Биыл 6 Зияткерлік мектеп шетелдік білім беру ұйымдары тарапынан жоғары бағаланды.
Ақпанда Астана Халықаралық мектебі алғаш рет Council of International Schools (CIS) аккредитациясын алды.
Ал Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS, Астанадағы NIS IB, Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларындағы Зияткерлік мектептер CIS аккредитациясынан қайта өтті.
CIS сарапшылары оқушылар мен мұғалімдердің жаһандық азаматтыққа деген адалдығын жоғары бағалап, мектеп миссиясының, педагогтердің табысты және жүйелі кәсіби дамуының, сондай-ақ оқу процесі мен тәрбие жұмысының халықаралық стандарттарға сай екенін атап өтті.
Сондай-ақ елордадағы NIS IB жоғары (DP) және негізгі (MYP) мектептер бағдарламалары бойынша Халықаралық Бакалавриат мектебі мәртебесін растады.
Бұл маңызды оқиғалар Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жоғары стандарттарды ұстанып, әлемдік білім беру қауымдастығында бәсекеге қабілетті екенін дәлелдейді.