Últimas Postagens de жұлдызды аспан (@juldyzdy) no Telegram

Postagens do Canal жұлдызды аспан

жұлдызды аспан
жұлдызға сені теңедім
1,923 Inscritos
153 Fotos
19 Vídeos
Última Atualização 06.03.2025 15:31

Canais Semelhantes

aldarqatar
12,298 Inscritos
yasina
5,238 Inscritos

O conteúdo mais recente compartilhado por жұлдызды аспан no Telegram

жұлдызды аспан

06 Mar, 11:54

309

«сендегі жүрекпен бар әлемге лайықсың»
жұлдызды аспан

05 Mar, 12:54

704

ораза - тек асқа тыйым салу емес, нәпсімен күресу, рухты тазарту.
аш болу - дененің, ал сабыр - жанның сынағы.
нағыз ораза тек тамақтан бас тарту емес екенін естен шығармайық, ол - жаман ойлар мен істерден тыйылу, жүрекке иман нұрын ұялату.

өзіме де, өзгеге де ескерту.
жұлдызды аспан

26 Feb, 11:39

1,586

«сенім жоғалған жерде - сөз мәнін жоғалтады»
жұлдызды аспан

22 Feb, 05:36

1,680

gallup нәтижесі:

1. communication
2. ideation
3. adaptability
4. command
5. maximizer
6. empathy

енді мен де қоймай осы жайлы айтып жүретін боламын😛
жұлдызды аспан

21 Feb, 21:19

1,314

уақыт - үнсіз жолаушы.
ол ешкімді күтпейді, ештеңені елемейді. бірақ ең құнды сырды тек сол уақыттың өзі ғана сақтайды.
жұлдызды аспан

21 Feb, 21:15

1,607

әр арманда қанат бар, бірақ кейбірі ұшады, ал кейбірі шаң басқан бұрышта қалады.

бәлкім, айырмашылық арманның өзінде емес, оған сенетін адамның жүрегінде шығар?
жұлдызды аспан

21 Feb, 20:26

1,223

Дулат Исабеков соңғы сапарына аттаныпты…

өнерін, өмірін, көзқарасын сүйе
оқыған жан ретінде бұл хабарды есту - ауыр.

біреуге бөтен, біреуге бейтаныс,
бірақ кітапсүйер қауым үшін -
жарық шам, оқуға махаббат сыйлай білген тұлға.
шын өмірде көріп
үлгергеніме шексіз қуаныш.

Бақұл болыңыз, кең жүректі жан!
жұлдызды аспан

15 Feb, 18:28

2,054

кейбір адамдар - өміріңнің бір ғана бөлімі үшін,
ал кейбірі
- бар өмірің үшін…
жұлдызды аспан

15 Feb, 07:20

1,870

маған теңіз ұнайды… тұрақсыз толқыған.
маған теңіз ұнайды… толқынымен баураған.
маған теңіз ұнайды… құйын болып, тынық болған.
маған теңіз ұнайды… іштегі сезімдерді ұғынған.
жұлдызды аспан

09 Feb, 19:13

2,560

бір кезде «неге сезім немесе уайымдарым жайлы жазбаларды орысша жазамын?» деп ойланып едім.
мойындаймын, іштей өзімді жеп қоятын кездерім де болатын. ана тілімде сайрап тұрсам да, басқа тілде жазып жатқаным үшін.

кейін бір лингвист кісіден осы жайлы естіп қалдым.
басқа тілде сезімді, сырлы тақырыптарды айту оңай болу себебі - ол біздің ана тіліміз болмауы, басқа тілді қолдану арқылы бейсаналы түрде қорғанып *барьер жасап тұрамыз. себебі тақырып тым жүрекке жақын.
осылайша түпсанамыз өзін қорғап жатыр екен)