L.N. Gumilyov Eurasian National University @enuofficial Channel on Telegram

L.N. Gumilyov Eurasian National University

@enuofficial


Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева
📩[email protected]
📞+7(7172)709500

L.N. Gumilyov Eurasian National University (Russian)

Если вы ищете университет, который предлагает качественное образование и является одним из ведущих учебных заведений в регионе, то Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева - идеальный выбор для вас!
Канал @enuofficial предлагает вам уникальную возможность быть в курсе всех новостей и событий, связанных с университетом. Вы сможете получать актуальную информацию о преподавательском составе, студенческой жизни, научных исследованиях, мероприятиях и многое другое

Если вы хотите быть в кругу талантливых специалистов и стремитесь к профессиональному развитию, то присоединяйтесь к каналу @enuofficial прямо сейчас! Не упустите возможность стать частью престижного университета и знакомиться с уникальной образовательной программой. Для связи с университетом, пожалуйста, используйте следующие контактные данные: 📩[email protected] 📞+7(7172)709500

L.N. Gumilyov Eurasian National University

19 Feb, 12:28


📌ENU мен «El Umiti» қоры Меморандумға қол қойды

⚜️ENU мен «El Umiti» корпоративтік қоры білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыруға ықпал ететін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

👏🏻Меморандум аясында ENU студенттері мен магистранттары, докторанттары, сондай-ақ оқытушылары мен ғалымдары «El Umiti» қорында оқу, өндірістік және ғылыми тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады.

✍🏼Құжатқа ENU Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ардақ Бейсенбай мен «El Umiti» қорының басқарушы директоры Гүлім Жүсіпова қол қойды.

🔹Кездесу барысында «El Umiti» қорының жобалары таныстырылды.

L.N. Gumilyov Eurasian National University

18 Feb, 11:43


📌 Достар, 19 ақпан күні ENU тікелей эфирінде Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің директоры Жамбыл Тілепов қабылдау өткізеді.

15:00 мен 17:00 аралығы

⁉️Білім алушылар мен оқытушылар сұрақ қойып, ұсыныс-пікірлерін білдіре алады.

📲Сұрақты +7708 425 26 10 whatsapp нөміріне жолдауға болады.

* *

📌Друзья, 19 февраля директор департамента Социального и гражданского развития Жамбыл Тілепов проведет общественный прием в прямом эфире ENU.

с 15:00 до 17:00

⁉️Обучающиеся, преподаватели могут задать вопросы и озвучить свои предложения и идеи.

📲Вопросы можете отправить на WhatsApp по номеру +7708 425 26 10

L.N. Gumilyov Eurasian National University

18 Feb, 10:48


📌ENU әскери кафедрасы запастағы офицерлер мен запастағы сержанттардың бағдарламалары бойынша оқығысы келетін 1,2 және 3 курс студенттерінің (бес жылдық оқу түрімен) Астана қаласы, Иманжүсіп Құтпанұлы көшесі, 24а мекенжайы бойынша өтініштерін қабылдайды.

Өзіңізбен бірге:
1. Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі).
2. Өлшемі 3х4 сантиметр фотосурет-4 дана.
3. Соттылығының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама (өтініш берген кезде 10 тәуліктен артық емес).
4. Факультет пен мамандықты көрсете отырып, университетте нақты оқу туралы анықтама.

Барлық студенттердің (жігіттердің) Астана қаласында әскери есебі болуы тиіс.

📝Медициналық куәландырудан өту үшін студенттерге әскери кафедрада ресімделген медициналық куәландыру карталары (бұдан әрі – 8-нысан) берілетін болады.

📍Студенттерді медициналық куәландыру 2025 жылғы 15 мамырға дейінгі мерзімде Астана қ. Республика даңғылы 54 мекенжайы бойынша жергілікті әскери басқару органында жүргізіледі.

📞87084252765 Мамбетов Нурлан
87084252764 Темиржанов Бауыржан

L.N. Gumilyov Eurasian National University

17 Feb, 17:41


📌ENU мен Венгрияның экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі ынтымақтастықты нығайтуда

⚜️ҚР Сыртқы істер министрлігінде ENU мен Венгрияның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі арасындағы венгр тілі мен мәдениетін оқыту туралы келісімді өзгерту туралы келісімге ресми қол қою рәсімі өтті.

✍🏼Оған Басқарма төрағасы-ректор Ерлан Сыдықов пен Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Питер Сийярто қол қойды.

👍2020 жылы Венгрияның Сыртқы істер және сауда министрлігімен венгр тілі мен мәдениетін оқыту туралы келісімге қол қойылған болатын. Оның аясында 2025 жылға дейін жыл сайын ENU-ға венгр тілі оқытушысын тарту бойынша ынтымақтастық орнатылған-ды.

L.N. Gumilyov Eurasian National University

17 Feb, 13:45


📌Жазушы Тұрлыбек Мәмесейіттің кітабының тұсауы кесілді

⚜️ENU-да жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Тұрлыбек Мәмесейіттің «Тау мінезі» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

👏🏻ENU Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ардақ Бейсенбай қаламгердің өмірі мен шығармашылық жолына тоқталды және ENU-дың магистранттары мен докторанттары алдағы уақытта жазушының еңбектерін зерттеп, диссертация қорғалатынын айтты.

Кітаптың тұсауын ENU Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ардақ Бейсенбай, ҚР ҰҒА академигі Шерубай Құрманбайұлы, Қазақстан Жазушылар Одағы Астана филиалының директоры, «Түркістан» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы, жазушылар Толымбек Әбдірайым, Ораз Қауғабай, филология факультетінің деканы, ақын Серікзат Дүйсенғазы кесті.

L.N. Gumilyov Eurasian National University

14 Feb, 16:05


📌ENU республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қарсы алды

⚜️ENU-да жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушылар арасындағы республикалық олимпиаданың ІІІ (қалалық) кезең жеңімпаздарымен кездесу өтті.

Бұл іс-шараға ENU және «Астана Дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ынтымақтастығы негіз болды.

👏🏻Кездесуге 700-ден астам оқушы қатысты, олардың арасында Республикалық олимпиаданың (III) қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды.

🔹Кездесудің негізгі мақсаты озық білім алуды қамтамасыз ету үшін университетке талантты, дарынды жастарды тарту.

L.N. Gumilyov Eurasian National University

12 Feb, 09:25


📌Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетіне жаңа декан тағайындалды

ENU ректоры Ерлан Сыдықовтың бұйрығымен Нұржан Қуантайұлы журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы қызметіне тағайындалды.

⚜️Тәжірибелі маман 22 жылдан бері БАҚ саласында еңбек етіп келеді.

🔹Нұржан Қуантайұлы 1993 жылы КазҰУ-ды үздiк дипломмен бiтiріп, еңбек жолын Қазақ радиосында аға редактор, шолушы болып бастады.

👍Филология ғылымдарының кандидаты көптеген ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектердің, сондай-ақ Web of Science және Scorpus деректер қорындағы мақалаларының авторы. Нұржан Қуантайұлы - прозашы, ақын, мәдениет және шығармашылық саласындағы көптеген марапаттардың иегері.

👏🏻Ерлан Сыдықов осы қызметте 14 жыл қызмет еткен журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің экс-деканы Қайрат Саққа көп жылғы еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы жұмысына табыс тіледі. Қ.Сақ Алғыс хатпен мараппаталды.

L.N. Gumilyov Eurasian National University

11 Feb, 12:02


📌 Достар, 12 ақпан күні ENU қоғамдық қабылдауында механика-математика факультетінің деканы Данияр Қозыбаев қабылдау өткізеді.

15:00 мен 17:00 аралығы

⁉️Білім алушылар мен оқытушылар сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдіре алады.

📍ENU қоғамдық қабылдауы оқу-әкімшілік корпустың 2 қабатында (студенттік кіреберіс) орналасқан.

📲Сұрақты +7708 425 26 10 whatsapp нөміріне жолдауға болады.

* * *

📌Друзья, 12 февраля декан механико-математического факультета Данияр Козыбаев проведет общественный прием.

с 15:00 до 17:00

⁉️Обучающиеся, преподаватели могут задать вопросы и озвучить свои предложения и идеи.

📍Общественная приемная ENU расположена на 2 этаже учебно-административного корпуса (студенческий вход).

📲Вопросы можете отправить на WhatsApp по номеру +7708 425 26 10

L.N. Gumilyov Eurasian National University

10 Feb, 10:44


📌ENU түлегі 2025 жылғы Қысқы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды

🥈ENU дене шынықтыру және спорт кафедрасының түлегі Мадина Жанбосынова ұлттық команда құрамында 2025 жылғы Қысқы Азия ойындарындағы әйелдер арасында 3000 метрге шорт-тректен күміс алды.

Айта кетейік, Харбиндегі ойындарға әлемнен 34 мыңнан астам спортшы қатысуда. Қазақстандық спортшылар табысты нәтиже көрсетуде.

***

📌Выпускница ENU завоевала серебро Зимних Азиатских игр 2025

🥈Выпускница кафедры физической культуры и спорта ENU Мадина Жанбусинова в составе национальной команды завоевала серебро по шорт-треку на 3000 метров среди женщин Зимних Азиатских игр 2025.

Отметим, что на играх в Харбине участвуют более 34 тысяч спортсменов мира. Казахстанские спортсмены показывают успешные результаты.

L.N. Gumilyov Eurasian National University

04 Feb, 10:35


📌 Достар, 5 ақпан күні ENU қоғамдық қабылдауында Басқарма мүшесі - Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Думан Айтмағамбетов қабылдау өткізеді.

15:00 мен 17:00 аралығы

⁉️Білім алушылар мен оқытушылар сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдіре алады.

📍ENU қоғамдық қабылдауы оқу-әкімшілік корпустың 2 қабатында (студенттік кіреберіс) орналасқан.

📲Сұрақты +7708 425 26 10 whatsapp нөміріне жолдауға болады.

* * *

📌Друзья, 5 февраля Член правления-проректор по стратегическому развитию и интернационализации Думан Айтмагамбетов проведет общественный прием.

с 15:00 до 17:00

⁉️Обучающиеся, преподаватели могут задать вопросы и озвучить свои предложения и идеи.

📍Общественная приемная ENU расположена на 2 этаже учебно-административного корпуса (студенческий вход).

📲Вопросы можете отправить на WhatsApp по номеру +7708 425 26 10

L.N. Gumilyov Eurasian National University

04 Feb, 10:33


📌ENU-да белгілі журналист, деректі фильмдердің авторы, ЕҰУ түлегі Әлия Әшіммен кездесу өтті.

⚜️Студенттік шағы туралы сұраққа жауап берген журналист өзінің дамуға, білімге, өмірлік құндылықтарды бойына сіңіруге ұмтылғанын еске алды.

«Бұл мәселеде маған ЕҰУ көп көмектесті. «Мен өмірімнің 6 жылын осында өткіздім», - деп еске алды ENU түлегі.

👍Кездесу соңында ENU студенттері қонаққа алғыстарын білдіріп, кездесуді еске алу үшін кәдесыйлар табыс етті.

***
📌В ENU состоялась встреча с известным журналистом, автором документальных фильмов, выпускницей ЕНУ Алией Ашим.


⚜️Отвечая на вопрос о студенчестве, журналист вспомнила, что стремилась к развитию, познаниям, впитывая жизненные ценности.

«ЕНУ в этом мне сильно помог. Здесь я провела 6 лет своей жизни», - вспоминает выпускница
ENU.

👍В заключение встречи студенты ЕНУ поблагодарили гостя и вручили на память о встрече сувениры.

L.N. Gumilyov Eurasian National University

28 Jan, 12:24


📌Coursera халықаралық платформасы ENU оқытушыларының
жетістіктерін жоғары бағалады

👏🏻”Қаржы” кафедрасының доценті Гауһар Қодашева 60 курсты аяқтап, белсенділік пен кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетсе, «Құрылыс» кафедрасының доценті Денис Цыгулев 31 курстан өтіп, оны платформа сарапшылары өте жоғары бағалады.

Салтанатты шарада олардың жетістіктері Coursera бас директоры Джефф Маджионкальданың сертификаттары, сондай-ақ естелік сыйлықтармен марапатталды.


🔹Бұл жетістіктер оқытушылар мен студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған «ENU Faculty Training» бірегей жобасының бір бөлігі болды.

🙏🏼ENU Coursera компаниясымен оқытушылар мен студенттерді қамтитын бірлескен жобаны жүзеге асырған Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орны болды. «ENU Faculty Training» жобасы аясында университет өз қызметкерлері мен студенттеріне Coursera білім беру ресурстарына университет қаражаты есебінен қол жеткізуге мүмкіндік берді.

L.N. Gumilyov Eurasian National University

28 Jan, 06:41


ENU елтаңбасын жасап, 200 000 теңге ұтып алыңыз!
ENU университет елтаңбасын жасауға байқау жариялайды! Бұл сіздің университеттің корпоративтік мәдениетін дамытуға үлес қосып, 200 000 теңге ұтып алатын мүмкіндігіңіз!
📅 Жұмыстарды қабылдау: 28.01.2025 ж. - 28.02.2025 ж.
🎯 Не істеу керек?
● ENU құндылықтары мен миссиясын бірегей және заманауи стильде көрсететін елтаңба жасаңыз.
● Символды сипаттайтын түсіндірме жазба дайындаңыз.
📩 Жұмысыңызды [email protected] электронды поштасына жіберіңіз.
💡 Кім қатыса алады?
ENU студенттері, түлектері, оқытушылары мен қызметкерлері.
Біз сіздің идеяларыңызды күтеміз!

Байқау туралы толық ақпарат https://enu.kz/ru/page/university/marketing-and-alumni-relations-office сайтында берілген.

L.N. Gumilyov Eurasian National University

24 Jan, 09:46


📌ENU-дың 43 білім беру бағдарламасы “Атамекен” ҰКП-2025 рейтінгінің үштігіне енді

⚜️"Атамекен" ҰКП-2025 рейтингі бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингінің қорытындысы бойынша ЕҰУ-дың 43 білім беру бағдарламасы рейтінгтің топ үштігіне енді, бұл университеттің рейтингке қатысқан жалпы білім беру бағдарламасының 74% - құрайды. Рейтингке ЕҰУ бакалавриатының 58 Білім беру бағдарламасы қатысты.

Айта кетейік, ЕҰУ жылдан жылға білім беру бағдарламаларының сапасын арттырып келеді. Мәселен, өткен жылы университеттің 30 білім беру бағдарламасы осы рейтингтің көш басында болды.

👏🏻Құттықтаймыз!

Толық ақпарат enu.kz сайтында

L.N. Gumilyov Eurasian National University

23 Jan, 10:02


ENU Endowment Fund университет студенттерін қолдауға бағытталған жаңа стипендиялық бағдарламаның іске қосылғанын хабарлайды.

Бағдарлама үш категорияны қамтиды: «Инклюзия», «Таланттар» және «Жас зерттеуші». Әр категория түрлі жетістіктері мен қажеттіліктері бар студенттерді қолдауға арналған. «Инклюзия» категориясы бойынша талаптар:
- 1-4 курс студенттері;
- Инклюзивті немесе әлеуметтік осал топқа жататынын растайтын құжат.
«Таланттар» категориясы бойынша талаптар:
- 1-4 курс студенттері;
- Байқаулар мен олимпиадаларға қатысқанын растайтын грамоталар, сертификаттар және басқа да құжаттар;
- Студенттік ұйымдардың жұмысына белсенді қатысу.
«Жас зерттеуші» категориясы бойынша талаптар:
- 1-4 курс студенттері;
- Ғылыми жарияланымдардың болуы;
- Зерттеу және ғылыми конференцияларға қатысу.

Талаптарға сәйкес келетін студенттерді өз өтінімдерін беріп, осы бағдарламаға қатысуға шақырамыз. Бағдарлама сіздің әлеуетіңізді ашуға және кәсіби табысқа жетуіңізге көмектеседі!🙏🏼

L.N. Gumilyov Eurasian National University

23 Jan, 09:59


📌ЕҰУ Лондондағы Bett Show 2025 көрмесінде инновацияларды ұсынады

⚜️ENU заманауи білім беру технологияларына арналған Лондондағы Bett Show 2025 халықаралық көрмесінде Қазақстан павильонында өзінің бірегей жобалары мен әзірлемелерін ұсынады.

🤝🏼Сондай-ақ, университет халықаралық серіктестермен ынтымақтастық нәтижелерін, соның ішінде Lenovo компаниясымен жобаларды және Лу Бан шеберханасын дамытуды ұсынды.

Айта кетейік, ЕҰУ жетекші әлемдік технологиялық компаниялармен серіктестік қарым-қатынасты белсенді дамытып келеді.

Толық ақпарат enu.kz сайтында

L.N. Gumilyov Eurasian National University

22 Jan, 11:35


📌ENU-дың екі жаңа пәні алғаш рет THE World University Rankings by Subject 2025 рейтингіне енді

⚜️Times Higher Education рейтингтік агенттігі 2025 жылдың 22 қаңтарында THE World University Rankings by Subject 2025 нәтижелерін жариялады.

👏🏻Нәтижесінде, ENU-дың екі жаңа пәні: «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» және «Компьютерлік ғылымдар» биыл алғаш рет осы рейтингке енді.

👍Айта кету керек, Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2019 жылдан бері THE World University Rankings by Subjects рейтингінде. Ең алғашқы енгізілген пән «Физика ғылымдары» болды.

L.N. Gumilyov Eurasian National University

06 Jan, 04:48


📌Спартакиаданың алғашқы жеңімпаздары анықталды

🏆ENU профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында өтіп жатқан дәстүрлі «Сергектік және денсаулық» спартакиадасының алғашқы жеңіпаздары марапатталды.

👏🏻Футзалдан өткен жарыста Жаратылыстану ғылымдары факультеті І орынды, ІІ орынды Әкімшілік басқару, ІІІ орынды Әскери кафедра иеленді.

Айта кетейік, спартакиада спорттың жеті түрінен өтуде, оған 13 факультет пен ENU колледжі, Әкімшілік басқару және Әскери кафедра, барлығы 16 команда қатысуда.

***

📌Определились первые победители Спартакиады

🏆Определились первые победители Спартакиады “Бодрость и здоровье” среди ППС и сотрудников ENU.

👏🏻По итогам двухдневных состязаний по футзалу первое место занял факультет естественных наук, второе – команда административно-управленческого персонала, 3 – военная кафедра.

Всего в спартакиаде, проходящей по 7 видам спорта, соревнуются 16 команд из 13 факультетов, колледжа ЕНУ, административно-управленческого персонала и военной кафедры вуза.

L.N. Gumilyov Eurasian National University

04 Jan, 15:44


📌2025 жылдың 4 қаңтарынан профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында "Сергектік және денсаулық" спартакиадасы басталады.

⚜️Спартакиадаға 16 команда, оның ішінде 11 факультет, білім жоғары мектебі командасы, физика-техника ғылымдары институты командасы, колледж командасы, әскери кафедра командасы және әкімшілік басқару қызметкерлері құрама командасы қатысады.

Жарыстар спорттың жеті түрінен өтеді: тоғызқұмалақ, волейбол микс, шахмат, асық ату, 3х3 баскетбол, шағын-футбол және үстел теннисі.

***

📌С 4 января 2025 года стартовала 40-я Спартакиада «Бодрость и здоровье» среди ППС и сотрудников ЕНУ.

⚜️Участвуют 16 команд из них 11 факультетов, команда Высшей школы образовании, команда института физико-технических наук, команда военной кафедры, колледжа и сборная АУП.

Соревнования будут проходить по семи видам спорта: тоғызқұмалақ, волейбол микс, шахматы, асық ату, баскетбол 3х3, мини-футбол, настольный теннис.

L.N. Gumilyov Eurasian National University

31 Dec, 15:30


#ENUfamily💙

🥰Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

🫶🏻Алдағы жыл сіздерге тек жақсылық алып келсін!

*

#ENUfamily💙

🥰С Новым годом!

🫶🏻Пусть наступающий год принесет вам только самое лучшее!

L.N. Gumilyov Eurasian National University

31 Dec, 15:29


📌ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК БӨЛІМШЕСІ 2024: ЕҰУ «Жастар Рухы» ЖҚ бөлімшесі

⚜️ «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының «Рухтастар» жастар сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шарада 8 номинация бойынша үздіктер марапатталды.

Соның ішінде, «РУХТАСТАР» жастар сыйлығының 2024 жылғы қорытындысы нәтижесінде оқу ордамыздың «Жастар Рухы» Жастар қанаты @jastarruhy_enu республика бойынша «ҮЗДІК БӨЛІМШЕ» номинациясын жеңіп алды!🏆

Рухтастарды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

L.N. Gumilyov Eurasian National University

27 Dec, 10:29


📌«Үздік оқытушы – 2024» байқауының ең көп жеңімпаздары бүкіл ел бойынша 18 адам – ENU-да еңбек етуде.

Конкурс оқытушы мамандығының беделін арттыру және оларды кәсіби дамуға ынталандыру үшін ұйымдастырылады.

👏🏻Жыл сайын осы республикалық байқауда жеңіске жеткен ЕҰУ оқытушыларының саны артып келеді. Мәселен, өткен жылы олардың саны 13 болса, биыл 18-ге жетті.

Толық ақпарат enu.kz сайтында

***
📌Наибольшее количество победителей конкурса «Лучший преподаватель – 2024» по всей стране - 18 человек - трудятся в ENU.

Ежегодный конкурс организуется для повышения престижа профессии преподавателя и стимулирования их к профессиональному развитию.

👏🏻С каждым годом количество преподавателей ЕНУ, победивших в данном республиканском конкурсе, растет. Так, в прошлом году их число достигло 13.

Полная информация на сайте enu.kz

L.N. Gumilyov Eurasian National University

27 Dec, 10:28


🌟 FACE OF ENU-2025 🌟
Университетіміздің келбеті бол! 🎓

Сізде харизма, талант және ENU келбеті болуға деген ұмтылыс бар ма?
Олай болса бұл байқау ДӘЛ СІЗ ҮШІН!

Сізді не күтіп тұр:
✔️ Жарнамалық науқандарда
✔️ Университеттің бейнероликтерінде
✔️ Баспа материалдарында
✔️ Онлайн жарнамаларда пайда болу

Тіркеу ашық! QR арқылы өтіңіз.
Толтырылған деректерді «[email protected]» e-mail-не жіберіңіз!


Байқауға қатысу үшін өтініштер 24.01.2025 ж. дейін қабылданады.

Бұл біздің университеттің алға жылжуына өз үлесіңізді қосудың бірегей мүмкіндігі.

Барлық сұрақтар бойынша Маркетинг және түлектермен байланыс бөліміне жүгіне аласыз.

L.N. Gumilyov Eurasian National University

23 Dec, 06:04


😍ENU балаларға жаңа жылдық ертегі сыйлады

👏🏻Шығармашыл студенттер университет қызметкерлерінің балаларына «Ойжұмбақ» мультфильмнің желісі бойынша жаңа жылдық ертегі ұсынды.

👍ENU әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Ләзат Төлегенқызы қонақтарды сахна төрінен келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

🎁Мереке соңында балаларға ENU атынан тосынсыйлар түріндегі тәтті жаңа жылдық естелік сыйлықтар табысталды.

***
😍ENU подарил детям новогоднюю сказку

👏🏻Творческие студенты представили детям сотрудников вуза новогоднюю сказку «Ойжұмбақ» по мотивам одноименного мультфильма.

👍Проректор по социально-культурному развитию ENU Лязат Толегенкызы поздравила со сцены гостей с наступающим Новым годом и пожелала всех благ.

🎁В завершение праздника дети получили памятные подарки от ENU в виде сладких новогодних сюрпризов.
https://youtu.be/lQ0BOh57TNg

L.N. Gumilyov Eurasian National University

23 Dec, 05:02


📌ENU-да мемлекет және қоғам қайраткерлері, ЦИСИ түлектері, профессор-оқытушылар, студенттер қатысуымен ЦИСИ-дың 60 жылдығына арналған конференция өтті

👍Іс-шара аясында BI Group ENU Endowment Fund-қа 100 миллион теңге бөлді. Қаражат университет студенттері мен ғалымдарын қолдауға бағытталатын болады.

👏🏻Сондай-ақ, ЦИСИ-дегі коворкинг-орталықтың салтанатты ашылуы және университетте ұзақ жылдар бойы еңбек еткен бір топ ғалымдарды марапаттау рәсімі өтті.

***

📌В ENU состоялась конференция, посвященная 60-летию ЦИСИ с участием выпускников ЦИСИ, преподавателей и студентов.

👍В рамках мероприятия BI Group внес в ENU Endowment Fund 100 миллионов тенге. Средства будут направлены на поддержку студентов и ученых вуза.

👏🏻Также состоялось торжественное открытие коворкинг-центра в ЦИСИ и церемония награждения сотрудников, проработавших долгое время в вузе.

https://youtu.be/MSXOwVMTpJs

L.N. Gumilyov Eurasian National University

23 Dec, 04:32


📌BI Group ЕҰУ Эндаумент қорына 100 млн теңге аударды

⚜️Іс-шара Целиноград инженерлік-құрылыс институтының құрылғанына 60 жыл толғанына арналған республикалық конференция аясында өтті.

Ректорға сертификатты ENU түлектері, «BI Group» холдингінің басшылығы Айдын Рахымбаев пен Бауыржан Исабаев табыс етті.

👏🏻ENU ректоры Ерлан Сыдықовтың айтуынша, бұл қаражат сәулет-құрылыс факультетінің студенттері үшін BI Group компаниясының ғылыми гранты мен ЦИСИ стипендиялық бағдарламасын құруға жұмсалады.

***

📌Строительный холдинг «BI Group» внес в ENU Endowment Fund 100 миллионов тенге

⚜️Событие прошло в рамках конференции, посвященной 60-летию ЦИСИ.

Сертификат вручили ректору выпускники ENU, руководство BI Group Айдын Рахимбаев и Бауыржан Исабаев.

👏🏻По словам ректора ENU Ерлана Сыдыкова эти средства будут направлены на создание исследовательской грантово-стипендиальной программы ЦИСИ от BI Group для студентов архитектурно-строительного факультета.

L.N. Gumilyov Eurasian National University

18 Dec, 10:16


📌 Достар, 19 желтоқсан күні ENU қоғамдық қабылдауында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс-қызметінің басшысы Талғат Дарбаев қабылдау өткізеді

15:00 мен 17:00 аралығы

⁉️Білім алушылар мен оқытушылар сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдіре алады.

📍ENU қоғамдық қабылдауы оқу-әкімшілік корпустың 2 қабатында (студенттік кіреберіс) орналасқан.

📲Сұрақты +7708 425 26 10 whatsapp нөміріне жолдауға болады.

* * *

📌Друзья, 19 декабря руководитель антиккоррупционной комплеанс службы Талгат Дарбаев проведет общественный прием.

с 15:00 до 17:00

⁉️Обучающиеся, преподаватели могут задать вопросы и озвучить свои предложения и идеи.

📍Общественная приемная ENU расположена на 2 этаже учебно-административного корпуса (студенческий вход).

📲Вопросы можете отправить на WhatsApp по номеру +7708 425 26 10

L.N. Gumilyov Eurasian National University

18 Dec, 05:09


Құрметті студенттер!

Сессия алдындағы көңіл-күйлеріңіз қалай? Мүмкін, сіздердің көпшілігіңіз уайымдап, кезекті емтиханға дайындалып жатқан боларсыз… 🥹

Сол себептен, біз сіздердің емтихан алдындағы көңіл-күйлеріңізді көтеруді шештік.😉

Бұл сынақтардан сәтті өтіп, мақсаттарыңызға жетулеріңізге тілектеспіз! Біз сіздермен біргеміз және жақсы көреміз!💙

***

Дорогие студенты!

Как настрой перед сессией?
Наверное, многие из вас переживают и усиленно занимаются... 🥹

Мы решили немного разбавить ваши трудовые будни за учебниками и немного поднять настроение перед экзаменами.😉

Желаем вам успешно пройти испытания и достичь своих целей! Мы с вами и любим вас!💙

L.N. Gumilyov Eurasian National University

12 Dec, 11:42


📌ENU-да Болашақ прокурор кеңістігі ашылды

⚜️Жобаны ENU-дың ғылыми кітапханасы Астана қаласының прокуратурасымен бірлесіп жүзеге асырды.

🔹ЕҰУ Ғылыми кітапханасының директоры Бахытжан Оразалиевтің айтуынша, бұл жоба құқық қорғау саласындағы білім мен тәжірибені тереңдету және болашақ прокурорларды даярлаудағы жаңа қадам болмақ.

Бас прокуратураның Кадрлық жұмыс департаменті бастығының орынбасары Айбар Ілияс пен Астана қаласы прокуратурасының басқарма басшысы Айжан Аймағанова республика көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Болашақ прокурор кеңістігі» жобасының мақсаттары мен негізгі міндеттеріне тоқталды.

L.N. Gumilyov Eurasian National University

21 Nov, 11:27


📣Сүйінші, достар!

“Тұмар” тағы да чемпион!😍

19 қараша Қарағанды қаласында өткен Жайдарманнан «Бірінші лига» ойынының финалында университет намысын қорғаған “Тұмар” командасы чемпион атанды.🔥

👏🏻Құттықтаймыз!

L.N. Gumilyov Eurasian National University

20 Nov, 11:47


📌ENU мен Тяньцзинь заманауи кәсіптік колледжі (ҚХР) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

🤝🏼Құжатқа сәйкес, тараптар ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА) бойынша білім беру бағдарламасын бірлесіп әзірлеуге және ЕҰУ-да тиісті зертхана ашу туралы келісті.

Сондай-ақ, Е.Сыдықовтың Қытайға сапары барысында бірқатар келісімдерге қол қойылады.

✍🏼Тяньцзинь кәсіптік институтымен ЕҰУ-дағы Лубань шеберханасын салу және пайдалану туралы келісімге қол қою жоспарлануда.

🔹Ректор Е.Сыдықов бастаған ЕҰУ делегациясы «Кәсіби және техникалық білімді дамытудың дүниежүзілік конференциясы 2024» конференциясына қатысады

L.N. Gumilyov Eurasian National University

20 Nov, 05:41


📌Құрметті достар!

⚜️Бүгін Еуразия ұлттық университетінде “Жастар рухы” Жастар қанаты Ақпараттық технологиялар факультетінің ұйымдастыруымен ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған “Қазақи болмыста” атты ерекше шара өтті.

Бұл бастама жастардың бойына ұлттық рухты сіңіру мен дәстүрімізді жаңғыртуды көздейді.

🎶Шара барысында қобыз бен домбыра аспаптарында халқымыздың жүрекке жылы күйі орындалып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Қырғыз халқының өнерпаз қызы ұлттық нақыштағы көркем өнерімен ерекше әсер қалдырды. Қонақтарымыздың арасынан қызығушылық танытқан шетелдік қонақтар да кездесті.

🧩Шараның екінші кезеңінде ұлттық ойындардың бірі – тоғызқұмалақ турнирі өткізілді. Қатысушылар зияткерлік сайыста өз шеберліктерін көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сертификаттар табысталды.

💡Шара барысында қонақтарға қазақи дәстүрге сай ұйымдастырылған фуршет ұсынылды. Үстелге ұлттық тағамдар қойылып, мерекелік көңіл-күй толықтырды. Барлық қатысушылар қазақи нақыштағы киім үлгісінде келіп, шараның маңызын арттыра түсті.

🏆Бұл іс-шара ұлттық дәстүрді ұлықтап, жастар арасында мәдени құндылықтарды дәріптеудің жарқын үлгісі. “Жастар рухы” ЖҚ , Ақпараттық технологиялар факультеті осындай игі бастамаларды жалғастыру арқылы ұрпақ тәрбиесіне үлес қосуда.
https://youtu.be/0fPEp65EWmc

L.N. Gumilyov Eurasian National University

20 Nov, 04:54


🇰🇿🇩🇪ENU-да неміс тілі мен мәдениеті орталығы ашылды

Неміс тілін зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Бижкенова орталықтың міндеті – студенттерге, ғалымдарға және қоғамға түрлі білім беру, мәдени және тілдік бағдарламалар арқылы неміс тілі мен мәдениетіне енуге мүмкіндік жасау екенін айтты.

Орталық оқытуда заманауи технологияларды, соның ішінде қашықтықтан оқытуға арналған онлайн платформаларды, интерактивті оқулықтар мен неміс тілін үйренуді жеңілдету үшін мобильді құрылғыларға арналған қосымшаларды пайдаланады.👏🏻

__

🇰🇿🇩🇪 В ЕНУ открылся Центр немецкого языка и культуры

Руководитель Центра изучения немецкого языка Айгуль Бижкенова рассказала, что миссия центра заключается в предоставлении студентам, специалистам, ученым и обществу возможность погрузиться в немецкий язык и культуру через разнообразные образовательные, культурные и языковые программы.

Центр использует современные технологии в обучении, включая онлайн-платформы для дистанционного обучения, интерактивные учебники и приложения для мобильных устройств для облегчения изучения немецкого языка.👏🏻

https://youtu.be/0L1NQ3k2j0U

L.N. Gumilyov Eurasian National University

19 Nov, 05:48


📌Студенттер кинотеатрында есірткіге қарсы деректі фильм көрсетілді

🎞️Бүгін ENU студенттер кинотеатрында «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты акция аясында Астана қаласы Алматы аудандық прокуратурасы кездесу өткізді, соңынан «Закладка» атты деректі фильм көрсетілді.

Алматы аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры Нұрдәулет Ешенқұлов фильм алдында студенттерге есірткінің зияны және қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы маңызды мәселелерді түсіндірді.

🔹Кездесу «нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды» іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

***

📌В студенческом кинотеатре показали документальный фильм о вреде наркотиков

🎞️В студенческом кинотеатре ENU прошла акция «Нет наркомании! В рамках акции прокуратура Алматинского района г. Астаны провела встречу со студентами, после которой был показан документальный фильм «Закладка».

Перед фильмом прокурор отдела прокуратуры Алматинского района Нурдаулет Ешенкулов разъяснил студентам важные вопросы о вреде наркотиков.

🔹Встреча организована в рамках реализации комплексного плана по борьбе с наркоманией и наркобизнесом на 2023-2025 годы, который направлен на предотвращение распространения наркотиков среди молодежи.

https://youtu.be/z0NH-BtNhrc

L.N. Gumilyov Eurasian National University

19 Nov, 05:28


📌Құрметті достар!

Біздің университет «ENU Фотожылнама» акциясын жалғастыруда, бұл бастама 28 жылдық тарихымызды суреттер арқылы баяндайды.

⚜️Бүгін сіздердің назарларыңызға 1998 жылы түсірілген 6 фотосурет ұсынылады.

🫶🏻Өзіңізге ұнаған фотосуретті таңдап, оның нөмірін комментарийге қалдырыңыз. Ең көп дауыс жинаған фото ENU-дың тұрақты көрмесінің бір бөлігіне айналады.

🔹Баршаңызды акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Университет тарихына өз үлесіңізді қосыңыз!

📌Уважаемые друзья!

Наш университет продолжает акцию «Фотолетопись ЕНУ», которая рассказывает о 28-летней истории университета через фотографии.

⚜️Сегодня вашему вниманию предлагается подборка из 6 фотографий, сделанных в 1998 году.

🫶🏻Выберите понравившуюся фотографию и укажите её номер в комментариях. Фотография, набравшая наибольшее количество голосов, станет частью постоянной выставки ЕНУ.

🔹Призываем всех активно участвовать в акции. Внесите свой вклад в историю университета!

L.N. Gumilyov Eurasian National University

18 Nov, 05:40


17 қараша – Халықаралық студенттер күні құтты болсын! 🫶🫶🫶

Әлем сіздермен керемет!

Осы мерекемен құттықтағыңыз келетін досыңызды немесе жақыныңызды белгілеп кетіңіз!😉

Поздравляем с Международным Днем студентов – 17 ноября! 🫶🫶🫶

Мир прекрасен благодаря вам!

Отметьте в коментариях друзей и близких, которых хотели бы поздравить!😉

L.N. Gumilyov Eurasian National University

18 Nov, 05:37


💪🏼ENU үздіктердің таңдауы!

💙Біз алмайтын асу жоқ!

**

💪🏼ENU – выбор лучших!

💙Нам покоряются вершины!

L.N. Gumilyov Eurasian National University

15 Nov, 05:33


📌Құрметті достар!

⚜️ «ENU фотожылнама» акциясы аясында 1997 жылғы ең үздік тарихи фотоға арналған дауыс беруіңіздің нәтижелерін жариялайтын уақыт келді.

🫶🏻Сіздің таңдауыңыз бойынша №1 фото жеңімпаз атанды.

🔹Белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз және біздің тарихи саяхатымыз жалғасатынын еске саламыз. «ENU фотожылнама»акциясының жалғасын күтіңіз!

📌Друзья!

⚜️Пришло время объявить результаты Вашего голосования за лучшую историческую фотографию ЕНУ 1997 года в рамках проекта «Фотолетопись ENU».

🫶🏻По вашему выбору победила фотография №1.

🔹Благодарим всех за активное участие и напоминаем, что наше историческое путешествие продолжается. Следите за новыми публикациями в продолжении акции «Фотолетопись ENU».

L.N. Gumilyov Eurasian National University

13 Nov, 11:17


📌 Достар, 14 қараша күні ENU қоғамдық қабылдауында жаратылыстану ғылымдар факультетінің деканы Жарас Берденов қабылдау өткізеді.

15:00 мен 17:00 аралығы

⁉️Білім алушылар мен оқытушылар сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдіре алады.

📍ENU қоғамдық қабылдауы оқу-әкімшілік корпустың 2 қабатында (студенттік кіреберіс) орналасқан.

📲Сұрақты +7708 425 26 10 whatsapp нөміріне жолдауға болады.

* * *

📌Друзья, 14 ноября декан факультета естественных наук Жарас Берденов проведет прием в общественной приемной ENU

с 15:00 до 17:00

⁉️Обучающиеся, преподаватели могут задать вопросы и озвучить свои предложения и идеи.

📍Общественная приемная ENU расположена на 2 этаже учебно-административного корпуса (студенческий вход).

📲Вопросы можете отправить на WhatsApp по номеру +7708 425 26 10

L.N. Gumilyov Eurasian National University

13 Nov, 04:57


✋🏻Сәлем, #ENUFamily!

😇Уақыт қалай тез зымырап өтіп жатыр. Әне-міне дегенше емтиханға да аз ғана уақыт қалды.

❤️Саған сәттілік тілеймін!

✋🏻Привет, #ENUFamily!

😇Как быстро летит время. До экзаменов осталось всего чуть-чуть.

❤️Желаем тебе удачи!

L.N. Gumilyov Eurasian National University

12 Nov, 13:22


📌Қазақстан мен Италия жасыл энергия үшін мамандар дайындайды

✍🏼Бұл туралы ENU, Arm Wind компаниясы және Eni корпоративтік университеті арасында өткен ЕҰУ-да «Жасыл энергетика технологиясы» білім беру бағдарламасын бірлесіп жүзеге асыру туралы үш жақты келісімде айтылып, қол қойды.

Келісім аясында ENU-дың «Жасыл энергетика технологиясы» білім беру бағдарламасының магистранттары мен докторанттары Италия мен Қазақстан сарапшыларының дәрістері мен ғылыми семинарларын тыңдап, жаңартылатын энергия саласындағы шетелдік университеттер мен ғылыми ұйымдарда тағылымдама мен тәжірибеден өтеді.

L.N. Gumilyov Eurasian National University

11 Nov, 10:10


ENU-да «1 КУРС СТАРОСТАЛАРЫНЫҢ СЪЕЗІ» ӨТТІ

ENU-да 2016 жылдан бастап Старосталар кеңесі жұмыс істейді. Старосталар студенттердің үлгерімі, сабаққа қатысуы мен оқу тәртібін қадағалап қана қоймай, сапалы білім алу көрсеткіштерін жақсартуға атсалысады.

«Старосталар кеңесінің» 8 жылдығына орай 1 курс старосталары университет басшылығымен кездесті.

Кездесу барысында студенттерге қажетті оқу үрдісі, студенттік өмір туралы ақпараттар таныстырылды.

ENU ректоры Ерлан Сыдықов барша старосталарды мерейлі күнімен құттықтап, старосталардың университет өміріндегі маңызды рөліне тоқталды. Әсіресе, старосталардың оқу процесін ұйымдастырудағы жауапкершілігі мен студенттердің мүдделерін қорғаудағы қажырлы еңбегін ерекше атап өтті.

Старосталар кеңесінің төрағасы Айдана Адибай кеңестің негізгі міндеттері мен бағыттарына тоқталып, 8 жыл ішіндегі академиялық мәселер, оқу процесіне қатысты атқарылған жұмыстарды таныстырды.

Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ардақ Бейсенбай Старосталар кеңесінің жаңа құрамына ENU жұлдызшаларын табыстап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.


#ЕҰУстаросталаркеңесі
#EҰУ
#enufamily
#старосталарсъезі

https://youtu.be/ScNltyI_86M

L.N. Gumilyov Eurasian National University

11 Nov, 10:09


📌Жарқын бастама: Ұлттық университеттегі ұлттық киім

⚜️Ұлттық құндылықтарды жас ұрпақ бойына сіңіруде EҰУ-да бірқатар жұмыс жүргізілуде. ЕҰУ-дың оқытушылары мен студенттері әр жұма сайын ұлттық нақышта киінеді.

Университет ұжымы әр аптаның жұма күні ұлттық заманауи этно-стильде киініп, әшекей-бұйымдар тағып келеді. ENU белсенділерінің ұйымдастыруымен университетіміздің бас оқу ғимаратында «Мәдени үзіліс» атты шара өтті.

👍Бұл бастама – ұлттық идеологияны қалыптастыру, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мен оны жастардың санасына сіңіруде қолға алынған жарқын бастама.

🙏🏼«Жастар рухы» Жастар қанаты төрағасының пікірінше, ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді ұлықтау ұлттық университеттерден басталуы керек. Осы орайда, ENU ұлттық киімді ұлықтауда үлгі-өнеге болуда.

https://youtu.be/bP1sI4D4ncE

L.N. Gumilyov Eurasian National University

06 Nov, 11:07


📌ЕҰУ QS Asia University Rankings 2025 рейтингінде 65-ші орынға ие болды

👏🏻ENU QS Asia University Rankings 2025 рейтингінде 65-орынға ие болды және рейтингке қатысу тарихындағы ең жақсы нәтижені көрсетті.

👍ENU барлық көрсеткіштер бойынша оң динамика көрсете отырып, Азияның үздік 100 университетінің қатарында сенімді ілгерілеуін жалғастыруда.

Сонымен қатар, ЕҰУ бірнеше көрсеткіштер бойынша Азияның үздік 50 университетінің қатарында екенін айтып өткен жөн, оның ішінде шетелдік профессорлық-оқытушылар құрамының пайыздық үлесі (41-орын), профессор-оқытушылар құрамының арақатынасы (42-орын), жұмыс берушілер арасындағы беделі (44-орын) және академиялық беделі (50-орын).

😍Азиядағы ең үздік университеттер рейтингінің жаңа редакциясына 35 Қазақстандық жоғары оқу орны кірген.

🔗2024 жылдың 5-7 қараша аралығында ЕҰУ делегациясы биыл өзінің 20 жылдығын атап өтетін QS Higher Education Summit Asia Pacific 2024 жұмысына қатысуда.

L.N. Gumilyov Eurasian National University

05 Nov, 04:53


📢Құрметті достар! Біздің университет «ENU Фотожылнама» акциясын жалғастыруда, ол біздің университетіміздің 28 жылдық тарихын бейнелейтін фотосуреттерді жинауға арналған.

⚜️Бүгін назарларыңызға 1997 жылы түсірілген 6 фотосуреттен тұратын топтама ұсынылады.

🫶🏻Өзіңізге ұнаған фотосуретті таңдап, оның нөмірін комментарийға белгілеп кетіңіз! Ең көп дауыс жинаған фотосурет ЕНУ-дың тұрақты көрмесінің бір бөлігіне айналады.

🔹Студенттерді, түлектерді және қызметкерлерді акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Университет тарихына өз үлесіңізді қосыңыз!

L.N. Gumilyov Eurasian National University

04 Nov, 05:40


😍ENU-да «Егемендігім – елдігім» атты мектеп оқушылары арасында өткен республикалық айтыс өз мәресіне жетті

🪕ҚР Оқу ағарту министрлігінің қолдауы, ENU ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Егемендік елдігім» атты республикалық «Қола домбыра - 2024» жас ақындар айтысы өтті.

👍Ұйымдастырушы, айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының айтуынша, шараның мақсаты – Егемен еліміз жеткен жетістіктерді насихаттау, мектеп қабырғасындағы жас ақындардың ішкі мүмкіндігін ашып, шабытына қанат бітіру.

Алғаш рет ұйымдастырылған дүбірлі додаға республика бойынша 22 ақын қатысып, айтыстың алғашқы күні 11 жұп болып бақ сынасты.

Айтыстың қорытындысы бойынша:

🏆БАС ЖҮЛДЕ – Ислам Әли Біржанұлы, (Шымкент қаласы);

🥇ОРЫН –Бейбіт Байжігіт, (Маңғыстау облысы);

🥈ОРЫН –Арай Нұрадин, (Ақтөбе облысы), Айғаным Мақсұтханова (Астана қаласы);

🥉ОРЫН – Рауан Нұршабеков (Алматы облысы), Нұрислам Рогатов (Қостанай облысы), Ерасыл Сейітжан (Алматы қаласы).
https://youtu.be/M7AXyJqfVrs

L.N. Gumilyov Eurasian National University

02 Nov, 11:58


👏🏻Еуразия ұлттық университеті QS World University Rankings әлемдік білім рейтингінде өткен жылмен салыстырғанда 34 сатыға өсті. Айта кетейік, биыл бұл рейтингке 20-дан астам қазақстандық жоғары оқу орындары енді.


👏🏻Евразийский национальный университет по сравнению с предыдущим годом в мировом образовательном рейтинге QS World University Rankings вырос на 34 ступени. Стоит отметить, что в этом году в данный рейтинг вошли более 20 казахстанских университетов.

L.N. Gumilyov Eurasian National University

01 Nov, 05:45


📌ENU қоғамдық қабылдауы: ректор Ерлан Сыдықов студенттердің идеялары мен ұсыныстарын қолдады

📍ЖОО басшысымен кездесуге 3-4 курс студенттері, магистранттар мен докторанттар келді. Олар өздерін толғандыратын сұрақтарды қойып, университет қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстарын айтты.

Студенттердің ректорға қойған сұрақтары әртүрлі сипатта болды. Мысалы, «Мейрамхана және қонақ үй бизнесі» мамандығында оқитын 2-курс магистранты Меруерт Рахымберді ректордан оқу мен жұмысты қатар алып жүруге бола ма деп сұрады.

Ерлан Сыдықов жауап бергендей, «Білім туралы» заңға сәйкес жұмысты оқумен ұштастыруға рұқсат етіледі.

🔗Қоғамдық қабылдау кезінде көтерілген басқа да мәселелер мен ұсыныстар туралы enu.kz сайтынан оқи аласыз.

L.N. Gumilyov Eurasian National University

30 Oct, 10:56


📌Достар, 31 қазан күні ENU қоғамдық қабылдауында ректор Сыдықов Ерлан қабылдау өткізеді.

15:00 мен 16:00 аралығы

⁉️Білім алушылар мен оқытушылар сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдіре алады.

📍ENU қоғамдық қабылдауы оқу-әкімшілік корпустың 2 қабатында (студенттік кіреберіс) орналасқан.

📲Сұрақты +7708 425 26 10 whatsapp нөміріне жолдауға болады.

***

🖌Друзья, 31 октября ректор Сыдықов Ерлан проведет прием в Общественной приемной ENU.

с 15:00 до 16:00

⁉️Обучающиеся, преподаватели могут задать вопросы и озвучить свои предложения и идеи.

📍Общественная приемная ENU расположена на 2 этаже учебно-административного корпуса (студенческий вход).

📲Вопросы можете отправить на WhatsApp по номеру +7708 425 26 10.

#enu #enulife #enufamily

L.N. Gumilyov Eurasian National University

30 Oct, 04:22


📌Достар, бүгінгі #ENUбейнесі айдарының кейіпкері ЕNU профессоры, медицина ғылымдарының докторы Нэля Шапекова

🔹“Ел болашағы жастардың қолында. Біздің жастарымыз мықты, білімді, ізденімпаз. Ал біздің міндетіміз осы жастарға қолдау көрсетіп, ғылым саласына жол салып беру” - дейді ғалым.

ENU қабырғасында 2005 жылдан қызмет жасап келе жатқан ғалымның өмірлік ұстанымы: “Күнделікті атқаратын жұмысыңызды адал жасағанда айналада даму болады, ал біздің мақсатымыз қоғамға пайдалы болу!”

📌Друзья, героиня сегодняшней рубрики #ENU профессор ЕNU, доктор медицинских наук Нэля Шапекова.

🔹“Будущее страны в руках молодежи. Наша молодежь сильная, образованная, любознательная. А наша задача-поддержать эту молодежь и проложить путь в область науки”, - говорит ученый.

Жизненная позиция ученого, работающего в стенах ENU с 2005 года “ Каждый день, когда вы добросовестно выполняете свою работу, вокруг происходит развитие, а наша цель-быть полезным обществу!”
https://youtu.be/Dfjg6tSxDHo

L.N. Gumilyov Eurasian National University

29 Oct, 04:39


📌Достар, бүгін #ENUtalents айдарының кейіпкері - ел мақтанышы Ерғали Шамей.

🏅Ерғали Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері, «дене шынықтыру және спорт» кафедрасының 3-курс студенті.

😍Біздің кейіпкеріміздің өмірлік ұстанымы - «Арманды қай жаста да орындауға болады, бастысы арманыңа деген адалдық!»

👏🏻Спортшы - «Париж – 2024» жазғы Паралимпиада ойындарында көк байрағымызды әлемге танытқан азамат. Бүгінгі сырлы сұхбатта әлем чемпионы өзінің жетістікке жету жолы жайлы айтады.
https://youtu.be/ukNFg_649ak

L.N. Gumilyov Eurasian National University

15 Oct, 11:19


📌ENU техникалық физика кафедрасының оқытушысы, PhD, техникалық физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Кенжебатыр Бекмырза 10 жылға жуық уақытын сутегі энергетикасын зерттеуге арнаған ғалым.

🔬Ол қазіргі таңда сутегі отын элементтерін жасау технологиясын әзірлеуде. Ғалымның еңбегі отын жасушаларын сутегінің химиялық энергиясын қоршаған ортаға зиянсыз түрде электр энергиясына айналдыруға бағытталады.

👍Зерттеу жұмыстарынан бөлек ғалым оқытушылық қызметтіде абыроймен атқарып келеді, осы уақыт аралығында еліміздің жасыл экономикасына арналған бірнеше арнайы жобаларды ойлап тауып, жүзеге асырды. Оның айтуынша сутегі энергетикасы болашақтың жобасы.


📌Преподаватель кафедры технической физики ENU, PhD, ассоциированный профессор кафедры технической физики Кенжебатыр Бекмырза ученый, посвятивший почти 10 лет изучению водородной энергетики.

🔬В настоящее время он разрабатывает технологию изготовления водородных топливных элементов. Работа ученого направлена на превращение топливных элементов в электрическую энергию экологически безопасным способом.

👍Помимо исследовательской работы ученый преподает. За это время разработал и реализовал несколько специальных проектов, посвященных зеленой экономике страны. По его словам, водородная энергетика-это проект будущего.
https://youtu.be/7MviF4jXB0A

L.N. Gumilyov Eurasian National University

15 Oct, 05:17


📌Достар, 15 қазан күні ENU қоғамдық қабылдауында физика-техника ғылымдары институтының директоры Ерік Нұрмолдин қабылдау өткізеді.

15:00 мен 17:00 аралығы

⁉️Білім алушылар мен оқытушылар сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдіре алады.

📍ENU қоғамдық қабылдауы оқу-әкімшілік корпустың 2 қабатында (студенттік кіреберіс) орналасқан.

📲Сұрақты +7708 425 26 10 whatsapp нөміріне немесе стористе көрсетілген QR-код арқылы жолдауға болады.

***

🖌Друзья, 15 октября директор института физико-технических наук Ерик Нурмолдин проведет прием в Общественной приемной ENU.

с 15:00 до 17:00

⁉️Обучающиеся, преподаватели могут задать вопросы и озвучить свои предложения и идеи.

📍Общественная приемная ENU расположена на 2 этаже учебно-административного корпуса (студенческий вход).

📲Вопросы можете отправить на WhatsApp по номеру +7708 425 26 10 или с помощью QR-кода, указанного в сторис.

L.N. Gumilyov Eurasian National University

15 Oct, 05:16


📌 ENU студенттеріне арналған «IQUP» интеллектуалды сайысы өтті

😍ENU студенттер Альянсы студенттер арасында IQUP интеллектуалды байқауын ұйымдастырды.

👍Оған 100-ден астам студенттен тұратын 13 команда қатысты.

👏🏻Жарысқа қатысушылар танымдық сипаттағы түрлі сұрақтарға жауап беріп, білімдері мен біліктіліктерін көрсетті.

🏅Байқау қорытындысы бойынша «Алтай және оның достары» командасы үздік атанса, 2 орынды «Шақшақ» командасы иеленді, 3 орын «Оратор» командасына бұйырды.

🔹Байқау ай сайын өткізіледі. Оған университет студенттерімен қатар қызметкерлері де қатыса алады.

L.N. Gumilyov Eurasian National University

15 Oct, 05:15


📌ENU-да «Inclusion hub» коворкинг-аймағының салтанатты ашылуы өтті, онда ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылар мен әлеуметтік және психологиялық көмекке мұқтаж адамға қолдау көрсетіледі, сонымен қатар бос уақыттарында түрлі шаралар ұйымдастырылады.

«Ешкім назардан тыс емес» онкүндігі аясында ұйымдастырылған іс-шараға Мәжіліс депутаттары, оқытушылар мен студенттер қатысты.

😍Жаңа кеңістік қажетті инфрақұрылыммен, инновациялық оқулықпен, техникалық және көмекші құралдармен жабдықталған.

👍Шарада инклюзивті мәдениетті қалыптастыруға жәрдемдескені үшін ENU «Көмек» клубының ерікті студенттеріне ерекше көңіл бөлінді. Оларға алғыс хаттар табысталды.


📌В ENU открылась коворкинг-зона «Inclusion hub», где обучающиеся с особыми образовательными потребностями и лица, нуждающиеся в социальной и психологической помощи смогут не только получить поддержку, но и проводить свободное время, организовывать совместные мероприятия.

Мероприятие, организованное в рамках декады «Никто не в стороне», прошло с участием депутатов Мажилиса, преподавателей и студентов.

😍Новое пространство также оснащено необходимой инфраструктурой, инновационным учебным, техническим, вспомогательным оборудованием.

👍Особое внимание было оказано студентам - волонтерам клуба «Көмек»ЕНУ за содействие в формировании инклюзивной культуры. Им были вручены благодарственные письма.

https://youtu.be/d0egSFGm4ao

L.N. Gumilyov Eurasian National University

15 Oct, 05:15


📌ENU-да дәстүрлі «Белес – 2024» студенттерді қабылдау кеші өтті

⚜️Алты мыңға жуық бірінші курс студенті ENU студенттері қатарына ресми түрде қабылданды. Қатарға жаңадан қосылған еуразиялықтар «Белес – 2024» деп аталатын салтанатты шарада ант берді.

🔹ENU ректоры, академик Ерлан Сыдықов жастарды өмірдің жаңа кезеңімен құттықтады.

👏🏻Салтанатты жиын аясында Ерлан Сыдықов белсенді және дарынды студенттерге университет логотипі түріндегі төсбелгілерді табыс етті.

😍Студенттер қатарына қабылдау рәсімі шығармашыл студенттер мен дарынды ұстаздардың орындауындағы мазмұнды да, ерекше концерттік қойылымдармен жалғасты.

👍Кеш қонағы қазақ эстрадасының танымал әншісі, ENU түлегі Бейбіт Қорған болды.

***

📌В ENU состоялось традиционное посвящение в студенты «Белес – 2024»

⚜️Около шести тысяч первокурсников официально приняты в ряды студентов ENU. Новоиспеченные евразийцы принесли клятву первокурсника на церемонии посвящения под названием «Белес – 2024».

🔹С новым этапом жизни поздравил молодых людей ректор ENU, академик Ерлан Сыдыков.

👏🏻В рамках торжественного собрания Ерлан Сыдыков вручил значки в виде логотипа университета активным и талантливым студентам.

😍Церемония посвящения сопровождалась насыщенными и уникальными концертными номерами в исполнении как творческих студентов, так и талантливых преподавателей.

👍Гостем вечера стало выступление популярного казахстанского эстрадного певца, выпускника ENU Бейбита Коргана.
https://youtu.be/MNNm9m4psAk

L.N. Gumilyov Eurasian National University

09 Oct, 16:20


📌ENU «Жаңа Асу» грантына конкурс өткізілетінін хабарлайды.

⚜️Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 9-23 қазан аралығы.

👍«Жаңа Асу» грант байқауының мақсаты - коммерцияландыру перспективалары бар ғылыми жобалар мен идеяларды қолдау.

🔹«Жаңа Асу» гранты ашық конкурстық негізде өткізіледі және соңғы нәтижеге қол жеткізген жағдайда өтеусіз және қайтарымсыз болады.

🔹Конкурсқа ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін алатын университет қызметкерлері, университеттің докторанттары мен постдокторанттары қатыса алады.

Толық ақпарат ENU сайтында

L.N. Gumilyov Eurasian National University

08 Oct, 12:10


📌Мөлдір Альби: ENU көптеген мүмкіндіктер береді

⚜️Мөлдір Альби ENU бірінші курс студенті. Этникалық қазақ. Ол Қазақстанға Моңғолияның Баян-Өлгей аймағынан келіп, қазір Журналистика және саясаттану факультетінде спорт журналистикасы білім беру бағдарламасы бойынша білім алады.

👍Мөлдір бала кезінен спортпен шұғылданып, шығармашылықпен айналысады, сондықтан студент осы хоббилерін спорт журналистикасы мамандығы бойынша грантқа оқу арқылы жүзеге асырады.

– Мен Еуразия ұлттық университетін таңдадым, себебі университет студенттерге көп мүмкіндік береді. Мұнда кез келген салада өзіңізді көрсете аласыз», - дейді Мөлдір

📍Қазір болашақ журналист ENU студенттер жатақханасына орналасып, жаңа достар тауып, жергілікті ауа райы мен тағамға бірте-бірте үйреніп келеді.

👏🏻Айта кетейік, биыл ЕҰУ-ға Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қытайдан 260 этникалық қазақ оқуға түсті.