🇰🇿 2024 жылдың 1 қаңтарындағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштері
Салымшылардың шоттарындағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – 17 864, 64 млрд теңге. Оның ішінде:
● міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – 17 290 млрд теңге,
● міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – 568,5 млрд теңге,
● ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – 5,3 млрд теңге.
Жеке зейнетақы шоттарының саны – 12 323 мың бірлік. Оның ішінде есепке алу бойынша:
● МЗЖ – 11 088 мың бірлік,
● МКЗЖ – 642,4 мың бірлік,
● ЕЗЖ – 397,2 мың бірлік.
Жыл басынан бергі зейнетақы төлемдері – 591,3 млрд теңге. Оның ішінде:
● жасына байланысты – 150,6 млрд теңге,
● мүгедектік бойынша – 2,8 млрд теңге,
● ҚР аумағынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты – 39,8 млрд теңге,
● мұрагерлік бойынша – 52,6 млрд теңге,
● жерлеуге – 7,5 млрд теңге,
● сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 54 млрд теңге,
● тұрғын үй жағдайын жақсартуға/емделуге – 284 млрд теңге.