𝙌𝘼𝙍𝘼𝙌𝙊𝘽𝘿𝘼 𝙈𝙐𝙎𝙄𝘾 @qaraqobdamusic Channel on Telegram

𝙌𝘼𝙍𝘼𝙌𝙊𝘽𝘿𝘼 𝙈𝙐𝙎𝙄𝘾

@qaraqobdamusic


𝙌𝘼𝙍𝘼𝙌𝙊𝘽𝘿𝘼 𝙈𝙐𝙎𝙄𝘾 (English)

Welcome to 𝙌𝘼𝙍𝘼𝙌𝙊𝘽𝘿𝘼 𝙈𝙐𝙎𝙄𝘾, a Telegram channel dedicated to bringing you the best music from the Qaraqobda region! If you're a fan of traditional Qaraqobda music or looking to explore something new, this is the channel for you. Whether you're looking for upbeat folk tunes or soulful ballads, you'll find a wide variety of music to enjoy. Our channel is updated regularly with the latest hits and classic favorites, so you'll always have fresh content to listen to. Join our community of music lovers and discover the rich musical heritage of Qaraqobda. Subscribe now to 𝙌𝘼𝙍𝘼𝙌𝙊𝘽𝘿𝘼 𝙈𝙐𝙎𝙄𝘾 and start your musical journey today!

𝙌𝘼𝙍𝘼𝙌𝙊𝘽𝘿𝘼 𝙈𝙐𝙎𝙄𝘾

21 Oct, 16:41


Жаңа трек 🎧

𝙌𝘼𝙍𝘼𝙌𝙊𝘽𝘿𝘼 𝙈𝙐𝙎𝙄𝘾

21 Oct, 16:40


QARAQOBDA- Қарақат

Мәтін

Шабытпен суреттеймін сенің әдемі бейнеңді,
Ұйқымды ұрладыңғой қайтемін жаным мен енді?
Жұлдыздай жанып келіп жарқыраттың бар әлемді,
Көзіңмен шешіп таста жүректегі мәселемді,
Сен мүлде басқа жансың басқаларға ұқсамайсың,
Еріккен жігіттерге уақытыңды жұмсамайсың,
Басқа қыздар секілді бетпердені ұстамайсың,
Шын жүректен шыққан әніме қалай қарайсың?
Түндегі айымдайсың өзің ғана жарқырайсың.
Арайлы күн секілді нұрыңменен жадырайсың,
Көздедің шын сезімді байлығына қарамайсың,
Бір өзің ғана қажетсің сен маған ауадайсың,
Сен ғана шынайысың сондықтан маған ұнайсың,
Жайнаған гүлімдейсің қайта жаққан сенімімді,
Сақтадым мәңгілікке жүрегіме есіміңді,
Жаным бірге болайық бересіңбе келісімді?

Қ/сы

Сен үшін төгіледі бар әлемге шапағат,
Сенімен сырласу маған үлкен марапат,
Сені көрсем жазылады жүректегі жарақат,
Әнім саған арналады жаным менің Қарақат..


Естігім келет күнде сенің әдемі үніңді,
Есімде жаттап алдым жаным сенің нөміріңді,
Сенімен сырласайын тауып сенің көңіліңді,
Махаббат кітап болса сеннен алам білімімді,
Сен жаным қуансын деп мен арнадым өнерімді,
Түсімде көріп жүрмін мөлдіреген көздеріңді,
Тамсанып ұнатамын ашық жарқын мінезіңді,
Жаныма жақындатам сенің жылы лебізіңді,
Мен енді тапқандаймын өмірдегі егізімді,
Өзіңмен өткіземін жылдарыммен мезгілімді,
Құшақтап сені қатты жылытайын қолдарыңды,
Тіледім Тәңірімнен тек жанымда болғаныңды,
Ешкімде ренжітпейді ұмытпашы қорғаныңды,
Қолыңа жүзік тағам он сегізге толғаныңда,
Не келіп не кетседе өтінемін бол жанымда,
Келмесең қалар едім жалғыздықтың тозағында..

Қ/сы

Сен үшін төгіледі бар әлемге шапағат,
Сенімен сырласу маған үлкен марапат,
Сені көрсем жазылады жүректегі жарақат,
Әнім саған арналады жаным менің Қарақат..

𝙌𝘼𝙍𝘼𝙌𝙊𝘽𝘿𝘼 𝙈𝙐𝙎𝙄𝘾

04 Aug, 17:42


Жаңа трек 🎧

𝙌𝘼𝙍𝘼𝙌𝙊𝘽𝘿𝘼 𝙈𝙐𝙎𝙄𝘾

04 Aug, 17:41


QARAQOBDA- СЕНІМЕН (2024)

ТЕКСТ

Сенімен басталады естеліктің күнделігі,
Сенімен танысқан ең қызықты күндер еді,
Алдыда не күтеді кездесеміз кім біледі?
Кім енді ерітеді суық мұзды көңілдегі,
Бәлкім бізге тиіп кетті адамдардың көздері,
Жо жоқ мүмкін емес бәлкім екеуміз кінәлі,
Сен менің сырқатымсың саған қарсы барма дәрі?
Бізге бәрі қарсы еді орындалды армандары,
Әркімнің өз өмірі кім біз үшін алаңдады,
Сен жалғыз қыз емессің осы үлкен ғаламдағы,
Сен өзің құбылтасын ауа райын қалаңдағы,
Мәңгіге өшіремін сезімдерді арадағы,
Мен түнгі Ақтөбені жалғыз өзім араладым,
Өртедім суретіңді соңғы ретте қарамадым,
Баралмадым жаныңа осы менің бар амалым,
Жылытпадың жырақтадың сезімімді қаламадың,
Қателік болды сені бақытым деп санағаным,
Қояды уақытында жүрегімнің қанағаны,
Ешқандай емі жоқ жүрегімде жара қалды,
Кешегі маған айтқан уәделерің жарамады,
Қызғаныш құртты бәрін арамызды жалғамады,
Мәні жоқ өмірім енді қалай жанданады?
Қараңғы түндерімде енді қашан шам жанады?
Өткен күнді қимасам болашақ шағымданады,
Сен жайлы естеліктер жүзіңді сағындырады,
Төбемде көк аспан бір күні жанымды алады,
Ендігі менсіз арманың орындалады,
Бір күні басқа жан жүректен орын алады,
Ызғарлы қыстан кейін көктем қайта оралады,
Есіме сен түскенде бар ойым тоналады,
Өмірдің кедергісі маған қарай домалады,
Сен салған жаралар уақыт өте жоғалады,

Қайдағы махаббат мен өзімді көп алдадым,
Алдағы күндерімді тағыда өзім жобаладым,
Барынша ұмытамын сағынуды доғарамын,
Бәрібір жоғаламыз Хабар келіп жоғарыдан,
Бақытты етсін сені болашақта сол бір адам,
Қайтесің айналаны бір өзіңе көңіл аудар,
Болады бұйырғаны өйткені өмір алда,
Білемін жауап бермейсің мен шалған қоңырауға,
Сарғайды сағынышым мәңгілік олда өледі,
Қайтадан ұшып келмеші желінің көбелегі,
Неліктен төмендедің мен жоғары өрмеледім,
Мәңгілік бақытымды көздеріңнен көрген едім,
Сен ғана емес негізі өкініштен өртенетін,
Мен сондаймын ақымақпын өз-өзіне көп сенетін,
Күндерді бағала уақытпенен өлшенетін

Тұтатып темекіні көшелерді түтіндетіп,
Маған енді жазба керек емес үміттеніп.

𝙌𝘼𝙍𝘼𝙌𝙊𝘽𝘿𝘼 𝙈𝙐𝙎𝙄𝘾

04 Aug, 14:32


Channel name was changed to «𝙌𝘼𝙍𝘼𝙌𝙊𝘽𝘿𝘼 𝙈𝙐𝙎𝙄𝘾»

𝙌𝘼𝙍𝘼𝙌𝙊𝘽𝘿𝘼 𝙈𝙐𝙎𝙄𝘾

04 Aug, 14:31


Channel photo updated

𝙌𝘼𝙍𝘼𝙌𝙊𝘽𝘿𝘼 𝙈𝙐𝙎𝙄𝘾

06 Oct, 15:15


Channel created