Qsport Qazaqstan @qsportqazaqstan Channel on Telegram

Qsport Qazaqstan

@qsportqazaqstan


Q Sport – Қазақстан Премьер лигасы мен Еурокубок ойындарын көрсететін телеарна!

IG https://www.instagram.com/qsportqazaqstan/

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз. Сілтемелер төменде ⬇️

Qsport Qazaqstan (Kazakh)

Qsport Qazaqstan каналы - бұл өзінде қазақстан халқының спорттық хәберлері, дайындары, жаңалықтары және спорт шаралары туралы ақпараттарды білдіреді. Бұл көмекші есептер мен тапсырмалар арқылы сізге спорт жаңалықтарын басқа жерден табуға көмек көрсетеді. 'Qsport Qazaqstan' каналы арқылы, сіз дайындарлар, келесі туралы ескертілген тұрақтар, жаңа жобалар және көптеген басқа ақпараттарды таба аласыз. Бұл канал арқылы спорттық дүниеде басқа деңгейге жету және жаңа қапсуларды танымалы болуға мүмкіндік беріледі. Мұнда 'Qsport Qazaqstan' каналы арқылы оқып, көру және білім пен білімге шұғыл алу мүмкіндіктеріне ие боласыз.

Qsport Qazaqstan

19 Feb, 18:45


Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарындағы голсыз ойындар 😳

Бүгін оқу-жаттығу жиындары аясында біздің командалар төрт матч өткізді. Барлық кездесулерді біріктіретін қызық жайт – қазақстандық командалар қарсылас қақпасына бірде-бір гол соға алмады.

Айта кетейік, бұл матчтардың шолулары жақын арада біздің YouTube-арнамызда жарияланады 📺

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

19 Feb, 18:30


Азия Кубогы U-20 ойын күнінің қорытындысы 🏆

«C» тобындағы көшбасшылар матчында Өзбекстан құрамасы Иран ұлттық құрамасына жол берді. Ал «B» тобында Сауд Арабиясы топтың аутсайдері – КХДР құрамасын жеңіп, Иракнан озып көш бастады.

📺 Айта кетейік, Өзбекстан – Иран кездесуін QArena арнасы тікелей эфирде көрсеткен болатын.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

19 Feb, 17:20


🇪🇺 «Окжетпестің» бас бапкері Андрей Ферапонтов «Реал» мен «Ман Сити» арасындағы ойын туралы пікірін білдірді

Бүгін QSport-те Чемпиондар Лигасын тамашалаңыз! QArena-да сағат 01:00-де ПСЖ – «Брест» ойыны басталады 📺

Ал Андрей Ферапонтовтың толық сұхбатын – жақын арада QSport YouTube арнасынан көре аласыздар 🔜

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

19 Feb, 14:35


🎙 Вадим Ульянов біздің дәстүрлі блиц-сауалнамызда

«Қайрат» клубының бұрынғы ойыншысы Қазақстандағы футбол туралы, ең үздік футбол стадионы және басқа да тақырыптар бойынша пікірімен бөлісті.

Толық сұхбатты – жақын арада біздің YouTube арнамыздан көре аласыздар 📺

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

19 Feb, 12:35


Жаңа ҚПЛ маусымының басталуына кері санақ басталды! 🔥

Өткен маусымда ҚПЛ-дің үздік сұрмергендері – Сигневич, Паоло және Чесноков 10 голдан соқты 😎

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

19 Feb, 10:04


🎙 Андрей Карповичпен блиц

«Елімайдың» бас бапкері Қазақстандағы футбол жайлы сұрақтарымызға жауап берді

Толық сұхбатты – жақын арада біздің YouTube арнамыздан көре аласыздар 📺

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

19 Feb, 08:38


🇪🇺 Бүгін Чемпиондар Лигасы 1/8 финалының соңғы төрт қатысушысы анықталады

Жанкүйерлердің ерекше назарын «Реал Мадрид» пен «Манчестер Сити» арасындағы кездесу аударатыны сөзсіз.

Ал біз сіздерге «ПСЖ» мен «Брест» ойынын тікелей эфирде көрсетеміз. Ойынды 00:45-те QLeague арнасынан жіберіп алмаңыздар! 📺

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

19 Feb, 07:45


Оқу-жаттығу жиынындағы ойындар кестесі 🤔

Бүгін Түркияда біздің командалар төрт бақылау матчын өткізеді. Барлық ойындар QFootball.kz сайтында көрсетіледі. Жіберіп алмаңыздар! ☝️

upd «Атырау» – «РФШ» матчының басталу уақыты өзгерді, ойын жарты сағатқа кешіктіріліп, 17:30-да басталады.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

19 Feb, 06:45


⚡️Өзбекстан құрамасының матчы QArena арнасында!

Бүгін U-20 Азия Кубогында төрт матч ойналады. Топтық кезеңнің соңғы ойындарын B және C тобының командалары өткізеді.

📺 Біз Өзбекстан мен Иран құрамаларының кездесуін QArena арнасында көрсетеміз! Матчтың басталуы – 16:30

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

19 Feb, 06:25


🇪🇺 Чемпиондар лигасының ойын күні қорытындылары

«Милан» мен «Аталанта» Чемпиондар лигасымен қош айтысты, ал «Бавария» қосылған уақытта есепті теңестіріп, келесі кезеңге жолдама алды. «Бенфика» мен «Монако» жанкүйерлерге нағыз гол фестивалін сыйлады.

Милан - Фейенорд
📺 Youtube

Аталанта - Брюгге
📺 Youtube

Бавария - Селтик
📺 Youtube

Бенфика - Монако
📺 Youtube

Айта кетейін, Чемпиондар лигасындағы барлық матчтардың шолуын біздің YouTube-арнамыздан көре аласыздар

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

18 Feb, 16:27


Идрис Умаев – Қазақстан кубогының финалы туралы 🏆

22 ақпанда «Ақтөбе» мен «Қайрат» кезекті рет айқасқа түседі.

Толық сұхбат – QSport YouTube арнасында 📹

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

18 Feb, 14:47


⚡️Азия чемпионаты U-20. Бүгінгі күннің қорытындылары

A тобының көшбасшылары өзара кездесуде топ жеңімпазын анықтады, ол – Аустралия құрамасы. Топтың екінші матчында Катар құрамасы Қырғызстанды ірі есеппен жеңді.

Айта кетейік, екі ойынды да QArena және QLeague арналарынан тікелей эфирде тамашалауға мүмкіндік болды 📺

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

18 Feb, 14:09


⚡️Чесноковпен сұхбат — QSport-та

Премьер-лиганың өткен маусымдағы үздік ойыншысымен спорттық жолының басталуын, жетістіктері мен болашақ мансабы туралы әңгімелестік. 💫

Сұхбаттың толық нұсқасын сайтымыздан оқи аласыз

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

18 Feb, 11:25


Апта бойғы трансляциялар кестесі 🤔

Бағдарлама өте бай: Еурокубоктар, мини-футбол және үстел теннисін көрсетеміз 🏓

Кестеде өзгерістер болуы мүмкін. Өзекті ақпаратты QFootball.kz сайтынан қарап отырыңыз!

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

18 Feb, 09:05


🏆 Жуырда — Қазақстан Суперкубогы

Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» матчқа дайындығы туралы айтты.

Толық сұхбат — сілтемеде 🔗

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

18 Feb, 08:55


🇪🇺 Чемпиондар лигасындағы шешуші матчтар – жауапты ойындар уақыты келді

Бүгін плей-офф кезеңіне қосымша матчтар арқылы шыққан алғашқы төрт команда анықталады.

📺 «Аталанта» – «Брюгге» ойынын тікелей эфирде көрсетеміз. Басталуы 00:45-те QLeague арнасында, жіберіп алмаңыз!

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

18 Feb, 06:45


⚡️Азия кубогы U-20 турнирінде бүгін топтық кезеңнің соңғы туры басталады

Барлық матчтар бір уақытта өтеді.

Плей-оффқа мерзімінен бұрын шыққан «А» тобының көшбасшылары - Қытай мен Аустралия өзара кездесуде топтағы бірінші орынды анықтамақ. Ал Қырғызстан Қатарға қарсы ойында турнирдегі алғашқы ұпайларын алуға тырысады 🤔

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

17 Feb, 18:10


💬 «Ұлттық құрама сапына шақырылу әр ойыншыға үлкен қуаныш»

Қысқы оқу-жаттығу жиынына шақырылған шабуылшы Оралхан Өміртаев Ұлттық құрама сапында әрқашан өнер көрсетуге дайын екенін білдірді.

Толық сұхбатты QSport YouTube арнасынан көре аласыздар 🟥

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

11 Feb, 18:45


⚽️ «Зенит» — РПЛ Қысқы кубогының жеңімпазы

РПЛ чемпионы маусымаралық турнирде де өз деңгейін дәлелдеді. Команда қатысқан үш матчтың бәрінде жеңіске жетті. Топтық кезеңде ЦСКА мен «Ростовты» ұтса, финалда «Спартактан» басым түсті.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

11 Feb, 16:45


⚡️Қазақстан vs. Ресей: Түркиядағы жолдастық матчтардың қорытындысы

Қазақстандық және ресейлік клубтар арасындағы кездесулер тартысты өтіп, ресми ойындардың атмосферасына жақын болды.

Маусым алдындағы мұндай матчтар – өзіңді сынап, мықты қарсыласқа қарсы ойнап, кем-кетігіңді түзетуге таптырмас мүмкіндік.

📺 Жақын арада осы матчтардың шолу видеолары біздің YouTube-арнамызда жарық көреді!

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

11 Feb, 16:05


Абдукодир Хусанов – сиқыршы ма, әлде жай ғана сәйкестік пе? 🤔

Оның голдарында қызық бір заңдылық бар. Толығырақ – жаңа видеода!

#QNews

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

11 Feb, 12:35


Бұл ойыншының дубліне 30 мың жанкүйер қол соқты!  👏

«Тобыл» жұлдызы Ислам Чесноковтың оңай болмаған мансап жолы жайлы жаңа видеода баяндадық.

#QGreat

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

11 Feb, 11:28


⚡️ «Ұлытау» ойыншысы Дамият Сламбеков QSport-тың дәстүрлі блиц-сұхбатында

Қазақстандағы ең дарынды ойыншы кім? Ең үздік стадион қайсы? Ал қай клубты Дамият өз отбасы санайды? Жауап – біздің бейнероликте.

«Ұлытау» – «Шинник» матчын 18:00-де QFootbal.kz мобильді қосымшасынан және Кинопоиск сервисінен тамашалаңыз! 📺

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

11 Feb, 10:23


Қысқы РПЛ кубогының финалы! 🔝

Турнирдің басты ойыны: «Спартак» vs «Зенит»!
Трофей кімге бұйырады – «Спартакқа» ма, әлде «Зенитке» ме? Жауабын жақын арада білеміз!

📺 Ойынды тікелей эфирде Qleague арнасынан 21:30-де тамашалаңыз!

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

11 Feb, 09:12


🔥 Қазақстан – Ресей: Түркиядағы оқу-жаттығу жиынындағы текетірес

Бүгін «Ұлытау», «Қайрат» және «Елімай» бақылау матчтарына шығады. Қызығы, барлық қарсыластары – Ресейден келген клубтар.

Барлық ойындарды тікелей эфирде тамашалай аласыздар!

Кестеде өзгерістер болуы мүмкін. Өзекті ақпаратты QFootball.kz сайтынан қарап жүріңіз ☝️

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

11 Feb, 07:25


🇪🇺 Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі бүгін басталады

Бізді төрт іріктеу матчы күтуде, олардың бірі – «Спортинг» пен «Боруссия Д» арасындағы кездесу. Бұл ойынды Qleague арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыз, өткізіп алмаңыз!😉

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

10 Feb, 18:45


⚡️Файзуллаев пен ЦСКА РПЛ Қысқы кубогының қоласынан қағылды

Джон Кордобаның дублі «Краснодарға» мәскеулік армияшыларды жеңуге көмектесті. Осы нәтижемен «Краснодар» РПЛ Қысқы кубогында үшінші орынға жайғасты.

📺 Айта кетейік, бұл матчты QLeague арнасынан тікелей эфирде көре алдыңыздар!

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

10 Feb, 17:16


Жаттығу жиындарындағы кезекті күн командаларымыздың ірі жеңістерімен аяқталды 👏

«Астана» мен «Тобыл» қарсыластарының қақпасына төрт голдан соқты, ал «Оқжетпес» голмен қуанта алмады.

📺 Жақын арада осы матчтардың шолу видеолары біздің YouTube-арнамызда жарық көреді!

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

10 Feb, 16:17


🎙«Жігіт жарады, жылдам, соққысы да мықты – әлі талай белесті бағындырады»

«Қызыл-Жар» ойыншысы, «Қайраттың» бұрынғы футболшысы Андрей Ульшин Дастан Сәтбаев жайлы өз пікірін бөлісті.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

10 Feb, 15:39


📺 Апта бойғы трансляциялар кестесі

Көрермендерге Еурокубок ойындары, РПЛ Қысқы кубогындағы шешуші матчтар, оқу-жаттығу жиындарындағы бақылау матчтары және 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия кубогы қызық болмақ.

Кестеде өзгерістер болуы мүмкін. Өзекті ақпаратты QFootball.kz сайтынан қарап отырыңыз!

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

10 Feb, 14:53


⚔️ Әлемнің ең үздік қорғаушысы кім? Марко Вукчевичтің таңдауы

«Тобылдың» жаңа ойыншысы дәстүрлі блиц-сұрақтарға жауап беріп, өз кумирін атады 😎

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

10 Feb, 14:15


🥳 «Ростов» РПЛ Қысқы кубогында алғашқы жеңісіне қол жеткізді!

Ойынның тағдыры бірінші таймда-ақ шешілді. «Ростов» алғашқы бөлікті 3:0 есебімен өз пайдасына аяқтады, ал екінші тайм жай ғана формалдылыққа айналды. Бұл жеңіс команданы жалпы есепте 5-орынға көтерсе, «Динамо» соңғы орында қалды.

Айта кетейік, бұл матчты QLeague арнасынан тікелей эфирде көре алдыңыздар! 😉

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

10 Feb, 10:47


Дастан Сәтпаев ресми түрде «Челси» ойыншысы атанды 🔝

Алматының «Қайраты» мен Лондонның «Челсиі» 16 жастағы шабуылшының трансфері бойынша келісімге келді.

Дастан 2026 жылдың жазында, 18 жасқа толған соң, ресми түрде ағылшын клубына қосылады. Осы уақытқа дейін ол «Қайрат» сапында өнерін жалғастырады.

Бұл туралы «Қайрат» футбол клубы өз әлеуметтік желілерінде хабарлады 🤝

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

10 Feb, 07:17


Бүгін үш қазақстандық клуб бақылау матчтарын өткізеді 🔝

«Астана» Біріккен Араб Әмірліктерінің командасы «Голф Юнайтедпен» кездессе, «Оқжетпес» Ресейдің бірінші лигасындағы «Тюменьмен» ойнайды. Ал «Тобыл» Өзбекстанның «Соғдианасына» қарсы алаңға шығады.

Кестеде өзгерістер болуы мүмкін. Өзекті ақпаратты QFootball.kz сайтынан қарап жүріңіз

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

10 Feb, 06:45


РПЛ қысқы кубогында плей-офф кезеңі басталды 🔥

Бүгін үшінші мен бесінші орындар үшін өтетін екі матч өтеді.

📺 Ойындардың тікелей көрсетілімін Qleague арнасынан тамашалай аласыз

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

10 Feb, 04:37


«Қызылжар» мен «Ақтөбенің» Түркияда өткізген бақылау матчтарына бейнешолу

🟥 «Қызылжар» – «Ахмат»

🟥 «Ақтөбе» – «Колос»

#preseason

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

03 Feb, 17:35


«Оқжетпес» бақылау матчында Молдованың «Зимбру» клубын жеңді 👏

Көкшетаулық команда алғашқы таймда-ақ айтарлықтай басымдыққа қол жеткізіп, үзіліске 2:0 есебімен шықты. Екінші таймда Молдова чемпионатының қола жүлдегері бір гол соғып, есеп айырмасын қысқартты.

Нәтижесінде, «Оқжетпес» 2:1 есебімен жеңіске жетіп, оқу-жаттығу жиынындағы қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін дәл осындай есеппен Ресейдің «Ленинградец» клубын жеңген болатын.

📺 Айта кетейік, бүгінгі ойынды Qfootball арнасынан тікелей эфирде тамашалауға мүмкіндік болды

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

03 Feb, 12:28


📺 Осы аптадағы трансляциялар кестесі

Алдағы күндері қазақ командаларының оқу-жаттығу жиындарындағы матчтары мен РПЛ Қысқы кубогының ойындары көрсетіледі.

Кестеде өзгерістер болуы мүмкін. Өзекті ақпаратты QFootball.kz сайтынан қарап жүріңіз 🔴

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

03 Feb, 10:35


💬 «Хартс» туралы айтсақ, иә, бұл шындық, бірақ әзірге клубтар келісімге келген жоқ», — Ислам Чесноков Qsport арнасына эксклюзивті сұхбатында клубтан кету мүмкіндігі жайлы пікір білдірді.

«Көптеген қауесет тарады. Кейбірі шындыққа жанасса, кейбірі мүлде негізсіз болды. «Хартс» туралы айтсам, иә, бұл рас, бірақ әзірге клубтар келіссөзді аяқтаған жоқ. Ал басқа ақпараттарға қатысты пікір білдіру қиын. Әр түрлі нұсқа қарастырылып жатыр, бірақ қазір мен – «Тобылдың» ойыншысымын».

Толық сұхбат — жақында QSport YouTube-арнасында 📹

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

03 Feb, 07:07


Алекса Амановичтің «Спартак» қақпасына соққан голы

«Астана» бақылау матчында 1:4 есебімен жеңіліп қалды

📺 Матчқа шолу сілтеме бойынша

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

03 Feb, 04:36


💬 «Станислав Черчесов үшін тәртіп – ең басты нәрсе», — Ислам Чесноков Qsport арнасына эксклюзивті сұхбатында Қазақстан құрамасындағы Станислав Черчесовпен жұмысы жайлы пікір білдірді

«Қазақстан кез келген командамен ұпай алуға қауқарлы, өткен Ұлттар лигасы соның дәлелі. Станислав Черчесов үшін тәртіп бірінші орында тұрды. Ол бізді талаптарға сай болуға үйретті. Оны ескі мектептің бапкері деп айтуға болады. Маған қалай қарады? Бірде мақтады, бірде мақтамады, солай айтайын. Бірақ ара-қатынасымыз реттелді, сол үшін алғысым шексіз. Жалпы, онымен жұмыс істегеніме қуаныштымын».

Толық сұхбат — жақында QSport YouTube-арнасында 📹

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

02 Feb, 16:35


📹 Қазақстандық командалардың маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарындағы матчтарына шолу

Біз сіздерді командаларымыздың жиындарынан тікелей трансляциялармен қуанта бермекпіз!

Кеше кезекті ойындарын «Ұлытау», «Атырау» және «Қайрат» өткізді.

Осы матчтардың шолуларын мына жерден көре аласыздар 📹

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

02 Feb, 15:38


Даңқты футболшы Ривалдо Өзбекстанда ойнағанын білесіз бе? 🤔

2008-2010 жылдары ол «Бунедкорда» доп тепкен. Алайда қаржылық қиындыққа тап болды 💵

#QStory айдарында айтып береміз.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

02 Feb, 14:25


⚡️«Астана» бақылау матчында «Спартактан» 4:1 есебімен жеңілді

Қызығы, бес голдың төртеуі стандарттан соғылды. Әсіресе, Хесус Медина орындаған айып добынан соғылған гол ерекше әдемі шықты – доп тура тоғыздыққа дәл барды.

Айта кетейін, бұл кездесуді QFootball арнасынан тікелей эфирде тамашалай алдыңыздар 🤝

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

02 Feb, 13:19


😱 Стадионға жасырын кіріп, командамен бірге суретке түсті!

Бұл Карл Пауэрдің өмірінен алынған шынайы оқиға. Британдық азамат «Манчестер Юнайтедтің» 12-ойыншысы болуға қалай қол жеткізді? 📷

#QStory айдарында айтып береміз.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

02 Feb, 08:10


«Астана» мен «Спартак» арасындағы ТОП бақылау матчы 🔝

Қазақстан және Ресей футболының екі алпауыты – «Астана» мен «Спартак» бүгін бақылау матчында кездеседі.

Соңғы он жылда бұл командалар үш рет ойнады. Екі жағдайда мәскеулік клуб (5:0, 4:0) жеңіске жетсе, бір матчта «Астана» (3:2) басым түсті.

📺 Бұл ойынды тікелей эфирде көрсетеміз. QFootball арнасын 17:30-да қосыңыз!

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

01 Feb, 18:08


Ағылшын футболындағы ең сәтсіз трансферді білесіз бе?

2008 жылы Англияда рекорд сомаға жасалған трансфер сәтсіз болып шықты.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

01 Feb, 16:42


«Сантос» қатарына Неймарды қосты 🇧🇷

Неймар туған клубына он бір жарым жылдан кейін қайта оралды. Ол «Сантостан» 2013 жылдың жазында «Барселонаға» ауысқан болатын.

Сол жылы футбол мен әлем осындай еді:

Футбол ⚽️
1️⃣ «Бавария» үштік жеңіске жетті (Чемпиондар лигасы, Бундеслига, Германия кубогы), ал маусым соңында команданы Гвардиола қабылдады.
2️⃣ Алекс Фергюсон «Манчестер Юнайтедпен» қоштасты, 27 жылдық мансабын Англия чемпиондығымен аяқтады.
3️⃣ Криштиану Роналду «Алтын допты» жеңіп алды, ол Лионель Месси мен Франк Рибериді басып озды.
4️⃣ 2013 жылғы Конфедерациялар кубогы Бразилияда өтті, финалда алаң иелері Испанияны 3:0 есебімен жеңді, ал Неймар турнирдің үздік ойыншысы атанды.
5️⃣ Гарет Бэйл тарихтағы ең қымбат футболшы болды, ол «Тоттенхэмнен» «Реал Мадридке» 100 миллион еуроға ауысты.

Технология мен интернет 📱
6️⃣ BlackBerry мен Nokia дәуірінің соңы – бұған дейін ең мықты телефондар болған, бірақ 2010-жылдары Apple мен Samsung оларды нарықтан ығыстыра бастады.
7️⃣ PlayStation 4 пен Xbox One сатылымға шықты, жаңа буын ойын консолдерінің дәуірі басталды.
8️⃣ Vine платформасы өте танымал болды, қысқа 6 секундтық видеолар трендке айналды (TikTok әлі жоқ еді).

Поп-мәдениет пен оқиғалар 🎶
9️⃣ Әлемдік хиттер қатарында Леди Гага, Рианна, Дрейк және PSY-дың «Gangnam Style» әні (2012) болды.
1️⃣0️⃣«Тақтар ойыны» сериалының 3-ші маусымы жарық көрді, оның ішінде әйгілі «Қызыл той» эпизоды көрермендерді таңғалдырды.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

01 Feb, 16:16


🇹🇷 Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарында қазақстандық клубтар бақылау матчтарын өткізді

⚽️ Қазақстандық клубтар Түркиядағы дайындық барысында кезекті бақылау матчтарын өткізді. Өкінішке қарай, бүгінгі кездесулерде жеңіс тіркелген жоқ.

🔹 «Ұлытау» – «Ленинградец»🟰 0:0
🔹 «Атырау» – «Нефтчи» 0:2
🔹 «Қайрат» – «Иберия 1999» 0:1

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

01 Feb, 15:51


Футзалдан Қазақстан құрамасы күтпеген жерден жеңіліс тапты

2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы сырт алаңда Даниядан 2:3 есебімен жеңілді.

Осылайша, іріктеу кезеңіндегі алғашқы жеңілісіне ұшырады. Қазір біздің жігіттердің қанжығасында 4 ұпай.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

01 Feb, 13:25


👏 Финалдық үшінші аймаққа 9 пас

Бұл көрсеткіш бойынша Таңат Нұрғалиев «АГМК»-ке қарсы бақылау матчында ең үздік ойыншы атанды.

Келесі ойында «Ордабасы» молдовалық «Милсами» клубымен кездеседі. Матч 7 ақпанда өтеді 📆

#preseason

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

01 Feb, 11:20


💪 «Дастан Сәтбаев – «Қайраттың» «Борацқа» қарсы ойында дриблинг бойынша ең үздік ойыншысы

Кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Бүгін «Қайрат» келесі бақылау матчында «Ибериямен» кездеседі. Ойын QFootball арнасында 19:00-де басталады.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

01 Feb, 08:09


🇸🇦 Сауд Арабияның ең көп ақша құртқан ТОП-10 трансфері

1. Неймар 🇫🇷 ➡️ 🇸🇦 90 млн евро
2. Дюран 🇬🇧 ➡️ 🇸🇦 77 млн
3. Отавио 🇵🇹 ➡️ 🇸🇦 60 млн
4. Мусса Диаби 🇬🇧 ➡️ 🇸🇦 60 млн
5. Малком 🇷🇺 ➡️ 🇸🇦 60 млн
6. Рубен Невеш 🇬🇧 ➡️ 🇸🇦 55 млн
7. Митрович 🇬🇧 ➡️ 🇸🇦 52,5 млн
8. Фабиньо 🇬🇧➡️ 🇸🇦 46,7 млн
9. Тоуни 🇬🇧➡️🇸🇦42 млн
10. Милинкович-Савич 🇮🇹 ➡️ 🇸🇦 40 млн

🤯 – сұмдық па?

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

01 Feb, 04:38


📌 Әдеттегідей үстел теннисі мен бақылау матчтары

Бүгін көрсететініміз:

QARENA:
🔹 10:00 Үстел теннисі. Қазақстан чемпионаты

🔹 18:00 «Атырау» - «Нефтчи» (Өзбекстан). Бақылау ойыны

QFOOTBALL:
🔸 13:00 «Ұлытау» - «Ленинградец» (Ресей). Бақылау ойыны

🔸 19:00 «Қайрат» - «Иберия» 1999 (Грузия). Бақылау ойыны

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

01 Feb, 04:31


🇪🇸 Зайнутдинов Ла Лигада мансабын жалғастыруы мүмкін

Қазақстан құрамасының және «Бешікташ» клубының жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов «Реал Вальядолид» сапына ауысуы мүмкін.

🎙️ Бұл туралы түрік журналисі Сердар Сарыдағ хабарлады. «Реал Вальядолид» Зайнутдиновты жалға алуды ұсынды, алайда стамбұлдық клуб басшылығы тек міндетті сатып алу шартымен ғана келісуге дайын.

🇰🇿 Биылғы маусымда қазақстандық футболшы «Бешікташ» сапында 12 матч өткізіп, 1 нәтижелі паспен көзге түсті.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

31 Jan, 17:07


🎙 Рафаэль Уразбахтинмен блиц!

Қазақстандағы ең талантты футболшы кім? Ең керемет стадион қай қалада?

«Қайраттың» бас бапкері өз ойымен бөлісті! 🗣

#preseason

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

28 Jan, 15:01


Джанлуиджи Буффон – 47 жаста! 🍰

Аты аңызға айналған итальяндық қақпашы Джанлуиджи Буффон футбол әлемінің шынайы символы болып қала береді. Оның ғаламат мансабы жетістіктерге толы:

Буффон Германияда өткен әлем чемпионатында жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанған. Сол турнирде ол ойыннан тек 2 ғана гол жіберді.

А Сериясында Буффон ең ұзақ уақыт бойы гол жібермеген рекордқа ие – 974 минут.

Футбол тарихы мен статистикасының халықаралық федерациясы (IFFHS) Буффонды әлемнің үздік қақпашысы деп бес рет таныған.

2006 жылы «Кальчополи» жанжалынан кейін «Ювентус» Серия В-ға түсіп қалғанда, Буффон клубта қалды. Бұл оның клубтың нағыз аңызы екенін дәлелдеді.

Ғажайып мансабына қарамастан, Буффон Чемпиондар лигасының үш финалында ойнап, бірақ бұл турнирді ешқашан жеңе алмады.

Сіз Буффонды футбол тарихындағы ең ұлы қақпашы деп санайсыз ба? Егер олай болмаса, сіз үшін нөмір бірінші кім

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

28 Jan, 08:42


Ең әдемі дебют жасаған 5 футболшы

Нағыз мықты ойыншылар жаңа клубқа ауысқаннан кейін-ақ өздерін дәлелдейді. Кейбірі алғашқы матчтарында-ақ ерекше шеберліктерін көрсеткен.

Назарларыңызға футболшылардың ең керемет 5 дебютін ұсынамыз.

5. Марко ван Бастен – «Аякс»
Марко 17 жасында «Аякс» сапында алғаш рет алаңға шығып, аңызға айналған Йохан Кройфтың орнына шықты. Ол бірден гол соғып, командасы 5:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл тарихи сәтте екі голландиялық аңыздың бірге ойнағаны ерекше есте қалды.

4. Серхио Агуэро – «Манчестер Сити»
Клубқа 38 миллионға ауысқан Агуэро алғашқы ойынында-ақ 2 гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Тарихта ол «Сити» клубының ең үздік сұрмергені ретінде қалды.

3. Эрлинг Холланд – «Боруссия Дортмунд»
Холланд алғашқы матчта 30 минут ойнап, 3 гол соқты. 1:3 есебімен ұтылып жатқан команда 5:3 есебімен жеңіске жетті. Дортмунд сапында Эрлинг әр 90 минут сайын гол соғып отырды.

2. Маркус Рэшфорд – «Манчестер Юнайтед»
18 жасында Рэшфорд Лига Еуропасының матчында дубль жасап, кейін АПЛ-дегі дебютінде де «Арсеналға» қарсы екі гол соқты. Бұл керемет бастама оны танымал етті.

1. Уэйн Руни – «Манчестер Юнайтед»
18 жасар Руни Чемпиондар лигасында «Фенербахчеге» қарсы ойында хет-трик жасады. Кейін ол «Манчестер Юнайтедтің» тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

27 Jan, 14:32


«Тобыл» мен «Қайсар» Түркияда бақылау матчын өткізді

«Тобыл» командасы оқу-жаттығу жиыны аясында «Черноморецпен» кездесу өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті.

Ал «Қайсар» Словакияның «Земплин» командасымен кездесіп, 0:1 есебімен ұтылып қалды.

Матчтарға бейнешолуды біздің YouTube-арнамыздан көре аласыздар.

Ойындар QFootball арнасында тікелей эфирде көрсетілді 📺

#preseason

🟥 ТОБЫЛ - ЧЕРНОМОРЕЦ

🟥 ҚАЙСАР - ЗЕМПЛИН

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

27 Jan, 12:45


Станислав Черчесовтың қанша өтемақы алатыны белгілі болды

Ресейлік инсайдер Иван Карповтың мәліметінше, Қазақстан футбол федерациясы Станислав Черчесовпен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін 500 мың еуро өтемақы алады.

Айта кетейік, Станислав Черчесов 2024 жылдың маусым айында тағайындалып, Қазақстан құрамасын 7 ай 24 күн жаттықтырды.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

27 Jan, 09:04


👀 Апталық матчтар кестесі

Бағдарлама өте бай: Еурокубоктар, медиафутбол және үстел теннисін 🏓 көрсетеміз.

Қазіргі уақытта «Тобыл» мен «Қайсардың» бақылау матчтарының трансляциясы өтіп жатыр.

Кестеде өзгерістер болуы мүмкін. Жаңартылған ақпаратты QFootball.kz сайтынан бақылаңыз

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

27 Jan, 08:42


Ресми: Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті

Бұл туралы ҚФФ ресми хабарлады. Еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды.

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинады.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

27 Jan, 07:19


Роналду карьерасында 920-шы голын соқты 🚀

Сауд Арабиясының Про-лигасының 17-турындағы матчта «Әл-Наср» «Әл-Фатехті» жеңді. Есеп — 3:1.

Роналду командасының үшінші голын 87-минутта, Садио Маненің пасынан кейін соқты. Қосымша уақытта португалдық тағы бір гол соғып, қатарынан екінші ойында дубль жасауға жақын болды, бірақ ВАР-дың араласуынан кейін гол есептелмей қалды.

Бұл Криштианудың карьерасындағы 920-шы голы, енді мақсатына жету үшін 80 гол қалды.

Роналду 1000 голға жете ме?

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

27 Jan, 04:59


🔥 «Елімай» мен «Шкендия» командалары арасындағы матчқа бейнешолуды ұсынамыз

Бақылау ойынында семейлік клуб Македонияның «Шкендиясын» ірі есеппен жеңді.

Кездесу QFootball арнасында көрсетілді 📺

#preseason

🟥 КӨРУ ҮШІН

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

27 Jan, 04:44


😱 «Ақтөбенің» «Пахтакорға» қарсы матчына бейнешолуды дайындап қойдық

Матчта 0:1 есебі тіркеліп, өзбекстандық команда жеңіске жетті.

Кездесу QFootball.kz сайтында және QFootball қосымшасында көрсетілді 📺

#preseason

🟥 КӨРУ ҮШІН

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

27 Jan, 04:29


Түркиядағы клубтарының дайындығы жалғасуда 🇹🇷

Бүгін «Тобыл» мен «Қайсар» бақылау матчтарын өткізеді. Ойындарды біздің QFootball арнасы мен қосымшасынан көре аласыздар.

QFOOTBALL:


13:00. Футбол. «Тобыл» - «Черноморец» (Ресей). Бақылау ойыны
13:00. Футбол. «Қайсар» - «Земплин» (Словакия). Бақылау ойыны

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

22 Jan, 11:41


Бақылау матчтары бүгін өтпейді

«Елімай», «Ақтөбе» және «Қайсар» командаларының матчтары Белектегі ауа райы жағдайларына байланысты тоқтатылды.

Матчтардың мүмкін болатын жаңа күндері мен уақыты туралы ақпарат кейінірек беріледі.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

22 Jan, 10:33


🇰🇿 ҚПЛ клубтарының оқу-жаттығу жиындарындағы матчтарының кестесі:

QLeague

19:00 «Елімай» — «Гиляни» (Гнилане)

QFootball
19:00 «Қайсар» — «Будучност» (Подгорица)

QArena
19:30 «Ақтөбе» — «Вардар»

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

22 Jan, 09:45


⚡️ Сречко Катанец Өзбекстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Словениялық маман денсаулығына байланысты өз қызметінен бас тартты.

Катанец өз мәлімдемесінде қазіргі жағдайында өз міндеттерін толық атқара алмайтынын өкінішпен атап өтті.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

22 Jan, 06:30


Чемпиондар және Еуропа лигасының түндегі ойындарына бейнешолу👇

Бенфика — Барселона
🎞 YouTube

Галатасарай — Динамо Киев
🎞 YouTube

Аталанта — Штурм
🎞 YouTube

Монако — Астон Вилла
🎞 YouTube

Брюгге — Ювентус
🎞 YouTube

Ливерпуль — Лилль
🎞 YouTube

Атлетико — Байер
🎞 YouTube

Болонья — Боруссия Дортмунд
🎞 YouTube

Црвена Звезда — ПСВ
🎞 YouTube

Слован Братислава — Штутгарт
🎞 YouTube

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

22 Jan, 06:23


⚽️ 21 қаңтар күнгі матчтардың нәтижелері

«Аталанта» «Штурмды» 5:0 есебімен ойсырата жеңді.

«Лилль» турнир кестесінің көшбасшысы «Ливерпульден» мықтырақ бола алмады (1:2).

Ал «Брюгге» мен «Ювентус» арасындағы матчта командалар көптен күткен жеңіссіз қайтты (0:0).


🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

22 Jan, 05:04


☀️Қайырлы таң!

Бүгін бізді кезекті еурокубоктық түн күтіп тұр 🔝

QLEAGUE
22:30. «Шахтер» – «Брест». Чемпиондар лигасы. 7 тур
00:45. «Арсенал» – «Динамо Загреб». Чемпиондар лигасы. 7 тур

QARENA
00:45. «Фейеноорд» – «Бавария». Чемпиондар лигасы. 7 тур

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

21 Jan, 18:33


🏴🇫🇷 «Ливерпуль» — Чемпиондар лигасының көшбасшысы, ал «Лилль» — ЛЧ-Тегі ең жақсы француз клубы

Бүгін кім күшті болады? Біз QLeague-де 00:45-те білеміз 🔜

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

21 Jan, 17:52


Маркус Рэшфорд «Барселонаға» ауысуға жақын 😳

«Барселона» «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Маркус Рэшфордпен маусымның соңына дейін жалға алу туралы келісімге келді. Diario Sport ақпараты бойынша, тараптар келісімшарттың шарттарын мақұлдады, оған сәйкес «Барселона» ойыншының жалақысының 9 миллион евро бөлігін төлейді.

Бірақ бір мәселе бар: «Барсаға» қаржылық фэйр-плей талаптарына сай болу үшін жалақы қорының орнын босату керек. Сондықтан клуб бұл трансферді ресми ету үшін бір ойыншысын сатуға мәжбүр болады.

Қалай ойлайсыз, Рэшфорд «Барселонаның» осы маусымдағы ойынын өзгерте алатын нағыз «джокері» бола ала ма? Әлде бұл трансфер сәтсіздікке ұшырай ма? 🤔

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

21 Jan, 17:07


А Сериясының көшбасшыларының бірі сәтсіз серияны тоқтата ала ма

2025 жыл «Аталанта» үшін онша сәтті басталған жоқ: екі тең ойын, екі жеңіліс – бұл амбициясы жоғары команда үшін ойдағыдай нәтиже емес.

Бүгін Гасперинидің шәкірттері үшін теріс серияны бұзуға мүмкіндік бар. Чемпиондар лигасында олар австриялық «Штурмға» қарсы ойнайды.

Қалай ойлайсыз, команда жиналып, өзінің ең жақсы футболын көрсете ала ма? 🤔

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

21 Jan, 16:35


📺 Матч трансляциясы QSport арнасында

Жаңалықтарды бақылаңыз 😉

Qsport Qazaqstan

21 Jan, 15:35


😄 Қазақстан футболшыларына не көмектесетінін білдік

Қазір Қазақстан Премьер-лигасының командалары 2025 маусымына дайындық ретінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр (олардың мәзірі дәл осы видеодағыдай деп үміттенеміз).

Ал біз олардың бақылау матчтарын көрсетеміз, жіберіп алмаңыздар! 📺

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

21 Jan, 10:05


⚡️«Жеңіс» матчтары – QSport-та!

Қазіргі уақытта елордалық футбол клубы Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, жаңа маусымға дайындық үстінде.

Бақылау матчтарының трансляцияларын біздің медиахолдингтің арналарынан тамашалауды ұмытпаңыздар. Хабардар болыңыз! 👏

#preseason

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

21 Jan, 08:15


🇪🇺 21 қаңтарға арналған трансляциялар кестесі

Топтық кезеңнің көшбасшысы «Ливерпуль» қайсар «Лилльді» қабылдайды. Олар жеңіс сериясын 7 матчқа жеткізуді көздеп отыр.

«Аталанта» мен «Ювентус» турнир кестесінің орта тұсында жайғасқан. Бүгінгі ойындар сәтті аяқталса, олар көптен күткен сегіздікке көтерілуі мүмкін. Бұл 100% беріліп ойнауға тамаша мотивация емес пе?

Сүйікті командаларыңыздың ойындарын QSport арнасынан тамашалаңыз! 📺

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

21 Jan, 06:55


Қазақстан құрамасының қақпашысы «Сабах» ойыншысы атанды 🇰🇿

32 жастағы қақпашы Стас Покатилов енді «Сабах» сапында ойнайды.

💚 Оның соңғы клубы «Тобыл» болған еді. Ол жақтағы 33 ойынның 15-інде гол өткізбеген.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

20 Jan, 18:56


Хусановтың қол қойған сәтінен алғашқы кадрлар 🔝

«Манчестер Ситиді» күшейте ала ма? 👍 / 👎

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

20 Jan, 17:59


🔥 Абдукодир Хусанов «Ланстан» «Манчестер Сити» сапына ауысты

Өзбекстандық орталық қорғаушы енді мансабын Англия Премьер-лигасында жалғастырады. «Манчестер Сити» 20 жастағы Абдукодир Хусановпен келісімшартқа отырғанын өз әлеуметтік желілерінде ресми түрде жариялады.

Абдукодир «қалалықтар» сапында 45-нөмірмен өнер көрсетеді.

Бұған дейін хабарланғандай, ағылшын алпауытымен келісімшарт 2029 жылға дейін жасалған. Трансфер сомасы €40 млн плюс бонустарды құрайды.

Қалай ойлайсыздар, Абдукодир «Манчестер Сити» сапындағы қорғаушылармен бәсекеде жеңіске жетіп, АПЛ-ға тез бейімделе ала ма? Пікірлеріңізді жазыңыздар! 🤔

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

20 Jan, 11:20


Еурокубоктар QSport-қа қайта оралады 🔥

Көп ұзамай Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі шешуші ойындар басталады. Бізді өте қызық матчтар, күтпеген нәтижелер мен нағыз футболдың кереметі күтіп тұр.

Чемпиондар лигасында қай команда плей-оффқа өтеді? Еуропа лигасы қандай қызықтар дайындап жатыр? Мұның бәрін жақын арада білетін боламыз!

Сүйікті командаларыңызды қолдап, QSport-пен бірге футболдың ләззатын сезініңіз! ☝️😌

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

15 Jan, 09:13


🔥 Футбол жанкүйерлері назарына!

«Ақтөбенің» оқу-жаттығу жиынындағы бақылау ойындарын көрсететінімізді хабарлаймыз!

Алғашқы ойында «Ақтөбе» Болгарияның «Локомотив» командасымен кездеседі.

📅 19 қаңтар
19:00
📺 QFootball

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

15 Jan, 07:25


«Ордабасы» Абу-Дабидегі оқу-жаттығу жиынын жалғастырып жатыр

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

15 Jan, 06:01


Лига кеңесінің отырысында ҚФФ QFL-мен біріге шетелдік футболшыларға қатысты лимитті қайта қарап, әр матчтың өтінімінде кемінде 21 жасқа дейінгі екі ойыншы болуы тиіс деген ұсыныс білдірілді.

Нақтырақ айтсақ, өтінімде легионерлердің саны 10-нан аспауы керек және қосымша әр шетелдік футболшы үшін 40 миллион теңге төленген жағдайда, тағы екі легионерді қосуға рұқсат. Ал жиналған барлық қаржы арнайы қорға жіберіліп, 21 жасқа дейінгі ойыншыларға жасыл алаңда көп уақыт берген командалар арасында бөлінеді.

Лимит бойынша ұсынысты ҚФФ бас хатшысы Саян Хамитжанов пен «Ордабасы» клубының президенті Асхат Сейсембек қолдады.«Ақтөбе», «Қызылжар» мен Ertis клубтары қалыс қалса, «Қайрат» клубының бас директоры Асқар Есімов қарсы шықты. Нәтижесінде бұл ұсыныс ҚФФ Атқарушы комитеті мүшелерінің кеңесінде талқыланатын болады.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

14 Jan, 17:39


🏆 Суперкубок үшін ойында ел чемпионы «Қайрат» пен Қазақстан Кубогының иегері «Ақтөбе» кездеседі.

Матч 22 ақпанда «Астана-Арена» стадионында өтеді.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

14 Jan, 17:08


15 жылдай уақыт бұрын Роналду мен Месси көрші Өзбекстанға келген еді. Ал олар Қазақстанға келсе, ел ерекше қуанышқа бөленер еді! 🤩

Стадиондар лық толып, жанкүйерлер арманы орындалар еді 🇰🇿

Қос жұлдыздың шеберлігін өз көзімізбен көру қиял емес, бір күні шындыққа айналуы мүмкін!

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

14 Jan, 14:43


🔥📺 Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының ойындары QSport арнасында!

21 қаңтардан бастап Еурокубок ойындары қайта жалғасады. Қарт құрлықтың басты турнирлерінің оралуына тура бір апта қалды.

Қазіргі уақытта Еуропа Лигасында көш бастап тұрған – «Лацио». Команда алты ойынның қорытындысы бойынша 16 ұпай жинаған. Ал Чемпиондар Лигасының көшбасшысы – «Ливерпуль». Олар алты ойында бірде-бір рет жеңілмей, 18 ұпай еншілеген.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

14 Jan, 10:44


Месси мен Роналду Өзбекстанда қонақта болғанын білесіз бе?

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

14 Jan, 09:14


⚽️ Роналду «Әл-Насрда» қалуға ниетті

Сауд Арабиясының Про-лигасындағы командамен шабуылшының қазіргі еңбек келісімі биыл жазда аяқталады.

Айтуынша, Роналду келісімді ұзарту туралы ұсынысты қабылдап, ресми түрде жаңа келісімшартқа қол қоюға жақын. 2023 жылдың қаңтарынан бері саудиялық клуб сапында ойнап жүрген Криштиану жаңа келісімшарт бойынша бір жылға €200 миллион алады екен.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

14 Jan, 08:47


🇪🇸 «Ла Масияның» 15 түлегі Испания Суперкубогын жеңіп алды

«Барселона» финалда «Реалды» жеңіп, академия түлектерімен тағы бір тарихи жетістікке жетті.

Сонымен қатар, клуб 2012/13 маусымында тарихқа енген еді: 11 жыл бұрын «Барселона» алаңға тек өз академиясының ойыншыларынан құралған құраммен шыққан болатын. «Ла Масия» түлектері «Левантені» 4:0 есебімен жеңді. Бұл оқиға әрдайым түлектеріне сенім артатын клуб философиясының символына айналды.

Сол кезде қақпаны клуб тарихында ең көп матч өткізген қақпашы — Виктор Вальдес қорғаған еді. Бүгін ол туған күнін атап өтуде! 🎉

Қалған ойыншыларды таныдыңыз ба? Пікірге жазыңыз 💬

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

13 Jan, 18:05


Абдукодир Хусановтың інісі —«Ланс» академиясында 💫

Үлкен ағасынан айырмашылығы, Абдурахим Хусанов шабуылшда ойнайды. Абдукодир «Манчестер Ситиге» ауысқанымен, оның інісі француз клубының академиясында жаттығуын жалғастырады 🤔

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

10 Jan, 16:49


«Атырау» командасының бас бапкері болып 48 жастағы қазақстандық маман Константин Горовенко тағайындалғаны ресми түрде хабарланды.

Бұған дейін қазақстандық маман «Қайрат-Жастар», «Жетісу», «Шахтер», «Мақтаарал» және «Каспий» командаларында, сондай-ақ Қазақстанның жастар және ұлттық құрамаларында бас бапкер қызметін атқарған.

Ол «Атырау» командасын 2021-2022 жылдары да басқарған. Сонымен қатар, оның көмекшісі болып 43 жастағы Денис Мамонов тағайындалғаны белгілі болды.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

10 Jan, 15:55


🏟 Қазақстан Суперкубогы үшін матчтың өтетін орны анықталды

«Ақтөбе» мен «Қайрат» командалары арасындағы кездесу «Астана Аренада» өтеді. Матч ақпан айының соңында өтеді.

🔥 – «Ақтөбенің» жеңеді
🏆 – «Қайраттың» жеңеді

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

10 Jan, 12:37


Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 2024 жылдың 16 желтоқсанында әлемдік рейтингтегі спортшылардың жаңартылған тізімін жариялады

Дзюдодан 60 келі салмақтың көшін Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері француз балуаны Лука Мхейдзе 6104 ұпаймен бастап тұр. Ал Елдос Сметов 4446 ұпаймен бесінші орынға тұрақтады.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

10 Jan, 11:12


⚡️ КПЛ клубтарының жолдастық матчтарын QSport арналарынан тамашалаңыз

QSport қазақстандық командалардың оқу-жаттығу жиынындағы бақылау ойындарын көрсетеді. Біздің телеарнадан «Елімай», «Қызылжар», «Ордабасы», «Қайрат», «Ұлытау» және басқа да КПЛ клубтарының ойындарын тамашалай аласыз. «Қызылжардың» алғашқы жиыны жабық режимде өтетіндіктен, Петропавл командасының матчтары екінші жиыннан бастап көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы маусымда өтетін Қазақстан Премьер-Лигасының 34-чемпионатында 14 клуб өнер көрсетеді. Чемпиондық атағын «Қайрат» қорғайды. Өткен маусым қорытындысы бойынша OLIMPBET Премьер-Лигасында «Оқжетпес» пен «Ұлытау» ойнайды, ал «Шахтер» 1XBET Бірінші лигада өнер көрсетеді.

Командалардың оқу-жаттығу жиындарының бір бөлігі Түркияда, ал екінші бөлігі БАӘ-де өтеді. Алғашқы бақылау матчы 13 қаңтарда өтеді, онда «Елімай» Белградтың «Чукаричек» командасына қарсы ойнайды. Жаңалықтарды QSport холдингі арналардың әлеуметтік желілерінен бақылап отырыңыз. 😎

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

10 Jan, 10:24


Төрт жыл бойы «Астананың» қақпасын қорғаған Александр Заруцкий «Қайрат» сапына ауысты 🤝

Келісімшарт 2025 жылдың соңына дейін жасалған.

Александр – қарағандылық «Шахтёр» клубының түлегі. Мансабында «Қызылжар», «Атырау», «Ертіс», «Қайсар» сынды клубтарда өнер көрсетті.

Заруцкий соңғы төрт маусымда «Астана» сапында ойнады. 54 матч өткізіп, 40 гол жіберіп алды, ал 24 ойында қақпасына гол дарытпаған.

«Қайраттың» негізгі қақпашысы бола ала ма? 👍/👎

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

10 Jan, 09:23


🤩 Футзал демалысы

Екі күн бойы футзалдан Қазақстан чемпионатының 15 және 16 тур матчтарын көреміз 👀

🇷🇺 @QSportRu
🇰🇿 @QSportQazaqstan

Qsport Qazaqstan

10 Jan, 07:11


Роналду = 🚀

«Әл-Наср» шабуылшысы Сауд Арабиясы чемпионатында «Әл-Охдуд» қақпасына пенальтиден гол соқты.

Бұл оның 2025 жылғы алғашқы ойыны болды. Осылайша Роналду 24 жыл қатарынан гол соғып келеді.

Португалиялық футболшы алғаш рет 2002 жылдың қазан айында «Спортинг» сапында гол соққан. Содан бері ол әр күнтізбелік жылы гол соғып келеді.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

09 Jan, 17:24


⚡️ Хамес Родригес еркін агент атануға жақын

2024 жылдың жазында Хамес «Райо Вальекано» сапына қосылғанымен, мадридтік клубтың негізгі құрамына ене алмады. Бұрынғы жұлдызды ойыншы жарты жылда тек 7 матчқа шығып, олардың көбінде тек ауыстырушы ретінде ойынға қосылды. Оның есебінде бір ғана нәтижелі пас бар.

33 жастағы ойыншы мұндай жағдаймен келіспей, жақын арада келісімшартты бұзып, жаңа клуб іздемек.

Айта кетейік, Хамес өткен жылдың жазына дейін Бразилияның «Сан-Паулу» клубының ойыншысы болды, бірақ сол клубпен де келісімшартты үзген еді.

Қалай ойлайсыз, Хамес өзін тағы да лайықты деңгейде көрсете ала ма, әлде мансабын аяқтаудың уақыты келді ме? 🤔

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

09 Jan, 15:35


Бензема «Реалда» қала ма? 😳

2022 жылғы «Алтын доп» иегері Карим Бензема Сауд Арабиясында орналасқан «Реал» лагеріне келді. Мадридтік команда бүгін «Мальоркаға» қарсы өтетін Испания Суперкубогының жартылай финалына дайындық үстінде.

37 жастағы Карим Бензема 2009-2023 жылдар аралығында «Реал» сапында өнер көрсетті 💪

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

09 Jan, 14:57


Лука Модрич мансабын аяқтауды жоспарлап отырған жоқ. «Реалмен» келісімшартын тағы бір жылға ұзартуға ниетті 👑

39 жастағы хорват «Реалда» 2012 жылдан бері өнер көрсетіп, команда сапында 562 матч өткізді. Ол клуб тарихында ең көп ойын өткізген он ойыншының бірі.

Модрич «Тоттенхэмнен» «Реалға» 42 миллион еуроға ауысып, алғашқы ойынында-ақ Эль-Классикода трофей жеңіп алды. Алайда Испаниядағы алғашқы маусымдары қиын болды. БАҚ пен сарапшылар оның трансферіне күмәнмен қарады. Оның шеберлігі Мадридте лайықты бағалану үшін бірнеше жыл қажет болды.

12 жылдан кейін Лука Модрич клубтың нағыз аңызына айналды. Ол «Реалмен» бірге Испания чемпионатын 4 рет, Чемпиондар Лигасын 6 рет жеңіп алып, «Алтын доп» иегері атанды 🔝 #QRetro

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

09 Jan, 11:38


«Кински тамаша ойнады» 👑

«Тоттенхэмнің» бас бапкері Анге Постекоглу дебют жасаған Антонин Кинскидің ойыны туралы пікір білдірді.

«Тамаша, ғажап. Келісімшартқа отырар алдында сөйлескенде, оның жасына қарамастан өзіне өте сенімді екенін байқадым. Бүгін мен оған өте қиын тапсырма бердім – қазіргі әлемнің ең мықты командасына қарсы ойнау. Ол бұл сынақты тамаша еңсерді. Енді клубтың оны неге қатты қалағанын түсінуге болады», – деді Постекоглу матчтан кейінгі сұхбатында.

Жуырда ғана «Тоттенхэмге» ауысқан 21 жастағы чех футболшысы Лига кубогы жартылай финалында «Ливерпульге» қарсы матчта (1:0) қақпасын голдан қорғап қалды 👏

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

09 Jan, 10:28


«Манчестер Сити» Хусановты алуға шындап кірісті 🔥

Танымал инсайдерлер – Фабрицио Романо мен Бен Джейкобстың айтуынша, «Ланс» пен «Манчестер Сити» өзбек қорғаушысы Абдуқодир Хусановқа қатысты келіссөздерді бастап кетті, әрі олар өте сәтті өтіп жатыр!

«Сити» қазір «Тоттенхэм» мен «Ньюкасл» сияқты бәсекелестерінен озып тұр және «Лансқа» 30 миллион фунт төлеуге дайын. Қазіргі бағам бойынша, бұл шамамен 36 миллион еуро.

👍 – осы ауысымға қуансаң

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

09 Jan, 06:46


⚡️ Черчесовтың Қазақстан құрамасындағы болашағы 10 қаңтарда шешіледі

Кеше Қазақстан құрамасының бас бапкері Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті Марат Омаровпен кездесті. Черчесов отставка туралы мәселенің «мүлдем көтерілмегенін» айтты.

Sport24 мәліметінше, командадағы кадрлық мәселелер бойынша әзірге ешқандай шешім қабылданған жоқ. Ресейлік маманның болашағына қатысты түпкілікті шешім 10 қаңтарда өтетін Қазақстан футбол федерациясының жалпы жиналысында қабылдануы мүмкін. Алдағы екі жылға жоспар талқыланатын жиналысқа президент, бас хатшы және КФФ мүшелері қатысады 🤔

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

09 Jan, 05:06


⚡️«Реал» Ольмоны тіркеуге қарсы емес

Бүгін Испанияның Жоғарғы спорт кеңесі (CSD) «Барселонаға» Дани Ольмо мен Пау Викторды уақытша тіркеуге рұқсат беретіні белгілі болды. Бұл мәселеге қатысты соңғы шешім үш айдан кейін қабылданады.

Испаниялық журналистердің хабарлауынша, «Реал» Дани Ольмоны тіркеуге «толығымен келіседі», себебі Суперлига жобасына байланысты «Барселонамен» қарым-қатынасты бұзғысы келмейді. Қазіргі уақытта Суперлига екі клуб үшін де маңызды бастама болып отыр. Екеуі де жаңа турнирді дамытуға күш салып жатыр.

Сонымен қатар, тіркеуге қарсы пікір білдіргендер де бар. «Атлетик», «Севилья» және «Атлетико Мадрид» бұл шешімге қатаң түрде қарсы шықты 🤬

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

08 Jan, 15:27


⚡️«Астананың» Конференциялар лигасындағы голдары — QSport-тың YouTube арнасында

Никосиядағы матчтан кейін «Астана» Конференциялар лигасындағы өнерін аяқтады. Григорий Бабаянның шәкірттері 28-орынды иеленіп, алты матчта бес ұпай жинады.

«Астана» Еурокубок маусымында ЛК-де 4 гол соқты. Бұл голдар «Челси», АПОЭЛ, «Витория» қақпасына соғылса, Кипрас Кезуколовастың голы «Бачка-Топола» клубына қарсы жеңіс әкелді.

Видеоға сілтеме 📺

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

08 Jan, 12:58


⚡️Дидье Дешам Франция құрамасынан кететінін мәлімдеді

56 жастағы бапкер 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталған соң Франция құрамасындағы жұмысын аяқтайды. Бұл оның келісімшартының мерзімімен сәйкес келеді. Мұны инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.

Дидье Дешам Франция құрамасын 2012 жылдан бері жаттықтырып келеді. Ол ұлттық құраманы 2018 жылы әлем чемпионы етіп, 2016 жылғы Еуропа чемпионаты мен 2022 жылғы әлем чемпионатының финалына шығарды.

Le Parisien басылымының дерегі бойынша, Дешамның орнына келуі мүмкін негізгі үміткер – Зинедин Зидан. Бұл таңғаларлық жаңалық емес, өйткені бұрынғы «Реал» бапкерін Франция құрамасымен байланыстырып жүргендер көптен бері бар 🔥

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

08 Jan, 11:05


⚡️Ерлан Жамантаев — QFL-дің жаңа президенті

Бұл шешім Лиганың мүшелері қатысқан қашықтан өткен жиналыста қабылданды. 50 жастағы Жамантаевтың кандидатурасын жиналысқа қатысушылардың басым бөлігі қолдады.

Бұған дейін ол «Ұшқын-Искра» жеке клубының бас бапкері болған және Қазақстанның жағажай футболы құрамасын басқарған 🔝

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

08 Jan, 08:25


Исак «Ньюкасл» сапында 50-ші голын соқты 👏

Швед шабуылшысы кеше Лиганың жартылай финалындағы «Арсеналға» қарсы ойында 50-ші голын соқты. Оның командасы 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл нәтижеге жету үшін Искак «Ньюкасл» сапында 89 матч өткізді. Opta мәліметіне сәйкес, Исактың «Ньюкасл» құрамындағы дебютынан бері тек Эрлинг Холанн («Манчестер Сити», 105) мен Мохамед Салах («Ливерпуль», 73) одан жиі гол соққан.

🔥 Александр Исак 2022 жылдың тамызында «Реал Сосьедад» клубынан «Ньюкаслға» ауысып келген. Осы маусымда 25 жастағы шабуылшы 22 матчта 15 рет гол соқты

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

08 Jan, 06:50


⚡️Винисиус Жуниор ұзақ мерзімге шеттетілмейтін болды

Бразилиялық футболшы Ла Лигада аясында өткен матчта «Валенсия» қақпашысының бетінен ұрғаны үшін алаңнан қуылған болатын.

«Реал» ойыншысын 4-тен 12 матчқа дейін шеттетуі мүмкін еді, бірақ соңғы шешім соншалықты қатал болмады. Винисиус Испания чемпионатының тек екі ойынынан шеттетілді.

Бразилиялық ойыншы жақын арада «Мальоркаға» қарсы Суперкубоктың жартылай финалында алаңға шыға алады. Ал 19 қаңтарда «Лас-Пальмаспен» және 25 қаңтарда «Вальядолидпен» өтетін матчтарға қатыса алмайды.

Жаза жеңіл болды ма әлде көп матчтқа шететту керек пе еді? 👍/👎

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

07 Jan, 18:01


2024 жылы жанкүйер көңілінен шықпаған футболшылар жетерлік. Дегенмен Qsport биыл қабілетін толық аша алмаған ТОП-6 футболшы тізімін ұсынады.

1. Маркус Рэшфорд 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿
Өткен маусымда жарқыраған Рэшфорд 2024 жылы ойынымен жанкүйерлерді қуандырмады. Шабуылдағы мүмкіндіктерін жиі жіберіп алды және тұрақты ойын көрсете алмады.

2. Жоау Феликс 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿
Португалиялық шабуылшы өзінің әлеуетін аша алмады. «Барселонада» негізгі құрамдағы орнын жоғалтып алса, «Челсиде» әлі толық ашыла алмай келеді.

3. Рахим Стерлинг 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿
«Арсенал» ойыншысы бұрынғы деңгейіне әлі күнге жете алмады. Оның ойынын қарсыластары тез «түсініп» қойды, ал маусымды нәтижелі әрекеттерсіз аяқтады.

4. Душан Влахович 🇮🇹
Сербиялық шабуылшы «Ювентус» сапында жоғары деңгейлі ойын көрсете алмады. Оның гол соғу қабілетінің төмендеуі жанкүйерлердің көңілінен шықпады.

5. Джошуа Зиркзи
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿
Жас голландиялық шабуылшыдан үлкен үміт күтілген еді, бірақ ол маусымды сәтсіз өткізді. 30 ойынның ішінде бар болғаны 4 гол соғып, командаға аса көп пайдасын тигізе алмады.

6. Джек Грилиш 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿
«Манчестер Сити» үшін қымбат трансфер болған Грилиш күткен нәтижені ақтамады. Ойынға қосқан үлесі аз, ал маңызды матчтарда мүлдем көзге түспеді.

Ал сіз бұл тізімге кімді қосар едіңіз?

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

07 Jan, 17:22


😛 Қазақстан құрамасының ойыншысы Айбол Әбікен мансабын «Қайсарда» жалғастыруы мүмкін.

Қазір футболшы Түркияда қызылордалық клубпен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Бұған дейін Айбол Әбікен «Қайрат», «Ақсу» және «Ордабасыда» ойнаған.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

07 Jan, 13:20


Сон Хын Мин «Тоттенхэммен» келісімшартын ұзартты 🤝

Оңтүстік Кореялық шабуылшы Сон Хын Мин «Тоттенхэм» футбол клубымен 2025/26 маусымының соңына дейін келісімшартын ұзартты.

Сон Хын Мин қазір 32 жаста. Ол 2015 жылдан бері «Тоттенхэмде» ойнап келеді. Transfermarkt порталының мәліметінше, шабуылшының нарықтағы құны 38 миллион еуроны құрайды.

Осы маусымда Сон Хын Мин 23 ойын өткізіп, 7 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

07 Jan, 12:53


Дани Ольмо мансабын қайда жалғастырады?

Испания Корольдік футбол федерациясы мен Ла Лига «Барселонаға» Дани Ольмоны тіркеуге рұқсат бермеді.

Ендігі Ольмо мансабын қайда жалғастыратынын шешеді. Оған Еуропаның ТОП-5 чемпионатынан қызығушылық танытып отыр.

Қайда барады?
- АПЛ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿
- Бундеслига 🇩🇪
- А сериясы 🇮🇹
- 1 Лига 🇫🇷

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

07 Jan, 09:53


«Қызылжар» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысатын құрамын жариялады

Петропавлдық клуб Түркияда (Белек) екі оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бірінші командалық кездесу 11-31 қаңтар, екіншісі 3-20 ақпан аралығында өтеді.

Қақпашылар: Вадим Петров, Джурахон Бабаханов, Илья Ильин, Аслан Байқадамов;

Қорғаушылар: Бекзат Шадманов, Олексей Лобов, Анатолий Козленко, Дмитрий Мирошниченко, Даниэль Мауленов;

Жартылай қорғаушылар: Мирас Елеукин, Жантөре Молдабаев, Артем Черединов, Мәди Жақыпбаев, Рафаэль Сабино, Андрей Ульшин, Арсен Буранчиев, Александр Лебедев;

Шабуылшылар: Тимур Мульдинов, Сенин Себаи, Тоқтар Жаңғылышбай, Глеб Валгушев.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

07 Jan, 05:34


🇺🇿 Өзбек футболшысы үшін Еуропада нағыз талас басталды

«Реал» өкілдері Абдукодир Хусановқа байланысқа шығып, ұсыныс жасаған. Бұған дейін өзбек футболшысына ПСЖ, «Ньюкасл» мен «Манчестер Сити» қызығушылық танытқаны туралы ақпарат тараған болатын.

Топ-клубқа ауыса ма? 👍/👎

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

06 Jan, 19:11


Қазақстан футболының танымал маманы, ұлттық құраманың бұрынғы капитаны Қайрат Нұрдәулетов «Ертіс» клубының бас бапкері болып тағайындалды

Бапкерлік мансабында Нұрдәулетов Қазақстан Премьер-лигасында «Мақтаарал» және «Жетісу» клубтарын жаттықтырған. Сондай-ақ, елдің жастар құрамасының бас бапкері болған тәжірибесі бар.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

06 Jan, 16:14


«Қайраттан» кеткен Еркебұлан Сейдахмет мансабын Польша клубтарының бірінде жалғастыруды жоспарлап отыр.

Prosports.kz мәліметінше, дәл осы күндері футболшы мен польшалық клуб өкілдерінің арасында келіссөздер жүруде. Тараптар өзара келіскен соң трансфер туралы ресми жарияланатын болады.

Айта кетейік, Еркебұлан Сейдахметке Қазақстанның бірнеше командасы қызығушылық танытқан, оның ішінде семейлік «Елімайдың» да болғаны белгілі.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

05 Jan, 16:38


Нұралы Әліптің осындай жігерлі күйде екенін көру қуантады! 🔝

Кадрлардан жарақаттан кейін қалпына келу қарқынды түрде жалғасып жатқанын көруге болады

Ойыншы мерекелерді ойлап жүрген жоқ, керісінше, «Зениттің» жиындарына толық дайын болу үшін залда бар күшін салып жаттығуда 😎

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

05 Jan, 15:48


Бомбардирлер жарысы жаңа қарқынмен жалғасын тапты! 💪

Эрлинг Холандтың «Вест Хэм» қақпасына соққан дублі «Манчестер Ситиге» жеңіс сыйлап қана қоймай, норвегиялық шабуылшыға бомбардирлер жарысында Салахқа жақындай түсуге мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда көш бастап тұрған Салахтың қанжығасында 17 голы бар, ал Холанд одан бір ғана голға қалып тұр. Алда әлі 16 тур бар, сондықтан жеңімпазды болжау қиын.

Сіздің ойыңызша, АПЛ-дың үздік сұрмергені кім болады?

🔥— Салах
👍— Холанд

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

05 Jan, 15:19


Бүгін Франция Суперкубогының жеңімпазы анықталады 🏆

Франция Суперкубогы үшін матчта елдің ең мықты екі командасы – ПСЖ мен «Монако» кездеседі. Матч Катардың Доха қаласындағы «Стадиум 974» стадионында өтеді.

Командалар жақында ғана Франция чемпионаты аясында кездескен болатын. Ол ойында париждік команда 4:2 есебімен жеңіске жетіп, ПСЖ қақпашысы Доннаруманың ауыр жарақатымен есте қалған еді 🔥

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

05 Jan, 14:48


Лазизбек Мирзаев «Локомотив» (Ташкент) клубынан «Леганеске» ауысты 🔥

Трансфер құны 100 мың еуроны құрады.

Лазизбек Мирзаев 2023 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Өзбекстан U-17 құрамасының капитаны болды. Ол 1/8 финалда Англияға қарсы матчта (2:1) жеңіс голын айып добынан соққан еді.

2024 жылы Өзбекстан чемпионатында Мирзаев 14 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берген 🔝

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

05 Jan, 14:18


«Атлетиконың» жеңіс сериясы 13 матчқа жетті 😳

Испания Кубогында «Марбельяны» (1:0) жеңген «Атлетико» өзінің жеңіс сериясын жалғастырды. Сенбі күнгі жеңіс мадридтік клуб үшін қатарынан 13-ші болды. Осылайша клуб рекордын қайталады. Мұндай ұзақ жеңісті серияны «Атлетико» 2012 жылдың тамызы мен қазаны аралығында жасаған еді.

Абсолютті рекорд орнату үшін «Атлетико» алдағы Ла Лигадағы өз алаңында өтетін «Осасунаға» қарсы ойында жеңіске жетуі қажет ☝️

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

05 Jan, 13:05


⚡️«Қайрат» футбол клубы демалыстан шығып, жаңа маусымға дайындықты бастады

Алғашқы дайындық кезеңі 5 қаңтар мен 24 қаңтар аралығында Алматыдағы клуб базасында өтеді.

Одан кейін команда Түркияға барып, Ресей, Грузия және Босния мен Герцеговина клубтарымен жеті бақылау матчын өткізеді 🔝

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

05 Jan, 10:18


ЦСКА-ның бірінші жарты маусымындағы үздік ойыншы – Аббос Файзуллаев 🔥

Ол осы күзде бізге әдемі голдар сыйлады.

Ең жақсы сәттерді бір бейнероликке жинадық 📺

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

04 Jan, 16:39


«Барселонаға» Дани Ольмо мен Пау Викторды тіркеуге рұқсат берілмеді 😳

Испания Корольдік футбол федерациясы мен Ла Лига бірлескен мәлімдеме жасап, «Барселонаның» жартылай қорғаушы Дани Ольмо мен шабуылшы Пау Викторды тіркеу туралы өтінішін қабылдамағанын хабарлады.

Mundo Deportivo мәліметінше, бұл шешімге қарамастан, «Барселона» соңына дейін күресуді жоспарлап отыр. Енді каталондық клуб сотқа жүгінбек.

Дани Ольмо мен Пау Виктор тіркелмегендіктен «Барселона» сапында барлық турнирлерде, тіпті халықаралық жарыстарда да ойнай алмайды 🤬

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

04 Jan, 15:58


Давид Райя — 2024 жылдың ең көп «құрғақ» матч өткізген қақпашысы 💪

«Арсенал» клубының қақпашысы Давид Райя 2024 жылы Еуропаның ТОП-5 лигасында ең көп «құрғақ» матч өткізген қақпашы атанды. Ол 18 ойында өз қақпасын голдан аман сақтап қалды. Дәл осындай көрсеткішке «Реал Сосьедад» қақпашысы Алекс Ремирода да жетті.

ТОП-5 қақпашылар қатарына «Интердің» қақпашысы Ян Зоммер (16), «Ториноның» қақпашысы Ваня Милинкович-Савич (15) және «Атлетико» қақпашысы Ян Облак (15) кірді 🔝

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

04 Jan, 15:08


«Мен бұл жерге достасу үшін емес, жеңу үшін келдім» 🔥

«Миланның» бас бапкері Сержиу Консейсау Италия Суперкубогының жартылай финалында «Ювентусті» 2:1 есебімен жеңгеннен кейін әсерімен бөлісті.

«Бірінші таймнан кейін қатты ашулы болдым, себебі ойыншылар дайындағанымызды істемеді, менің талаптарымды орындамады. Үзілісте кейбір өзгерістер енгіздік. Екінші тайм мүлдем басқаша өтті.

Команданың менің ойымды түсінгеніне қуаныштымын. Мен ең көңілді бапкер емеспін, бірақ бұл жерге достық үшін емес, жеңіс үшін келдім».

Жаңа бапкердің жетекшілігіндегі алғашқы матчта «россонерилер» 2:1 есебімен жеңіске жетті 👏

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

04 Jan, 14:18


⚡️Маркус Рэшфорд Сауд Арабиясының үш клубынан бас тартты

«Манчестер Юнайтед» жаңа бас бапкері Рубен Аморимнің шешімімен Рэшфордты қаңтардағы трансферлік терезеде сатуға дайын.

Алайда, 27 жастағы ойыншы тек өзіне Англия құрамасындағы орнын қайтаруға мүмкіндік беретін бәсекеге қабілетті клуб пен лигаға ғана ауысатынын айтты.

Маркус Сауд Арабиясындағы клубтардан жылына 35 миллион фунт стерлингке дейінгі келісімшарт ұсыныстарын қабылдамай, Түркияға көшу мүмкіндігін де жоққа шығарды.

Рэшфорд 2024 жылғы Еуропа чемпионатына Англия құрамасының сапына кірмей қалды 🥇

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

04 Jan, 13:25


⚡️Қазақстан футзал құрамасы әлемнің үздік командасы атағына үміткер атанды

Futsal Planet номинациясында Пауло Рикардо Кака жаттықтыратын Қазақстан құрамасы ерлер құрамалары арасында үздік команда атағына үміткерлердің бірі болды. Бұл тізімге Аргентина, Аргентина U-20, Бразилия, Франция, Индонезия, Иран, Марокко, Таиланд және Украина құрамалары енді.

УЕФА рейтингінде Қазақстан құрамасы екінші орында тұр, ал көш басында Португалия құрамасы орналасқан 🔝

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

04 Jan, 09:37


«Ньюкасл» біз үшін жақсы сынақ болады» ⚔️

«Тоттенхэмнің» бас бапкері Анге Постекоглу алдағы қарсыласы туралы пікір білдірді:

«Ньюкасл» біз үшін жақсы сынақ болады. Біздің клубтар арасындағы ойындар әрдайым тартысты өтіп, әркез біз жеңіске жақын боламыз. Қазір олар жақсы формада, сәтті кезеңді бастан кешіп жатыр. Бірақ бұл біз үшін де жақсы мүмкіндік».

Айта кетсек, «Тоттенхэм» чемпионаттың соңғы он ойынында тек үш рет жеңіске жеткен. 19 турдан кейін 24 ұпай жинаған «шпорлар» турнир кестесінде 11-орында тұр.

📺 Бүгін Постекоглу командасы өз алаңында «Ньюкаслды» қабылдайды. Матч 17:30-да басталады.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

04 Jan, 08:17


«Реал» Ла Лигада 5000 ұпай жинаған ең бірінші клуб болды 👏

Мадридтік клуб «Валенсияны» 2:1 есебімен жеңіп, тарихи межені бағындырды. Бұл жеңіс командаға 5000 ұпайдан асып, қазір 5002 ұпай жинауға мүмкіндік берді.

Ал екінші орында тұрған «Барселонаның» еншісінде 4887 ұпай бар 🤔

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

03 Jan, 18:19


Еркебұлан Сейдахмет Семейдің «Елімай» клубына ауысуы мүмкін

24 жастағы ойыншы Алматының «Қайратынан» кеткен.

Қазір футболшы «Елімаймен» келіссөз жүргізіп жатыр.

Өткен маусымда Еркебұлан Сейдахмет 18 матчқа қатысып, бір гол соқты.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

24 Dec, 19:20


🏆 Футзалдан Қазақстан Кубогы 1/8 финалына шыққан командалар анықталды

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

24 Dec, 19:10


Қазақстан Кубогы топтық кезеңінің 3 турынан кейінгі турнир кестесі 🏆

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

24 Dec, 18:59


Қазақстан Кубогы топтық кезеңінің 3 туры матчтарының нәтижесі 🏆

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

24 Dec, 18:57


Роналду ерекше демалыста 😎

Португалиялық футболшы ыстық Саудиядан салқын Финляндияға келіп, демалысын қалың қар құрсауында өткізіп жатыр ❄️

🇷🇺 @QSportRu
🇰🇿 @QSportQazaqstan

Qsport Qazaqstan

24 Dec, 18:13


Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Дохада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды.

Денис Полубояринов 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Қос сайыста спортшы жалпы 366 (161+205) келіні еңсерді.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

24 Dec, 09:43


QFL президенті Ғани Қайназаров қызметінен кетіп, ҚФФ Ұлттық құрамалар департаментінің директоры лауазымына қайта оралды

Отандық маман бұл қызметті 2016-2017 және 2022-2024 жылдары атқарған болатын.

Ал QFL президенті қызметіне биыл ғана келген еді.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

24 Dec, 07:40


Жанқош Тұраров ақпанда жекпе-жегін өткізуі мүмкін 🥊

Ресейлік Fight Night League 28 ақпанда Павлодарда (Қазақстан) бокстан турнирді өткізгелі жатыр.

Бұл турнирде IBO белбеуінің иегері Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі өтуі мүмкін. Бұл туралы Лига президенті Камил Гаджиев «Апта қорытындысы» бағдарламасында мәлімдеді.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

24 Dec, 04:00


🏆 Қазақстан Кубогы топтық кезеңінің 3 тур матчтарын біздің арналардан көріңіз

📺 Сағат 10:00-ден бастап QFootball арнасы қосулы болсын

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

23 Dec, 19:00


Абат Айымбетов қатарынан үшінші матчта гол соқты ⚽️

«Хатайспор» қақпасына соққан голы «Адананың» жеңіске жетуіне көмектесті

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

23 Dec, 17:10


Қазақстан Кубогы топтық кезеңінің 2 турынан кейінгі турнир кестесі 🏆

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

23 Dec, 12:47


Месси мен Роналду Өзбекстанда қонақта болғанын білесіз бе? 🇺🇿

2008 жылдың желтоқсанында Лионель Месси Ташкентке келіп, жас футболшыларға шеберлік-класс өткізді. Ол өзбек халқының қонақжайлығына тәнті болып, жергілікті ойыншылардың талантын жоғары бағалады.

Бір жылдан кейін, 2009 жылдың желтоқсанында Криштиану Роналду да Өзбекстан астанасына келді. Роналду балалар футбол мектептерінің тәрбиеленушілерімен кездесіп, оларға тәжірибесін бөлісті. Ташкенттегі 8 мың адамдық «Жар» спорт кешені жанкүйерлерге толы болды.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

23 Dec, 11:20


Биылғы маусымның ерекше командасы — «Елімай» 🤔

Премьер-лигаға оралған маусымында-ақ алғашқы алтылықтан орын алды.

Семейлік клубтың биылғы маусымды қалай өткізгені, нәтижеге жетудің сыры мен алдағы жаңалықтары туралы YouTube-арнамыздан көре аласыздар.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

09 Dec, 12:05


📆 Күнтізбеде – еурокубок аптасы

Біздің хабар тарату кестесін сақтап ал. Чемпиондар лигасын да, Еуропа лигасын да көрсетеміз 🤫

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

09 Dec, 09:56


⚡️ Қайрат Боранбаев – QSport-та

«Қайрат» футбол клубының Бақылау кеңесінің төрағасы бүгін біздің студияның қонағы болды.

Сұхбаттың толық нұсқасы жақында арна эфирінде және QSport ақпараттық ресурстарында көре аласыздар 🔜

Жаңалықтарды өткізіп алмаңыз

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

08 Dec, 19:08


АПЛ-дегі керемет камбэк 🔥

«Челси» 11-минутта «Тоттенхэмнен» екі гол жіберіп алғанымен, есепті теңестіріп, 3:4 есебімен жеңіске жетті. Палмер дубль жасады.

«Астанамен» өтетін матчта дәл осылай қызық болады деп үміттенеміз 😉

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

08 Dec, 18:58


РПЛ-дегі жылдың қорытынды туры аяқталды 🤝

Қай матчты біздің арналардан көрдіңіздер?

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

08 Dec, 18:23


🥇 Азия чемпионатының «алтыны» үшін тоғыз қазақстандық боксшы жекпе-жек өткізеді

48 кг. 🇰🇿 Санжар Тәшкенбай – Шодиер Меликузиев 🇺🇿
54 кг. 🇰🇿 Махмұд Сабырхан – Шахзод Музафаров 🇺🇿
57 кг. 🇰🇿 Оразбек Асылқұлов – Миразизбек Мирзахаликов 🇺🇿
67 кг. 🇰🇿 Дулат Бекбауов – Мужибило Турсунов 🇺🇿
71 кг. 🇰🇿 Абылайхан Жүсіпов – Хавасбек Ассадуллаев 🇺🇿
75 кг. 🇰🇿 Диас Молжігітов – Жавохир Умматалиев 🇺🇿
86 кг. 🇰🇿 Бекзат Нұрдәулетов – Жасурбек Юлдашев 🇺🇿
92 кг. 🇰🇿 Сағындық Тоғамбай – Парвиз Каримов 🇹🇯
+92 кг. 🇰🇿 Айбек Оралбай – Ремула Абудурексити 🇨🇳

🗓 Финалдық жекпе-жектер 11 желтоқсан күні өтеді.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

08 Dec, 17:45


🤩 «Астана» мен «Челси» арасындағы матчты күтіп жүрсіз бе?

Біз де қатты күтіп жүрміз! Сондықтан, «Астананың» еурокубоктардағы үздік голдар топтамасын ұсынамыз!

Бүгінгі кезек – Бауыржан Жолшиев және оның АПОЭЛ қақпасына соққан голы ⚽️

Келесі қандай гол болмақ?

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

08 Dec, 12:14


😍 Максим Самородов жанкүйерімен кездесті

Адам Магомедов Макстың «Ахматтағы» таныстырылым ролигіне қатысты. Ал енді ұлымен бірге ойыншының қолынан сыйлықтар алды 🫶

Осындай қолдаумен Самородов «Оренбургке» қарсы ойында бар күшін көрсететіні анық. Матч 21:00-де басталады. QArena-дан тікелей эфирді өткізіп алмаңыз!

Ал сіз қай спортшымен кездескіңіз келеді?

📹: «Ахмат» ФК

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

08 Dec, 10:10


🇰🇿 Шавкат Рахмонов 🥊 310 турнирінде ирландиялық Иан Гарриді төрешілер шешімімен жеңді.

💸 Бұл жекпе-жекте Шавкат 450 мың доллар табыс тапты. Оның 350 мың доллары жекпе-жек үшін кепілдік жарна болса, 100 мың доллар жеңіске жеткені үшін беріледі.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

08 Dec, 09:24


👶🏻 Бұл баланы таныдыңыздар ма?

Бүгін QLeague арнасында 18:30-да РПЛ 18 туры аясындағы «Факел» – ЦСКА матчын тамашалаңыздар

📸: Fonbet Кубок России

🇷🇺 @QSportRu
🇰🇿 @QSportQazaqstan

Qsport Qazaqstan

08 Dec, 07:31


Бүкіл қазақ елін уайымдатқан сәт 😰

Сіз бұл сәтте не ойладыңыз?

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

08 Dec, 06:19


💥 «Мен бұл халықты көріп тұрмын. Жақында олар жылайтын болады»

Дана Уайт Рахмоновтың енді чемпион Белал Мұхаммедпен кездесетінін уәде етті 💪

Жекпе-жектен кейін қос спортшы октагонда бірден кездесті.

«Мен асыға күтемін. Бұл халықты көріп тұрмын, жақында олар жылайтын болады. Бұл менің тағы бір құрбаным. Тағы бір нөлді өзіме аламын», деді Белал.

Шавкат болса жекпе-жекке дайын екенін көрсетті.

«Дайын бол және енді жарақат алма. Кім мықты екенін анықтаймыз», деп жауап қатты Шавкат.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

08 Dec, 05:40


ЖЕҢІС 🔥

🥊 UFC 310 турнирінің басты жекпе-жегінің бірінде Шавкат Рахмонов ирландиялық Иан Гарри жеңді.

«Номад» мансабындағы 19-шы жеңісіне жетті. Ол Лас-Вегаста өткен жекпе-жегінде Иан Гарриден басым түсті.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

08 Dec, 04:48


🇰🇿 Алға, Шавкат! Алға, Қазақстан!

🥊 Санаулы минуттардан соң Рахмонов — Гарри жекпе-жегі басталады

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

08 Nov, 17:40


🔥 Спорттық және жауынгерлік самбодан әлем чемпионатында Темірлан Көлбай топ жарды

98 келіден жоғары санатта сынға түскен жерлесіміз финалда Моңғолия өкілі Пуревдорж Дамдинсуренген басым түсті.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

08 Nov, 17:26


Әділет Барменқұлов Қазақстан футбол федерациясын үш жыл басқарды

Осы уақыт ішінде ұлттық құрама қандай жетістіктерге жетті? Видеода есімізге түсіреміз.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

08 Nov, 15:32


🇰🇿 Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Oktagon тұжырымында дебюттік жекпе-жегін өткізуге дайын! 💥

Бұрын UFC-да өнер көрсеткен Жалғас бүгінгі салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Ертең Словакияда өтетін үлкен турнирде Жалғас аса жеңіл салмақта Аарон Эбимен күш сынасады.

Екі спортшы да қажетті салмақ шегіне сәйкес болды: Жалғас – 57,1 келі, ал қарсыласы Эби – 56,8 келі.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

08 Nov, 10:34


⚡️Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов өзінің кететіні туралы хабарлады

Бүгін ҚФФ отырысында менеджер өзінің кетуі туралы хабарлады.

Барменқұлов 2022 жылдан бастап ҚФФ президенті болды. Ол басқарған уақытта Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионаттарына іріктеу кезеңінде өз тарихында үздік нәтижесін көрсетті.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

08 Nov, 08:19


«Пафос» — «Астана» матчынан 7 кадр 📸

Конференция лигасының үшінші турында елордалық ұжым минималды есеппен жеңілді.

🇷🇺 @QSportRu
🇰🇿 @QSportQazaqstan

Qsport Qazaqstan

08 Nov, 07:29


ҚПЛ соңғы туры, футзал, РПЛ және жағажай волейболы

Демалыста ішіңіз пыспайтынына кепілдік береміз 📺

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

08 Nov, 06:23


UWW әлем рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады

Халықаралық күрес федерациясының рейтингінде Ержет Жарлықасын 63 кг дейінгі салмақта1-орынға шықты.

Грек-рим күресі шеберінің еншісінде 47000 ұпай бар.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

08 Nov, 05:26


Еуропа және Конференция лигасының түндегі ойындарына бейнешолу👇

Галатасарай - Тоттенхэм
🎞 YouTube

АПОЭЛ - Фиорентина
🎞 YouTube

Челси - НОА
🎞 YouTube

Лацио - Порту
🎞 YouTube

Юнион Сент-Жиллуа - Рома
🎞 YouTube

Манчестер Юнайтед - ПАОК
🎞 YouTube

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

08 Nov, 05:11


🤩 Жұмаға арналған трансляция кестеміз

Бүгін не көрсетеміз ⬇️

🔺 QArena арнасында – жағажай волейболы:
17:00 – Pro Tour. Elite 16, Рио-де-Жанейро, ерлер.
19:00 – Pro Tour. Elite 16, Рио-де-Жанейро, әйелдер.
21:00 – Pro Tour. Elite 16, Рио-де-Жанейро, ерлер.

🔺 QFootball арнасында – футзал:
15:30 – «Ақтөбе» – «Каспий», 6-тур, Қазақстан Чемпионаты

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

08 Nov, 04:48


Өткен күннің дайджест топтамасы ⬇️

➡️Флик келгелі «Барселонаның» статистикасы ерекше

➡️Хаби Алонсо «Реалдың» бас жаттықтырушысы бола ма?

➡️Өзбекстандық Абдукадир Хусанов 1-лигадағы қазан айының үздік ойыншысы атанды

➡️ 17 жастағы қорғаушы Пау Кубарсидің жарақаты

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

07 Nov, 17:15


⚡️ Бүгін «Астана» «Пафоспен» ойнайды

Конференциялар лигасының жалпы кезеңінің үшінші турында қазақстандық клуб 22:45-те Кипр чемпионатының көшбасшысымен кездеседі.

Өткен турдағыдай, «Астана» Негізгі емес құраммен ойнайды, өйткені 11 қарашада чемпионатта матч болады - мүмкін чемпионат.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

07 Nov, 15:05


🔥 Жексенбі, 10 Қарашада 2024 жылғы Футболдан Қазақстан чемпионатының қорытынды туры өтеді

8 жылда алғаш рет чемпиондық атақтың тағдыры соңғы турда шешіледі! Бірден алты команда жеңіске, жүлделі орындарға және Еурокубокқа шығуға үміткер!

Барлық матчтар қазақстандық уақыт бойынша сағат 14:00 — де басталады, ал біздің эфир-жарты сағат бұрын. Ештеңені жіберіп алмау үшін-сүйікті комментаторларыңыздың студиялық қосындылары бар бірыңғай мультитрансляцияны көруге шақырамыз.

Бір эфирде сіз 6 ойынның барлық голдары мен негізгі сәттерін, LIVE режиміндегі турнир кестесін, аналитикалық материалдарды және стадиондардан қосылуларды көре аласыз. Шақырылған қонақ ретінде Қазақстан ұлттық құрамасының экс-жаттықтырушысы Магомед Адиев те эфирге шығады!

10 Қарашада симулкастты қараңыз. Эфир сағат 13:30-да Q Football телеарнасында, сайтта басталады QFootball.kz және Q Football мобильді қосымшасында.

Біз бірге елдің жаңа чемпионының атын білеміз! 🔜

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

07 Nov, 12:00


Чемпиондар лигасының ойын күнінің маңызды сәттері 📹

Кунденің үш көмекшісі, Корреа голы және «Крвена жұлдыздары» голдары 🤩

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

07 Nov, 10:50


☄️ Фрэнк Лэмпард-ХХІ ғасырдағы «Челсидің» үздік ойыншысы

Жартылай қорғаушы Goal нұсқасы бойынша ХХІ ғасырдағы клубтың үздік 25 футболшысының рейтингін басқарды. Азар-2 - ші, Дрогба-3-ші.

👏 — лайық.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

07 Nov, 09:26


17 жастағы қорғаушы Пау Кубарсидің ойыннан кейінгі беті — шок 😮

64-минутта қорғаушы Урош Спайич Кубарсидің тікенектерін тікелей бетіне тигізді. Пау бірден көрсетті: бәрі жақсы. Ол мұзбен кетіп қалды, содан кейін оған он тігіс салынды.

Алаңда Фермин Лопес қорқынышты нәрсе жоқ екенін түсінді-Паудан оның қалай екенін сұрады және жаңалықты Роберт Левандовскийге күлімсіреп жеткізді.

Кубарси тыныш суретке түсіп, растады: бәрі жақсы, бірақ тыртықтар қалады. Тіпті келесі матчта ойнауға дайын.

Журналист Джави Мигель Кубарсидің «Сосьедадқа» қарсы шығуы үлкен мәселе деп жазады. Клуб шынтақпен немесе доппен қатты соққы болған жағдайда тыртық ашылуы мүмкін деп алаңдайды. Мүмкін, Кубарси бетперде киіп шығады.

👏 — Пуйолдың лайықты мұрагері

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

07 Nov, 09:21


Доннарумма үш соққыдан кейін «Атлетикодан» 2 гол жіберіп алды 😮

18-ші минуттан 84-ші минутқа дейін қонақтар мүлде ұрған жоқ

Жақсы қақпашы? 🤔

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

07 Nov, 08:24


⚡️ Өзбекстаннан келген Абдукадир Хусанов 1-лигадағы қазан айының үздік ойыншысы атанды

Өзбекстаннан келген футболшы қазан айында Франция чемпионатының үздік жас ойыншысы атанды. 20 жастағы "Ланс" қорғаушысы 65 жекпе-жектің 55-ін жеңіп алды – бұл ең жақсы нәтиже.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

07 Nov, 08:11


Хаби Алонсо «Реалдың» бас жаттықтырушысы ма?🤔

Леверкузендік «Байердің» бас бапкері Хаби Алонсо мадридтік «Реалды басқаруға ауызша келісуге жақын. Бұл туралы Teamtalk хабарлайды.

Дереккөздің хабарлауынша, Испания клубының президенті Флорентино Перес бірнеше ай бойы Алонсоның айналасымен тікелей байланыста болды. Бұл Ла Лигадағы «Барселонадан» (0:4) және Чемпиондар Лигасындағы «Миланнан» (1:3) жеңілістерді қамтитын соңғы матчтардағы «кілегей» ойынының фонында орын алады.

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

07 Nov, 07:34


Чемпиондар лигасының ойын күнінің кадрлары 📸

ПСЖ жеңілісі, «Баварияның» минималды жеңісі және «Барселонаның» 5 голы 🤩

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

07 Nov, 04:01


Бүгінгі іс-шаралар кестесі ⬇️

QLeague:

19:20 Конференциялар лигасы, 3 тур, «Викингур» - «Балуан» Б-Л
22:35 Еуропа Лигасы, 4 тур, «Галатасарай» - «Тоттенхэм Хотспур»
0:50 Конференциялар лигасы, 3 тур, «Челси» - «Ноа»

QArena:

17:00 Жағажай волейболы. Pro Tour. Elite 16 Rio de Janeiro, ерлер
19:00 Жағажай волейболы. Pro Tour. Elite 16 Rio de Janeiro, әйелдер

22:35 Еуропа Лигасы, 4 тур, «Юнион» - «Рома»
0:50 Еуропа Лигасы, 4 тур, «Хоффенхайм» - «Лион»

QFootball:

18:00 5 тур, «Ақтөбе» -«Каспий». Қазақстан Чемпионаты. Футзал

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

06 Nov, 20:05


📊 «Барселона» статистикасы ерекше

Фликтің командасы «Бавария» мен «Реал» жеңді. Бүгін «Барселона» Чемпиондар Лигасында «Крвена жұлдызына» қарсы ойнайды.

Матчты Каренада сағат 00:45-те көріңіз 🔜

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu

Qsport Qazaqstan

06 Nov, 15:31


Мюнхендегі Чемпиондар лигасының кубогы 😍

«Бавария» - «Бенфика» матчы сағат 00:50-де басталады. Ойынды QLeague сайтынан қараңыз 🔜

🇰🇿 @QSportQazaqstan
🇷🇺 @QSportRu