1. Осы жылы Сергек Астанадан кетейін деп жатыр. Оның орнына Біріккен Араб Әмірлігінің Presight компаниясы келеді екен. Бұл өз кезегінде Абу-Даби қор нарығында акциясы саудаға түсетін компания.
Біздің AIX биржасының келісімі арқасында Presight компаниясының акциясын 2.2 AED бағасымен сатып алуға мүмкідігіміз бар (инвест рекомендация емес)
2. Өткен апта NASDAQ 100 индексінің көтерілуі арқылы есте қалды. Бір аптада 2.58% өсім көрсетті. Ең үлкен өсім бейсенбі күні болды. Сол күні Дональд Трамп тарифтерді бірден қсірмей, ары қарай зерттеу керегін айтқан.
3. Қазақстан Республикасы Қаржылық Мониторинг агенттігі телеграмда БайқаПирамида деп аталатын ботты іске қосты.
Бұл жерде күдікті ұйымды тексере аласыздар. Ақшаны бір жерге салмас бұрын "Жеті рет өлшеп, бір рет кесу" керек.
Сол өлшемнің бірі ретінде осы ботты қолдануға боады.