xabi/xavi (@xabixavi) Kanalının Son Gönderileri

xabi/xavi Telegram Gönderileri

xabi/xavi
Мұнда бәрі футбол жайлы
2,121 Abone
2,680 Fotoğraf
305 Video
Son Güncelleme 12.03.2025 02:17

xabi/xavi tarafından Telegram'da paylaşılan en son içerikler

xabi/xavi

11 Mar, 06:10

373

🇨🇬 Футболист из Конго специально перешёл в иранский «Эстегляль», чтобы сыграть против «Аль-Насра» Роналду в Азиатской Лиге чемпионов, но перепутал клуб.

Нападающий Тьеви Бифума признался, что отклонил предложение из Турции, увидев в календаре «Эстегляля» игру против Криштиану.

Однако уже после подписания контракта понял, что перешёл не в тот «Эстегляль»: он подписал контракт с «Эстегляль Хузестан», а в ЛЧ играет «Эстегляль Тегеран».

По словам Бифума, он не знал, что есть два «Эстегляля», у которых «даже эмблемы одинаковые».
xabi/xavi

10 Mar, 18:27

449

⚽️ Былтыр әр турда 6 ойын ғана өткенін ескерсек, биыл голдар саны өте аз!

1️⃣ Турдың өзінде «Ордабасы» кеншілерге 5 гол соғып үлгерген еді.

Биылғы маусымда тек «Қайрат» қана қарсыластар қақпасына 4 гол соға алды.

Сонымен қатар, 3 доп айырмасымен жеңген команда да әлі тіркелген жоқ.
xabi/xavi

07 Mar, 09:41

702

⚽️ Goal нұсқасы бойынша Чемпиондар лигасына басты үміткерлер:

1️⃣ 🇪🇸 Барселона
2️⃣ 🇪🇸 Реал Мадрид
3️⃣ 🇮🇹 Интер
4️⃣ 🇩🇪 Бавария
5️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿Ливерпуль
6️⃣ 🇪🇸 Атлетико
7️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Арсенал
8️⃣ 🇫🇷 ПСЖ
9️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Астон Вилла
🔟 🇫🇷 Лилль

Келісесіз бе?
xabi/xavi

21 Jan, 15:46

2,200

(Б)ҰРЫН ЭКСПРЕСС

🏆 Аталанта – Штурм

“Аталанта” әлі де үздік сегіздікке кіруге үмітті. Сондықтан барын салады. Жеке тоталы 2 голдан көп, жалпы матчты -1.5 форасымен жеңуге тиіс.

Келесі матч Барселонада өтетінін ескерсек, бергамолықтар бүгін сенімді жеңеді.

🏆 Атлетико – Байер

Турдың ғажап матчы. “Атлетико” осы демалыста 15 матчқа созылған тәтті сериясын бұзып алды. Жеңілді. Ал, “Байер” әлі ешкімді бет қаратпай келеді. Сондықтан П1, П2 алатын матч емес. Ең дұрысы ОБЗ алып тыныш отырайық.

🏆 Бенфика – Барселона

Екеуінің бірі жеңеді деген болжамға сене алмайм. Анық фаворит жоқ. “Барселона” үшін тең ойын да жеткілікті. Ал, “Бенфикаға” жеңіс қажет.

Ашық ойын болады деп сенемін, сондықтан жалпы гол тоталын 2.5 көп деп алған жөн-ау.

🏆 Ливерпуль – Лилль

“Лилль” клубы 2024 жылдың қыркүйегінен бері жеңіліп көрмеген. Оның үстіне ЛЧ мәселесін толық шешіп алған “Ливерпуль” алаңға резервін шығарып, тең ойынға есеп құруы мүмкін.

Мен осы матчта “Лилль” жеңілмейді деп отырм (Х2). Күзде қатарынан Мадридтің екі алыбын жеңген (Реал, Атлетико) “Лилль” бүгін де кемі бір ұпай алуға тиіс. Тең ойын екеуінің де көңілінен шығады.

🏆 Брюгге – Ювентус

“Астон Вилла” гол сала алмаған, “Спортинг” ұпайсыз қайтқан, “Селтик” өз алаңында тісін батыра алмаған “Брюгге” де өткен жылдың қазанынан бері жеңіліп көрмепті. Бүгін де өз алаңында жеңілмеудің қамын жасайды. Өйткені, келесі матч қаһарына қайта мінген “Сити” клубына қарсы Манчестерде өтеді.

Меніңше, “Брюгге” жеңілмейді (1Х). Тіпті, тең түсіп жатса да таңғалмаймын.
xabi/xavi

21 Jan, 09:52

1,625

Защитник БАТЭ может продолжить карьеру в Казахстане

Как мне стало известно, шымкентский «Ордабасы» проявляет предметный интерес к 28-летнему ивуарийскому защитнику Шерифу Жимо.

Сторонам осталось согласовать последние детали контракта.

В минувшем сезоне футболист принял участие в 29 матчах чемпионата, в которых отличился одним забитым мячом и тремя голевыми передачами. По итогам 2024-го года был признан лучшим игроком клуба.
xabi/xavi

20 Dec, 09:02

2,372

🇰🇿 Марат Омаров – Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті

Астанада ҚФФ президентінің сайлауы өтті.

Дауыс беру қорытындысы бойынша 36 жастағы Марат Омаров ҚФФ президенті болып сайланды. Ол 34 дауыс жинады.

Марат Омаров – 34 дауыс
Алтай Даумов – 2 дауыс
Ербол Қайыров – 0 дауыс

@kommentator_maulen
xabi/xavi

19 Dec, 16:13

2,759

Смақов — бас бапкер , «Ақтөбе» маңызды шешім қабылдады, «Елім-ай» алып шабуылшы алды. ҚПЛ клубтарында маусым аяқталғалы бері не өзгерді?

Қазақстан Премьер-лигасының аяқталғанына бір айдай болып қалды.2025 жыл келе жатыр. Онымен бірге командалардың жақын арада өткізетін оқу-жаттығу жиындары келе жатыр. Сол жиындарды өткізбестен бұрын клубтар құрамын жаңартып, жыртықтарын жамап жатыр. Соның бәріне тоқталып, шолу жасап өтсек.

«Ақтөбеден» бастасақ, олар Қазақстан кубогін жеңіп берген украиндік маман Игорь Леоновпен келісімшартты созды. Кеше болса бір жарым жыл ойнап берген Дмитрий Бессмертныймен қош айтысып, ал бүгін Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Лев Скворцовпен келісімшартқа отырғанын ресми түрде хабарлады. Ол соңғы 2 жылда Ресейлік «Химки» мен «Шинник» сапында өнер көрсеткен еді.

«Елім-айға» келер болсақ, клуб басшылығы құрамды түбегейлі өзгертейін деді. Бірден Шина, Дмитрий Яшин және Рейес Уренья сынды үш бірдей мықты деген легионерлерімен қоштасты. Олармен бірге семейлік футбол түлегі Еркебұлан Нұрғалиевте кетті. Шабуыл шебін 30 жасар серб форварды Фейсал Муличпен толықтырды. Екі метрлі шабуылшы сыңғы 3 жылын Оңтүстік Кореяда өткізіп, ол жақта орташа есеппен 3-4 матч сайын гол соғып отырған. Сондай-ақ, бұл футболшы Екінші Бундеслига, Босния Премьер-Лигасы мен Бельгия чемпионатында доп тепкен еді. Стандарттарда көп көмегі тиетін және әуеден келген допты қақпаға дәл бағыттайтын ұзын бойлы шабуылшы Андрей Карповичке керек-ақ.

«Қызылжар» да өзгерістерден кенде емес. Глеб Валгушев пен Тоқтар Жаңғылышбайды команда қатарына қосып, шабуыл шебін күшейтіп жатыр. 19 жасар шабуылшы Петропавлдық команданың түлегі болғанымен, қазір «Қайратқа» тиесілі. «Қызылжар» өз түлектерін солардан жалға алып отыр. Жаңғылышбайға келсек, жасы небәрі 31-де болса да бұл оның мансабындағы 11-ші клуб. «Елім-ай», «Атырау», «Жеңіс» пен «Тұран» секілді клубтардан басқа клубтардың барлығында ойнап шықты. Осы жылы ол «Қайсар» сапында 15 ойында 1 ғана гол соққан еді. Сосын, «Қызылжарға» соңғы екі маусымда «Жеңіс» сапында ойнаған Артем Черединов оралды. Жартылай қорғаныс шебіне петропавлдықтар Арсен Буранчиевті алыпты. «Жеңістен» жақсы жаңалықтар әзірге естіп жатқан жоқпыз. Клуб Бауыржан Байтананың командадан кеткенін хабарлады. «Ақ-қызылдар» сапынан жиі көрініп жүрген жерінен «Жеңіске» барып неге орын таба алмағаны түсініксіз. Ол келген соң клуб 12 матч өткізді. Соның тек біреуінде ғана 34 минутқа алаңға шыққан еді. Сондай-ақ, Денис Гречихо мен Владислава Прокопенконы жалға алған мерзімдері аяқталды. Беларусь жартылай қорғаушысы отанына, яғни «БАТЭ-ге» қайтады, ал қазақстандық шабуылшы «Астанаға» тиесілі.

«Тұран» да әзірге командаға ешкімді ала қойған жоқ. Дегенмен, бас бапкер Ринат Алюетовпен клуб қош айтысқанын жариялады. Өзінің мансабын бұл кісі «Каспийде» жалғастыруға тиіс еді. Ақтаулық клубтың пресс-қызметі асығып қойған болуы керек, Instagram желісінде бұл туралы жарияланған постты жойып жіберіпті.

«Жетісу» де бапкерін ауыстыруды жөн көрген екен. Бас бапкер Қайрат Нұрдәулетовтің орнын Самат Смақов басатын болыпты. Бұл оның Премьер-Лига командасын алғаш баптауы. Бұдан бұрын ол «Елім-айды» Бірінші лигада баптаған. Одан кейін «Ордабасының» бапкерлік штабында жұмыс істеген болатын.

«Окжетпес» пен «Ұлытаудан» әзірге хабар жоқ.
xabi/xavi

19 Dec, 12:13

1,638

Марат Омаровтың ҚФФ президенті болуына тура 1 күн қалды!
xabi/xavi

04 Dec, 09:46

2,774

💣 Болды! Мұхаммеджан Сейсен «Ақтөбемен» келісімге келді. Here we go ⚡️

🏆➡️❤️«Астананың» қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен мансабын «Ақтөбеде» жалғастырады.

Бізге келіп жеткен ақпаратқа сай, екі жақ келісімге келді. Жақын арады 25 жастағы Мұхаммеджан ресми түрде «Ақтөбенің» ойыншысы атанады.

🧤 Сейсеннің «Ақтөбені» таңдауының себебі – команда
Мұхаммеджанды негізі қақпашы ретінде көруі және Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионның атмосферасы.

🔴⚪️ «Ақтөбенің» №1 қақпашысы бола ма? 👇🏻
xabi/xavi

03 Dec, 08:14

1,999

Эшли Янг баласына қарсы ойнайды

“Эвертон” Англия кубогында “Питерборо” клубына қарсылас атанды. Ал сол командада Эшлидің ұлы 18 жасар Тайлер ойнайды. Міне, қызық!