Екінші Тайм | Есет Төлеш @ekinshi_taim Channel on Telegram

Екінші Тайм | Есет Төлеш

@ekinshi_taim


Футбол. Қызық ақпараттар, тарихи мәліметтер мен статистика.
Авторы - @YessetTolesh

Сайт - https://2taim.kz/

Екінші Тайм | Есет Төлеш (Kazakh)

Екінші Тайм каналы - бұл футбол тақырыбында ақпараттық және тарихи мәліметтермен толтырылған Telegram көрсеткіші. Каналда футболдың жаңа және старық жаңалықтары, статистикалық деректер мен өзге аяқталмаған ақпараттар туралы ақпараттар беріледі. Автор - @YessetTolesh. Каналдың мұрашылығы ұзын мерзімнен бастап футбол саласында тәжірибелі адамдар тарапынан құрылған. Егер футбол қатарындағы соңғы жаңалықтардан хабардар болғыңыз келсе, Екінші Тайм каналы сіздерге өз бетінде. Қазір тіркеліңіз және футбол тақырыбындағы ақпараттардан енді көмектесіңіз. Сілтеме - https://2taim.kz/

Екінші Тайм | Есет Төлеш

28 Jan, 05:47


Наингголан есірткімен ұсталды

«Интер» мен «Романың» бұрынғы ойыншысы, белгиялық Раджа Наингголанды есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен Брюссель полициясы қамауға алды

👮‍♂️ Corriere dello Sport мәліметінше, құқық қорғау органдары 36 жастағы спортшыны кеше, 27 қаңтар күні ұстаған.

📝 22 қаңтарда жартылай қорғаушы Бельгияның екінші дивизионында ойнайтын «Локерен-Темземен» келісімшарт жасасқан еді.

🇧🇪 Наингголан Бельгияда кокаинды таратуға қатысты ұйымдасқан қылмысты тергеу аясында тұтқындалған. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Футболшы халықаралық есірткі айналымына қатысы бар деп айыпталды. Ол Еуропаға кокаинді Оңтүстік Америкадан Бельгия порты арқылы жеткізуге көмектескені айтылған.

📊 Наингголан бұрын Италияның «Кальяри», «Пьяченца», миландық «Интер», римдік «Рома», СПАЛ және Бельгияның «Антверпен» клубтарында ойнаған. Футболшының соңғы клубы индонезиялық «Бхаянгкара» болды. Наингголан – миландық «Интер» сапында Италия чемпионы және «Антверпенмен» Бельгия чемпионы атанған.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

27 Jan, 16:08


🇪🇺 Чемпиондар лигасы тарихында 21 жасына дейін ең көп ұпай жинаған футболшылар

Мбаппе 21-ге толғанша гол+пас бойынша 37 ұпай жинап үлгеріпті.

🇫🇷 Килиан Мбаппе — 40 матчта 37 ұпай
🇳🇴 Эрлинг Холанд — 19 матчта 26 ұпай
🇦🇷 Лионель Месси — 33 матчта 26 ұпай
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Джуд Беллингем — 41 матчта 24 ұпай
🇧🇷 Родриго — 33 матчта 21 ұпай
🇧🇷 Винисиус Жуниор — 34 матчта 18 ұпай
🇫🇷 Кәрім Бензема — 23 матчта 17 ұпай
🇪🇸 Рауль — 23 матчта 16 ұпай
🇩🇪 Марио Гетце — 23 матчта 16 ұпай
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Фил Фоден — 23 матчта 16 ұпай

Ламин қайта деп жатсаңыздар, Ямаль әзірге бір гол соғып, нәтижелі пас берді. Бірақ 21 жасқа дейін әлі төрт жылы бар.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

27 Jan, 14:02


Рубен Аморим мен Эрик тен Хагты салыстырайық

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Олардың «Манчестер Юнайтегі» алғашқы 16 матчының статистикасы осындай:

Эрик Тен Хаг:
10 жеңіс
🤝 2 тең ойын
4 жеңіліс

Рубен Аморим:
7 жеңіс
🤝 2 тең ойын
7 жеңіліс

Екінші Тайм | Есет Төлеш

27 Jan, 13:01


🔁👔 Пеп Гвардиола, Жозе Моуриньо және Карло Анчелоттидің ең қымбат трансферлері:

Гвардиола:
1️⃣ Джек Грилиш — 118 млн еуро (2021)
2️⃣ Йошко Гвардиол —- 90 млн еуро (2023)
3️⃣ Омар Мармуш — 75 млн еуро (2025)
4️⃣ Рубен Диаш — 72 млн еуро (2020)
5️⃣ Златан Ибрагимович — 70 млн еуро (2009)

Моуриньо:
1️⃣ Поль Погба — 105 млн еуро (2016)
2️⃣ Ромелу Лукаку — 85 млн еуро (2017)
3️⃣ Фред — 59 млн еуро (2018)
4️⃣ Неманья Матич — 45 млн еуро (2018)
5️⃣ Андрей Шевченко — 44 млн еуро (2006)

Анчелотти:
1️⃣ Джуд Беллингем — 113 млн еуро (2023)
2️⃣ Гарет Бейл — 101 млн еуро (2013)
3️⃣ Орильен Чуамени — 80 млн еуро (2022)
4️⃣ Хамес Родригес — 75 млн еуро (2014)
5️⃣ Фернандо Торрес — 59 млн еуро (2011)

Екінші Тайм | Есет Төлеш

27 Jan, 11:52


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Дастан Сатпаевтың трансферінің нақты шарттары, жас таланттың болашағы не болмақ? Челси сапында жаңа Азар пайда болды ма?

▶️ Осы сұрақтардың жауабы - Alim Live YouTube арнасында!

https://youtu.be/EV0TvM1fmZ0?feature=shared

Екінші Тайм | Есет Төлеш

27 Jan, 08:43


🇰🇿 Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті.

Еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды.

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинады.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.

Қазақстан футбол федерациясы Станислав Саламұлы мен оның штабына атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, мансабына табыс тілейді!

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

27 Jan, 07:36


«Айнтрахт» Франкфурт Бундеслиганың осы маусымдағы рекордын қойды, сырт алаңдағы матчқа 15 мың жанкүйер барған

Франкфурт жанкүйерлері қонақтан секторынан бөлек «Хоффенхаймның» өз жанкүйерлеріне арналған секторларды ды сатып алған. 15 мың жанкүйер қонақтарды қолдады!

Бірақ «Айнтрахт» жеңісті уыстан жіберіп алды, матч соңына қарай «Хоффенхайм» есепті 2:2 қылып кетті.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Jan, 18:03


Бүгін жұмыстан шығып қалса, бай бола түсетін адамның туған күні

Жозе Моуринью қызметінен кеткен кездерде 80 млн фунт стерлинг көлемінде төлемақы алған:

💰 «Челси» (бірінші рет) – 18 млн
💰 «Реал» – 17 млн ​
💰 «Челси» (екінші рет) – 8,3 млн
💰 «Манчестер Юнайтед» – 19,6 млн
💰 «Тоттенхэм» – 15 млн
💰 «Рома» – 3 млн

Оның тарихи жеңісі көп, «Портудың» өзі не тұрады… Сөздері цитата болып, ауыздан ауызға тарайды

Бір сөзбен айтқанда - Special One!

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Jan, 16:34


▪️ АПЛ-да 15-орын
▪️ Қатарынан 4 жеңіліс
▪️«Лестер» оларға қарсы матчта тоғыз матчқа созылған жеңіссіз сериясын үзді

Тағы бір отставка келе жатыр-ау 🐓

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Jan, 15:36


Англияда «Дерби-2007/2008» деген ұғым бар. Нашар команданы соларға ұқсатады.

Себебі сол 2008 жылы «Дерби» АПЛ-да антирекорд орнатты - маусым бойы 11 ұпай ғана жинады. Биыл «Саутгемптон» сол антирекордты жаңартпақ сияқты. Дәл қазір 6-ақ ұпайы бар.

АПЛ-да топ-5 ең нашар командалар мыналар:

«Дерби Каунти»-2007/08: 11 ұпай
«Сандерленд»-2005/06: 15 ұпай
«Шеффилд»-2023/24: 16 ұпай
«Хаддерсфилд»-2018/19: 16 ұпай
«Астон Вилла»-2015/16: 17 ұпай

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Jan, 14:13


🍒 Қаңтарда піскен «шиелер»

Бұл жайында айтпай кетуге болмайды. «Борнмут» бір мақтауға лайық

- «Ньюкаслды» 4:1, үшінші орындағы «Ноттингем Форестті» 5:0 жеңді
- АПЛ-да 11 матч бойы жеңілмей келе жатыр
- Қазір 7-орында тұр, бірақ төртінші орындағы «Ман Ситиден» бір ұпайға ғана қалып тұр

Бұл команда өз тарихында ешқашан еурокубокта ойнап көрмеген. 1899 жылы құрылса да, АПЛ-дағы дебютін 2014 жылы өткізді.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Jan, 13:07


Soqqy Live арнасына қонаққа барып қайттым. Кешегі Абдукодир Хусановтың «Манчестер Ситидегі» дебютін талқыладық, «Челсиге» ауысайын деп жатқан Дастан Сәтпаев жайлы сөйлестік

Қарап шығуға кеңес беремін👇

https://youtu.be/DDS2Z7_mtd4?si=P7EJi-bEEZd2wKJf

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Jan, 12:14


Лондон - қызыл...

🔴 Дәлірек айтсақ, «Арсенал» оны қызыл қылып жіберді. Себебі қызыл қағазы көп.

Осы маусымда «Арсеналдың» төрт футболшысы қызыл қағаз алған. Бұл көрсеткіш бойынша АПЛ-да бірінші орында тұр.

«Арсенал» Лондон қызыл дегенді тура мағынада түсініп жүрген жоқ па осы?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Jan, 10:43


«Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?»

Кеше «Эвертон» ойыншысы Ндиайе гол соққанын тойлағаны үшін сары қағаз алды. Шабуылшы құс сияқты ұшып жүргендей болды. Бұл «Брайтонның» стадионында, ал олардың лақап аты шағалалар екенін білесіздер.

Трибуна жаққа қарап оқ атқандай не садақ атқандай әрекет жасайтындар бар ғой. Оларға көз жұма қарайды да, құс болып ұшқан футболшыға сары қағаз көрсетеді. Мұны арандату деп бағалауға бола ма жалпы?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Jan, 09:15


Бізді ойландырған сұрақ бар еді: ПСЖ Хвича мен Баркаляны бір уақытта қалай ойнатады? Бірге ойнатпайтын сияқты. Хвича кеше дебютін өткізді, Баркаля қосалқы құрамда қалды. Егер алдағы уақытта да солай болса, Баркаля өзіне жаңа клуб іздей береді-ау.

Бірақ екінші таймда Хвича Рамуштың кетуімен алаң ортасына ойысып, нәтижелі пас берді, ал Баркаля сол қапталдағы вингер болды.

Хвича орталық шабуылшыға айналар ма екен?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Jan, 07:34


⛵️ 🇺🇿 Пеп Гвардиола Абдукодир Хусановтың дебюті жайында:

Ол ағылшынша білмейді, сондықтан әлі сөйлеспедім. Өзбек не орыс тілін үйреніп алуым керек шығар. Бірақ ол бұл сәттен сабақ алады.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

25 Jan, 19:11


Өзбек футболы үшін маңызды кадр!

Екінші Тайм | Есет Төлеш

19 Jan, 10:06


Неймар Бразилияға оралуы мүмкін

🇧🇷 GeGlobo мәлімітенше, «Сантос» Неймарды 6 айға жалға алу бойынша «Әл-Хиләлмен» келіссөз жүргізе бастады.

📹 Клуб Неймардың әкесіне жасанды интеллект көмегімен жасалған, Пеленің дауысы жазылған видеоролик ұсынды, онда Пеле оның ұлына неге үйіне оралуы керегін түсіндіреді.

Бұл оның әкесінде ерекше эмоция тудырған.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

19 Jan, 07:23


«Барселона» 2019 жылдан бері «Хетафені» сырт алаңда жеңбеген 🤯🏟️

Екінші Тайм | Есет Төлеш

18 Jan, 19:29


🏆 Ламин Ямаль қазіргі уақытта 2025 жылғы «Алтын допқа» басты фавориттердің бірі

Егер ол жеңіске жетсе, тарихтағы ең жас «Алтын доп» иегері атанады.

🇪🇸 Ламин Ямаль — 18 жас 3 ай (2025)
🇧🇷 Роналдо — 21 жас 3 ай (1997)
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Майкл Оуэн — 22 жас 0 ай (2001)
🇦🇷 Лионель Месси — 22 жас 5 ай (2009)
🇬🇧 Джордж Бест — 22 жас 7 ай (1968)

Мүмкіндігі бар ма?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

18 Jan, 18:15


🇪🇸 «Реал Мадридтің» бірнеше футболшысы ертең ойнамайды

Жексенбіде мадридтіктер Ла Лига аясында «Лас-Пальмаспен» кездеседі. Мына футболшының бәрі ойнамайды:

Карвахаль
Милитао
Алаба
Модрич (сары қағаз көптігі)
Камавинга
Вини (қызыл қағаз)

Жағдайы қиын болайын деп тұр, «Лас-Пальмастің» грандтарға қарсы қалай ойнап жүргенін білеміз ғой бәріміз...

Екінші Тайм | Есет Төлеш

18 Jan, 16:58


🇬🇧 Ресми!

Абдукодир Хусанов - «Манчестер Ситидің» жаңа 45-нөмірі.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

18 Jan, 15:24


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Челси» шабуыл шебіне тағы футболшы алмақ

Дэвид Орнштейн мәліметінше, «Челси» Алехандро Гарначо мен Джейми Гиттенсті сатып алу жағын қарастырып жатыр. Қазір келіссөз бастапқы сатыда екен.

Бұл трансферді түсінуге болады, себебі сол жақ вингер позициясы Мудриктің шеттетілуімен әлсіреді. Гарначо да, Гиттенс те жас, 20-да. Сондықтан «көктер» нарыққа шығатын сияқты.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

18 Jan, 14:09


«Милан» Рэшфордтың орнына Феликсті таңдап отыр, себебін түсіндірейін.

Миландықтар әу баста Маркус Рэшфордты жалға алғысы келді, бірақ орнына Феликсті таңдап отыр. Себебі Англия Еуропа Одағына кірмейді, яғни Рэш үшін бір лимит орнын беруі керек еді. Енді лимит орны бос қалады, сол орынға басқа бір ағылшын Кайл Уокерді алуға болады.

🇵🇹 Ал Португалия ЕуроОдақта, демек Феликсті қатарға лимитсіз-ақ қосуға болады.

Бірақ, Джанлука Ди Марцио мәліметінше, «Челси» Феликсті жалға бергісі келмей отыр екен

Екінші Тайм | Есет Төлеш

18 Jan, 13:04


Йоан Висса жейде ауыстыруы мүмкін, бірақ ақ-қызыл түсте қала береді

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Арсенал» «Брентфордтың» 28 жастағы шабуылшысы Йоан Виссаға қызығушылық танытып отыр.

🔄 The Telegraph ақпараты бойынша, лондондық клуб футболшыны ауыр жарақат алған Габриэль Жезустың орнына қарастырып жатыр.

📊 Осы маусымда Висса барлық турнирде 22 матчқа қатысып, 12 гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Ойыншының клубпен қазіргі келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін есептелген.

📰 Transfermarkt порталы футболшыны 28 млн еуроға бағалап отыр.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

18 Jan, 11:48


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Сити» бұл трансферлермен тоқтап қалмайды

«Манчестер Сити» осы қаңтарда шабуылшы Омар Мармушты алды. Таяуда екі жас орталық қорғаушыны ресми хабарлайды.

Ал Родридің орнына әлі ешкімді алған жоқ. Сөйтсек, Фабрицио Романоның мәліметінше, «Манчестер Сити» қазір жартылай қорғаушы іздеп жүр.

Дәл қазір кімді алуға болады?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

18 Jan, 10:14


Нкунку ешқайда кетпейтін сияқты

Соңғы күндері «Челси» мен «Бавария» арасында Кристофер Нкункуға қатысты ешқандай байланыс болған жоқ.

Фабрицио Романоның мәліметі бойынша, келісім алға жылжып жатқан жоқ және көп нәрсе қазіргі уақытта Матиас Тельдің шешіміне байланысты болып отыр. Тель мюнхендік командадан кеткісі келмейді екен.

Ал Нкункуға қазір «Челси» құрамынан орын табылмай тұр.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

18 Jan, 08:59


«Ювентус» ПСЖ-ға өте ашулы

«Ювентус» Рандаль Коло-Муаниді ПСЖ-дан жалға ала алмауы мүмкін, соған қатты ашуланып жатыр.

Себебі ПСЖ негізгі командадағы көп футболшыны жалға беріп қойған. ФИФА-да белгіленген шектеу бар. Енді париждіктер жалға берілген алты футболшысының біреуін қайтаруы керек немесе толыққанды сатып жіберуі қажет.

🔁 Қазіргі уақытта «Пари Сен-Жерменнің» жалда жүрген ойыншылары: Хави Симонс («РБ Лейпциг»), Карлос Солер («Вест Хэм»), Норди Мукиеле («Байер»), Ренату Саншеш («Бенфика»), Хуан Бернат («Вильярреал») және Шер Ндур («Бешікташ»).

🇫🇷 L’Equipe ақпараты бойынша, париждіктер бұл ақпаратты «Ювентуске» уақытында жеткізбеген екен, өздері де білмей қалған сияқты.

😡 «Ювентустың» спорт директоры Кристиано Джунтоли болса, Паскуале Сенсибиленің жұмысына ашулы екені айтты. «Юве» ПСЖ-ны «дилетанттар» деп атады.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

18 Jan, 07:43


🇬🇪 ПСЖ-ға Хвича не үшін керек?

Парижде сол қаптал вингері өте мықты. Баркола қазір көшбасшылардың бірі. Чемпионатта 10 гол соғып тастады. Әрі жас, 22-де. Әлі бірнеше жыл дәл осылай ойнап береді.

Оның орнына 70 млн еуроға Хвичаны сатып алудың мақсаты қандай екен?

Луис Энрике тек 4-3-3 жүйесімен ойнайды. Сонда Хвичаны қайда қояйын деп жатыр екен?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

17 Jan, 20:41


🇬🇪 Ресми: Хвича ПСЖ ойыншысы атанды

Келісімшарт 2029 жылдың жазына дейін.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

17 Jan, 19:33


🤖 Ұйықтар алдында Криштианудың жалақысын санап, армандаап жатыңыз.

Роналдудың жаңа жалақысын теңгемен есептеп берейін:

Жылына - 109 338 000 000 теңге 109 338 000 000
Айына - 9 111 500 000 теңге
Аптасына - 2 277 875 000 теңге
Күніне - 325 410 714 теңге
Сағатына - 13 558 779 теңге
Минутына - 225 980 теңге
Секундына - 3 766 теңге.

Осы постты оқып жатқанда Роналдудың сіздің бір айлығыңызды тауып қойды-ау

Екінші Тайм | Есет Төлеш

17 Jan, 18:24


🇬🇧 Қазір жұмыс істеп жатқан тек «Манчестер Сити» сияқты

Осы қаңтардың өзінде мықты үш трансфер жасайын деп жатыр. Омар Мармуш, Абдукодир Хусанов пен Витор Рейсті сатып алды. Тек ресми хабарлау қалып тұр, Here We Go болып қойды. Үшеуі де талантты және кем дегенде 5-6 жыл «Сити» сапында ойнай алады.

Одан қалды, бүгін Эрлинг Холандпен келісімшартын 2034 жылға дейін созды. «Челсиден» үлгі алып, келісімді 9,5 жылға ұзартты. Эрлинг аптасына 500 мың фунт алады - АПЛ тарихында жалақысы ең көп футболшы болды. Мынау келісімшарт аяқталған кезде Холанд 34 жаста болады екен.

Топ-клубтар үнсіз жатқанда «Манчестер Сити» құрамын біраз күшейтіп алды.

Екінші айналымда «Ливерпульді» қуып жетсе, таңғалмаңыздар ал...

Екінші Тайм | Есет Төлеш

17 Jan, 17:21


🔴 «Милан» дұрыс шешім жасады ма?

«Милан» 34 жастағы Кайл Уокерді сатып алмақ. «Миланның» оң қапталдағы қорғанысында қазір капитан Давиде Калабриа, негізгі құрамда ойнайтын Эмерсон Роял, «Реал Мадрид» академиясынан ауысқан Алекс Хименес, «Веронадан» келген 21 жастағы Филиппо Терраччано, жарақаттан емделіп жатқан Алессандро Флоренци бар.

Жарайды, Хименес пен Терраччано басқа позицияларда да ойнай алады.

Бірақ Уокер дәл қазір қажет пе? Оң қаптал қорғаушысынан үй салар ма екен?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

17 Jan, 16:10


🛑 Көптен күткен UFC 311 турнирінің басталуына аз уақыт қалды

💪 Арман мен Умар өз салмақтарының белбеуін жеңіп алады ма? Мерабты сатып кеткен дагестандық кім? Ислам дайын ба?

▶️ Осы сұрақтардың жауабы, Әлімжан Тасболатұлының жаңа арнасында

https://youtu.be/tz_EfM33qCc

Екінші Тайм | Есет Төлеш

17 Jan, 14:54


Уле-Гуннар Сульшердің «Бешікташқа» келуі біраз алаңдатады

Ол Бақтиер Зайнутдиновті қайта отырғызып тастамас па екен? Еуропа көрген жігіттер ғой деп басқаларды шығарып жібермесе игі…

Екінші Тайм | Есет Төлеш

17 Jan, 12:33


🇹🇷Уле-Гуннар Сульшер енді Бақтиер Зайнутдиновті жаттықтырады

Екінші Тайм | Есет Төлеш

06 Jan, 15:08


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Маркус Рэшфорд кімді таңдайды?

Дәл қазір Рэшфордқа бірнеше клуб көз тігіп отыр:

🇮🇹 «Милан»
🇮🇹«Ювентус»
🇮🇹 «Наполи»
🇪🇸 «Барселона»
🇬🇧 «Арсенал»
🇫🇷 «ПСЖ»
🇬🇧 «Астон Вилла»
🇫🇷 «Марсель»

Екінші Тайм | Есет Төлеш

06 Jan, 14:05


Наши игроки всегда в профите 😎

Подними кэша и ты 🫵Подписывайся на PIN-UP BET Kazakhstan

Топовые заносы, полезный контент о футболе, розыгрыши, промокоды, бездепы и многое другое для тебя собрано в одном канале 🔥

Екінші Тайм | Есет Төлеш

06 Jan, 11:03


«Ливерпуль» Дарвин Нуньесті сатуға дайын

🇬🇧 Ағылшын басылымдарының мәліметінше, «қызылдар» уругвайлық шабуылшымен қоштаспақ. Ағылшын клубы оны 50-60 млн фунтқа сатуға дайын отыр.

💸 Нуньес «Ливерпульге» «Бенфикадан» 85 млн еуроға ауысқан болатын.

25 жастағы шабуылшысы осы маусымда 24 матчта 4 гол соғып, 3 ассист жасады.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

06 Jan, 09:52


Соңғы 55 жылда бір күнтізбелік жылда 60+ гол соққан футболшы көп емес. Дьекереш аңыздардың қатарына қосылды

1970 жылдан бері бес футболшы ғана алпыстан асыра гол соғыпты.

1972 жыл. Герд Мюллер - 85 гол 🇩🇪
1976 жыл. Герд Мюллер - 61 гол 🇩🇪
2010 жыл. Лионель Месси - 60 гол 🇪🇸
2011 жыл. Криштиану Роналду - 60 гол 🇪🇸
2012 жыл. Криштиану Роналду - 63 гол 🇪🇸
2012 жыл. Лионель Месси - 91 гол 🇪🇸
2013 жыл. Криштиану Роналду - 70 гол 🇪🇸
2014 жыл. Криштиану Роналду - 61 гол 🇪🇸
2021 жыл. Роберт Левандовски - 69 гол 🇩🇪
2024 жыл. Виктор Дьекереш - 62 гол 🇵🇹

Екінші Тайм | Есет Төлеш

06 Jan, 08:36


Антони Ла Лигаға кетуі мүмкін

🟢 Фабрицио Романо мәліметінше, Антониді жалға алуға үміткерлердің бірі - «Реал Бетис».

Бірақ ол үшін «Манчестер Юнайтед» вингердің 50 пайыз жалақысын өз мойнына алуы керек.

24 жастағы бразилиялық осы маусымда АПЛ-да 84 минут қана өткізді.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

06 Jan, 07:22


📈 Score90 нұсқасы бойынша 2024 жылдың топ-10 бапкері:

1️⃣🇪🇸 Хаби Алонсо — «Байер»
2️⃣🇮🇹 Джан Пьеро Гасперини — «Аталанта»
3️⃣🇳🇱 Арне Слот — «Фейеноорд», «Ливерпуль»
4️⃣🇮🇹 Карло Анчелотти — «Реал Мадрид»
5️⃣🇪🇸 Луис де ла Фуэнте — Испания құрамасы
6️⃣🇮🇹 Симоне Индзаги — «Интер»
7️⃣🇪🇸 Микель Артета — «Арсенал»
8️⃣🇪🇸 Пеп Гвардиола — «Манчестер Сити»
9️⃣🇪🇸 Мичел — «Жирона»
🔟🇵🇹 Рубен Аморим — «Спортинг», «Манчестер Юнайтед»

Бұл рейтингпен келісесіздер ме?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

06 Jan, 05:27


Score90 нұсқасы бойынша, 2025 жылғы «Алтын доп» рейтингі:

1️⃣ Мохаммед Салах, «Ливерпуль»
2️⃣ Винисиус Жуниор, «Реал Мадрид»
3️⃣ Рафинья, «Барселона»
4️⃣ Джуд Беллингем, «Реал Мадрид»
5️⃣ Роберт Левандовски, «Барселона»
6️⃣ Килиан Мбаппе, «Реал Мадрид»
7️⃣ Эрлинг Холанд, «Манчестер Сити»
8️⃣ Джамал Мусиала, «Бавария»
9️⃣ Ламин Ямаль, «Барселона»
🔟 Вирджил ван Дейк, «Ливерпуль»

Екінші Тайм | Есет Төлеш

05 Jan, 19:05


Матч жайында қысқаша:

Сұмдық ойын. Англияның басты дербиі деген атқа лайық.

«Ман Юнайтедтен» мұндай ойын күтпедім, Рубен Аморим топ-клубтарға қарсы жақсы ойнайды екен.

Ал «Ливерпуль» бәсекелестерінің сүрінгенін пайдалана алмады. Жаңбыр мен қар біраз әуреге салып қойған сияқты.

Салах АПЛ тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде 7-орынға шықты.

Ал матч шабуылы мынадай:

https://t.me/soqqyjanegoal/37517

Екінші Тайм | Есет Төлеш

05 Jan, 16:04


🔝 2000–2024 жылдар аралығындағы «Ливерпуль» мен «Манчестер Юнайтед» ойыншыларынан үздік құрам.

Құрамға «қызыл сойқандардан» жеті футболшы еніпті.

Қандай өзгеріс енгізер едіңіз? 🤔

Екінші Тайм | Есет Төлеш

05 Jan, 14:52


ПСЖ Коло Муаниді АПЛ шабуылшысына ауыстыруы мүмкін

🔁 Football Insider мәліметінше, келесі аптада ПСЖ мен «Астон Вилла» Рандаль Коло Муани мен Джон Дуранды ауыстыру бойынша келіссөз жүргізеді.

🇫🇷 Коло Муани осы маусымда барлық турнирде 14 матч өткізіп, 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Оның ПСЖ клубымен келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін есептелген. Transfermarkt порталы футболшыны 30 млн еуроға бағалап отыр.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Дуран осы маусымда барлық турнирде 26 матчқа қатысып, 12 гол соқты. Ойыншының клубпен қазіргі келісімшарты 2030 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt мәліметі бойынша Дуранның нарықтық құны 40 млн еуроны құрайды.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

05 Jan, 13:13


АПЛ-дің дәл қазіргі үздік ойыншылары кім?

Соңғы 6 матчты қарайық. Мұнда футболшылардың соңғы алты матчтағы орташа рейтингі есепке алынған. Салах, әрине, үздік. Бірақ «Ньюкаслдан» Исак да қатты қала қоймапты.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Мохаммед Салах — 8.82
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Александер Исак — 8.67
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Энтони Гордон — 7.83
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Трент Александер-Арнольд — 7.76
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Матеус Кунья — 7.75
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Морган Гиббс-Уайт — 7.75
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Джейкоб Мерфи — 7.69
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Коул Палмер — 7.61
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Коди Гакпо — 7.56
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Алексис Макаллистер — 7.54

Екінші Тайм | Есет Төлеш

05 Jan, 12:03


«Ливерпуль» — «Манчестер Юнайтед» матчы өтеді. 100 пайыз расталды.

Бүгін екі бірдей отырыс өтіп, матчты шегермей, уақытында бастай беретін болды.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

05 Jan, 10:40


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Ливерпуль» - «Манчестер Юнайтед» кездесуі шегерілуі мүмкін.

❄️ Метеорологиялық бюро Ливерпуль мен Манчестерге сары деңгейдегі ауа райы ескертуін жариялады, себебі өңірде түнде жапалақтап қар жауған. Осы деңгейдегі қауіпсіздік бұрын желтоқсанда мерсисайдтық дерби алдында да жарияланған болатын.

Ливерпуль қалалық кеңесінің қауіпсіздік бойынша тобы кездесуді шегеру қажет пе деген мәселені шешу үшін отырыс өткізеді.

Қала қызметтері соңғы 24 сағат ішінде жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдарға бірнеше рет құм төгіп шыққан.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

05 Jan, 08:58


🇬🇧 «Манчестер Юнайтед»«Энфилдте» 2016 жылдың қаңтарынан бері жеңе алмай келе жатыр.

▫️8 матч
▫️4 тең
▫️4 жеңіліс
▫️1 гол соқты (гол айырмашылығы -15)

Екінші Тайм | Есет Төлеш

05 Jan, 06:09


Бүгін Англияның басты дербиі

🇬🇧«Ливерпуль» - «Ман Юнайтед» 🇬🇧
🕰️ 21:30
📺 Setanta Sports 1
🎙️ Комментаторлар: Әлімжан Асқар мен Есет Төлеш

Бірінші айналымда «Ливерпуль» 3:0 есебімен жеңген еді.

Бүгін қандай есеп болады?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

04 Jan, 19:21


«Ливерпульге» қарсылас бар ма өзі?

Егер олар кем матчтарында жеңсе, екінші орыннан 11 ұпайға озып кетеді.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

04 Jan, 17:30


«Челси» чемпиондық таласқа түсе алмайды деген рас-ау

Қатарынан төрт тур жеңіске жете алмады. Енді алда сегіз тур бойы жеңілмей келе жатқан «Борнмут» күтіп тұр.

Бірақ «Челси» фандарының көңіл-күйі түсетіндей ештеңе бола қоймады деп ойлаймын. Команда Чемпиондар лигасына оралса, жеткілікті сияқты.

Қалай ойлайсыздар?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

04 Jan, 16:02


Ана жақта «Челсидің», «Манчестер Ситидің» ойындарын сарп етіп, «Астон Вилла» - «Лестер» матчын көріп жатқандар бар ма?

Мысалы, мен көріп отырмын.

Әзірше қызық түк те жоқ, көрмеуге де болады негізі

Екінші Тайм | Есет Төлеш

04 Jan, 14:14


АПЛ-дан кім ұшады?

📉 Букмекерлер болжамы мынадай:

🇬🇧 «Саутгемптон» – 1.03
🇬🇧 «Лестер» – 1.30
🇬🇧 «Ипсвич» – 1.60
🇬🇧 «Вулверхэмптон» – 3.40
🇬🇧 «Эвертона» – 4.50.

🇬🇧 Мысалы, «Манчестер Юнайтедтің» ұшып кетуіне 500 кэф ұсынылыпты.

Меніңше осы тізімдегі алғашқы үшеуі Чемпионшипке кетеді, сіз қалай ойлайсыз?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

04 Jan, 13:02


🇪🇸 Ресми: Ла Лига мен Испания футбол федерациясы (RFEF) Дани Ольмо мен Пау Викторды «Барселона» құрамына тіркеуден тағы да бас тартты.

«Барселона» сотқа жүгінбек ⚠️

Екінші Тайм | Есет Төлеш

29 Dec, 16:27


🇬🇧 «Манчестер Сити» жеңді, Эрлинг Холанд гол соқты

Нәтижеге қарасаң, «Сити» оралғандай. Бірақ ойынға қарасаң, «Лестер» өз мүмкіндіктерін пайдалана алмай, «қалалықтардың» жолы болды.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

29 Dec, 15:59


Трент келіссөзі жалғасып жатыр

🇬🇧 Liverpool Echo мәліметінше, Трент Александер-Арнольд «Ливерпуль» басшылығына «Реал Мадридке» ауысқым келеді деп айтпаған. Футболшының болашағы әлі де белгісіз болып тұр.

Тренттің өзі бұған дейін маусым соңына дейін «қызылдар» сапында ойнауға уәде еткен еді және басқа клубқа ауысар болса, жанкүйерлердің құрметі үшін алдын ала хабарламайтынын айтқан болатын.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

29 Dec, 14:06


«Бавария» жартылай қорғаушысы Джамал Мусиала клубпен келісімшартын әлі ұзартқан жоқ.

📝 21 жастағы ойыншының қазіргі келісімшарты бір жарым жылдан кейін аяқталады, осыған байланысты еуропалық алып клубтар футболшыға қызығушылық танытып отыр.

🔝 Sports Illustrated ақпараты бойынша, Мусиалаға «Ливерпуль», «Манчестер Сити», ПСЖ және мадридтік «Реал» күрес таласып жатыр. Бұл төрт клуб та қаңтар айында мюнхендіктердің жұлдызы бойынша келіссөзді бастауға дайын.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

29 Dec, 12:02


🇫🇷 Бірінші лига әлеуметтік желілерде Криштиану Роналдудың Сауд Арабиясы чемпионаты франциялық лигадан қиын деген мәлімдемесіне жауап берді.

🇵🇹 Роналду: «40 градус ыстықта жүгіріп, жылдам ойнауға тырысып көріңіз – сонда түсінесіз».

Бірінші лига жауап ретінде Лионель Мессидің әлем кубогымен түскен суретін жариялап: «Лео 38 градус ыстықта ойнаған кезде» деп жазды.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

29 Dec, 09:07


Үш күннен кейін Трент Александер-Арнольд кез келген клубпен келісімшарт жасасуға құқылы

«Ливерпуль» әлі келісімді ұзарта алмай жатыр, «Реал» қағып әкетуге дайын отыр

Екінші Тайм | Есет Төлеш

29 Dec, 06:58


«Челси» Карни Чуквуэмеканы қаңтарда сатуға дайын

🇬🇧 Лондондық клуб оны 40 млн фунтқа сатпақ. «Көктер» оны 2022 жылы «Астон Вилладан» 20 млн еуроға сатып алған еді.

Чуквуэмека осы маусымда АПЛ-да ойнаған жоқ. Бірақ Лига кубогы мен Конференция лигасында алаңға шықты. «Астанаға» қарсы матчта негізгі құрамда шыққан болатын.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

29 Dec, 06:03


Федерико Кьеза «Ливерпульден» кетемін дейді

🇬🇧 Foot Mercato журналисі Валентен Фейетт мәліметінше, Федерико Кьеза «Ливерпульден» кетіп, Италияға оралғысы келеді. Футболшы жалға берілуі мүмкін. Оған «Наполи» мен «Интер» көз тігіп отыр. «Фиорентина» да жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Кьеза «Ливерпульге» осы жазда «Ювентустан» 13 млн еуроға ауысқан еді. Оның келісімшарты 2028 жылға дейін жарамды.

🇬🇧 27 жастағы футболшы осы маусымда АПЛ-да бір ғана матч өткізді.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

28 Dec, 17:09


Ольмоны тіркеудің тағы бір жолы пайда болды

🇪🇸 «Барселона» басшылығы Дани Ольмоға оны маусымның екінші бөлігіне тіркеуге уәде берді. Бұған дейін Ла Лига каталониялық клубты тіркеуден бас тартқан еді.

🇪🇸 Енді «Барса» Ла Лиганың шешімін өзгертпек. Лига тіркеу ережесін өзгертті деген айыппен бірінші инстанция сотына да жүгінуге дайын.

🏟 Одан бөлек, клуб жаңартылған «Камп Ноудың» VIP-орындарын 120 млн еуроға сатпақ.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

28 Dec, 16:00


«Манчестер Юнайтедтің» алдағы үш матчы

Неше ұпай жинай алады?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

28 Dec, 15:01


Transfermarkt Ла Лига ойыншыларының құнын жаңартты. Ендігі топ-5 қымбат ойыншы мынадай 📈

Екінші Тайм | Есет Төлеш

28 Dec, 14:00


🎁 Порадуй себя на новый год топовым iPhone 16 Pro или фрибетами

Условия розыгрыша простые, просто переходи по этой 👉 линке 👈 Мы тебя ждем 🖤

Екінші Тайм | Есет Төлеш

28 Dec, 12:21


«Он сұрақ» кім көрді?

Көрмесеңіз, қарап шығыңыз👇

https://youtu.be/8ozlKIbgBas

Екінші Тайм | Есет Төлеш

28 Dec, 09:05


Андрей Лунин команда ауыстыруы мүмкін

🇪🇸 AS ақпараты бойынша, ойын тәжірибесін аз алып жүрген Лунин «Реал Мадридтен» кетуге дайын. Ол басқа клубтардың ұсыныстарын қарастырмақ.

🧤 Украиналық қақпашы осы маусымда 5 матчқа қатысты. Соңғы 9 ойында қосалқы құрамда қалды. Оның «Реалмен» келісімшарты 2030 жылы аяқталады.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

28 Dec, 07:27


Александер-Арнольд кетемін деді

🇬🇧 Marca ақпараты бойынша, Трент Александер-Арнольд «Ливерпуль» басшылығына 2025 жылы жазда «Реал Мадридке» ауысқысы келетінін хабарлаған.

🇪🇸 Бұл жайында қорғаушы «мерсисайдтықтармен» келіссөздің соңғы кезеңінде айтқан. Ал «Реал» Трентпен қаңтарда келісімшарт жасасып қоя алады, жақын арада келіссөз бастамақ.

⚽️ Қорғаушы осы маусымда барлық турнирде 22 матчқа қатысып, бес нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы оны 75 млн еуроға бағалайды.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

28 Dec, 06:08


Жаңажылдық «Он сұрақ»

Спорт комментаторлары Дидар Есемов пен Әлімжан Тасболатұлы қонақта болды

Қызық болды, шай ішіп отырып көріңіздер👇

https://youtu.be/8ozlKIbgBas

Екінші Тайм | Есет Төлеш

28 Dec, 05:48


«Арсенал» ең үздік жылын өткізді

🇬🇧 «Зеңбірекшілер» XXI ғасырда бір күнтізбелік жылда соққан голдарының саны бойынша рекорд орнатты.

2024 жыл. 88 гол
2004 жыл. 86 гол
2009 жыл. 86 гол

«Арсенал» енді биыл матч өткізбейді.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

27 Dec, 16:26


Осы маусымда жанкүйерлері стадионға ең көп келген командалар

🏟 «Ривер Плейт», «Боруссия» мен «Бавария» топ-3 қатарында тұр.

1️⃣ «Ривер Плейт» - 84 025 жанкүйер (орташа есеппен)
2️⃣ «Боруссия» Дортмунд - 81 365
3️⃣ «Бавария» - 75 000
4️⃣ «Манчестер Юнайтед» - 73 845
5️⃣ «Интер» - 72 311
6️⃣ «Милан» - 71 494
7️⃣ «Реал Мадрид» - 64 728
8️⃣ «Марсель» - 63 492
9️⃣ «Вест Хэм» - 62 339
🔟 «Рома» - 61 770

Екінші Тайм | Есет Төлеш

27 Dec, 14:04


Жазда еркін агент атанатын футболшылармен-ақ топ команда жасақтауға болады

🆓 АПЛ-да мына футболшының бәрі жазда еркін агент атанады, себебі клубтарымен әлі келісімшартын ұзартқан жоқ.

🇬🇧 Мохамед Салах
🇬🇧 Вирджил Ван Дейк
🇬🇧 Трент Александер-Арнольд
🇬🇧 Кевин Де Брюйне
🇬🇧 Илкай Гюндоган
🇬🇧 Амад Диалло
🇬🇧 Кристан Эриксен
🇬🇧 Сон Хын Мин
🇬🇧 Томас Парти
🇬🇧 Жоржиньо
🇬🇧 Доминик Калверт-Льюин

Екінші Тайм | Есет Төлеш

27 Dec, 13:07


Әлімжан досыма қонақ болып қайттық. Маусымның алғашқы бөлігі жайында айттық

Көруге рекомендеймін

https://youtu.be/feqbLq4yPZA

Екінші Тайм | Есет Төлеш

27 Dec, 11:39


Осы жаздың сәтті трансфері кім?

🔁 Жазда клуб ауыстырған футболшылар арасында гол+пас жүйесі бойынша үш бірдей футболшы көш бастап тұр.

🇪🇸 Килиан Мбаппе - 18 ұпай (14+4)
🇮🇹 Матео Ретеги - 18 ұпай (14+4)
🇩🇪 Майкл Олисе - 18 ұпай (9+9)
🇩🇪 Серу Гирасси - 16 ұпай (12+4)
🇬🇧 Доминик Соланке - 15 ұпай (10+5)

Екінші Тайм | Есет Төлеш

27 Dec, 10:08


Дәл қазір әлемдегі ең үздік командалар

📰 Opta жаңартылған рейтингінде «Ливерпуль» көш бастап тұр. «Интер» екінші орынға көтерілсе, «Арсенал» үшінші сатыға түсті.

1️⃣ 🇬🇧 «Ливерпуль»
2️⃣ 🇮🇹 «Интер»
3️⃣ 🇬🇧 «Арсенал»
4️⃣ 🇪🇸 «Реал Мадрид»
5️⃣ 🇬🇧 «Манчестер Сити»
6️⃣ 🇮🇹 «Аталанта»
7️⃣ 🇫🇷 ПСЖ
8️⃣ 🇪🇸 «Барселона»
9️⃣ 🇩🇪 «Байер»
🔟 🇬🇧 «Челси»

Келісесіздер ме?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

27 Dec, 08:44


Бруну Фернандеш осы маусымға дейін «Манчестер Юнайтедте» қызыл қағаз алып көрмеген

Осы маусымда үш рет алаңнан қуылды 😳

Капитанның жүйке жүйесі сыр беріп жүр

Екінші Тайм | Есет Төлеш

27 Dec, 06:28


«Реал Мадрид» стадионының атауын өзгертеді

🇪🇸 Marca мәліметінше, «Реал» 1955 жылдан бері алғаш рет стадион атауын өзгертеді: арена жәй ғана «Бернабеу» деп аталады.

🏟 Клуб басшылығы мұндай ребрендингке коммерциялық себеппен барған: «Реал» стадион атауының бір бөлігін үлкен компанияға сатуы мүмкін.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Dec, 19:32


Манчестерде қазір жеңіс атымен жоқ

Көк жағында да, қызыл жағында да солай

«Сити» мен «Юнайтед» «Не де болса тәуекел тең көреміз» деп жүр

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Dec, 19:08


Матеус Кунья «Манчестер Юнайтед» қақпасына бұрыштамадан тікелей гол соқты.

Куньяның соңғы 10 матчын қараңыздаршы:

⚽️ 7 гол
🅰️ 3 ассист

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Dec, 18:17


«Ливерпульде» екі ойын бар, қазірдің өзінде төрт ұпайға озып тұр

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Dec, 16:59


Боксиң дэй деген осындай болады

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Dec, 16:18


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Еске салып қояйық, Ман Ситидің соңғы 13 матчы мынадай

Тоттенхэм 2-1 Ман Сити
Борнмут 2-1 Ман Сити
Спортинг 4-1 Ман Сити
Брайтон 2-1 Ман Сити
Ман Сити 0-4 Тоттенхэм
🤝 Ман Сити 3-3 Фейеноорд
Ливерпуль 2-0 Ман Сити
Ман Сити 3-0 Нот. Форест
🤝 Кристал Пэлас 2-2 Ман Сити
Ювентус 2-0 Ман Сити
Ман Сити 1-2 Ман Юнайтед
Астон Вилла 2-1 Ман Сити
🤝 Ман Сити 1-1 Эвертон

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Dec, 14:26


«Сити» тағы да ұпай жоғалтты🤯

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Dec, 12:02


Пеп Гвардиоланың не ойлағанын білмеймін, бірақ Де Брюйне мен Гюндоган қосалқы құрамда қалды. Эдерсон, Уокер, Стоунс, Нуньес пен Грилиш қосалқы құрамға да енген жоқ.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Dec, 11:01


⚡️ 1963 жылы 26 желтоқсанда Boxing Day нәтижесі.

10 матчта 66 гол - тамаша.

Бүгін Боксиң Дей басталады, ағайын

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Dec, 09:50


📝 Журналист Экрем Конурдың мәліметінше, «Ливерпуль» мен «Манчестер Сити» «Торино» командасының жартылай қорғаушысы Самуэле Риччиді қатарына қосқысы келеді.

Бұған дейін туриндік клубтың президенті Урбано Каиро орталық жартылай қорғаушы сатылмайтынын мәлімдеген болатын.

🔄 23 жастағы Риччи — «Эмполи» түлегі. Ол 2022 жылы қаңтарда «Ториноға» жалға алынып, сол жылы жазда туриндік клуб ойыншыны толықтай сатып алған болатын.

📊 Осы маусымда футболшы барлық турнирде 19 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы ойыншының нарықтық құнын 28 миллион еуроға бағалап отыр.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Dec, 08:46


Журналист Экрем Конурдың ақпараты бойынша, «Барселона», «Челси» және «Бавария» «Эвертон» қақпашысы Джордан Пикфордқа қызығушылық танытып отыр.

📝 «Эвертон» болса, қақпашымен 2030 жылға дейін жаңа келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр.

📊 Пикфорд «Эвертонға» 2017 жылы жазда «Сандерлендтен» ауысқан. Клуб сапындағы 296 ойында 421 гол жіберіп, 84 құрғақ матч өткізді. Қақпашының қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазының соңына дейін есептелген.

📰 Transfermarkt 30 жастағы ойыншыны 20 миллион еуроға бағалап отыр.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Dec, 07:08


Кларенс Зеедорфтың ұлы «Милан» негізгі командасымен жаттығып жатыр

👶 Дензел Зеедорф U18 командасында ойнайды, бірақ «Лациоға» қарсы ойынға шақырту алмады. Себебі Паулу Фонсека жартылай қорғаушыны алғаш рет негізгі команда жаттығуларына қатысуға шақырды.

Кларенс Зеедорфтың ұлы 12 жасында клуб академиясына қосылған.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

25 Dec, 16:02


Футбол Неймарға әділетсіз болды

Ол ешқашан Әлем чемпионатын жеңбеді
Ол ешқашан Америка кубогын жеңбеді
Ол ешқашан «Алтын доп» жеңбеді
Ол ешқашан FIFA The Best сыйлығын жеңбеді

🇧🇷 Дегенмен, ол Бразилия құрамасының тарихтағы үздік сұрмергені

Екінші Тайм | Есет Төлеш

25 Dec, 14:32


🔝 ESPN нұсқасы бойынша XXI ғасырдың топ-10 футболшысы:

1️⃣ Лионель Месси
2️⃣ Криштиану Роналду
3️⃣ Тьерри Анри
4️⃣ Зинедин Зидан
5️⃣ Лука Модрич
6️⃣ Килиан Мбаппе
7️⃣ Андрес Иньеста
8️⃣ Хави
9️⃣ Роналдо Назарио
🔟 Роналдиньо

Кім жетіспей тұр?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

25 Dec, 13:11


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Рубен Аморим алғашқы 9 матчта аса нәтижелі футбол көрсете алмады: 4 жеңіс және 1 тең ойын.

Сэр Алекс Фергюсоннан кейінгі «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы бас бапкерлері алғашқы 9 матчта қандай нәтиже көрсетті?

◉ Дэвид Мойес — 16 ұпай
◉ Луи Ван Гал — 12 ұпай
◉ Жозе Моуриньо — 18 ұпай
◉ Уле Гуннар Сульшер — 25 ұпай
◉ Ральф Рангник — 18 ұпай
◉ Эрик тен Хаг — 15 ұпай
◉ Рубен Аморим — 13 ұпай

Екінші Тайм | Есет Төлеш

25 Dec, 11:49


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 CorSport ақпараты бойынша, «Ливерпуль» Кенан Йылдызды сатып алуды көздеп отыр, ал «Ювентус» жас ойыншы үшін шамамен 40 миллион еуро сұрайды.

Йылдыз 19 жаста, ол Тиаго Моттаның командасында маңызды ойыншы саналады. Кенан 2022 жылы «Ювентус» жастарына ауысып, 2023 жылы негізгі командада тұрақтап қалды.

🇹🇷 Сондай-ақ ол Түркия құрамасында өнер көрсетеді. 2024 жылғы Еуропа чемпионатында негізгі құрамда дебютін өткізді.

📊 Футболшы осы маусымда «Ювентус» сапында барлық турнирде 24 матчқа қатысып, 4 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

25 Dec, 10:27


🇪🇸 Relevo мәліметінше, егер Альфонсо Дэвис «Реал Мадрид» сапына қосылатын болса, онда Ферлан Менди немесе Фран Гарсия командадан кетеді.

Осы ықтимал трансферді ескере отырып, олардың қайсысын командада қалдырғыңыз келеді?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

25 Dec, 09:00


Кудус – «Манчестер Ситиде»?

🇬🇧 Fichajes мәліметінше, «Ман Сити» қаңтарда қысқы трансфер кезеңі ашылғанда, ганалық футболшыны алуды жоспарлап отыр. Клуб 24 жастағы ойыншы үшін шамамен 80 млн еуро ұсынуға дайын.

📰 Transfermarkt Мохаммед Кудусты 50 млн еуроға бағалап отыр.

📊 Осы маусымда Кудус «Вест Хэм» сапында 14 матчта 3 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Футболшының клубпен қазіргі келісімшарты 2028 жылға дейін есептелген.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

25 Dec, 07:15


🇪🇸🫣 El Gol Digital ақпараты бойынша, Н'Голо Канте «Реал Мадридке» ауысуы мүмкін

Анчелотти жартылай қорғаушыны қысқы трансфер кезеңінде алуды көздеп отыр.

Француз футболшысы Еуропаға оралғысы келеді және ол «Реалға» ауысуға келісімін беретіні атап өтілген.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

25 Dec, 05:50


🇪🇸 «Атлетико» стадион ішінде мұз айдынын ашты:

Мадридтегі аренада трибуна мен алаң бойымен мұз айдыны жасалып, бір уақытта 1500 адам сырғанай алады. Бұл Еуропадағы ең үлкен мұз айдындарының бірі.

Әлемдегі ең үлкен мұз айдыны Санкт-Петербургте, «Зениттің» стадионы жанында орналасқан. Оның ауданы 28 000 м², ал сыйымдылығы 2500 адамға дейін жетеді.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

04 Dec, 10:36


Лионель Месси – «Атлетико» футболшысы. Иә, тарихта осындай суреттер де бар

Бұл 2009 жылы түсірілген сурет. Лео өзінің туған қаласы Росариодағы қайырымдылық матчына қатысып, «Атлетиконың» жейдесімен ойнаған.

Росариода Макси Родригес пен Хавьер Дзанеттидің достары матч өткізген еді. Месси Родригестің командасында болды. Ал Макси ол кезде «Атлетиконың» капитаны еді, сондықтан оның командасы дәл осы клубтың жейдесімен өнер көрсетті.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

04 Dec, 08:25


Эрик тен Хагқа басқа бір топ-клуб мүмкіндік бермек

🇩🇪 Марко Розе «Лейпциг» бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін. Себебі клуб барлық турнирде соңғы 6 матчының бесеуінде жеңіліп қалды. Бундеслигада 4-орында, Чемпиондар лигасында 34-орында тұр.

Розе қызметінен кеткен жағдайда, клуб тізгінін қазір бос жүрген Эрик тен Хаг ұстауы мүмкін.

Қате шешім емес пе?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

04 Dec, 07:18


Гвардиола кеңсесінен шықпай жүр

🏟 The Athletic ақпараты бойынша, Гвардиола қоңырауға жауап бермейді, телефонын өшіріп тастаған. Кеңсесін жауып алып, осы дағдарыстан шығу жолдарын қарастырып жатыр

Пеп өз карьерасында алғаш рет қатарынан жеті матчта жеңе алмады

Екінші Тайм | Есет Төлеш

03 Dec, 13:03


🇪🇸 «Барселона» 27 жастағы голландиялық жартылай қорғаушы Френки де Йонгты сатуды жоспарлап отыр

Catalunya Radio мәліметінше, клуб басшылығы ойыншыны алдағы трансфер кезеңінде 20 млн еуроға сатуға дайын.

📄 Бұған дейін клуб Френки де Йонгпен келісімшартты ұзартқысы келіп, бірнеше ай бұрын жаңа келісім ұсынған болатын, бірақ футболшы оған жауап бермеді.

📊 «Барселона» жартылай қорғаушыны 2019 жылы «Аякстан» 85 млн еуроға сатып алған еді. Осы маусымда де Йонг 10 матчқа қатысып, нәтижелі әрекеттермен көзге түсе алмады.

📰 Transfermarkt футболшыны 60 млн еуроға бағалап отыр.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

03 Dec, 11:04


🔝 «Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола Goal нұсқасы бойынша XXI ғасырдың ең үздік 10 бапкері рейтингінде бірінші орын алды.

Goal нұсқасы бойынша XXI ғасырдағы топ-10 бапкер:

Хосеп Гвардиола («Барселона», «Бавария», «Манчестер Сити»);
Карло Анчелотти («Милан», «Челси», «Бавария», «Реал», «Ювентус», ПСЖ, «Наполи», «Эвертон»);
Алекс Фергюсон («Манчестер Юнайтед», Шотландия құрамасы);
Жозе Моуринью («Порту», «Челси», «Интер», «Реал», «Манчестер Юнайтед», «Тоттенхэм», «Рома», «Фенербахче»);
Юрген Клопп («Айнтрахт», «Боруссия», «Ливерпуль»);
Зинедин Зидан («Реал»);
Диего Симеоне («Атлетико»);
Висенте дель Боске («Бешикташ», «Реал», «Кадис», Испания құрамасы);
Луис Энрике («Рома», «Сельта», «Барселона», Испания құрамасы, ПСЖ);
Антонио Конте («Аталанта», «Ювентус», Италия құрамасы, «Челси», «Интернационале», «Тоттенхэм», «Наполи»);

Екінші Тайм | Есет Төлеш

03 Dec, 09:30


«Лестер» ертегісінің авторы «Ромада» жағдайды түзей алмай жатыр

А Сериясының соңғы төрт матчында «Рома» жеңіліп қалды. Римдік клуб чемпионатта соңғы рет 2008 жылы қарашада қатарынан төрт рет жеңілген.

«Рома» турнир кестесінде 15-орынға түсіп қалды, қауіпті аумақтан екі ұпайға ғана озып тұр.

Клаудио Раньери 14 қарашада римдік клубтың тізгінін ұстаған, әзірше алғашқы жеңісіне жете алмай жүр.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

03 Dec, 07:55


«Роналдо, үйіңе қайт»

«Вальядолид» жанкүйерлері клуб қожайыны, бразилиялық аңыз Роналдоға қарсы шықты. Клубтың жағдайы қиын, Ла Лигада соңғы орында тұр. 15 ойында тоғыз-ақ ұпай.

«Атлетикоға» қарсы матчта жанкүйерлер үлкен баннер ұстап, Роналдоның кетуін талап етті. «Роналдо, үйіңе қайт» деген плакат ұстап тұрды.

Роналдо алты жыл бұрын «Вальядолидті» сатып алғанда, 2023 жылы еурокубокта ойнайтын клуб қыламын деп еді. Ал «Вальядолид» лифт-клубқа айналды — түседі, көтеріледі, қайта түседі.

Одан бөлек, «Хетафеге» қарсы матчта Роналдо стадионға келмей, теннис ойнауға кеткеніне наразы. Жанкүйерлер бразилиялық футболшы клубты құртады деп уайымдап жүр.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

02 Dec, 18:14


Англияда «МЮ», «Ман Сити», «Ливерпуль» және «Эвертон» жанкүйерлері бірігіп жатыр. Бәрінің қалауы — бір

Атақты төрт клуб кешегі матчтар алдында бірікті. Бәрі де билеттердің қымбаттауына наразы.

«МЮ» мен «Эвертон» жанкүйерлері «Олд Траффордта», «Манчестер Сити» мен «Ливерпуль» фанаттары «Энфилдте» футболдағы жауластықты ұмыта тұрып, бәрі біріккен екен.

Себебі осы маусымда АПЛ-дағы 20 клубтың 19-ы билет бағасын көтеріп жіберген. «Кристал Пэласқа» респект!

Мысалы, «МЮ» балалар мен зейнеткерлерге жеңілдікпен сатпайтын болған: ең қолжетімді билет 66 фунттан басталады. Яғни, әкесі мен баласы бір матчқа барамын десе, ең кемі 132 фунт төлейді. Ал бұл дегеніміз 87 мың теңге шамасында.

«Тоттенхэм» жастар мен қарт жанкүйерлеріне арналған жеңілдіктен бас тартты, ал «Астон Вилла» енді мүгедек-балаларды ойындарына тегін кіргізбейді.

Жанкүйерлер болса, «клубтардың осылай миллиондап ақша тауып жатқаны адал жанкүйерлерінің арқасында» екенін ұмытпасын деп отыр.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

02 Dec, 16:59


Эдоардо Бовенің жағдайы қалай?

Кеше итальян футболының жанкүйерлері «Фиорентина» - «Интер» матчын тамашалап отырып біраз уайымдап қалды. Себебі «Фиорентина» хавбегі Бове есінен танып, оны жедел жәрдем алып кеткен. Матчтың өзі шегерілді.

Кейін Эдоардоның жүрегі тоқтап қалып, эпилепсиялық талма болғаны анықталды. Қарқынды терапия бөліміне жеткізілді, футболшының қазір жағдайы жақсы.

Журналист Джанлука Ди Марцио ақпараты бойынша, Бове қазір есін жиған, сұрақтарға жауап беріп жатыр. Бүгін таңда дем алу түтігі алынды.

Ал матчтың өзі қашан жалғасатыны белгісіз.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

02 Dec, 14:34


Жанкүйерлер Эрлинг Холандқа ашулы. Себебі Мохамед Салах кеше екінші голды соққаннан кейін онымен күліп тұрып әңгіме айтқаны жақпай қалыпты.

«Холанд – масқара, осындай сүреңсіз ойынынан кейін «Ливерпуль» ойыншыларымен күліп жүр».

«Аянышты менталитет».

«Сенің доппен ойнауың күлкілі, соған неге күлмеске?».

«Жәй ғана масқара».

«Ситиге» не болды? Ойыншыларға не көрінді?»

Екінші Тайм | Есет Төлеш

02 Dec, 11:02


Футболға кеткен 56 адам қаза болды

Гвинейде кеше елдің әскери көшбасшысы Мамади Думбуяның құрметіне өткен турнирдің финалында Лабе және Нзерекоре қалаларының командалары ойнаған.

Жанкүйерлер төрешінің даулы шешімдеріне қарсы болып, алаңға тас лақтыра бастаған. Оның арты жаппай төбелеске ұласқан. Ел үкіметі 56 адам қаза тауып, одан да көп адам зардап шеккенін хабарлады.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

02 Dec, 08:39


Дәл қазір үздік бапкер кім?

Арне Слоттан басқа таңдау да болмай тұрған сияқты. Бес күн ішінде Карло Анчелотти мен Пеп Гвардиоланы жеңіп алды. «Реал Мадридті» де, «Манчестер Ситиді» де айқын басымдықпен жеңді. «Слотты мақтауға ерте, қарсыластары мықты емес» деп жүргендерге енді ресми түрде мақтай беруге болады. Арне бапкер емтиханнан 100 балл алып шықты.

«Ливерпульдің» ең үлкен плюсі - көшбасшылар жарақат алмады. «Арсеналда» Эдегор, «Манчестер Ситиде» Де Брюйне жарақат алып, жағдайын біраз қиындатып алған еді. «Қызылдардың» жұлдыздары Мохамед Салах пен Вирджил ван Дейк дін аман. Жарақат алмасын да. Ал қалғандарының бәрін ауыстыратын футболшы табыла жатар.

Салах «Ливерпульдің» шабуылына, ван Дейк қорғанысына жауап беретін футболшылар. Кеше «Манчестер Ситиге» қарсы көрсетті соны.

Ал енді алда Boxing Day келе жатыр, сол жақтан жарақатсыз өтсе, бұл «Ливерпульді» тоқтату мүмкін емес секілді.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

01 Dec, 19:04


Қыстың алғашқы күні, ал Манчестерде -11 болып тұр

«Ливерпуль» «Манчестер Ситиді» сенімді жеңді, «қалалықтар» қауқарсыз болды, шарасыз қалды.

Эрлинг Холандтың бір соққы да жасай алмағаны қызық болды, қасында ван Дейк үш рет баспен ұрды

Екінші Тайм | Есет Төлеш

01 Dec, 15:01


Бұл Арне Слоттың мықтылығы неде?

«Ливерпуль» екінші таймды сұмдық өткізетін команда. «Екінші Таймда» Слоттың екінші таймын айтуымыз қажет шығар.

Дәл қазір «мерсисайдтықтар» қатарынан жетінші матчта екінші таймды тамаша өткізіп келе жатыр. Бәрі «Арсеналдан» басталып, кешегі «Реал Мадридке» дейін солай болды.

Мына статистиканы қараңыздар. «Ливерпульдің» соңғы 7 матчы (біріншісі - үзіліске кеткендегі есеп, екіншісі - қорытындысы есеп):

«Арсенал» — 1:2, 2:2
«Брайтон» — 0:0, 3:2
«Брайтон» — 0:1, 2:1
«Байер» — 0:0, 4:0
«Астон Вилла» — 1:0, 2:0
«Саутгемптон» — 1:1, 3:2
«Реал Мадрид» — 0:0, 2:0.

Байқасаңыз, осы жеті матчтың біреуінде ғана үзіліске жеңімпаз болып кеткен. Қалғандарында екінші таймда шын ойнай бастаған. Үзілісте әдетте Слот ойынды, ойыншылардың позициясын түгелімен өзгертіп жіберетіні бар. Мысалы, «Реал Мадридке» қарсы матчта МакАллистер бірінші таймда орталық жартылай қорғаушы, екінші таймда шабуылдаушы болды. Конор Брэдли де екінші таймда ортаға жиі ойысып, ақыры екеуі гол ұйымдастырып жіберген еді.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

01 Dec, 13:24


Қараша бітті, біткеніне қуанып жатқан командалар да бар шығар. Себебі күздің соңғы айы біраз команда үшін өте ауыр болды. Кейбір топ-клуб жеңіс көрмей-ақ кетті.

«Манчестер Сити»
«Қалалықтар» қарашада 5 матч өткізді. Оның төртеуінде жеңілді. Тек «Фейеноордпен» тең түсті, оның өзі жеңіліспен пара-пар матч болып отыр. Чемпионатта «Ливерпульден» сегіз ұпайға қалып қойды. Жалпы, Гвардиола ұмыта алмайтын ай болды. Желтоқсанды да жеңіліспен бастаса, Пептің бетінің сау тамтығы қалмайын деп тұр.

«Астон Вилла»
Унаи Эмери білгенінен жаңылып жүр. Қарашада мүлдем жеңе алмады. Екі рет тең түсті, үш мәрте жеңілді. Қарашада, жалпы, үш гол ғана соға алды.

«Барселона»
Басқаларына қарағанда, әрине, «Барсаның» қарашадағы жеңісі көбірек. Алты ойынның үшеуінде жеңді. Бірақ, мәселе, жеңіске жете алмаған үш матчында болып отыр. Үшеуі де Ла Лигада. «Реал Сосьедадтан» жеңілді, «Сельтаны» жеңіп тұрған жерінен ұпай жоғалтты. Кеше күздің соңғы күнінде «Лас-Пальмастан» жеңілгенін де түсінбедік. Салдарынан «Реал Мадридті» көш басына шығарып жіберуі мүмкін.

«Бетис»
«Жасылдар» қарашада бір-ақ рет жеңді. Конференция лигасында «Целеден» айласын асырғаны бар. Онда да 94-минутта гол соғып, әрең жеңді. Одан бөлек, қарашада екі рет тең түсіп, екі рет жеңіліп қалды. Бірақ Иско оралып жатыр, бәлкім де жеңістер де оралар.

«Ювентус»
Иә, қарашада туриндіктер жеңілген жоқ. Бірақ бес ойынның екеуінде ғана жеңді. «Удинезе» мен «Ториноны» ғана қапы қалдырды. Қалған үш матчта тең түсті. Соңғы екі ойынында 0:0 тіркелді. Классикалық «Ювентус» болып тұр.

«ПСЖ»
ПСЖ-ға қараша ұнар ма екен? Меніңше, ұнамайды. «Анже» мен «Тулузаны» жеңгені бар. Бірақ қарашада «Атлетико» мен «Бавариядан» ұтылғаны бар. Ал кеше қарашаны бір ұпаймен шығарып салды. 16-орындағы «Нантты» үйінде жеңе алмай, масқара болды.

«РБ Лейпциг»
Қарашада жеңіс дегеннің «ж» әрпін де көрмеген клуб. Бір мәрте ғана тең түсті. «Боруссия Д», «Селтик», «Хоффенхайм», «Интер», «Вольфсбургтен» жеңіліп қалды.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Nov, 21:47


Камбээээк😎

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Nov, 20:57


🇳🇴 Эрлинг Холанд Чемпиондар лигасында ең жылдам 50 гол+пас жасаған футболшы атанды

Жалпы, Чемпиондар лигасындағы 45 матчта 44 гол соқты🤖

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Nov, 20:47


Аморим жоқ, жеңіс жоқ…

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Nov, 17:50


«Интер Майамиге» тағы бір экс-каталониялық келді

🇺🇸 Ресми: Хавьер Маскерано - «Интер Майами» бас бапкері

✍️ Келісімшарт 2027 жылға дейін жарамды. Маскерано бұған дейін Аргентина U20 құрамасын жаттықтырған еді.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Nov, 16:09


🤕 «Ливерпульге» қарсы матч алдында «Реал Мадридтің» алты футболшысы жарақаттан емделіп жатыр

Соңғы болып жарақат алған - Винисиус. Бразилиялық жұлдыз алдағы бір айды футболсыз өткізейін деп тұр.

Винисиус
Родриго
Чуамени
Милитао
Карвахаль
Алаба

«Мадрид» жеңіске жете ала ма?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Nov, 14:36


👏 Ресми: Преснель Кимпембе өте ауыр жарақаттан 2 жыл емделіп, футболға оралды

29 жастағы қорғаушы соңғы рет 2023 жылы ақпанда «Марсельге» қарсы ойнаған. Содан бері 638 күнді емделумен өткізді. ПСЖ-ның 84 матчына қатыса алмады.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Nov, 12:14


Биыл Қазақстандағы барлық турнирдің жеңімпаздары:

😀Премьер-лига чемпионы - «Қайрат» ФК.

😀 Бірінші лига чемпионы - «Оқжетпес» ФК

😀 Екінші лига. Солтүстік-Шығыс конференциясы - «Ертіс» ФК.

😀Екінші лига. Оңтүстік-Батыс конференциясы - AKAS ФК.

😀 Қазақстан Суперкубогы - «Тобыл» ФК.

😀 Қазақстан кубогы - «Ақтөбе» ФК.

😀 Лига кубогы - «Астана» ФК.

Әйелдер лигасы - «БИІК Шымкент» ӘФК

Әйелдер кубогы - «БИІК Шымкент» ӘФК.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Nov, 08:31


Қай ойынды көресіздер?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Nov, 07:25


🇵🇹 Қызық дерек: Криштиану Роналду карьерасында салған 913 голының 450-ін жасы 30-дан асқаннан кейін соққан

Тағы 87 гол соға ала ма?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

26 Nov, 05:58


⭐️ Score 90 нұсқасы бойынша ХХІ ғасырдағы АПЛ-дің топ-10 ойыншысы

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Криштиану Роналду
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Тьерри Анри
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Мохаммед Салах
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Уэйн Руни
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Кевин де Брюйне
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Стивен Джеррард
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Харри Кейн
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Пол Скоулз
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Деннис Бергкамп
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Эден Азар

Екінші Тайм | Есет Төлеш

25 Nov, 17:17


🇵🇹 Криштиану Роналду «Әл-Наср» сапында тағы гол соғып, карьерасындағы голдарының санын 912-ге жеткізді

Екінші Тайм | Есет Төлеш

25 Nov, 15:02


🇪🇸 «Реал Мадрид» ешқашан супержұлдыздарға бюджетті үнемдеген емес. Қазіргі уақытта үлкен шығындар Килиан Мбаппе мен Винисиус Жуниормен байланысты, солардың кесірінен клуб ауыр қаржылық жағдайда. «Реал Мадрид» президенті Флорентино Перес қандай шаралар қолдануға дайын?

💶 Goal мәліметнше, «Реал Мадрид» президенті Мбаппе мен Жуниорды жалақымен қамтамасыз ету, сондай-ақ кейбір қарыздарын жабу үшін клубтың кейбір мүшелерінен акцияларын сатуға көндіреді. Бірақ олардың келісуі екіталай.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

25 Nov, 13:27


Дель Пьеро президент болмақ

🇮🇹 Алессандро Дель Пьеро Италия футбол федерациясының (FIGC) Президенті лауазымына үміткер болу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Журналист Николо Скираның ақпараты бойынша, Италия құрамасы мен «Ювентустың» бұрынғы шабуылшысы 2025 жылдың 3 ақпанына жоспарланған сайлауға қатысуы мүмкін.

‼️ 2018 жылдың қазан айынан бастап FIGC басшысы қызметін Габриэле Гравина атқарды.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

25 Nov, 11:16


Виктор Дьекерештен кейін тағы бір швециялық шабуылшы ірі клубтардың трансферлік нысанасына айналды.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Челси» «Ньюкасл» шабуылшысы Александр Исакқа қызығушылық таныта бастады.

25 жастағы шабуылшы АПЛ-да үздік шабуылшылардың бірі болып саналады және ірі клубтардың назарын өзіне аударып отыр.

🔄 «Арсенал» көптен бері Исакты сатып алғысы келген. Журналист Руди Галеттидің мәліметінше, «Челси» жас жұлдыз бойынша жазғы трансфер кезеңінде ұсыныс жасамақ.

⬆️ «Ньюкасл» келіссөзге дайын, бірақ шабуылшының орнына жақсы ойыншы алу үшін 115 миллион фунт стерлингтен басталатын ұсыныстарды қарастырады.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

25 Nov, 10:07


«Барселона» Роберт Левандовскийдің болашағы туралы шешім қабылдады.

🇪🇸 Sport мәліметінше, каталониялық клубтың басшылығы футболшыға келесі маусымда сенім артатындарын хабарлаған. Командада шабуылшымен бірге қорғаушы Иниго Мартинес те қалады.

🏟 Осы маусымда польшалық футболшы «Барселона» сапында барлық турнирде 18 матчқа қатысып, 20 гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Transfermarkt футболшыны 15 миллион еуроға бағалар отыр.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

25 Nov, 07:54


Карло Анчелотти Ла Лигадағы 28 түрлі командамен кездесті...

Ол бәрін де жеңіп шықты 🤨💯

Екінші Тайм | Есет Төлеш

24 Nov, 18:27


Рубен Аморимнің дебюті сәтті бола қойған жоқ

Екінші Тайм | Есет Төлеш

24 Nov, 16:18


«Ливерпуль» 8 ұпайға озды

Екінші Тайм | Есет Төлеш

24 Nov, 14:01


Қазақстанға келген топ-5 лига клубтары

🇬🇧 «Челси» топ-5 лига өкілдерінен Қазақстанға келетін 7-клуб болады. Қазақстандық клубтар еурокубоктарда тек А Сериясының клубтарымен ойнап көрмеген. Англиядан әзірше бір, Германиядан бір, Франциядан екі, Испаниядан екі клуб келді.

2009/10. «Ақтөбе» - «Вердер» 0:2, 3:6
2014/15. «Астана» - «Вильярреал» 0:3, 0:4
2015/16. «Қайрат» - «Бордо» 2:1, 0:1
2015/16. «Астана» - «Атлетико» 0:0, 0:4
2017/18. «Астана» - «Вильярреал» 2:3, 1:3
2018/19. «Астана» - «Ренн» 2:0, 0:2
2019/20. «Астана» - «Манчестер Юнайтед» 2:1, 0:1
2024/25. «Астана» - «Челси»

Екінші Тайм | Есет Төлеш

21 Nov, 12:26


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Аморим «Манчестер Юнайтедтен» сатқысы келетін футболшылар:

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Харри Магуайр
🇧🇷 Каземиро
🇧🇷 Антони
🇩🇰 Кристиан Эриксен
🇸🇪 Виктор Линделеф
🇮🇪 Джонни Эванс
🇳🇱 Тайрел Маласия

Тізімге тағы кімді қосуға болад?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

21 Nov, 10:25


«Реал Мадридте» камерундықтар көбейді

🇧🇷 Бразилия футбол федерациясы Винисиустың ДНҚ-сын талдап, оның арғы тегі камерундық екенін анықтаған.

🇪🇸 Демек, «Реалда» енді камерундық үш ойыншы бар - Винисиус, Мбаппе және Тчуамени.

🇨🇲 Олар Камерун құрамасында ойнаса, ойлаш…

Екінші Тайм | Есет Төлеш

21 Nov, 08:20


🔵 Кевин де Брюйне, Джон Стоунз, Джек Грилиш пен Мануэль Аканджи «Манчестер Сити» жаттығуына оралды

АПЛ клубтарына қиын болайын деп тұр

Екінші Тайм | Есет Төлеш

21 Nov, 06:33


Виктор Дьокереш маусымның үш айында 32 гол соғып тастады. Осы маусымдағы төрт матчта ғана алаңнан нәтижелі әрекетсіз кеткен

«Порту» 🎁🎁
«Риу Аве» ⚽️🎁
«Насьональ» ⚽️⚽️
«Фаренсе» ⚽️⚽️⚽️
«Порту» ⚽️
Әзербайжан ⚽️🎁🎁
Эстония ⚽️⚽️
«Арока» ⚽️
«Лилль» ⚽️
«АВС» ⚽️⚽️
«Эшторил»
ПСВ
«Каза Пия» ⚽️
Словакия
Эстония ⚽️🎁
«Портимоненси» 🎁
«Штурм» ⚽️
«Фамаликан» ⚽️
«Насьональ» ⚽️⚽️
«Эштрела» ⚽️⚽️⚽️⚽️
«Манчестер Сити» ⚽️⚽️⚽️
«Брага»
Словакия ⚽️🎁
Әзербайжан ⚽️⚽️⚽️⚽️

Екінші Тайм | Есет Төлеш

20 Nov, 16:30


🇧🇷 Өз әлеуетін толық аша алмаған қай футболшы десеңіз, Неймар деп жауап беруге болады

🇧🇷 Осыдан он жыл бұрын барлық жанкүйер мен сарапшы Неймар бір-екі «Алтын доп» алады, Месси мен Роналдудың ізін басады деп еді. Сонда Неймар «Алтын доп» алу былай тұрсын, тек бір мәрте үздік үштікке кіре алды.

🏆 Неймардың «Алтын доптағы» орындары мынадай:

2013 жыл - 13-орын
2014 жыл - 5-орын
2015 жыл - 3-орын
2016 жыл - 5-орын
2017 жыл - 6-орын
2018 жыл - 12-орын
2019 жыл - 16-орын
2020 жыл - ковид
2021 жыл - 16-орын
2022 жыл - 13-орын
2023 жыл - үміткер болмады
2024 жыл - үміткер болмады

Екінші Тайм | Есет Төлеш

20 Nov, 14:51


🎞 YouTube-те ең атақты спорт каналдары

Криштиану Роналдудың UR · Cristiano арнасы бірінші орында тұр.

1️⃣ UR · Cristiano - 67.2 миллион жазылушы
2️⃣ Celine Dept - 39.2 миллион
3️⃣ NBA - 22.3 миллион

Екінші Тайм | Есет Төлеш

20 Nov, 12:13


🇷🇺 Футболдағы ең оңай жұмыс Ресей құрамасының қақпашысы болу сияқты

Халықаралық аренадан шеттетілген ресейліктер кім көрінгенмен жолдастық матч ойнап жүр. Оларды тас-талқан ете салады, өткенде Брунейді 11:0 қылған.

Соңғы бір жылда гол айырмашылығы - 34:0.

Ресей 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіне де қатыспайды. Демек, кем дегенде тағы екі жыл осындай матчтар өткізейін деп тұр.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

20 Nov, 10:58


🇸🇲 Сан-Марино құрамасын жанкүйерлер тамаша қарсы алды. Команда осы Ұлттар лигасын ғажап өткізді. Топта жеңімпаз болды, С дивизионына шықты. Алғаш рет сырт алаңда жеңді, алғаш рет үш гол соқты.

Енді келесі маусымда Қазақстан құрамасымен бір дивизионда ойнайды.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

20 Nov, 08:27


Винисиус Бразилия құрамасы сапында іріктеуде гол соға алмай келе жатыр

🇧🇷 24 жастағы вингер ӘЧ-2026 іріктеуінде жеті матчқа қатысты. Бұл ойындарда гол соққан жоқ, тек былтыр қарашада Колумбияға қарсы матчта ассист жасады.

🇧🇷 Бірақ іріктеу ортасында, биыл жазда Америка кубогы өтіп, сонда Парагвайға дубль жасаған еді.

👤 Жалпы, Винисиус Бразилия құрамасы сапында 36 матчқа қатысып, 5 гол соққан.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

20 Nov, 06:59


💎 Еуропаның қымбат ұлттық құрамалары

Ең қымбат құрам Францияда. Француз ойыншыларының трансферлік құрамы 1 млрд еуродан асады. Англия құрамасы сәл ғана қалып тұр.

🇫🇷 Франция — 1.01 млрд еуро
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Англия — 996 млн еуро
🇵🇹 Португалия — 792 млн еуро
🇩🇪 Германия — 782 млн еуро
🇪🇸 Испания — 781 млн еуро
🇳🇱 Нидерланд — 768 млн еуро
🇮🇹 Италия — 659 млн еуро
🇳🇴 Норвегия — 365 млн еуро
🇸🇪 Швеция — 351 млн еуро
🇧🇪 Бельгия — 335 млн еуро

Екінші Тайм | Есет Төлеш

19 Nov, 17:17


«Реалдан» жартылай қорғаушы кетуі мүмкін

🇪🇸 «Реал Мадридтің» 28 жастағы жартылай қорғаушысы Дани Себальос осы қыста клуб ауыстыруы мүмкін.

Diario AS ақпараты бойынша, футболшы осы маусымда өте аз ойнап жүр, сондықтан оның кетуі мүмкін деген мәселе қайта өзекті бола бастады. Жартылай қорғаушы «Бетиске» оралуы ықтимал.

⚽️ Осы маусымда Себальос мадридтік команда сапында 6 ойын өткізіп, нәтижелі әрекеттермен көзге түсе алмады.

📝 Ойыншының клубпен қазіргі келісімшарты 2027 жылдың маусым айына дейін есептелген. Transfermarkt ойыншыны 4 миллион еуроға бағалап отыр.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

19 Nov, 12:51


🇪🇸 «Реал Мадрид» пен «Барселона» «Малага» вингері Антонитоға қызығушылық танытып отыр

🚫 Каталониялықтар Испания U19 құрамасының ойыншысын былтыр жазда алғысы келген, бірақ «Малага» бұл ұсынысты қарастырған жоқ. «Реал Мадрид» те ұсыныс жасаған, ал Антонитоның келісімшарты 2025 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

✔️ «Малага» қыста 18 жастағы ойыншыны сатуға келісуі мүмкін деп күтіліп отыр.

⭐️ Осы маусымда Антонито 13 матчта 3 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

19 Nov, 09:00


• Нигерия әлем чемпионатында жеңіске жеткен алғашқы африкалық мемлекет болады

• Англия ақыры трофейсіз кезеңін тоқтатады

🔮 ChatGPT әлем чемпионаттарының болашақ жеңімпаздарын болжапты:

🇧🇷 2026 — Бразилия
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 2030 — Англия
🇪🇸 2034 — Испания
🇫🇷 2038 — Франция
🇳🇬 2042 — Нигерия
🇦🇷 2046 — Аргентина
🇩🇪 2050 — Германия

Екінші Тайм | Есет Төлеш

19 Nov, 06:52


🇸🇲 Сан-Марино құрамасы соңғы үш айда екінші рет жеңді: бұған дейін 20 жыл бойы жеңіп көрмеген еді.

Тағы да Лихтенштейннен басым түсті. Әлемдегі ең кішкентай елдердің бірі бірқатар жетістікке қол жеткізді:

• тарихында алғаш рет қонақта жеңді

• тарихында алғаш рет бір матчта үш гол соқты

• Ұлттар лигасының С дивизионына шықты

Сан-Марино осылайша өз тарихында үшінші рет жеңіп отыр. Оның екеуіне осы күзде жетті.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

18 Nov, 17:59


📰 Bild & Dily Mail ақпараты бойынша, Трент пен Дэвис маусымның соңында «Реал Мадридке» ауысуға 90 пайызға келісті.

📄 «Бавария» мен «Ливерпуль» ойыншыларын келісімшартты ұзартуға көндіре алмады.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

18 Nov, 16:41


⚠️ ESPN мәліметінше, Поль Погба Еуропаның топ-5 лигасының бірінде ойнауды мақсат етіп отыр және тағы да Франция құрамасына шақырту алуға үміттенеді.

Оған кейбір клубтар хабарласып үлгерген.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

18 Nov, 12:15


🇧🇪 Бельгия құрамасының соңғы 5 матчы:

0 жеңіс
1 тең
4 жеңіліс

Нәтижеміз Бельгия құрамасы сияқты деп мақтана алады екенбіз ғой

Екінші Тайм | Есет Төлеш

18 Nov, 08:22


Бұл не құрам?

Бұл - тегі ирландиялық футболшылар. Бірақ бәрі Англия құрамасын таңдаған.

Егер олар өз отанында ойнағанда бүгіндн Ирландия құрамасы топ-деңгейде болар ма еді?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

18 Nov, 07:03


Құраманы алда не күтіп тұр?

🇰🇿 Енді 13 желтоқсанды күтеміз. Сол күні ӘЧ-2026 іріктеуінің жеребесі тартылады. Еуропалық құрамалар топтарға бөлінеді.

Ал іріктеу кезеңі 2025 жылы 21 наурыз бен 18 қараша арасында өтеді.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

09 Nov, 12:13


🇪🇸🫣 "Барселона" осы маусымда Еуропаның топ-5 лигасындағы басқа командаларға қарағанда қарсыластарын офсайдқа екі есе жиі түсірген

• "Барселона" — 83
• "Парма" — 38
• "Осасуна" — 37
• "Брайтон" — 36

Екінші Тайм | Есет Төлеш

09 Nov, 11:01


Моуриньо АПЛ-ға оралуы мүмкін

➡️ The Guardian мәліметінше, португалиялық маманның Түркиядағы жағдайына көңілі толмайды: Моуриньо лига оған тым қатаң қарайды және төрешілер «Галатасарайға» жақтасады деп есептейді.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Моуриньо агенттерінен «Ньюкаслдағы» кез келген өзгерістер туралы хабардар етуді сұрады, себебі онда ақша, жақсы құрам, еурокубоктар және оның таныстары бар.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

09 Nov, 09:41


Гвардиола Бразилия құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін

🇧🇷 The Athletic мәліметінше, селесао футбол федерациясы «Ман Сити» бапкерімен келіссөз жүргізіп, испан маманын көндіруге тырысып жатыр.

🔙 Бұған дейін федерация Анчелоттиді осы лауазымға тағайындағысы келген, егер Пеп бас тартса, алдағы жазда бұл нұсқа қарастырылуы мүмкін.

🧐 Гвардиоланың өзі әлі шешім қабылдаған жоқ

Екінші Тайм | Есет Төлеш

09 Nov, 08:25


Франция құрамасында дау басталайын деп тұр

🇫🇷 Франция ұлттық құрамасының ойыншылары Дидье Дешамның бапкерлік қызметінен шаршады және олар құраманы Зинедин Зидан басқарғанын қалайды.

❗️ Журналист Ромена Молинаның ақпараты бойынша, футболшылардың пікіріне қарамастан, Франция футбол федерациясы Дешамға сенім артып, ол құраманы 2026 жылғы әлем чемпионатына шығарады деп күтіп отыр. Осыған байланысты, Зиданның алдағы әлем чемпионатына дейін Франция құрамасын жаттықтыруы екіталай екені айтылған.

➡️ Дешам 2012 жылдан бері Франция құрамасының бас бапкері қызметін атқарады. Оның жетекшілігімен құрама 2018 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жеткен еді.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

09 Nov, 07:10


Неймар «Әл-Хиләлден» кетпейді

✍️ Флориан Плеттенбергтің ақпараты бойынша, футболшы мұндай келіссөздер туралы ештеңе білмейді. Ол жарақатына байланысты алты-сегіз аптаға алаңға шықпайды, бірақ сауыққаннан кейін алаңға оралуды көздеп отыр. 32 жастағы шабуылшының басты мақсаты - Бразилия құрамасы сапында 2026 жылғы әлем чемпионатында өнер көрсету.

📝 Ойыншының клубпен қазіргі келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін есептелген.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

09 Nov, 05:56


🥇 Мохаммед Салах «Ливерпульдің» қазан айындағы үздік ойыншысы атанды

🏟 6 матч
⚽️ 3 гол
🅰️ 3 ассист

Екінші Тайм | Есет Төлеш

08 Nov, 16:08


Transfermarkt мәліметінше, топ-5 лигада осы маусымдағы үздік бапкерлер

Арне Слот бірінші орында. Флик сәл ғана қалып тұр

Екінші Тайм | Есет Төлеш

08 Nov, 13:52


Қазақ футболының басшысы ауысады

🇰🇿 Ресми: Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кетті

Ол орнын өз еркімен босатып жатыр.

Федерацияны кім басқарғаны дұрыс?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

08 Nov, 12:23


Дешам неге Мбаппені шақырмады?

🇫🇷 Франциялық RMC Sport басылымы анықтапты. Дидье Дешам Мбаппені «мадридтік клубтағы сәтсіз кезеңінен кейін жанкүйерлер мен журналистерден қорғағысы келген».

Килиан құраманың қазан мен қарашадағы ойындарына қатыспады.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

08 Nov, 11:17


Ресми: Мауро Икарди үшін маусым аяқталды. Ол «Тоттенхэмге» қарсы матчта айқыш байламын үзіп алды.

«Галатасарайдың» 31 жастағы шабуылшы осы маусыида ойнамайды.

Бұған дейін Икарди бұрынғы әйелі Ванда үшін Аргентинаға кеткісі келіп жүргені хабарланған еді

Екінші Тайм | Есет Төлеш

08 Nov, 07:56


Неймардың сақинасын ұрлап кетті

👀 Неймар матчқа шығар алдында ойында дым жоқ, қолын созған жанкүйерлермен амандасқан еді. Арасында қолының сұғанағы бар фанат та қолын созып, Неймардың саусағынан бір сақинаны байқатпай шешіп алыпты.

Arabia Saudita мәліметінше, Неймардың сақинасын ұры 60 мың риялға (7,8 миллион теңге) сатылымға қойыпты.

Арабтар ақшасын бірте-бірте қайтарайын дегені ме?😄

Екінші Тайм | Есет Төлеш

08 Nov, 06:09


🔞 Амстердамда сұмдық жағдай болған

Израильдік БАҚ-тың мәліметінше, «Аякс» пен «Маккаби» (5:0) матчынан кейін еврейлерге шабуыл жасалған. Тіпті, қаза тапқандар, зардап шеккендер, іс-түссіз жоғалғандар бар екен. Кейбірі қонақүйлерде тығылып қалған.

Матчқа Израильден көп жанкүйер барыпты. Кездесу аяқталғаннан кейін «Бұл сендерге Газа үшін» деген адамдар оларға шабуыл жасап, кейбірін өзенге лақтырған.

Израиль Нидерландқа жедел түрде ұшақ жіберді.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

07 Nov, 19:40


😀 «Астана» екінші құрамымен 87 минут шыдады. Бірақ Кипрде «Пафостан» жеңіліп қалды - 0:1.

Әзірше елордалық команда онлайн кестеде үш ұпаймен 23-орында тұр.

Плэй-офф кезеңіне шыға ала ма?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

07 Nov, 18:13


🇪🇺 ЧЛ фавориті ауысты

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿Goal нұсқасы бойынша, дәл қазір Чемпиондар лигасының басты фавориті - «Ливерпуль». «Барселона» - екінші, ал «Реал Мадрид» топ-5 қатарынан шығып қалды.

1. «Ливерпуль»
2. «Барселона»
3. «Интер»
4. «Манчестер Сити»
5. «Арсенал»
6. «Реал Мадрид»
7. «Бавария»
8. «Байер»
9. «Аталанта»
10. «Боруссия» Дортмунд

Келісесіздер ме?🤔

Екінші Тайм | Есет Төлеш

07 Nov, 16:11


⚽️ Чемпиондар лигасы 4-турының үздіктер құрамасы

🇵🇹 Турдың үздік ойыншысы - Виктор Дьокереш.

Қай ойыншы жетіспейді?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

07 Nov, 13:51


Зидан оралуы мүмкін...

🇪🇸 Mundo Deportivo ақпараты бойынша, Карло Анчелотти «Реал Мадридтен» кетер болса, орнына басты үміткер - Зинедин Зидан.

Зидан тағы құтқара ала ма?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

07 Nov, 08:06


«ПСЖ» осы маусымда Чемпиондар лигасында:

🔹 25-орында және ұшып кетуге аймағында тұр
🔹 Төрт матчта үш гол ғана соқты
🔹 «Арсенал» мен «Атлетикодан» жеңілді

😬

Екінші Тайм | Есет Төлеш

07 Nov, 06:12


Кудус 5 матчқа шеттетілді

🟥 Ресми: Мохаммед Кудус «Тоттенхэмге» қарсы матчтағы агрессив әрекетінен кейін 5 матчқа шеттетілді.

💸 Одан бөлек, Кудусқа 60 мың фунт көлемінде айыппұл салынды. Ал «Вест Хэм» өз ойыншысының ашуын баса алмағаны үшін 30 мың фунтқа жазаланды.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

05 Nov, 22:04


Сенсация күні…

Екінші Тайм | Есет Төлеш

05 Nov, 20:53


🚩 Бірінші таймдағы нәтиже осындай

«Мадрид» камбэк жасай ала ма?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

05 Nov, 19:19


Бүгінгі топ-матчтарды қайдан көруге болады?

🇪🇸 Реал Мадрид - Милан 🇮🇹
https://qazsporttv.kz/kz/live

https://myfootball.top/11434896-real-madrid-milan-pryamaya-translyaciya-futbol-liga-chempionov-5-noyabrya.html

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Ливерпуль - Байер 🇩🇪
https://qazaqstan.tv/live

https://liveball.uno/match/1299044

🇵🇹 Спортинг - Манчестер Сити 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿
https://liveball.uno/match/1299045

https://myfootball.top/11434899-sporting-manchester-siti-pryamaya-translyaciya-futbol-liga-chempionov-5-noyabrya.html

Екінші Тайм | Есет Төлеш

05 Nov, 17:52


📰 Альваро Мората бүгін «Сантьяго Бернабеу» стадионына оралады

Оның сұхбаттарынан үзінді:

• «Карьерамды «Хетафеде» аяқтағым келеді», — деді ол «Хетафе» жайында.

• «Арманым — «Реалмен» бірге чемпионатты жеңіп алу», — деді ол «Реал» туралы.

• «Өзімді осы жақта ғана көремін», — деді «Ювентуста» жүргенде.

•«Бала кезімнен «Челсиде» ойнауды армандадым», - деді «Челси» жейдесін кигенде.

• Ал «Атлетико Мадридке» ауысқанда: «Мен «Атлетиконың» фанатымын және солай болып қала береді» деді

Екінші Тайм | Есет Төлеш

05 Nov, 16:01


«Реал Мадрид» пен «Милан» соңғы рет кездескенде...

Бұл командалар соңғы рет 2010 жылы ЧЛ топтық кезеңі аясында кездескен. Ол кезде Чемпиондар лигасында «Реал Мадридте» 9, «Миланда» 7 титул болатын.

Арада 14 жыл өтті. Қазір «Реалда» 15, «Миланда» 7 титул.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

05 Nov, 13:13


🎯 2024 жылы гол+пас бойынша үздіктер:

🇵🇹 Виктор Дьокереш - 61
🇩🇪 Харри Кейн - 49
🇪🇸 Килиан Мбаппе - 42
🇪🇸 Винисиус - 41
🇫🇷 Джонатан Дэвид - 41

Швециялық викинг биыл ешкімге жеткізе қоймайтын сияқты

Екінші Тайм | Есет Төлеш

05 Nov, 11:59


Хамес қаңтарда клуб ауыстыруы мүмкін

🚨 Хамес Родригес "Райо Вальеканодағы" ойынын уақытына көңілі толмайды, сондықтан командадан қаңтарда кетуді жоспарлап отыр

🇨🇴 Колумбиялық жартылай қорғаушы осы маусымда 5 матчқа ғана қатысты, алаңда бар болғаны 123 минут өткізді.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

05 Nov, 09:06


😢 Неймардың жарақаттан кейінгі ойыны осындай. Қарсыласпен допқа таласта аяғын тартып, қашып жүр

Ақыры кеше жарақат алып, алаңнан кетті. Енді қашан оралатыны тағы белгісіз

Екінші Тайм | Есет Төлеш

05 Nov, 06:50


🇪🇸🇮🇹 «Реал Мадрид» мен «Миланның» Чемпиондар лигасындағы статистикасы:

- Барлық матч: 15
- «Реалдың» жеңісі: 6
- Тең: 3
- «Миланның» жеңісі: 6
- «Реал» 24 гол соқты
- «Милан» 25 гол соқты
- Екеуі Чемпиондар лигасын 22 рет жеңіп алған

Екінші Тайм | Есет Төлеш

05 Nov, 02:01


Бүгін не көреміз?

💙 Чемпиондар лигасы, 4-тур:
22:45 🇳🇱 ПСВ – Жирона 🇪🇸 (QazSport)
22:45 🇸🇰 Слован Братислава – Динамо Загреб 🇭🇷 (Q League)
01:00 🇮🇹 Болонья – Монако 🇫🇷 (Q Live 2)
01:00 🇫🇷 Лилль – Ювентус 🇮🇹 (Q Arena)
01:00 🇪🇸 Реал Мадрид Милан 🇮🇹 (QazSport)
01:00 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 ЛиверпульБайер 🇩🇪 (Qazaqstan)
01:00 🇩🇪 Боруссия Д – Штурм 🇦🇹 (Kinopoisk - Yandex)
01:00 🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿 Селтик – РБ Лейпциг 🇩🇪 (Q Live 1)
01:00 🇵🇹 Спортинг – Манчестер Сити 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 (Q League)

🌏 Азиялық ЧЛ, 4-тур:
13:00 🇦🇺 Сентрал Кост Маринерс – Шанхай Шэньхуа 🇨🇳 (Sport+ Qazaqstan)
15:00 🇯🇵 Виссел Кобе – Кванджу 🇰🇷 (Sport+ Qazaqstan)
17:00 🇲🇾 Джохор Дарул Тазим – Ульсан Хёнде 🇰🇷 (Sport+ Qazaqstan)
19:00 🇺🇿 Пахтакор – Эр-Раяйн 🇶🇦 (Sport+ Qazaqstan)
21:00 🇸🇦 Әл-Наср – Әл-Айн 🇦🇪 (Sport+ Qazaqstan)

Екінші Тайм | Есет Төлеш

04 Nov, 18:09


«Манчестер Юнайтедтің» кезекті антирекорды

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 МЮ осы маусымда АПЛ 10 турында тоғыз гол соқты. Бұл - соңғы 51 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.

⬇️ Сол 1973/74 жылғы маусымда «қызыл сойқандар» жоғарғы дивизионнан ұшып кеткен болатын.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

04 Nov, 15:53


Ламин Ямаль Мессидің жетістігін қайталай алмады

🇪🇸 Ямаль Ла Лигадағы алғашқы 50 матчында 24 голға қатысты. Мессидің алғашқы 50 матчтағы көрсеткішінен бір голға ғана қалып тұр.

Бір айымашылығы бар - Месси Ла Лигада 50-ойынын 20 жасында өткізді

Екінші Тайм | Есет Төлеш

04 Nov, 10:51


Майкл Эссьен естеріңізде ме? Енді ол бапкер болады

«Челсидің» экс-жұлдызы УЕФА-дан лицензия алды

🧍‍♂️ Африкадан мықты бапкерден кімді білесіздер?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

04 Nov, 08:20


«Француздар ғана ойнасын»!

🇫🇷 Егер Франция халқы құрамада тек француздар ойнасын десе, құрам осындай болады екен

Мына құраммен әлем чемпионатын армандап, Ұлттар лигасының В дивизионында жүретін сияқты ма?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

04 Nov, 06:40


Анчелотти «Реалдың» осал тұсын тапты

🇪🇸 Relevo мәліметінше, соңғы жағдайларды мұқият зерттеген Карло Анчелотти команданың қорғаныс шебінде проблема бар деп шешті.

Италиялық маманның пікірінше, «Мадридке» прессингті арттыру керек.

Осы аптада «Реал» Чемпиондар лигасы аясында «Миланмен» ойнайды

Екінші Тайм | Есет Төлеш

31 Oct, 08:33


Араухо қашан оралады?

🇪🇸 Marca ақпараты бойынша, Рональд Араухо қарашадағы үзілістен кейін алаңға оралады.

🇺🇾 Қорғаушы Америка кубогында жарақат алып қалған еді, содан бері ойнаған жоқ.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

31 Oct, 07:15


Күнтізбе тым тығыз болып тұр

❗️Relevo ақпараты бойынша, "Валенсия" - "Реал Мадрид" матчын шегеру кезінде проблема пайда болды.

Қаңтар/ақпанға дейін командалардың күнтізбесі тығыз, сондықтан шегерілген матч мамыр айында бір өтуі мүмкін.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

30 Oct, 17:21


Винидің жеңісін қатты күткен секілді😱

Родри “Алтын доп” алғанын естіген фанат ашуын тыя алмады

Екінші Тайм | Есет Төлеш

30 Oct, 15:24


Хави "Барселонада" жұмыс істеген кезде бақсының көмегіне жүгінген.

🇪🇸 Бұл туралы ABC жазды. Ақпаратқа сәйкес, каталониялық команданың жаттықтырушысы болған Хави "Камп Ноуда" ешкім жоқ деп санаған күндері киім ауыстыру бөлмесіне бақсы әкеліп, оны зұлым рухтардан тазартуға тырысқан.

🇪🇸 Хави "Барселонаны" 2021 жылдан 2024 жылға дейін жаттықтырды. Оның жетекшілігімен команда Испания чемпионатын және Суперкубогын жеңіп алған еді.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

30 Oct, 12:44


"Валенсия" жанкүйерлері Винисиус Жуниорға арнап мазақ қылатын ұран ойластырып жатқан еді.

🇪🇸 "Реал Мадрид" вингері "Алтын допты" ала алмай, дауыс беруде екінші орынға ие болған еді.

COPE мәліметінше, "Валенсия" жанкүйерлері алдағы "Реалға" қарсы матчқа арнайы ұран дайындап, оны әлеуметтік желілерде таратып жатыр. Ұранда: "Винисиусқа арналған жағажай добы, жағажай добы", – деп айтылады.

"Валенсия" мен "Реал" арасындағы матч 2 қарашада өтеді деп жоспарланған еді. Бірақ ойын шегерілуі мүмкін.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

30 Oct, 11:39


"Валенсия" мен "Реал Мадрид" матчы шегерілуі мүмкін

😞 Қазір Валенсияда дауыл тұрып, су тасқыны болып жатыр. Табиғи апат салдарынан 50-ден аса адам қаза тапты.

🇪🇸 Енді, Relevo мәліметінше, Ла Лига 2 қарашаға жоспарланған "Валенсия" - "Реал Мадрид" матчын шегеруі мүмкін.

Осыған байланысты Испания кубогының 1/64 финалы аясындағы «Парла» – «Валенсия» және «Понтеведра» – «Леванте» матчы 6 және 7 қарашаға шегерілгені хабарланды.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

30 Oct, 11:23


Кезінде Эрик тен Хаг та МЮ-ге қазіргі Рубен Аморим секілді келген

"Спортингтегі" Аморим мен "Аякстағы" тен Хагтың статистикасы шамамен бірдей екен. МЮ-ге келер алдындағы маусымында: 34 ойынның 29-ында жеңіске жеткен.

Аморим бұзылған МЮ-ді қайта оталдыра ала ма екен?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

30 Oct, 06:11


Неймар Майамиден жер сатып алды

🇧🇷 Америкалық басылымдардың мәліметінше, Неймар Майами жағалауынан 26 млн еуроға үй сатып алған.

🫢 MSN-нің басы қосылайын деп жатыр ма?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

30 Oct, 05:28


Биыл Италияда “Наполиді” тоқтату мүмкін болмай тұр

Қатарынан алты матчта жеңіске жетті

🇮🇹 А Сериясында сенімді көш бастап тұр

Антонио Конте өз клубын тапқандай

Екінші Тайм | Есет Төлеш

29 Oct, 17:49


🔝 “Алтын допқа” үміткерлердің құрамасы

Үздіктердің үздігі жиналған

Екінші Тайм | Есет Төлеш

29 Oct, 17:01


🤡 “ «Барса» – менің мансабымдағы ең нашар клуб. Бұл клубтың иелері адам емес. Барлық ойыншылары мен жанкүйерлері аңқау топастар. “

😱 Бұл сөздердің авторы кім 👇
https://t.me/+7jPotoJWJqE5N2Qy

Екінші Тайм | Есет Төлеш

29 Oct, 16:18


Рубен Аморим деген кім?

🇵🇹 Аморим ресми түрде МЮ-дің тізгінін ұстады. Жасы 39-да, португалиялық маман. Ойыншы кезінде "Бенфикада" танылды, сол клубтың түлегі.

Бапкер ретінде карьерасы енді басталып жатыр. Аз уақыт "Каза Пия" мен "Браганы" жаттықтырды. 2020 жылдан бері "Спортинг" бас бапкері болды. Алғаш рет шетелде жұмыс істейін деп жатыр.

🤝 Қазір МЮ-де жүрген Мануэль Угартенің бас бапкері болған. Бірақ Бруну Фернандешті жаттықтырып үлгерген жоқ, Бруну 2020 жылы қаңтарда кетіп қалған.

Жетістіктері:
- Португалия чемпионы: 2021, 2024 жылдары
- Португалия лигасының кубогы: 2020, 2021 және 2022 жылдары
- Португалия Суперкубогы: 2021 жылы

Екінші Тайм | Есет Төлеш

29 Oct, 14:20


Болды, Аморим келісті

🔴 Фабрицио Романо мәліметінше, “Манчестер Юнайтед” пен Аморим жеке келісімге келді.

Енді тек “Спортингпен” келісу қалып тұр. 39 жастағы маманның келісімшартында 10 млн еуро көлемінде төлемақы көрсетілген.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

29 Oct, 13:08


Родриго Де Пауль хейттің астында қалды

📝 Инстаграмда оның аккаунты rodri деп басталады. Жанкүйерлер бұл кеше “Алтын доп” алған Родридің парақшасы деп ойлап қалса керек.

🥲 Айдаладағы Де Пауль хейттің астында қалды, оның соңғы постына 5 мыңнан аса пікір жазылған. Фанаттар “Винисиусты тонап кеттің, лайық емессің” деп жатыр

Екінші Тайм | Есет Төлеш

29 Oct, 11:35


‼️ "Реалда" Анчелоттиге қарсылар пайда болды.

☝️ Негізінен "Реал" басшылығы мен Флорентино Перестің өзі Карло Анчелоттиге толық қолдау көрсетіп отыр.

🤔 Бірақ, Relevo мәліметінше, "Реалдағы" беделді адамдар ішінде Анчелоттиге қарсылары да бар екен. Олар бапкердің жұмыс тәсілі, жастарды, оның ішінде Арда Гюлерді толық аша алмай жүргеніне наразы.

Айта кетейік, кеше Анчелотти жылдың үздік бапкері атанған болатын.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

29 Oct, 08:51


Хави МЮ-ге бара ма? Жоқ...

Фабрицио Романо мәліметінше, "Манчестер Юнайтед" соңғы қауесеттерге қарамастан, Хавимен келіссөз жүргізіп жатқан жоқ.

Клуб басшылығындағы кейбір адамға 44 жастағы маманның жұмысы ұнайды, бірақ бапкермен ешкім тікелей байланысқа шықпаған.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Қазір "Манчестер Юнайтед" басшылығы "Спортингтен" Рубен Аморимді шақырғысы келіп отыр

Екінші Тайм | Есет Төлеш

24 Oct, 20:58


"Астананың" екінші құрамы сырт алаңда ұпай ала алмады

Екінші Тайм | Есет Төлеш

24 Oct, 18:10


🏆 "Астананың" негізгі құрамы

Құрам туралы не ойлайсыз?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

24 Oct, 17:11


⚽️ FIFA-ның жаңарған рейтингі

🇰🇿 Қазан айында өткізген екі ойында да жеңілген Қазақстан құрамасы екі сатыға жоғарылапты (#107).

Екінші Тайм | Есет Төлеш

24 Oct, 16:13


🇪🇺 Чемпиондар лигасы 3-турының үздіктері белгілі болды

❤️ Құрамға үздік деп танылған 11 түрлі клубтың ойыншылары енді.

🎖 Турдың үздік ойыншысы "Реал Мадридтің" вингері Винисиус атанған еді.

⚽️ Эрлинг Холандтың "Спарта Прага қақпасына соққан бірінші голы турдың үздік голы деп танылды.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

24 Oct, 14:52


👕 Харри Кейннің осы маусымдағы "Бавария" сапындағы көрсеткіші:

❤️ 11 ойын
❤️ 14 гол
👟 6 ассист

Осы маусымда жүлде алады ма?

Екінші Тайм | Есет Төлеш

24 Oct, 13:21


🇪🇺 Винисиус үшінші турдың үздік ойыншысы атанды

🇪🇸 "Реал" вингері "Боруссияға" қарсы ойында хет-трик жасаған болатын.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

24 Oct, 12:00


ℹ️ Бүгінгі "Астананың" қарсыласы туралы ақпарат:

💰 Клуб бюджеті: 1 500 000 €,
❤️ Құрамның құны: 2.74 млн €,
💵 Ойыншылардың орташа жалақысы: айына 3 800 €.

⚠️ "Нью-Сейнтс" – Уэльс чемпионатындағы жалғыз кәсіби команда. Басқа командаларда банкирлер, сатушылар, шопандар мен студенттер ойнайды. Олар тек жұмыстан тыс уақытта жаттығады.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

24 Oct, 10:22


"Манчестер Ситидің" кезекті рекорды

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Қалалықтар Чемпиондар лигасында 26 ойын қатарынан (негізгі ойын уақытында) жеңілмей келеді. Бұл турнир тарихындағы ең ұзаққа созылған жеңіліссіз серия.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

24 Oct, 09:01


⚽️ Бүгін "Астана" Конференция лигасының 2-турында "Нью-Сейнтске" қарсы матч өткізеді.

⚠️ Бабаян бұл матчқа екінші құрам алып кетті. Негізгі құрам ойыншыларының бар назары ішкі чемпионатта болмақ.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

24 Oct, 07:42


💥 Бразилиялық вундеркинд

🔼 Бразилия чемпионатында 18 жасқа дейін гол+пас жүйесі бойынша үздік көрсеткіш тіркегендер.

✔️ Эстевао осы маусымда Неймарды басып озды (10 гол + 8 пас).

🇬🇧 Бразилиялық жас талант 2025 жылы "Челси" сапына қосылады.

*Чемпионат әлі жалғасуда. Сол себепті нәтиже өзгеруі мүмкін

Екінші Тайм | Есет Төлеш

24 Oct, 06:14


😀 Арне Слот тарихты жаңартуда

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 "Ливерпуль" маусымдағы алғашқы 12 матчтың 11-інде жеңіске жетті. Мұндай нәтиже клуб тарихында болмаған.

Екінші Тайм | Есет Төлеш

24 Oct, 04:51


🇧🇷 Рафинья кешегі ойында "Барселона" сапындағы 100-ші матчын өткізді.

⭐️ Хет-трик авторы атанып, матчтың үздік ойыншысы болды.

📲 Осы маусымдағы көрсеткіші:
❤️ 13 матч
⚽️ 9 гол
👟 8 ассист

Екінші Тайм | Есет Төлеш

23 Oct, 21:50


🇪🇺 Чемпиондар лигасының 3-турдан кейінгі турнирлік кестесі

"Астон Вилла" мен "Ливерпуль" ғана үш жеңіс сериясымен келеді.

📆 4-тур ойындары 5-6 қараша күндері өтеді. Келесі турдан бастап матчтар бір сағатқа кеш басталатын болады.