✅ Таңғы және ақшам намазынан кейін:
1. «Я, Алла, мені Оттан құтқара гөр» (Аллахумма аджирни минан-нар) деп 7- рет айтып жүргендерді, Алла тозақ отынан сақтайды.
2.Алланың Әл-Азизу есімін 40-рет қайталаса, Алла Тағала оның қаржы мәселесінде басқалардан тәуелсіз етеді.
3. Алланың Әл-Фаттаху есімін 70-рет қайталаса, жүрегі нұрланады, көңілі шаттанып жай табады.
4 " Кімде-кім таңғы намаздан кейін Ихлас сүресін 11-рет оқыса, ол күні оған бірде-бір күнә жақындамайды. Шайтан азғыруға тырысса да қорғанған болады"
5. Ей, Алла! Шын мәнінде мен Сенен пайдалы ғылым, адал ризық-несібе (Өз құзырында) қабыл болатын амал сұраймын.
6. Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ. Ол жалғыз әрі Оның серігі жоқ. Үкiм (шығару) Оған тән, және барлық мақтау-мадақ Оған лайық. Ол тірілтеді әрі өлтіреді. Сондай-ақ, Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. 10-рет
7.Алланың Әс-Сабуру есімін меңгеріп 100-рет айтып, Алланы еске алып, зікір етсе, сол күннің бәле-жаласынан аман жіреді.
Бесін намазы:
1. Бесін намазының төрт рәкағат сүннеті
Алла Елшісі, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деген: «Бесін намазының парызынан бұрын және кейін тұрақты түрде 4 рәкағат сүннет оқыған адамға Алла Тозақ отын харам етеді» (Мишкат, Тирмизи, Әбу Дауд, Насаи мен Ибн Маджа).
Түсініктеме:
Мынадай тәртіппен оқыған абзал: 4 рәкағат сүннет намаз, 4 рәкағат парыз намаз, 2 рәкағат сүннет намаз, 2 рәкағат нәпіл намаз.
Екінті намазынан соң:
Алланың Әл-Ғаффару есімін екінті намазынан соң ; «Иә ғаффару иғфирли»-деп айтып жүрсе, Алла Тағала оны кешірім еткен құлдардың қатарына қосады.
Ақшам намазынан соң:
1. Тозақ отынан азат болу
Алла Елшісі, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деген: «Ақшам намазын оқып болғанда: «Я, Алла, мені Оттан құтқара гөр» (Аллахумма аджирни мин әл-нар) деп 7- рет айтыңдар. Осыны айтып, сол күні түнде дүние салған адамға Тозақ отынан қорғаныш беріледі. Таң намазынан кейін осы сөзді айтып, сол күннің ішінде көз жұмған адамға тозақ отынан қорғаныш беріледі» (Әбу Дауд).
2. Ақшам намазынан кейін алты рәкағат.
Алла Елшісі, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деген: «Кімде-кім төртінші намаз ақшамнан кейін бесінші намаз Құптанның уақыты кіргенге дейін артық сөз айтпай, 6 рәкағат намаз оқыса, 12 жыл ғибадат жасаған адамның сауабын алады» (Тирмизи).
Түсініктеме:
Бұл жерде «артық сөз» деп дүниеуи әңгіме жайында айтылып жатыр.
Бұл намазды екі рәкағат сүннет намаз бен намаздан соңғы зікірден кейін оқыңыз.
3.Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ. Ол жалғыз әрі Оның серігі жоқ. Үкәм (шығару) Оған тән, және барлық мақтау-мадақ Оған лайық. Ол тірілтеді әрі өлтіреді. Сондай-ақ, Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. 10-рет.