Neueste Beiträge von Қаржылық Еркіндік (@yerkinfinance) auf Telegram

Қаржылық Еркіндік Telegram-Beiträge

Қаржылық Еркіндік
Акция, облигация, инвестиция, қаржылық сауаттылық туралы блог
24,244 Abonnenten
137 Fotos
10 Videos
Zuletzt aktualisiert 06.03.2025 21:48

Ähnliche Kanäle

ALTYN DOP
51,800 Abonnenten
Qazaq Alliance in Korea
6,933 Abonnenten

Der neueste Inhalt, der von Қаржылық Еркіндік auf Telegram geteilt wurde.

Қаржылық Еркіндік

06 Mar, 16:04

1,164

Қаржылық әлемнің жаңалықтары:

1. Alibaba акциялары QwQ-32B моделін жариялағаннан кейін Гонконгта 7,5%-ға өсті.
Alibaba бұл модель өнімділігі жағынан жасанды интеллект стартапының жаңа флагмандық моделі – DeepSeek R1-мен бәсекелесе алатынын, сонымен қатар энергияны үнемді пайдаланып, экономикалық тұрғыдан тиімді екенін мәлімдеді.

2. Nvidia (NVDA) акциялары 2,6%-ға төмендеп, бұл чип өндіруші басқа компаниялардың да құлдырауына әкелді. Себебі жасанды интеллектке деген сұранысқа қатысты алаңдаушылық салаға қысым көрсетуді жалғастыруда.

3. Путин мен Тоқаев бірлескен сауда және энергетикалық жобаларды талқылауда.
Қаржылық Еркіндік

05 Mar, 14:43

2,662

Бүгінгі жаңалықтар:

1. Volvo (OTC:VLVLY) автокөліктері кейбір модельдерінің өндірісін АҚШ-қа ауыстыруы мүмкін,
тарифтерге байланысты. Алайда, компания биыл жылдың соңында Еуропада өндірілген EX30 жол талғамайтын моделін АҚШқа экспорттау жоспарын ұстануды көздейді.

2. Apple M4 чипінде жұмыс істейтін жаңа MacBook Air модельдерін таныстырды. Олар Apple (NASDAQ:AAPL) Intelligence мүмкіндіктерін төменірек бағамен ұсынады, өйткені компания клиенттерді құрылғыларын жаңартуға ынталандырып, сатылымды арттыруды көздейді.

3. Saudi Aramco (TADAWUL:22222) BP (NYSE:BP) Castrol бизнесіне әлеуетті өтінімді қарастырудың бастапқы кезеңінде тұр, деп хабарлайды.
Қаржылық Еркіндік

04 Mar, 13:32

3,330

Қаржы әлемінің жаңалықтары:

1. Uber Technologies Inc. (NYSE:UBER) Остинде
клиенттеріне Waymo-ның жүргізушісіз көліктерімен жүру мүмкіндігін ұсына бастайды, бұл екі компания арасындағы ресми серіктестіктің басталуын білдіреді.

2. Электрондық коммерция гиганты Amazon (NASDAQ:AMZN) OpenAI және Anthropic сияқты компаниялардың қалыптасқан өнімдерімен бәсекелесе алатын өз жасанды интеллект моделін жасап жатыр.

3. Tesla-ның Қытайда өндірілген электр көліктерінің сатылымы ақпан айында өткен жылмен салыстырғанда 49,2%-ға төмендеп, 30 688 автокөлікті құрады. Бұл 2022 жылдың тамызынан бергі ең төмен көрсеткіш, өйткені америкалық автоконцерн ақылды электр көліктерінің бағалық соғысында қытайлық бәсекелестерінің қысымына ұшырауда.
Қаржылық Еркіндік

03 Mar, 18:00

3,551

https://www.instagram.com/p/DGvs9AzyCwc/?igsh=M3dmdHZwY2kzaTg1
Қаржылық Еркіндік

03 Mar, 17:47

3,515

Бүгін студенттеріммен қоштасып,шығарып салдым. Дубайдағы демалыстары аяқталды.Бәріне ұнаған секілді)

Өзім болса , отбасыммен қауышып бір марқайып қалдым. Осында 2 ай тұрып көрмекшіміз. Әзірге вайбы ұнап жатыр) Шығындарымды инста-постқа салдым,қарап шықсаңыздар болады✊🏻
Қаржылық Еркіндік

02 Mar, 08:19

4,797

Қаржы әлемінің жаңалықтар:

1. Amazon.com (NASDAQ:AMZN) өзінің Wondery подкаст бөлімінде аздаған жұмыс орындарын қысқартты. Бұл бөлім "Dr. Death" және "Business Wars" сияқты танымал подкасттарымен белгілі.

2. Bernstein сарапшыларының айтуынша, Microsoft киберқауіпсіздік саласында көш бастап келеді. Бәсекелестері оның ауқымы мен стратегиясына ілесе алмай, артта қалып жатыр. Microsoft (NASDAQ:MSFT) киберқауіпсіздік бизнесін қауіпсіздік мәселелері күшейіп келе жатқан кәсіпорындарға қызмет көрсететін жеткізуші ретінде қалыптастырып жатыр.

3. SoftBank бас директоры Масайоси Сон жасанды интеллектке инвестиция құю үшін 16 миллиард доллар қарыз алуды жоспарлап отыр. Өткен аптада компания басшылары бұл туралы банктерге хабарлаған.
Қаржылық Еркіндік

28 Feb, 15:10

5,032

Бүгінгі нарық:
Естеріңізге сала кетейін, сенбі-жексенбі және мереке күндері биржа жұмыс жасамайды✊🏻
Қаржылық Еркіндік

27 Feb, 18:38

5,693

Қаржы әлемінің жаңалықтары:


1. Осы жылы Сергек Астанадан кетейін деп жатыр. Оның орнына Біріккен Араб Әмірлігінің Presight компаниясы келеді екен. Бұл өз кезегінде Абу-Даби қор нарығында акциясы саудаға түсетін компания.
Біздің AIX биржасының келісімі арқасында Presight компаниясының акциясын 2.2 AED бағасымен сатып алуға мүмкідігіміз бар (инвест рекомендация емес)

2. Өткен апта NASDAQ 100 индексінің көтерілуі арқылы есте қалды. Бір аптада 2.58% өсім көрсетті. Ең үлкен өсім бейсенбі күні болды. Сол күні Дональд Трамп тарифтерді бірден қсірмей, ары қарай зерттеу керегін айтқан.
Қаржылық Еркіндік

27 Feb, 15:08

5,310

Дубайдағы сабағым басталды🥳

Сабақ уақытындағы барлық кеңестерді бүгін-ақ қолдана аласыздар. Көп дүние жазып аларлықтай болады

Сабақтың сілтемесі👇🏻:
https://start.bizon365.ru/room/127609/d4975cd4a4fa
Қаржылық Еркіндік

26 Feb, 14:54

5,818

Үздік студенттерімізбен Дубайдамыз. 24 адам болып келдік. 5 күн осында ойнап-күліп,танысып,демалып қайтады.

Әдетте,осындай сапарлардан соң студенттер жақын араласып кетеді. Сондай орта қалыптасып жатқанына қуаныштымын❤️

Айтпақшы,келе салып iPhone 16-ны сатып алдым. Ертең тегін сабақта сыйлаймын,сабақтың сілтемесі:
http://yerkintd.kz/ibw