realnar 🔎 @realnartg Channel on Telegram

realnar 🔎

@realnartg


🔞 Мұнда цензурасыз шок контент!

Баршаңызды қош көрдік! 🖐️

📨 Ұсыныстар, жарнама бойынша 👇 https://t.me/realnarrr

📌Youtube: https://youtube.com/@realnar
📌Tik-tok: tiktok.com/@realnar

realnar 🔎 (English)

Are you a fan of mysteries and puzzles? Do you enjoy unraveling clues and solving riddles? If so, then you need to check out 'realnar 🔎' on Telegram! This channel is dedicated to all things related to mystery solving and detective work. From crypto puzzles to hidden messages, you'll find a wide variety of challenges to put your sleuthing skills to the test. Who is behind 'realnar 🔎'? That's part of the mystery! The channel is managed by a group of dedicated puzzle enthusiasts who love to create engaging and thought-provoking challenges for their followers. What is 'realnar 🔎'? It's a virtual escape room, a treasure hunt, and a brain teaser all rolled into one. Join the community of fellow detectives and work together to crack the latest case. Get ready to sharpen your mind, sharpen your wit, and sharpen your detective skills. Are you up for the challenge? Join 'realnar 🔎' on Telegram today and start your journey into the world of mystery and intrigue.

realnar 🔎

09 Jan, 19:14


АҚТАУДАҒЫ БЕСПРЕДЕЛ

🔞 4 еркек алып қашып, зорлап, ұрып-соғып, күштеп мефедрондрон берген Алина Жолжанның інісі қайғылы жағдайдың мән-жайын айтып берді.

Одан бөлек Оңтүстік Кореядағы жерлесіміз осы трагедияға қатысты үндеу жасады.

АТАЛМЫШ ВИДЕОЛАРДЫ ЮТУБ САЛҒЫЗБАЙ ҚОЙДЫ

realnar 🔎

07 Jan, 12:36


🥀 Қанды Қаңтар қасіретінен бері 3 жыл өтті.
Қаңтарда қаза тапқан азаматтардың отбасында кәмелетке толмаған 150-дей бала жетім қалды. Жап-жас келіншектер жесір қалды.
18 бен 25 аралығындағы 46 өрімдей жас оққа ұшқан.
Аты-жөні белгілі 188 адамның 85-і 25-тен 40 жасқа дейінгі адамдар.
Қаңтар құрбандарының жатқан жері жайлы болсын.

Дина Имамбай ✍🏻

realnar 🔎

06 Jan, 05:27


🥀 Оқ іздері — Қанды Қаңтар Қырғынына айғақ.

Төлеген Сейдұллаұлы ✍🏻

realnar 🔎

05 Jan, 19:18


🥀 ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚАРТ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

🔎 Гиннестің рекордтар кітабының нұсқасы бойынша әлемдегі ең қарт адам атағының иегері жапониялық Томико Итооканың 29 желтоқсанда 116 жасында қайтыс болғаны жарияланды.

2024 жылдың қыркүйегінде Мария Браньяс Морера қайтыс болғаннан кейін Гиннестің рекордтар кітабы деп жарияланған жапониялық Томико Итоока желтоқсан айында 116 жасында қайтыс болды.
Жапонияның Kyodo ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Томико Итооканың Жапонияның батысындағы Асия қаласында «қартайғаннан қайтыс болғаны» хабарланған.

Хего қаласы үкіметінің бұл туралы мәлімдемесінде 1908 жылы 23 мамырда Осакада дүниеге келген және үш ағалы-інілі мен апалы-сіңлісінің ең үлкені болған Итооканың өзі тұратын қарттар үйінде қайтыс болғаны айтылған.

😱 — 116 жас!

realnar 🔎

28 Dec, 06:52


🇰🇿 БИЫЛ ЕҢ КӨП ҚОЙЫЛҒАН ЕСІМДЕР

🔎 Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылы ұлдарға Мұхаммед, қыздарға Айлин есімі жиі қойылған. Ал былтыр Алихан мен Медина ең танымал есімдер болған.

🗓️ 2024 жылы ең көп қойылған есімдер:

🧑🏻 Ұлдар:

1. Мұхаммед
2. Айсұлтан
3. Алихан
4. Мухаммад
5. Омар
6. Алдияр
7. Амир
8. Алан
9. Али
10. Хамза

👧🏻 Қыздар:

1. Айлин
2. Медина
3. Асылым
4. Айша
5. Томирис
6. Аяла
7. Айым
8. Раяна
9. Сафия
10. Мариям

realnar 🔎

25 Dec, 21:08


Ұшақ апатынан қаза тапқан Қазақстан азаматтарының тізімі жарияланды

▪️Төлесінов Сәндібек Екібайұлы – 16.11.1988 жыл, туған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны.

Артында жұбайы және 4 баласы қалды.

▪️Жұмағұлов Бауыржан Жұмабайұлы – 30.09.1985 жыл, туған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны.

Артында жұбайы және 6 баласы қалды.

▪️Махсудова Галина Растамбековна – 12.01.1978 жыл, туған жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының тұрғыны.

▪️Шаймерденова Гаухар Жұмағатқызы – 17.07.1975 жыл, туған жері: Алматы қаласы, Астана қаласының тұрғыны.

▪️Жұмағат Эльдар (Гаухар Шаймерденованың ұлы) – 23.08.2013 жыл, туған жері: Астана қаласының тұрғыны.

▪️Джутаева Салима Аманжолқызы – 21.02.1995 жыл, туған жері: Қостанай облысы, Қарағанды қаласының тұрғыны.

Иманды болсын…

https://qaz.ulysmedia.kz/news/24194-ushak-apatynan-kaza-tapkan-kazakstan-azamattarynyn-tizimi-zhariialandy/

☑️Ұлысқа жазылыңыз

realnar 🔎

25 Dec, 17:39


Ұшақ ішінен видео.

realnar 🔎

25 Dec, 13:20


Ақтау маңында жолаушылар ұшағы құлады. Ақпарат бойынша ұшақ Бакудан Грозныйға қарай бет алған.

Қазіргі таңда апат орнында құтқарушылар, өрт сөндірушілер жұмыс істеуде.

Соңғы ақпараттар бойынша бортта 62 жолушы және 5 экипаж мүшесі болған. Аман қалғандар саны 28.

Жолаушылардың 6-сы Қазақстан азаматтары, 37-сі Әзірбайжан азаматтары, 3-уі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматтары болған.

realnar 🔎

20 Dec, 13:45


ШАҚЫРТУҒА БАРҒАН ФЕЛЬДШЕР ҚЫЗ ОҢБАЙ ТАЯҚ ЖЕДІ

📸 Фотода 24 жасар Әнел Баймурзина. Қостанайда жедел жәрдем фельдшері.

17 желтоқсанда түнде ентігу мен жүрекке байланысты шақырту түскен. Шақыртуға келіп, 30 минут бойы әйелге жасаған реанимациялық шарадан нәтиже болмай, әйел қайтыс болды.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, марқұмның қыздары фельдшерге тап беріп, тепкілеп, шашынан тартып, ұрған.

Көршісі мен әріптестері төбелесті әрең ажыратқан. Қазір Әнел ауруханада, оның миы шайқалып, самайында гематома пайда болып, бетінде түрлі жарақат бар.

Келесі жылы фельдшерлер видеожетондар тағатын болады. Полиция тергеуді бастап, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

😱 — дендері сау ма?
👎 — фельдшерде нелері бар?!

realnar 🔎

16 Dec, 11:19


🇰🇿 Тәуелсіздік күні құтты болсын ағайын!
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды 🥀


📹 STEPPE

realnar 🔎

16 Dec, 09:53


🇰🇿 СОНШАЛЫҚТЫ ТЕКТІ АДАМ БОЛҒАН ЕКЕН ҒОЙ

Лиза Бөкейханова: «Әкемді ұстауға сауылдап кіріп келген тергеушілерді көргенде саспастан: «Лиза, шай қой. Қонақтар келді. Мәдениетті кісілер дәстүр аттамайды», – деді.
Олар үндей алмай қалды. Сол паузаны пайдаланып: «Кешіріңіздер, телефон шалуға бола ма?» деді. Олар рұқсат берді. Көршісі, аса белгілі кеңес ғалымы трубканы алғанда: «Вася!
Мен ұзақ командировкаға кетіп барамын. Лизаны саған тапсырдым. Аманат» деді де маған қарап: «Лиза! Сен анда-мұнда жүгірме. Одан ештеңе шықпайды. Бұл «барса – келместің» командировкасы» деді сабырмен.
Тергеушілер мұның бәрін үнсіз тыңдап тұрды, үндеуге бата алмады. Мен соған таңғалдым» деп Кеңес тұсында Алаш тарихынан жабық тақырыпта докторлық диссертация қорғаған тарихшы Жақсалиевке айтып берген осы оқиға толық дәлел.

realnar 🔎

16 Dec, 06:43


Құтты болсын ағайын! 🇰🇿

realnar 🔎

15 Dec, 19:01


🇰🇿 ТӘУЕЛСІЗДІК МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН АҒАЙЫН!

📹 ZTB

realnar 🔎

14 Dec, 05:55


РОЗА КОУЧ ТАЛҒАРДАҒЫ ЖАҒДАЙҒА ҚАТЫСТЫ ӨЗ ПІКІРІМЕН БӨЛІСТІ

realnar 🔎

05 Dec, 09:52


2025 ЖЫЛЫ ЗЕЙНЕТ ЖАСЫ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРЕДІ?

• Ер азаматтар зейнетке 63 жаста шығады.
• Әйелдер - 61 жаста.

Әйелдердің зейнет жасы 2027 жылдың соңына дейін 61 жас болып қалады. Ал 2028 жылдан бастап зейнетақы реформасы аясында зейнет жасы келесідей болып өзгереді:

• 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа дейін,
• 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа дейін,
• 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа дейін.

2031 жылдан бастап әйелдер үшін бірыңғай зейнет жасы – 63 жас болып белгіленеді.

Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы ✍️

realnar 🔎

05 Dec, 06:50


🇰🇿 Алматы облысында Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш - бюст ашылды.

👍 - әп бәрекелді!

realnar 🔎

24 Nov, 05:32


🥺 АҒАСЫН ӘСКЕРГЕ ШЫҒАРЫП САЛҒАН КІШКЕНТАЙ ҚЫЗ

Әскерге кетіп бара жатқандарды көрсем көңілім толқиды. Айналайындар, аман-есен келсеңдер екен деп.

Мына кішкентай ғана балапанның ағасын қимай жылап жүргенін қарашы. Ағаң аман-есен, он екі мүшесі сау оралсын.

Оңғар Қабден ✍️

👍 — аман-есен оралуына тілектеспіз!
😢 — жүрек елжіреп кетті...

realnar 🔎

23 Nov, 18:27


📸 Кемінде 150 жыл бұрынғы бір Қазақ отбасы.
Ақ қара сурет жаңартылған.
Міне ата әжелеріміз таза қазақы болған, таза қазақы киінген.

realnar 🔎

18 Nov, 06:27


🇺🇸 Калифорнияның жағалауынан «Ақыр заман» балығы табылды!

realnar 🔎

15 Nov, 04:01


🌇 ТАҢЕРТЕҢ НЕШЕДЕ ОЯНАСЫЗ?

Инфобизнес саласындағы группаластарым ерте тұрып, серуендеуді насихаттайды. Жаңа идеялар, біраз сұрақтың шешімі сол кезде келеді дейді. Кәсіпкерлер вайбы сондай.

Ал мына тізімге қарасақ, дамыған елдердің халқы ертерек тұратын сияқты. Ал дамушы елдер кештеу ояна ма, әлде климаттан, күннің ыстығынан солай ма?

Жалпы, ерте тұрсаң, біраз нәрсеге үлгеретінімді байқадым. Жақында Apple басшысы Тим Кук Wall Street Journal-ға берген сұхбатында күнде таңғы 5-ке дейін оянатынын айтыпты (қалайша күні бойы басы ауырмайды).

Бірнеше рет 7-ден өте бассейнге барғанымда бір адамдар жаттығып, шығып бара жатқанын байқағам. Ондайлардың ерік-жігері мықты енді.

Nurmukhamed Baigarayev ✍️

Ал сіз таң ертең нешеде оянасыз? 👇

realnar 🔎

14 Nov, 18:38


🇰🇿 Қазақстанда тоғыз айда халықтың жалпы өсімі 189,3 мың адам болды

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі демографиялық жағдай туралы мәліметті жариялады.

Биыл 9 айда Қазақстанда 278,7 мың бала дүниеге келген.
Бала туудың ең жоғары деңгейі Түркістан мен Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында байқалды.

👍 — әп бәрекелді!

realnar 🔎

11 Nov, 07:15


🇰🇿 ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ MMA БОЙЫНША ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ!

Қазақстандық Мөлдір Әшірбекова қыздар арасында IMMAF MMA чемпионы атанды.

Сондай-ақ Мөлдір Әшірбекова Қазақстан тарихындағы ММА бойынша еліміздің шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды.

Аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясының ұйымдастыруымен (IMMAF) Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатыр. Мөлдір Әшірбекова 74,8 келі салмақта өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. 

Ширек финалда жерлесіміз анголалық Эсперанса Чилалды 17:5 есебімен жеңіп, жартылай финалда тағы бір анголалық Джорджина Людмиладан басым түсті (11:1).

Ал финалдық айқаста мексикалық Мелисса Диас Мединамен кездесіп, қарсыласын тас-талқан етіп ұтты, есеп – 13:1.

Ulysmedia ✍️

👍 — құттықтаймыз!
🔥 — әп бәрекелді!

realnar 🔎

11 Nov, 04:07


Күнімізді позитивтен бастайық 😄

realnar 🔎

09 Nov, 13:11


Амстердамда 20-30 шақты бір топ израильдік футбол жанкүйерлері вокзалдың ішінде: "Исраиль жеңеді, олар арабтардың артын ..." деген мағынада намысқа тиер ауыр балағат сөздерді хормен айтып, ұрандап видео таратқан. Сол түні Амстердамдағы жергілікті Мароккалық араб жігіттері әлгі жанкүйерлерді бір-бірлеп іздеп тауып, көшенің ортасында тепкілеп, оларға "Палестинаға азаттық берілсін!" деген сөзді айтқызған. Мына бір видеода сондай жаман сөз айтып ұрандаған исраильдік жанкүйердің бірін өзенге лақтырып жіберген бейнесі көрсетілген. Енді амалдың жоқтығынан "Палестинаға азаттық" деп отыр судың ішінде. Суретте тепкінің астына алып жатқан видеодан көріністер берілген.

Негізінде Израильдік жанкүйерлер "арабтарды бүйтеміз..." деп ұрандап провокация жасаған өздері болса да, шетелдік бақ өкілдері мұсылман жастары бірінші шабуылдады деп көрсетіп жазып жатыр. Ал олардың арабтарға қарасты балағат сөздерді хормен айтып, ұрандап мазақ қылып жатқан видеолары таралған болатын әлеуметтік желілерде .

Абдусамат Қасым ✍️

realnar 🔎

09 Nov, 10:07


🇯🇵 ЖАҚСЫЛЫҚТЫ ҰМЫТПАЙТЫН ЖАПОНДЫҚТАР

Видеоны аяғына дейін көреміз!

realnar 🔎

09 Nov, 06:03


СОҢҒЫ 3 ЖЫЛДА 270 САРБАЗ ҚАЗА ТАПТЫ

Кеше Шығыс Қазақстан облысында тағы шекара қызметіндегі 2005 жылы туған қатардағы жауынгер өз-өзін бір емес екі рет атып өлді дейді.

Сарбаздың басынан екі оқ жарақаты табылғанымен, өлім себебі ретінде «механикалық асфиксия» көрсетілген. Тергеу басталды.

Соңғы 3 жылда қазақ әскерінде 270 сарбаз қаза тапқан.

Қорғаныс министрін неге отставкаға жібермейді, оның тіреуі кім түсініксіз.

😱 — бейбіт күнде сарбаздарымыз қаза болып жатыр...
🤬 — бәрін түгел тексеріп, орындарын алып тастау керек! Жетер!

realnar 🔎

07 Nov, 06:26


ЖАМАН КЕЛІНШЕКТІҢ ҚОЛЫНДА ПЫШАҒЫ БАР...

"Жаман келіншектің екі пышағы болады екен: біреуі қолында,
біреуі – тілінде.
Қолындағысымен нанын турайды, тіліндегісімен жаныңды турайды.

Ал, жақсы келіншектің үш белгісі бар:
жүзінде күлкі бар,
қолында қонақ келгенде, нан жаятын оқтауы бар,
күйеуіне ашуы келгенде, тілінде тоқтауы бар".

Дінмұхаммед Қонаев ✍️

realnar 🔎

05 Nov, 19:21


🎨 Амандос Ақанаевтың “Қарғайын десем жалғызым, қарғамайын десем жалмауызым” туындысы…

Түсінгендер түсінді...

realnar 🔎

04 Nov, 18:46


😮 МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІМІЗДІ ҚОҚЫСҚА ТАСТАҒАН!

Соңғы кезде қазақтың тілін, қазақтың мемлекеттік рәміздерін құрметтемейтіндер көбейіп кетті,.. енді мына жағдайға қандай жаза қолданар екен үкімет?

🔎 Бүгін Талғар ауданы Еркін ауылында мемлекеттік рәміздер полигонға лақтырылған.

💬 «Жауапты орган тергеу жүргізіп, кінәлілерді табуы тиіс. Бұл оқиғаға бей - жай қарауға болмайды»,—дейді бұл сұмдыққа ашуланған ауыл тұрғындары.

🚨 «Мемлекеттік рәміздерді қорлау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Талғар аудандық полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән - жайын анықтау үшін қажетті жедел іс - шаралар ұйымдастырды. Кінәлі адамдарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады»,—дейді полиция департаменті.

Адырна ✍️

😱 — масқара!
🤬 — мынаны істеген адамдарды жазалаңдар!

realnar 🔎

04 Nov, 09:49


Хасан Қасымбаевтың ұсталғаны расталды: оған қандай айып тағылып отыр

▪️ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ХАБАРЛАМАСЫ

Алматы облысы полиция департаменті Қасымбаев 2 қараша күні ұсталғанын мәлім етті.

💬 ”2024 жылғы 2 қарашада Азамат Қ. 2021 жылы маусымда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, азамат А-ны ұрлау күдігімен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың мән-жайын жан-жақты, толық, объективті түрде қамтамасыз ету үшін кешенді тергеу амалдары жүріп жатыр. Іс материалдары сотқа бұлтартпау шарасы үшін жолданды. Тергеу облыстық полиция департаменті басшысының бақылауында” делінген ПД хабарламасында.

Ulysmedia ✍️

realnar 🔎

03 Nov, 06:40


🇲🇪 Черногорияда өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында бір күнде үш Отандасымыз чемпион атанды!

Алға Қазақстан! 🔥 👍

realnar 🔎

02 Nov, 10:41


😦 ЖАПОНИЯ ҚАРА НӘСІЛДІЛЕРДІ МАЙМЫЛҒА ТЕҢЕДІ!

🇯🇵 Жапонияның метро станцияларында қара нәсілділерге арналған арнайы плакаттар мен белгілер пайда болды:
қоғамдық орында мәдениетті сақтап, тәртіпті сақтаңыздар деген.

Бәріне кінәлі елдің мазасын алып, құтырып билейтін қара нәсілді тик-токерлер.

👍 — дұрыс істеген! Тәртіп бәріне ортақ.
🤬 — соттап жіберу керек бәрін!
🤡 — билесе не болыпты?

realnar 🔎

02 Nov, 06:30


Қазыңды қума деген осы ма? 😀

realnar 🔎

01 Nov, 09:07


🇨🇳 ҚЫТАЙ ҚҰРАМАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ 🇰🇿

Есімі - Дина. Дина Санатбек. Жаттығу залында бірден көзіме түсті. Қасына жақындап, “қазақсыз ба?” дедім. “Иә” деді. Аз-маз сөйлесіп үлгердік. Артынша рингке шығып кетті. Ширек финалда қарсыласын уақытанан бұрын ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Динаға ары қарай да сәттілік тілейміз!

Аслан Қаженов ✍️

👍 — сәттілік!

realnar 🔎

01 Nov, 06:02


🦑 КАЛЬМАР ОЙЫНЫ - 2

Желіге «Кальмар ойыны» хикаясының 2 сезонының үлкен трейлері шықты: бізді жаңа және ескі кейіпкерлер, жаңа сынақтар күтуде!

26 желтоқсаннан бастап...

👍 — күтеміз!
👎 — қызық емес
🔥 — керемет!

realnar 🔎

29 Oct, 07:23


🥇🇰🇿 ЕРКІН КҮРЕСТЕН РИЗАБЕК АЙТМҰХАН 23 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ 👏

🤼‍♂ Күрес түрлерінен Албанияда өткен Әлем чемпионатында биыл 97 келіге дейін салмаққа ауысып, бақ сынаған Ризабек Айтмұхан қарсылас шыдадпады.

🤼‍♂ Жас бөрі финалда Иран палуаны Махди Морафахты 11:6 есебімен жеңіп, бұл аламанда тұңғыш Әлем Чемпионы атанды.

👍 — Ризабекке ризамыз!

realnar 🔎

28 Oct, 15:00


ШЕРЗАТ БОЛАТТЫҢ ІСІ. ӘЗІРГЕ НЕ МӘЛІМ?

🔎 Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Сәденов депутаттарға берген жауабында Талғарда өлтірілген Шерзат Болаттың ісі бойынша қылмыстық кодекстің нақты қандай баптары бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

▪️МИНИСТРДІҢ ЖАУАБЫ

Ержан Сәденовтың хабарлауынша, Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық кодекстің: 

• 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру)
• 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық)
• 115-бабы (қорқыту)
• 432-бабы (қылмысты жасырып қалу) 
• 434-бабымен (қылмыс туралы хабарламау) қылмыстық істер тіркеліп, тергеліп жатыр.


Тергеу барысын министрдің өзі жеке бақылауына алған. Оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлеріде жұмыс істеп жатыр. Қазіргі танда қасақана кісі өлтіруге қатысты күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам соттың санкциясымен қамауға алынған.

Ulysmedia ✍️

realnar 🔎

28 Oct, 09:40


😱 БІР ӨЛІМНЕН АМАН ҚАЛҒАН КУРЬЕР

🇺🇿 Ташкент қаласында велосипедпен музыка тыңдап бара жатқан курьер, жүріп келе жатқан пойыздың астында қала жаздады.
Қуанышқа орай курьер аман қалды.

😱 — сәл қалды-ау...
🤬 — адам деген сәл айналасына қарау керек қой!

realnar 🔎

28 Oct, 06:15


🏦 ҚАЗАҚСТАН БАНК СЕКТОРЫ

🔎 Еліміздегі 21 банктің 10-ы шетелдік (бақылаушы пакет) меншікте. Ал тағы 10-ы отандық (жеке меншікте) болса, тек бір банк мемлекет басқарып отыр. Қазақстан банктері нарыққа шоғырланған деп айтуға болады. Ал, Өзбекстанда банк секторын басым бөлігі "мемлекет қолында" деп айтсақ қателеспейміз.

Nursultan Yerbolatuly ✍️

realnar 🔎

27 Oct, 20:14


😱 ӘЙЕЛДЕРГЕ БАСҚА ӘЙЕЛДЕРМЕН СӨЙЛЕСУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ!

🇦🇫 Ауғаныстанда әйелдерге басқа әйелдермен сөйлесуге тыйым салындыBILD баспасөзі.

🔎 Енді әйелдің дауысы қоғамдық орындарда естілсе күнә болып саналады. Одан бөлек әйелдер толық жабық күйде сыртқа шығу тиіс.
Оған қоса әйелдер өз үйінде ән айтса, сөйлессе, дауысы сыртқа естілмеуі қажет.
Бұның бәрін мохтасабиндер қадағалайды — арнайы полиция қызметкерлері.

🗞️ BILD баспасөзінің хабарлауынша, талибтер 2021 жылы билікке келгесін,
әйелдерге білім алуға, ер адамсыз саяхаттауға, еркектермен сөйлесуге тыйым салынған болатын.
Оған қоса саябақтарға баруға, бассейнде шомылуға, спортпен шұғылдануға болмайды.
Сән салондары мен әйелдер үйлері жабылып, әйелдерге зорлық көрсетуге қарсы заңды жойып тастады.

😱 — масқара!
🤡 — әп бәрекелді!
👍 — Қазақстанда өмір сүріп жатқаныма шүкір!

👎 — қате ғой мынау!

realnar 🔎

26 Oct, 11:07


😡 Kick желісінде стрим жүргізетін жігіт кембағал әйелді кездесуге шақырып, кешкі ас ішіп, шотты алып келгенде қашып кеткен...

🤬 — таза мал екен!
🤡 — ақшасы болмаған шығар...

realnar 🔎

26 Oct, 06:52


😱 ҚАСІРЕТ ШАҚЫРАТЫН БАЛЫҚ

🇦🇺 Австралияда өте сирек кездесетін балықты аулап алды:

аттың басына ұқсайтын бұл балықтың ұзындығы 3 метр, оны «Trachipterus ishikawae» немесе майшабақ патшасы деп атайды.

13 жыл бұрын Жапония жағалауында 20 шақты осындай балық табылған, артынан қатты жер сілкінісі болған.
Сол себептен майшабақ патшасын қайғы-қасірет шақыратын балық деп атайды.

🔎 Тек бір қызығы, Австралияда мұндай балықтар өмір сүрмейді, сүргеннің өзінде
километрлі тереңдіктерде жүзеді.

😱суға тастап жіберіңдер, бәлесінен аулақ!
👍 — мынадан ет асуға болады ғой!

realnar 🔎

25 Oct, 06:15


📹 Дронмен қуалап ұстаған екен.

Kris_p_Talgar ✍️

Кино болып жатыр ғой кәдімгідей 😀

realnar 🔎

25 Oct, 04:55


ҰСТАЛДЫ

realnar 🔎

24 Oct, 14:37


🐕‍🦺 Хеопстың пирамидасына мініп, түскен ит естеріңде ме?

Енді ол достарын ертіп келді 😱

realnar 🔎

24 Oct, 05:52


🤬 КУРЬЕРДІҢ ЖАН АЙҚАЙЫ 🔞

🔎 Желіде "Дубайский" шоколадына қатты алаңдаған клиенттің сөзіне қатты ашуланған курьердің видеосы тарап жатыр:

💬 «Бір мынау Дубайский шоколад үшін ауызы басыма сиді. Жеп қойма, әкеліп бер, мен сені картадан көріп отырамын, әкелмесең сотқа беремін. Сондай әңгіме айта ма, не деген масқара бұл?!» ,- деп курьер мұңымен бөлісті.

🤡 — бір шоколад үшін сонша әңгіме айтты ғой
👍 — клиенттікі дұрыс!

realnar 🔎

23 Oct, 22:49


🔎 ҚЫЗ ЗОРЛАҒАН ҚАШҚЫНДЫ БҮКІЛ АУЫЛ ІЗДЕП ЖАТЫР!

📍Тереңқара және Төңкеріс ауылдарынан шыққан 200 тұрғын полициямен бірлесіп қамаудан қашып кеткен күдіктіні іздеп жатқанына 2 тәулік болды.
Жаяу, атпен және көлікпен бүкіл даланы, тастанды ғимараттарды мен мазараттарды кезіп, қашқынды іздестіріп жатыр.
 
Күдікті Талғар ауданы, Тереңқара ауылының тұрғыны.

📹 Kris_p_Talgar

👍 — бүкіл халық жұмылғаны дұрыс болды!
😱 — таза кино болды ғой мынау

realnar 🔎

23 Oct, 14:22


🎉 ЮТУБ АРНАМДА КӨРЕРМЕН САНЫ 50 МЫҢ БОЛДЫ!!!

Қолдауларыңызға мың алғыс!
Бұл сіздердің арқаларыңызда ағайын ✊🏻

realnar 🔎

22 Oct, 16:24


МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРДЕН НАЗАРДЫ АУДАРУ ҮШІН «ХУТОР»-ды ПАЙДАЛАНДЫ!

🔎 Kris_p_Talgar инстаграм қауымдастығының админы осындай коментариймен бөлісті:

💬 «...өйткені билік АЭС референдумынан кейін «Хутор»-ды негативті аударатын нүкте ретінде, қоғамның назарын аудару үшін пайдаланды.
Иә, Хуторда бұзақылар бар, бірақ БАҚ пен блогерлер айтып жатқандай емес.
Сол үшін оларды (бұзақыларды) қорғаштады. Бұл қылмыстық емес, саяси мәселе.
Митинг жасап, үйіді өртеп, жағдайды әдейі ушықтырды деген үлкен күмәнім бар.
Ақпараттық шу дегендей.
Қызды зорлаған күдікті қашып кетті дегенге де күмән бар.»


Пікірлеріңіз ✍️👇

👍 — дұрыс айтады
👎 — жоқ, келіспеймін

realnar 🔎

22 Oct, 12:40


Армысыз ағайын!
Соңғы кезде Алматыда өрт көбейіп кетті...сәйкестік пе әлде кездейсоқтық? 🤔