Latest Posts from aruzhanymsol (@justservantofallah) on Telegram

aruzhanymsol Telegram Posts

aruzhanymsol
Егер әйел дүние құлдығынан бас тартып, Алланың алдында өз әлсіздігін мойындаса, оның өмірінің басты мақсаты Раббысын іздеуге айналады🍃
1,399 Subscribers
964 Photos
58 Videos
Last Updated 01.03.2025 14:35

The latest content shared by aruzhanymsol on Telegram


Пайғамбармыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді:

Алла Тағала былай деді:

Құлым, сен бір нәрсені қалайсың, Мен де бір нәрсені қалаймын. Бірақ орындалатыны – Менің қалағаным.
Егер сен Менің қалағаныма бойсұнсаң – саған қалағаныңды беремін.
Ал егер Менің қалағаныма бойсұнбасаң – сені өз қалауыңмен әуре етемін,
бірақ бәрібір жүзеге асатыны – Менің қалағаным
.”

Тағдырға деген иманның көрінісі💡

Әйел заты өз дәрежесін түсіргені сонша: “затты жарнамалайтын студиядағы жарық секілді болып кетті”.

Төлеген ұстаз

Үнемі тәубе күйінде жүрейік, жерге түсіп🫠

Алып жатқан білімім: мені біреуден артық ету үшін емес, Аллаға жақын ету үшін;

біреудің үстінен қарап, қатесін бетіне басу үшін емес, қазіргіден де қарапайым бола түсуім үшін;

тақуалығым әлемге ол туралы жар салу үшін емес, сондай бір ізгі жар, аяулы ана атануым үшін🌿

басы инстаграм парақшамда🤍

Алланың нығметтерін сезініп жылайтын сәттеріңіз көп болсыншы🤍

азанымен кофейнялар енді ашылып, баристалар заттарын жайғастырып жатқан кезде жағаласып келіп алатын қонақ боламын🙄🫢🥴

🥹🌿

Дәуіт а.с:

“Уа Раббым! Мен Саған қалайша шүкір ете аламын, себебі менің шүкірлігімнің өзі Сенен берілген нығмет қой. Бұл да өз алдына бір шүкіршілікті міндеттейді емес пе?” деп айтқан кезде Алла Тағала оған:

“Ей Дәуіт! Міне, қазір сен Маған нақты шүкір еттің”,-деген екен.

Абдулла ибн Мас’удтан р.а жеткен хадис:

Алла Елшісі :
“Кім Алланы және Елшісін жақсы көретіндігіне қуанғысы келсе, онда Құранды ашып оқысын!”

Иманыңыз “ораза” деген жемісті шығарды ма?

Рамазанда сол ораза жүрегіңізге “тақуалық” дәнін пайда етсін демек…

Рамазанның сыйы:

Күллі күнәлардың кешірілуі;

Рақымға бөлену;

Тозақтан азат етілгендердің тізіміне кіру🤍🤲🏻