yellowzhan⚡️ (@yellowzhan17) Kanalının Son Gönderileri

yellowzhan⚡️ Telegram Gönderileri

yellowzhan⚡️
/system businesses.
/self-development.
1,101 Abone
232 Fotoğraf
4 Video
Son Güncelleme 06.03.2025 06:08

yellowzhan⚡️ tarafından Telegram'da paylaşılan en son içerikler

yellowzhan⚡️

02 Feb, 16:50

238

«Психология денег» – Морган Хаусел. Рецензия

«Ақша – математика емес, мінез-құлық мәселесі»

Морган Хауселдің «Психология денег» кітабы қаржылық шешімдеріміздің көбін есептеулер мен формулалар емес, эмоциялар мен әдеттер анықтайтынын көрсетеді. Автор инвестиция, байлық құру және қаржылық табысқа жету жолдарын түсіндіруде қарапайым, өмірден алынған оқиғаларға сүйенеді.

Кітаптың негізгі идеялары:

Ақша табу мен оны сақтау – екі түрлі қабілет
Көп адамдар көп ақша табуды үйренеді, бірақ оны сақтауға келгенде қателеседі. Бай болу үшін табыс емес, дұрыс қаржылық әдеттер маңызды.

Уақыт – ең мықты қару
Күрделі пайыздық өсім (сложный процент) – ұзақ мерзімді инвестицияның құдіретін көрсетеді. Байлық құру үшін сәттілікті күтпей, тұрақты түрде ақша жинау керек.

Рационалды емес, жеткілікті шешім қабылдау
Ақшаға қатысты мінсіз шешім іздеудің қажеті жоқ. Көбіне «жеткілікті жақсы» шешім ұзақ мерзімде тиімдірек болады.

Ырғақтылық пен қарапайымдылық
Инвестиция жасағанда үнемі нарықты жеңуге тырысқаннан гөрі, қарапайым стратегияны ұстанған тиімді.

Кітап кімге арналған?

Бұл кітапты қаржылық білімін арттырғысы келетін, бірақ күрделі формулалар мен ауыр теорияларды оқуға уақыты жоқ адамдарға ұсынамын. Тілі қарапайым, түсінікті, нақты мысалдармен толықтырылған.

Қорытынды:

«Психология денег» – байлық туралы түсінігіңді өзгертетін, ақша мен инвестицияға деген көзқарасыңды жақсартатын құнды кітап. Егер қаржылық шешімдеріңді саналы түрде жасағың келсе, бұл кітапты міндетті түрде оқуға кеңес беремін.
yellowzhan⚡️

31 Jan, 10:04

241

Планды орындап жатырмын
yellowzhan⚡️

25 Jan, 11:39

402

Осы жылдың 3 кітабын аяқтаппын🙏
yellowzhan⚡️

21 Jan, 14:31

440

ИИ жақсы болды, фотоға түсіп керек емес енді🤓
yellowzhan⚡️

18 Jan, 09:50

479

Универде сабақ беру арманым еді😍🙏
yellowzhan⚡️

15 Jan, 09:39

1,025

Жаңа подкаст!

https://youtu.be/jcj75mx0TZs?si=zQ5HgSpkaK6GiaYN


Подкаст қонағы кәсіпкер, WB-пен сауда бойынша эксперт, блогер сондай-ақ “Бай Мұсылман” жобасының авторы Айдархан Қасымбек. Айдархан мырза әдеттердің адам өміріне қалай әсер ететінін, байлыққа жету жолындағы құндылықтарды, сонымен қатар өзінің күнделікті әдеттері жайлы бөліседі.

Подкастта қозғалған негізгі тақырыптар:
• Әдеттердің өмірдегі рөлі
• Ерте тұру мен күн тәртібін қалыптастыру құпиялары
• Күнделікті садақа беру және ақша санаудың маңыздылығы
• Бай адамның құндылықтары мен сынақтары
• “Бай Мұсылман” жобасы туралы толық ақпарат

Подкастты соңына дейін қарап, сыйлық ұтып алыңыз 🎁

Қатысу шарттары:
1. Подкастқа пікір қалдырыңыз;
2. Пікіріңізді скриндап алыңыз;
3. Instagram-да бізді белгілеп, stories-ке бөлісіңіз (https://www.instagram.com/yellowzhan https://www.instagram.com/kassym.qazaq)
yellowzhan⚡️

09 Jan, 11:03

419

Оқығандар бар ма?
yellowzhan⚡️

07 Jan, 11:43

1,050

Жылға мақсат әлі жазбасаңыз кеш емес, сіздерге пайдалы видео дайындап қойдым🫂

https://youtu.be/xCHPb4BQjQI?si=lYJX_uawmbBn-5b3
yellowzhan⚡️

27 Dec, 09:29

504

Сенің байлығың – сенің қанша сөздің мағынасын түсінетініңе байланысты.

Шынымен ойлап қарасақ бәріміз өте көп сөз білеміз, бірақ мағынасын түсінбейміз.

Мысалы, «маркетинг», «воронка», «стратегия» деген сөздерді түсіну арқылы алғашқы табысымды таптым.

Одан кейін «команда», «управление», «бизнес» сөздерін түсініп алғашқы 2-3 млн табысқа шықтым.

Одан кейін «личный бренд», «контент», «психология» сөздерін түсіну арқылы табысымды ұлғайттым.

Енді үйреніп жатқан сөздерім «капитал», «инвестиция», «сложный процент». Бұл сөздер арқылы ақшаны сақтау және көбейту жайлы түсініп бастадым.

Басты инсайт - сөзді тек білу емес, оны түсіну және практикада қолдану.

Осы сөздік қордың өзі қаншалықты маңызды екеніне енді көзім жетті.

Көп кітап оқыған адам, неге бай болатынын түсіндім.
yellowzhan⚡️

16 Dec, 15:22

572

ӨЗІМЕ ЖЕКЕ АССИСТЕНТ ІЗДЕЙМІН

Проект: @yellowzhan

Талаптар:
⁃ Алматы қаласының тұрғыны
⁃ Университет оқымайтын немесе бітірген
⁃ Google Sheets, Docs, Forms базалық білімі бар
⁃ Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары
⁃ Жылдам үйренуге және жаңа міндеттерді қабылдауға дайын
⁃ Коммуникация және келіссөздер жүргізу дағдысы дамыған
⁃ Уақытты тиімді басқару қабілеті бар

Біз ұсынамыз:
⁃ 200.000-500.000 айлық
⁃ Тегін оқу
⁃ Мықты орта
⁃ Тимбилдингтер
⁃ Жоғары деңгейдегі кәсіби даму мен мансаптық өсу мүмкіндігі

Анкетаны толтырыңыз👇🏼
https://forms.gle/VqtAbmDfEgSCsGer9