Latest Posts from Narikbi LIVE (@narikbi_live) on Telegram

Narikbi LIVE Telegram Posts

Narikbi LIVE
🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
📍 Amsterdam, Netherlands
18,247 Subscribers
562 Photos
126 Videos
Last Updated 01.03.2025 14:21

Similar Channels

Mihrab.kz
5,860 Subscribers
YUSSUPOV ABLAY
2,500 Subscribers

The latest content shared by Narikbi LIVE on Telegram


«Алламен ант етейін, егер қабірдегілерге “Қалауларыңды айтыңдар” деп мүмкіндік берілсе, олар Рамазан айының бір күнін таңдаған болар еді».

©️ Имам Ибн әл-Жәузи
📚 (Табсира)

Руслан Тай: рэп, демалыс жоспарлау, елді не мазалап жүр / Narikbi LIVE #116

Қонағымыз белгіліп стендап комик - Руслан Тай.

Біздің кезекті шығарылымда Руслан екеуміз өмірімізде не өзгерістер орын алғанын, соңғы жылы елдегі орын алған жағдайлар шығармашылыққа әсері, стендаптағы жаңа есімдермен мен әзілдерді талқылау қызық болды.

https://www.youtube.com/watch?v=pPO9e97Ok7c

Мыңжылқы Бердіқожаев: миға 7500 ота жасаған нейрохирург / Narikbi LIVE #115

Біздің бүгінгі қонағымыз белгілі нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев. Мыңжылқы аға Астанадағы президент ауруханасында директордың орынбасары. Орта Азия елдерінің ішінде миға ең көп ота (7500 астам) жасаған мамандардың бірегейі.

Біз миға қатысты барлық сұрақтар мен аңыздарды ашып шығуға тырыстық:
- Мидың денсаулығы тікелей неге байланысты?
- Стресс қалайша миды зақымдайды?
- Мидағы қатерлі ісікті қалай анықтаймыз?
- Ұйқы, алкоголь мен темекінің миға әсері
және т.б. тақырыптарды қозғадық.

https://youtu.be/N_aUsH81MiY

Duolingo Streaks: Әдет Қалыптастырудың Құпиясы

Соңғы уақытта менде жаңа пайдалы әдет қалыптасты – күнделікті тіл үйрену. Бұл процесті жеңілдету үшін Duolingo қосымшасын қолданамын және күн сайын кем дегенде бір сабақтан өтіп тұруға тырысамын. Қызығы, бұл әдетті үзбей ұстанып жүргеніме 400 күнге жетіп қалды.

Осы жетістіктің басты сыры – streaks (үздіксіз орындалатын тізбек). Duolingo қолданушыларына өз жаттығуларын күнделікті жалғастырып отыру үшін түрлі ескертулер жібереді: push-хабарламалар, email арқылы еске салулар және тағы басқалар. Мақсат – қолданушының тізбекті үзбеуі.

Бұл неге маңызды? Duolingo зерттеулері бойынша, 7 күн қатарынан сабақ өткен адамның оқу процесін тоқтату ықтималдығы 2,4 есе төмендейді екен. Демек, streak неғұрлым ұзақ болса, мотивация соғұрлым арта түседі.

Жақында Duolingo-ның осы streak-ті сақтау механизміне қатысты қызықты зерттеуін оқып қалдым. Қолданушылар әдетте күннің соңына қарай жаттығу жасауды еске түсіреді. Бірақ 23:57-де есіне түскен адам жаттығуларды аяқтап үлгермей, streak-ін жоғалтып алуы мүмкін. 400 күндік тізбекті нөлден бастау – үлкен психологиялық кедергі.

Осы мәселені шешу үшін Duolingo streak сақтау жүйесін қайта қарастырды. Бұрын streak-ті сақтау үшін қолданушы белгілі бір күндік мақсаттарды орындауы керек болса, енді оны сақтау үшін бір ғана жаттығу жеткілікті болып өзгертілді. Ал күндік мақсаттар жеке механизм ретінде қалды. Яғни, streak сақтау бөлек, ал күндік мақсаттарды орындау бөлек бағаланады. Бұл тәсіл қолданушыларға қысымды азайтып, тіл үйрену процесін икемді етті.

Эксперимент нәтижелері өте әсерлі:
- Streak сақтаудың 14-ші күндегі көрсеткіші 3,3%-ға өсті;
- Күнделікті белсенді қолданушылар саны 1%-ға артты;
- 20 күн ішінде күн сайын сабақ өтетін қолданушылар саны 10,5%-ға көбейді.

Алғашында бұл сандар аса үлкен өзгеріс сияқты көрінбеуі мүмкін. Бірақ салыстырып қарасақ, бір жыл бұрын 7 күндік streak жасаған қолданушылар жалпы қолданушылардың үштен бірін құраса, қазір олардың саны жартысынан асады. Яғни, бұл өзгерістің нәтижесінде миллиондаған адамдар күн сайын Duolingo-да тіл үйреніп жүр деген сөз!

Бұл зерттеу әдет қалыптастыруда «аз-аздан, бірақ үздіксіз» қағидасының маңыздылығын тағы да дәлелдейді. Егер бір әдетті қалыптастыру қиын болып көрінсе, оған жету жолын жеңілдетіп көр. Duolingo-ның тәсілі – соның керемет мысалы.

Көзге кішкентай ғана болып көрінетін өзгеріс, ұзақ мерзімде үлкен нәтиже алып келері сөзсіз. Дуолингодан соған дәлел.

Мақаланың өзі: https://blog.duolingo.com/improving-the-streak/

Подкастты аудиода қалай тыңдасақ болады?

Соңғы кезде осы сұрақ жиі түсіп жатыр екен. Негізі, бұл жоба аудио подкаст болып басталған ғой. Сол кезден бастап біз 5 жылдан бері аудио нұсқасын тастамай салып келеміз. Бұл әдетімді тастамаймын бұйырса.

Шын айтсам, видеоға көшкенде аудионы енді кім тыңдайды екен деп ойлап едім. Алайда, уақыт көрсеткендей аудио орны бөлек, өте берік аудитория екен. Себебі, бұл кісілер подкастты құлаққап киіп бэкграундта, серуенге шыққанда, көлік үстінде, спортпен шұғылданғанда тыңдайды. Яғни өте белсенді, дамитын адамдар. Подкаст жасағысы келетін адамдардың құлағына алтын сырға)

Сіз қай кезде тыңдайсыз көбіне?

🎧 Төмендегі сілтемелер арқылы өзіңізге ыңғайлы жерден тыңдай аласыздар:
Apple Podcasts - https://apple.co/384PlgX
Youtube music - https://tinyurl.com/2p829usv
Яндекс Музыка - https://cutt.ly/dQ5CwF9
Spotify - https://cutt.ly/DQ5CrcM
Castbox - https://cutt.ly/xQ5CtAh
Сайт арқылы тыңдау - http://narikbi.podbean.com

Санжар Керімбай: альфа ұрпақ, қуғындалған Сәтпаев, Яссауи жолы және қисса / Narikbi LIVE #114

Бүгінгі қонағымыз белгілі кітап авторы, журналист - Санжар Керімбай. Бұл жолы біз Санжар ағамен жеке кездесуге мүмкіндік алдық.

Жақында ғана шыққан Ғылыми майдан - Қаныш Сәтпаевтан бастап, бала әдебиетіне үңіліп, Яссауи жолымен қатар Санжар ағаның да өткен жолын талқылап, көкейде жүрген сұрақтарды қойдық.

https://youtu.be/g0N0UDkL9Jc

Гений

Мен ес білгелі өзімді менен білімі, біліктілігі жоғары адамдармен қоршауға ұмтылатын едім. Солай жүріп, мен өнер мектебінен (мен балетпен айналыстым, қалай түскенім ұзақ әңгіме), физмат мектепке түскем.

Ол жердегі ақылды балалардың санынан шошыдым. Өзімді бұл ортада көрмедім, себебі деңгейлеріміз тым алыс болатын. Кейін оған да үйреніп, сол ортаның баласы болып қалдым.

Бірақ, кейін олимпиадамен айналыса басталғалы, республикамыздағы ең білімділерін көре бастадым. Ол енді жаңа деңгей болды. Араласа отырып, олардың кейбірі білімі жағынан ғарышта екенін түсінесің. Нағыз гений мынау шығар дейсің.

Мен өз қатарымның генийі деп үнемі бір баланы айтатынмын. Оның есімі Али-Амир. Республикалық физмат мектептің түлегі, мектеп кезінде біз жете алмайтын дәрежеде есеп шығара беретін.

Кейде ол командалық олимпиадаларды жалғыз өзі шығарып, бәрімізді еш қиналмастан ұтатын. Мектеп оқушысы болып, студенттерді озатын. Олимпиаданың нәтижесі шықпай жатып, ол есептердің шешу жолдарын (разбор) түсіндіретін.

Барлық республикалық, халықаралық олимпиадаларды жеңіп, мектеп бітірген соң АҚШ-қа оқуға түсті. Әйгілі MIT университетін бітіріп, халықаралық студенттік олимпиадада орын алған алғашқы қазақ болды.

Студент кезінде талай рет гугл, фейсбукте стажировка өтті. Екі стартап ашып, біреуін гуглға, біреуін эпплға сатты. Қазір жаңа стартап ашып, жүргізіп жатыр.

Али-Амир әлі мен үшін гений статусын ұстап тұр. Жай гений шығар деп ойласаң, оның астында талай еңбек жатқанын түсінесің. Күні кеше Арман Сүлейменов досым сол жігітпен подкаст жазып, сол тарықыптарды ашты. Қарап, тыңдап шығуға кеңес беремін.

30-ға енді толған жігіт. Осындай да қазақ болады екен ау дейсің)

https://youtu.be/JjGCSf5n-Dg?si=adDtR91TAAshX1pu

Тілеген Еркінбеков: сатира - қылмыс емес / Narikbi LIVE #113

Құрметті көрермен, бүгінгі қонағымыз белгілі стендап-комик - Тілеген Еркінбеков.
Соңғы жылдары елімізде стендап өте қарқынды даму үстінде. Тілегенді өткен жылдың стендап сахнасындағы жарқын жұлдызы десем болады.

Біз әзілі өткір әрі өзекті болған Тілегеннің Семейден үлкен қалаға келіп, күзетші жұмысынан бастап, үлкен сахнаға дейінгі жолын ашып өттік.

https://youtu.be/vCdBSZsg8EQ

Аралбек мырзаның подкасын кім қарап еді?
Комментте есте қалған әсеріңізді жаза кетсеңіз)

Осыдан бір жылдан астам біз Аралбек Берікұлы атты мектеп директорымен подкаст жазған едік. Білмеген кісілерге - Аралбек мырза Астанадағы физмат мектебінің директоры болудың орнына, Шығыс Қазақстандағы Құлынжон ауылының директоры болуға шешім қабылдады.

Бұл ауыл мектебін көтеруге арналған арнайы эксперимент болды. Жоба бойынша 3 жылға созылу керек еді. Біз Аралбек мырзамен сол үшінші жылға тамап қалғанда түсірдік. Шыны керек, өзім өте әсер алдым. Комментарийлерде де таң қалған адам аз болмады.

Бәріміз ауылдан шыққанбыз ғой, алайда сол қазіргі ауылдың жағдайын, білім жүйесін, балалардың арман, мақсаттарын ашық талқылап, біраз затқа көзімізді ашқан әңгіме болды.

Енді қызығы, Аралбек аға жоба аяқталған соң қалаға қайтпай, сол ауылда қалуды шешті. Отбасысы бар ретінде бұл шешім қаншалықты қиын түсіне аламын. Өзінің айтуы бойынша - жүйе өзгеруі үшін кему 10 жыл қажет. Яғни, 1 сыныпқа келген бала, 10 сыныпқа келгенде ғана эффект білінеді. Бір буын ауысу керек.

Сол жайлы Ханзат Кеңес деген режиссердің арнайы деректі фильмі жарық көрді. Аралбек және команданың бүгінгі тіршілігі, алған сабақтары, жалпы ауылдың атмосферасын жақсы жеткізе білген. Сіздерге де қарап шығуға кеңес беремін.

https://youtu.be/ljTCx2Qk5QY?si=8jp4ogR0hEGXjnkQ