Últimas Postagens de Жаңалықтар - Qaz365.kz (@qaz365kz) no Telegram

Postagens do Canal Жаңалықтар - Qaz365.kz

Жаңалықтар - Qaz365.kz
Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿

Жарнама бойынша: @bs2906
@aidananagiyeva
13,292 Inscritos
5,588 Fotos
1,267 Vídeos
Última Atualização 12.03.2025 10:09

O conteúdo mais recente compartilhado por Жаңалықтар - Qaz365.kz no Telegram

Жаңалықтар - Qaz365.kz

28 Feb, 06:06

962

Отыз күн ораза ұстаудың қандай пайдасы бар

Ораза ұстаудың адам денсаулығына әсері қандай? Ауызашар мен сәресінде қалай тамақтанған дұрыс? Бұл жайында эндокринолог, нутрициолог мамандар пікір білдірді.

Адам күніне кем дегенде 14 сағат ішіп-жеуден тыйылғандықтан, ағзада жасушалар жаңарып, әлсіз, ескілері өздігінен жойылады. Сондай-ақ, ауыз бекіту кезінде дұрыс тамақтанып, зиян тағамнан бас тартатын болса, бұл  иммунитетті де күшейтеді екен.

Оразаның адам ағзасына пайдасы өте орасан зор. Біріншіден, бізде аутофогия процесі іске қосылады. Яғни, ағзадағы ескі клеткалар өзін өзі қортып, ағзадан шығарып отырады
– дейді эндокринолог маман Балзия Шыныбекова.

Оразаны кімдерге ұстауға болмайды?

Ол біріншіден, қан диабеті бар жандар. 1 типті, 2типті. Асқазан-ішек жолындары аурулар, оған асқазанның жарасы жатады. Өтте тас болатын болса. Ішек аурулары және де қан қысымы бұзылған науқастарға ораза ұстау денсаулығының нашарлауына әкеп соғуы мүмкін. 

Ораза тұту адам ағзасындағы бірнеше оң өзгеріске әкеледі:
Адам ағзасын улы заттардан тазартады, 
Тері ауруларымен күреседі,
Қант диабетіне тосқауыл болады, 
Қан қоюлануының алдын алады, 
Ас қорыту жүйесінің дем алуына мүмкіндік береді.
Ал ораза кезінде қалай тамақтанған дұрыс?

Ауызашар уақытында жылы судан бастап ауыз ашу керек. Ол не үшін, не себепті 10-16 сағат аш жүргеннен кейін өт асқазанға бөлінуі керек. Ол қай уақытта бөлінеді? Тамақты көріп, тамақ ішуге дайындалып жатқанда бөлінеді. Содан кейін жақсы, жеңіл тамақтардан бастайды. Әр тамақтың құрамында ақуыз болуы керек, күрделі көмірсулар болу керек және дәнді-дақылда, жеңіл майлар. Жеңіл тағамнан бастаған кейін ас қорыту да жақсы болады. Сәресіні ішкенде тамақты көп жеуден, сұйықты көп ішуден аулақ болу керек. Күндіз аштықты сезінбеу үшін әрі тағам ұзағырақ қорытылуы үшін «көкөністер мен дәнді дақылдар, жемістер секілді күрделі көмірсуларды жеу керек.

Рамазан айында рухани тұрғыдан тазарып,  денсаулығыңыз нығайып, қуатыңыз артсын. Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!
Жаңалықтар - Qaz365.kz

27 Feb, 10:11

1,192

Астаналық әйелдерге 8 наурызға орай 9830 теңгеден беріледі

Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII қаулысымен бекітілген елорда бойынша әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлемелерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға – 36 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК (9830 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілетін болады.

Төлем көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әлеуметтік аз қамтылған аналарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде жүзеге асырылады.
Жаңалықтар - Qaz365.kz

27 Feb, 08:03

1,132

Енді әскери резервтегі қазақстандықтарға жалақы төленеді

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екінші оқылымда мақұлдады.

Құжат арқылы резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарттың мерзімі, оны жасасудың және сабақтар, жиындар өткізу тәртібі айқындалады. Келісімшарт ерікті түрде үш жылға жасалатын болады, ал жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар мен жиындар ай сайынғы үш күнге дейінгі сабақтарды қоса алғанда, жылына күнтізбелік алпыс күннен аспайтын уақытты алады.  
Жаңалықтар - Qaz365.kz

27 Feb, 06:11

976

Іздеуде болған Ақтау әкімінің экс-орынбасары Қазақстанға жеткізілді

Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе отырып, іздеуде болған Сәдуақасов Т.Х.-ны Қазақстан Республикасының аумағына жеткізді.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Сәдуақасов аса ірі көлемде алаяқтық жасады және лауазымды тұлғаларға пара беруге итермеледі деген күдікке ілінген.

"2023 жылғы шілде айында Сәдуақасов Т.Х. мен адвокат Құрманбаев С.Н. өздерінің қызметтік байланыстарын пайдаланып, Долгалев В.И.-дің іскерлік серіктестеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастау мәселесін шешуді ұсынған.

Аталған мәселені шешу үшін Сәдуақасов Т.Х. мен Құрманбаев С.Н.-ға заңсыз сыйақы ретінде 225 млн теңге беру жөнінде келісім жасалған. Алайда күдіктілер параның алғашқы бөлігі – 90 млн теңгені алғаннан кейін бұл қаражатты өз пайдасына жаратқан және өз міндеттемелерін орындамаған.

Кейін Сәдуақасов Т.Х. қылмыстық жауапкершілікке тартылудан қауіптеніп, соттан жасырынған", - делінген хабарламада.

Хабарламада Сәдуақасовтың мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені, оны Өзбекстан Республикасының Шекара қызметі өкілдері ұстағаны айтылған. Сондай-ақ оған қатысты шекараны заңсыз кесіп өткені үшін қылмыстық іс қозғалған.
Жаңалықтар - Qaz365.kz

27 Feb, 05:26

904

«Бас-ми жарақатын алған». Семейде оқушының жағдайы хабардар етілді

Семейде дәрігерлер соққыға жығылған 6 сынып оқушысының қазіргі жағдайын айтып берді.

2013 жылы туған баланың жабық бас-ми жарақаты, басында және аяқтарында көптеген гематомалар анықталды. Оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланың жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. Оны тексеріп, өміріне қауіп жоқ екенін анықтады. Пациент педиатр, травматолог және невропатологтың бақылауында.
Жаңалықтар - Qaz365.kz

26 Feb, 13:14

1,033

Қазақстанның қай өңірінде ер адамдар декретке жиі шығады

Былтыр елімізде 277 мың адам бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алса, соның 500-ге жуығы — ер адам.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ мәліметінше, декреттік демалыста отырған ерлердің үлесі Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облысында жоғары.

Мәселен Павлодарда әлеуметтік төлем 2023 жылы 7 865 адамға тағайындалған. Соның 40-ы — ер адам. Өткен жылы 7825 әйел өмірге нәресте әкелсе, бала күтімімен 33 әке үйде отырған.

СҚО-да бала туу көрсеткіші екі жылдан бері бірқалыпты, шамамен 4,5 мың нәресте дүниеге келген.

Алайда 2023 жылы 10 ер адам, былтыр 18 ер адам декреттік демалысқа шыққан. Үлесі — 0,5%.

Бұдан кейін 0,3% көрсеткішпен Алматы, Астана қалалары және Жамбыл облысы келеді.

Қызылорда мен Батыс Қазақстан облыстарында бала күтімімен үйде отыратын ерлердің саны өте аз.

Қызылордада былтыр шамамен 14,7 мың әйел босанған, екі жағдайда ғана бала күтіміне байланысты ер адамдар үйде отырған.

Бала туу көрсеткіші бойынша алда тұрған Түркістан облысында былтыр 37 мың сәби дүниеге келіп, 29 ер адам декреттік демалысқа шықты.

Жалпы былтыр қор бала күтіміне байланысты кірісінен айырылғандарға 404,1 млрд теңге әлеуметтік төлем жасаған.

Мамандардың айтуынша, қазір бала туғаннан кейін баланың ата-анасының біреуі біржолғы әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы ала алады. Бірінші-үшінші балаға — 38 АЕК, төртінші баладан кейін 63 АЕК мөлшерінде төлем жасалады.

Жұмыс істейтін анасына немесе әкесіне 1,5 жасқа дейін бала күтіміне қордан әлеуметтік төлем жүргізіледі. Жұмыс істемейтіндерге бюджеттен мемлекеттік жәрдемақы беріледі.

Бірінші балаға — 5,76 АЕК, екінші балаға — 6,81 АЕК, үшінші балаға — 7,85 АЕК, төртінші баладан бастап 8,9 АЕК мөлшерінде төленеді.
Жаңалықтар - Qaz365.kz

26 Feb, 06:26

949

⚡️Астана сауда-ойын сауық орталығы өртеніп жатыр

Елорда өрт сөндірушілері Нұра ауданы Тұран даңғылы бойында орналасқан сауда-ойын сауық орталығындағы өртті сөндіріп жатыр.

Құтқарушылар жоғары дәрежелі шақыртуға барды.
Жаңалықтар - Qaz365.kz

21 Feb, 18:58

234

Белгілі жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

Қаралы хабарды Алаш жұртына Қазақстан жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов естіртті


Дулат Исабеков 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында туған. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Жазушы әр жылдары Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор (1967-1968), Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор (1968-1970), «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі (1971-1976), «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі (1976-1980), Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы (1980-1988), Қазақ теледидарының бас директоры (1988-1992), «Жазушы» баспасының директоры (1992-1995), Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, ҚР Мәдениеттану ғылымизерттеу институтының директоры болып еңбек еткен.
Жаңалықтар - Qaz365.kz

21 Feb, 11:31

645

93 блогерге ескерту қателікпен жіберілген: Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеме жасады

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 19 ақпанда 53,3 млрд. теңгеге 594 блогер бойынша бұрын жіберілген 1 014 хабарламадан жалпы сомасы 9,8 млрд теңгеге 93 блогерге жіберілген 169 хабарламаны кері қайтарып алу жүргізілгені туралы хабарлады.

Хабарламалардың күшін жоюдың себебі оларды жіберу және өңдеу процесінде техникалық ақаулардың пайда болуынан. Қазіргі уақытта жойылған техникалық қателерді ескере отырып, кері қайтарылған хабарламаларды қайта қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді.
Жаңалықтар - Qaz365.kz

21 Feb, 09:00

658

Алматы жол сапасын қалайша 95%-ға жеткізбекші

Биыл Алматыда жол жөндеу жұмыстары ерте басталады.

Алматыда жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын басталмақшы. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында магистральді көшелердегі шұңқырларды жою жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары кезінде жол қозғалысына ешқандай шектеу қойылмайды.

Асфальт-бетон зауыты да мерзімінен бұрын іске қосылды. Ол «жылы асфальт» деп аталатын жаңа технологиялық асфальт қоспасын өндіреді. ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, Э. «ҚазжолҒЗИ» әзірлеген бұл әдіс республикалық тас жолда сыналып көрген.