Neueste Beiträge von Жаңалықтар - Qaz365.kz (@qaz365kz) auf Telegram

Жаңалықтар - Qaz365.kz Telegram-Beiträge

Жаңалықтар - Qaz365.kz
Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿

Жарнама бойынша: @bs2906
@aidananagiyeva
13,292 Abonnenten
5,588 Fotos
1,267 Videos
Zuletzt aktualisiert 12.03.2025 10:09

Ähnliche Kanäle

EGOV.PRESS
52,270 Abonnenten
Selteyev's View
2,480 Abonnenten

Der neueste Inhalt, der von Жаңалықтар - Qaz365.kz auf Telegram geteilt wurde.

Жаңалықтар - Qaz365.kz

11 Mar, 09:30

774

Берік Уәли облыс әкімі болғалы алғаш рет Президентке есеп берді

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Облыс әкімінің баяндамасынан:

жергілікті бюджеттің шығыс және кіріс бөлігіне жан-жақты талдау жүргізілген. Үнемделген қаражат өзекті мәселелерді шешуге жұмсалады;
2028 жылға дейін жалпы құны 2,2 триллион теңге болатын және 8 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 24 инвестициялық жобаның тізімі жасақталған;
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 нысанның және оқушылар сарайының құрылысы қолға алынған;
аспалы көпірді реконструкциялаудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, Ертіс өзені арқылы өтетін тағы бір көпір салынып жатыр;
Семей қаласында айналма жол салу мәселесі пысықталуда.

Мемлекет басшысы облыс әкіміне Үкіметпен бірге өңірді қарқынды дамыту жолдарын қарастырып, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешуді тапсырды.
Жаңалықтар - Qaz365.kz

07 Mar, 11:16

1,454

Қазақстанда қанша әйел тұратыны белгілі болды

Оның 64,4 пайызы қалаларда тұрса, 35,6 пайызы ауылдық жерлерде екен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Олардың мәліметінше, Қазақстандағы әйел саны 10 381 377-ге жеткен. Бұл дегеніміз - еліміздегі жалпы халық санының 51,1 пайызы.

Әйелдер санының көптігі бойынша бірінші орында – Алматы, онда 1,2 млн әйел есептелген. Екінші орын Түркістан облысына түесілі, ол жақта әйел саны 1 млн екен. Үшінші орында – Астана қаласы, бұ жақта 803 мың әйел. Қызығы, Астанада соңғы он жылда әйел санының қатты өсімі байқалған. Ал Алматыда қыз-келіншектер саны 37,5%-ға, Маңғыстау облысында 32,5%-ға өскен.

Жас жамасына қарай жіктесек, әйелдердің 3,3 млн 18 жасқа дейінгі жастағылар. 18-60 жас аралығындағы қыз-келіншектер саны 5,3 млн. 60 жастан асқан апаларымыз 1,7 млн екен.

Қазақстандағы әйелдердің орташа жасы – 34,1. Бүгінде 4,4 млн әйел әртүрлі салаларда жұмыс істейді.
Жаңалықтар - Qaz365.kz

07 Mar, 07:32

1,397

Өзбектер Temu-ға тыйым салмақ, қазақтар неге қамсыз

Шетелдік маркетплейстер Қазақстанның өз өндірушілерін қыса түсті. Өзбек билігі содан сабақ алып, Қытайдың Temu маркетплейсінің қарқынды түрде танымал болуына байланысты оны шектей бастады.

4 наурыздан бастап Ұлттық перспективалық жобалар агенттігі азаматтарға бұл платформада тапсырыс жасамай, бұрын рәсімделген тапсырыстар бойынша ақшаны қайтару туралы өтініш беруді сұрады. 20 наурыздан бастап шетелдік электрондық сауда платформаларына, соның ішінде Temu маркетплейсіне шектеулер енгізетінін ресми түрде мәлімдеді.

Өзбекстанның электрондық коммерция басқармасының басшысы Камронбек Мұхаммадиев Temu-дың агрессивті түрде жаңа нарықтарға еніп жатқанын, бірақ жергілікті заңдарды сақтамайтынын атап өтті.

Қазақстан қамсыз ба
Шетелдік маркетплейстерге қосымша құн салығын төлетуді бұрын «Ақ жол» партиясының депутаттары көтерген еді. Экономист Сапарбай Жобаев бұл бастаманы дұрыс деп есептейді.
Жаңалықтар - Qaz365.kz

06 Mar, 12:05

1,407

Қазақстан гендерлік теңдік жолында: мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардың 39%-ын әйелдер атқарады

Мемлекет басшысының бастамасымен жетекші билік органдарында әйелдерге арнайы квоталар берілді. Нәтижесінде, Парламент пен мәслихаттардағы әйелдер үлесі артты, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Қазіргі кезде Парламентте 28 әйел депутат бар, бұл жалпы депутаттар санының 18,9%-ы. Мәслихаттарда әйелдердің үлесі – 22,7%-ға (3 415 депутаттың 774-і) жетті.

Мемлекеттің 21 министрлігінде, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және ақпарат министрліктерінде 3 әйел министр, 8 вице-министр, 3 аппарат басшысы бар. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынышты және есеп беретін 14 мемлекеттік органда 6 әйел басшылық қызмет атқарады. Ел бойынша судья әйелдердің жалпы саны – 1 248 адам (53%).

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 55,8%-ға (84 482 мемлекеттік қызметшінің 47 158-і – әйелдер) жетті. Басшылық лауазымдардағы әйелдердің жалпы үлесі – 39,1% (23 947 басшының 9 363-і).

Сонымен қатар Үкімет әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға көп көңіл бөлуде. Шағын және орта бизнес иелерінің құрылымында әйел кәсіпкерлердің үлесі 48%-ға жетті.

Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында бірқатар бағдарламалар іске асып жатыр. Мәселен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қызмет еткен кезең ішінде 4,1 млрд теңге көлемінде 105 мыңнан астам әйелдің жобасына қолдау көрсетті.

Бүгінде әйелдердің тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған арнайы бағдарламалар бар. «Отбасы банк» пен Азия даму банкі бірлесіп, «Ұмай» ипотекалық бағдарламасын іске қосты. Үш жыл ішінде бұл бағдарлама 3 660 қазақстандық әйелге баспана сатып алуға көмектесті. Жалпы несие көлемі – 41,2 млрд теңге. Сондай-ақ, асыраушысынан айырылған әйелдер де енді мемлекеттік тұрғын үй алу кезегіне жеке санат ретінде енгізілетін болады.

Өткен жылғы ең маңызды оқиғаларының бірі – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңның қабылдануы. Заңда қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылып, отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша бірқатар нормалар бекітілді.

Президент тапсырмасы бойынша, Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінде «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» басқармасы құрылды. Әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстарды тергеу үшін арнайы әйел тергеушілер тағайындалды (республика бойынша тергеу-жедел топтарына 280 әйел тергеуші енгізілді).

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар 16 мың әйелдің құқығын қорғады.

Аталмыш заңдағы жаңашылдықтардың бірі – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігі үйлестіретін бірыңғай Отбасын қолдау орталықтары желісін құру. Осыған байланысты 2024 жылдың маусым айынан бастап мұндай орталықтардың саны 33-тен 104-ке дейін артты.

Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды ерте анықтау мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігі (МАМ), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ), Ішкі істер министрлігі (ІІМ) және Денсаулық сақтау министрлігі (ДС) мамандарынан құралған мобильді жұмыс топтары құрылды.
Жаңалықтар - Qaz365.kz

06 Mar, 09:26

1,329

Республикалық «LEADER TOPIQ» байқауы кезекті кезеңіне аяқ басты

Алматыда білім беру саласындағы үздіктерді анықтайтын республикалық «LEADER TOPIQ - 2025» байқауының ашылу салтанаты өтті. Бес жылдық тарихы бар бұл байқау биыл да білім саласындағы жаңашылдар мен жасампаздарды біріктіріп, «TOPIQ-пен TOP-та бол!» атты республикалық челленджімен ерекшеленді.

Іс-шараға еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының педагогтері мен оқушылары қатысып, байқаудың бес жылдығына өз тілектерін арнады. Биылғы шараның басты жаңалығы – жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін интеллектуалдық ассистент «Qamqor» болды. Qamqor анимациялық кейіпкерге айналып, көк экран арқылы көпшілікті таңғалдырды. «TopIQ.kz» платформасында білім беру процесін жеңілдетуге арналған қызметтері туралы айтып, ұстаздар мен оқушыларға цифрлық білім берудің мүмкіндіктерін кеңінен таныстырды.

❗️Арнамызға жазылуды ұмытпаңыз!
Жаңалықтар - Qaz365.kz

06 Mar, 08:39

1,469

"Алматы жастары" бағдарламасына өтініш қабылдау басталды

2025 жылғы 14-26 наурыз аралығында "Алматы жастары" бағдарламасы аясында жеңілдетілген тұрғын үй несиелерін алу үшін өтініш қабылдау басталады. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі қала жастары қатыса алады7

Әкімдіктің мәліметінше, бағдарламаға қатысуға өтінішті www.almaty-zhastary2025.kz ресми сайты арқылы беруге болады, авторизация электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарлама аясындағы несиелендіру шарттары:
Ең жоғарғы несие сомасы – 20 млн теңгеге дейін;
Пайыздық мөлшерлеме – 5 пайыз;
Бастапқы жарна – 10 пайыз;
Бастапқы және қайталама тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі;
Бағдарлама бойынша қамту – кемінде 2550 адам, оның ішінде 1050 "Жұмыс істейтін жастар" бағдарламасының жалға алушылары.
Бағдарламаға қатысу үшін негізгі талаптар:

Өтініш беру кезінде өтініш беруші мен оның жұбайы (зайыбы) Алматы қаласында тұрақты тіркеуде тұруы тиіс.
Өтініш берушінің жасы өтініш беру сәтінде 35 жастан аспауы тиіс (жұбайының жасына қарамастан). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады (бар болса).
Өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үй болмауға тиіс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлату фактілері болмауы керек.
Өтініш беруші соңғы 6 (алты) айда Алматы қаласында ресми түрде жұмыс істеген болуы керек және міндетті зейнетақы жарналары төленуі қажет. Қатысушы таңдаған келесі салалардың бірінде еңбек өтілі болуы керек: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, журналистика, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары, қалалық коммуналдық қызметтер.

"Жұмыс істейтін жастар" бағдарламасының (2019-2024 жылдар) жалға алушылары үшін жас шектеулері, тұрғылықты тіркеу талабы және ресми еңбек өтіліне қойылатын талаптар қолданылмайды.

Толық ақпарат www.almaty-zhastary2025.kz сайтында қолжетімді. Анықтама телефоны: +7 (727) 225 14 57.
Жаңалықтар - Qaz365.kz

01 Mar, 10:54

683

Алғыс айту күні құтты болсын!

С Днем благодарности!


t.me/aqorda_resmi
Жаңалықтар - Qaz365.kz

28 Feb, 16:52

1,054

Зеленский мен Трамптың кездесуі басталды

Дәл қазір Вашингтон қаласында Владимир Зеленский мен Дональд Трамп кездесіп жатыр. Мэриленд штатындағы әуежайға АҚШ уақытымен кеше, кешке қонған Украина президенті бүгінгі кездесуде, пайдалы қазбалар бойынша келісімге қол қоюы керек.
Жаңалықтар - Qaz365.kz

28 Feb, 11:19

8,568

«Отандық кәсіпкерлерді тұншықтырып жатыр»: Temu, Amazon және AliExpress-терге қосымша құн салығын салу ұсынылды

Шетелдік маркетплейстерге қосымша құн салығын төлетуді бұрын «Ақ жол» партиясының депутаттары көтерген еді. Экономист Сапарбай Жобаев бұл бастаманы дұрыс деп есептейді.

Депутаттар не ұсынды
Депутаттардың айтуынша, импортты реттеу әрдайым бюджет кірісінің маңызды арналарының бірі. Бұл сектор бюджеттің толығуына ғана емес, отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау тұрғысынан да айтарлықтай маңызға ие. Қалыптасқан жағдайды айқын көрсететін мысалдардың бірі – шетелдік маркетплейстер. Олар, өзге артықшылықтарымен қатар, 200 еуроға дейінгі бағасы бар сәлемдемелерді кедендік баж салығынсыз әкелу құқығын пайдаланады. 2023 жылы шетелдік маркетплейстер Қазақстанға жалпы құны 505 млрд теңге болатын тауар жеткізген, алайда бюджетке небәрі 24 млрд теңге ғана салық төлеген, бұл айналымның 4,8%-ын ғана құрайды.

Толығырақ
Жаңалықтар - Qaz365.kz

28 Feb, 10:29

929

BI Group пен Bazis сияқты ірі компанияларға Бектенов екі апта уақыт берді

Премьер-министр Олжас Бектенов командасындағы ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринмен және қаржы министрі Мәди Такиевпен жұмыс кеңесін өткізді. Салық-бюджет реформасы және салық түсімдерін бақылауды күшейту мәселелері қаралды.

Салықтарды оңтайландыру және пайданы азайту үшін компаниялар «құжаттық» шығындарды арттыру принципін ұстанады. Бір компания тауарларды сатып алады және оны оңтайландырылған режимде жұмыс істейтін басқа заңды тұлғаға өзіндік құны бойынша қайта сатады. Нәтижесінде, бірінші компания шығынды көрсетсе, ал екіншісі жеңілдік шарттарын пайдалана отырып, ҚҚС төлеуден жалтарып отыр.