқылады. Мысалы:

•electrician.
•magician.
•mathematician.
•physician.
•clinician.
•optician.
•politician.
•statistician
• musician

Назарларыңызға рақмет!❤️

Your GenZ teacher

25 Sep, 11:04


Осындай секілді тикток видеолар.

Бірден айтайын ТМД елдернің ұрпақтары басқаша себебі, олар КСРО-ның құрамында болған соң + 90 -жылдар , батыс елдерінен басқаша, ал зумерлер мен альфа ұрпақтары ұқсас себебі, әлемдік жаһандану мен интернет арқасында.

Your GenZ teacher

25 Sep, 10:45


GenZ (зумерлер) кімдер?

Біріншіден, бұл ұрпақ кішкентай кезінен компьютер, ұялы телефондар мен интернет болған. Және жас кезінен әлеуметтік желілерде отырады.

Ұрпаққа тән ортақ қасиеттердің бірі: онлайн танысу, өмірінде ол адамды көрмесе де онлайн жүру, онлайн шоппинг, бәрі-бәрі онлайн. Сондықтан бұл ұрпақты ағылшындар digital (цифрлық) natives ( аборигендер) деп атайды. Осыған да байланысты бұл ұрпақта депрессивный адамдар көп😅. Орташа есеппен бұл ұрпақ әлеуметтік желілер мен интернет алаңында 7 сағат отырады.

Екінші басқа ұрпақтарға қарағанда, өмірді жеңіл түрде қарайды және отбасы құрып, балалы болуға асықпайды. Егер статистикаға сүйенетін болсақ, teenage pregnancy (жасөспірімдер арасындағы жүктілік) алдыңғы ұрпақтарға қарағанда, 70% азайған деп айтады. ( АҚШ статистикасы).

Өте қатты слэнг, интернет сөздермен сөйлейді( типа краш, крашиха)

Бұл ұрпақтың жұмыс жасайтын адамдары, ұзақ бір орында жұмыс жасамайды. Бір жерде жұмыс жасау мерзімі 1,5 жыл, әдетте 2-3 айдан кейін көбісі жұмысты ауыстыру жайында ойланады екен😅

Звондағанға қарағанда, тек мессенджр( Ватсап, телеграм) арқылы сөйлескенді ұнатады.

Басқа ұрпақтарған қарағанда фантазияға көп шомылады. Типа анау айдолға күйеуге тиемін, бай боламын деген секілді delulu ( алдағы уақытта осы слэнгті де түсіндіремін) екен.

Тиктокта осы ұрпақты түсінуге арналған видеолар немесе әзілдер өте көп. GenZ деп қарап шықсаңыздар болады.

#genz

Your GenZ teacher

25 Sep, 10:12


Неге Your GenZ teacher?” — деп маған жиі сұрақ қойылып жатыр.

Сұрақ орынды, оның жауабын білу үшін, бізге ең алдымен сол баяғы ағылышын тілі керек.

Қазіргі таңда тикток/твиттер/ басқа да әлеуметтік желілердің хиты болған “Ұрпақтар теориясы”. Менің тикток бастаған себебімнің бірі, сіздерге ағылшын тілінде сөйлейтін адамдардың (ол 2,5млрд. адамдар) ортақ түсіне беретін әзілдерін, мәдениетін түсіндіру.

Енді қазіргі таңда, зуммерлер жайында тикток әзілдер, зуммерлердің слэнгтерін, эмоджиларын түсіндіртін видеолар ағылшын тиктогының ректерін жарады.🔥

Ал енді “зуммерлер” деген кімдер?

Осы атауды берген екі американдық әлеуметтанушылар — Уильям Штраус пен Нил Хоу-дың “Generation theory” атты кітабында жазылған. Қазақша Ұрпақтар теориясы.

Бұл екі кісі американдықтардың бір уақыт аралығында туғандар/ замандастары бар екеннін анықтап, әр ұрпақтарға атау береді. Себебі әр ұрпақтардың әлеуметтік және өскен кезіндегі елдің эконимикасы, тарихи оқиғаларына байланысты өзіндік құндылықтары,өмірге деген көз қарастары бір және ортақ характеристикалары болады. Олар туған жылдарына байланысты: Baby boomers, generation X, Generation Y, Generation Z және Generation Alpha — деп аталады.

Baby boomers (бумерлер) — 1943-1963 жж аралығында туған адамдар.

Generation X (X ұрпағы) — 1964 - 1982 жж аралығында туғандар.

Generation Y / Millennials ( Y ұрпағы немесе миллениалдар) — 1983-1996/1999 жж арылығында туғандар.

Generation Z/ GenZ/ Zoomer ( Х ұрпағы/ зуммерлер) — 2000-2010/2012 жж аралығында туғандар.

Generation Alpha/ Gen Alpha( Альфа ұрпағы) — 2012-2024 жж аралығында туғандар.

Мен, 2002 жылы туған соң, Z ұрпағымын. Ағылшындар бұл ұрпақты GenZ деп айтады, соған байланысты Your GenZ teacher аудармасы (Сенің зуммер ұстазың). Және де, сіздерге алдағы уақытта осы GenZ —лердің слэнгтерін тиктокта түсіретін боламын.

Бұндай ақпараттарды біліп жүрген дұрыс. Себебі 21 ғасырлық жеке тұлға жаһанданған, жан-жақты болуы керек🙃

P.S біздің ұрпақтар теориямыз басқа елдерден өзгешелеу болады. Себебі біздің әке-шешелеріміз совет заманының адамдары. Мысалы АҚШ та GenZ - лерге 1996-2010 жж аралығында туғандар кіреді. Ал бізді 1996-1999 жылғылар миллениалдарға кіреді.

#genz

Your GenZ teacher

18 Sep, 04:36


Сәлеметсіздер ме! Қалайсыздар? 🤗

Фильм, сериал көріп, ағылшын оқуға болады ма?”

Жауап:Болады, әрине. Егер көрген фильміңізді/ сериалыңызды отырып, талдайтын болсаңыз, әрине жаңа сөздер, фразалар болу керек.

Екінші нәрсе фильм/ сериал сіздерге өздеріңізге қызық болу керек. Субтитры қоссаңыз болады, бірақ ағылшынша болу қажет. Оқитын болсаңыз reading дағдысын көтеруге болады.

Ең күштісі ағылшын тілінде, мультиктер қараған деп ойлаймын. Кішкентай балаларға арналған. Себебі олар ана тілі — ағылшын тілі балаларға арналған. Біріншіден жәй сөйлейді, екіншіден таныс сөздерді жиі қолданады.

Егер сіздер фильмді толық көре алмасаңыздар. Ютубта осы канал бар. Фильмдердің үзіндісін алып, талқылайды. Бірақ тек ағылшынша талқылайды😔. (Алла қаласа, мүмкін фильмдерді, видеоларды да мен қазақша талқылап, тиктокқа салсам ба деп отырмын)


Назарларыңызға рақмет!🤗

Your GenZ teacher

11 Sep, 07:17


“Велосипед” жайында сөз қозғағанда, маған бір пікір қалдырып еді. “Өтірік айтады, өзінің ағылшын тілін жарнама қылу үшін”— деп. Бүгін ютубтан өте керемет видео көрдім. Және ондай емес екенін жазғым келеді. Себебі шынымен ағылшын тілін оқу арқылы көптеген өзіміздің тарих жайында білуге болады. Мысалыға, Еуропа еліне Қазақ елінен алғаш дипломат болып барған адам — Ару сұлтан екен. Және де, Ару сұлтан Англия королевасы Елизаветта I - нің goddaughter - ы болған екен. (Толығырақ ютуб видеодан көре аласыздар)

Біздің қазақ халқымыздың тарихы жайында + тағы білім.

Ғалым-зерттеуші Мухит Ардагердің қазақтар жайында зерттеуін ерінбей көріп шықсаңыздар. Видео 1 сағат болады, бірақ қалай өткенін өзім білмей қалдым.

Қандайда бір елдің, халықтың мәдениеті мен тарихы тілінде жатады. Тіл меңгеру арқылы “мәдениетін де білуге болады”

Your GenZ teacher

10 Sep, 06:20


Сәлеметсіздер ме! Қалайсыздар?

Бұл пост ағылшын тіліне қатысты емес!


Кеше Instagram әлеуметтік желісінде, автобуста болған оқиға жайында көрген едім. Зейнеткер кісі автобуста “варенье» құйылған банкасын сындырып алады. Соған байланысты 40-50 жас шамасындағы шығар, әйел кісі ұрысып, тиісіп сөйлей бастайды. Сонымен, жаңағы жас қыз(меніңше, мектеп оқитын нақтысын білмедім) ұрыспаңыз деп, өзнің толстовкасымен жаңағы вареньены сүртіп алады.
Соған тағы жаңағы үлкен әйел кісі “ақымақсың”, “киіміңді бүлдіріп күшті болған екенсің” деп тиісіп, ұрыса бастайды.

Мен ол видеоны көргеннен кейін жаңағы ұрысып отырған әйел кісіге, қатты ашуым келді. Сол ашумен 2 сағат жүрдім😅.

Сосын Алла тағала ашуланба, басқада көз-қараспен қара дегендей, бір пост оқыдым. Ойландырып жіберді шыны керек…

Мен әрқашан совет үкіметін қолдаған адамдарды ұнатпаушы едім. Қазақ халқын азаптап, қиын заманнан өткізгені үшін. Совет үкіметінің осындай “өз ойын ашық білдіре алмай, бірақ ашуының бәрін жастардан алатын үлкен кісілер”.

Бірақ бүгінгі оқыған постым, керісінше сол заманда аман қалып, қазір бізге осылай өмір бергендері үшін де, “рақметімізді” айтуымыз қажет екен деген ой туды. Себебі, олардың жастық шақтарының олай болуына ол кісілер, біздің ата-аналарымыз кінәлі емес қой. Тек аман қалудың әрекетін жасаған…

Себебі совет үкіметінің өзі тек сондай адамдарды “іріктеп” алған. Оларға қарсы шықпақ түгілі, олар жаман ойлай алмайтындай адамды әдейі іріктеген. Сол бойынша өлең жолын оқыдым, түсінікті болды.

Орыс тілінде, оқимын десеңіздер, осында жібере аламын.

Назарларыңызға рақмет!🤗❤️