априори @damu_ozgeris Channel on Telegram

априори

@damu_ozgeris


Өмір сен ойлағаннан басқа.

Бір күні таңертең сіз өзіңіздің сүйікті түсіңіздің ақ екенін, жасыл шайдың қараға қарағанда дәмі жақсы екенін, таңның атысы көбірек ұнайтынын, кенеттен түсінесіз.

@donbrownn

априори (Kazakh)

«априори» телеграм каналы – бұл өзін-өзі жан-жақты ойлау мен тереңдету туралы ақпараттарды үйрету мен байқау үшін жарияланған. Бұл каналда сіз кейінгі түйін ашуға көмектесетін, айналас жақсартушы, ойлаушы, мен де танымал жазушының ақпараттарына қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, каналда өмір туралы, бизнес, кеңес беру және психология туралы мақалалар, сөздік ұғымдар мен басқалар туралы ақпараттар жиналған. «априори» каналы арқылы өзіңізді жан-жақты байқаған кезде, тереңдетілген сенімділік алады және оған қасиетті көмек аласыз. Бұл каналды қосылыңыз, өз бенеңізді дамытуда және дамыс біліміңізді арттыруда көмектесіңіз!

априори

17 Jan, 08:56


Маған бұл өмірдің қалай құрылғаны ұнайды. Ақырында, әркім өз еңбегіне лайықтысын, өз ұмтылысына жеткенін алады. Жасаған жамандығы, тіпті басқа кейіпте болса да, қайтып оралады. Төгілген көз жасы уақыт өте келе күлкіге айналады. Жасаған жақсылық бір күні есігіңді күтпеген жерден үш есе артығымен қағып келеді.

Армандар орындалады. Әркім, ақырында, өзі лайықты нәрсемен қалады. Бұл шындықты түсінуі маңызды емес, бәрібір дәл солай болады.

априори

16 Jan, 09:16


Өмірде бізді басып өтетін барлық нәрсе Алланың алдын ала белгілеген тағдырымен болады. Шынында, Ол Өзінің құлдарына олардың бақыты мен қайғысын, ризығы мен өмірінің ұзақтығын алдын ала жазып қойған.

Саған тиесілі нәрсе, әлсіздігіңе қарамастан, ерте ме, кеш пе, бәрібір саған келеді. Ал басқаға тиесілі нәрсені сенің күш-қуатың қанша көп болса да, ешқашан ала алмайсың.

Ең бастысы — барлық істе Аллаға тәуекел ету, жақсылықта Оған шүкіршілік айту және сынақтар мен қиыншылықтарда сабырлылық таныту.

априори

16 Jan, 04:18


السلام عليكم ورحمة الله وبركاته

ЖАҢА ТОПҚА ТІРКЕЛУ АШЫҚ

КУРС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Жас шектеуі жоқ!
Тек қыздарға арналған!
Ыңғайлы график.
Қолжетімді баға – тек 2500 тг.
Рамазан айында тегін оқу мүмкіндігі.
Басталуы: 20.01.2025


Ұстаз:ام خالد

Құран үйрену – бұл тек оқу емес, рухани баю:

• «Шүбәсіз, Құранды Біз жеңілдеттік, ойланатындар бар ма?» (Қамар сүресі, 54:40)
• «Сендердің ең жақсысыларың – Құранды үйреніп, оны үйреткендерің» (Бұхари).
• Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
«Құран – қиямет күні оқығанына арашашы болады», – деп айтқан.

Жазылу үшін @umhallid

априори

15 Jan, 09:17


Сіз бұл діндегі ең керемет нәрсе не екенін білесіз бе?

Барлық құтқару тек Алладан. Кез келген көмек, қолдау, қамқорлық пен махаббат тікелей Алламен байланысты. Бұл дін адамдарға ешқандай іспен, ешқандай жүрекпен тәуелді болуды талап етпейді. Алла Тағала егер адам жүзін Оған бұрса, барлық ісін ретке келтіретінін айтады.

Ең қорқыныштысы — Жаратушыңмен байланысыңды жоғалту. Алласыз толыққанды өмір сүру мүмкін емес, Онсыз үнемі бір мазасыздық сезіледі, ал сен осал болып қаласың. Жаныңда ештеңемен толтыра алмайтын үлкен қара бос кеңістік пайда болады.

априори

14 Jan, 09:06


Жалпыға ортақ ойлау жүйесі — бұл кез келген сұраққа алдын ала дайын жауабы бар адамдардың ойлау жүйесі. Бұл оларға күш салуды қажет етпейді және толығымен қанағаттандырады. Керісінше, ерекше ойлайтын адам ақыл-ой еңбегінсіз пікір айтуға бейім емес және өзін лайықты деп тек әлі қол жетімсіз әрі ойдың жаңа өрлеуін қажет ететін нәрсені санайды.

Жалпыхалықтық адам өз табиғатына сай, мұқтаждық мәжбүрлемейінше, өзінен басқа ешнәрсені елемейді. Ал бүгінгі таңда мұқтаждық жоқ болғандықтан, ол өзін өмірдің қожайыны деп есептеп, басқалармен санаспайды.

Керісінше, ерекше және қайталанбас тұлға ішкі дүниесінде өзінен үлкен әрі жоғары нәрсеге мұқтаж болып, үнемі сонымен салыстырады және өз еркімен соған қызмет етеді.

Айырмашылық неде екенін еске алайық: таңдаулы адам өзінен көп нәрсе талап етеді, ал жай адам өз-өзіне риза болып, ештеңе талап етпейді.

*Хосе Ортега-и-Гассет*

априори

12 Jan, 09:06


— Кейде әрекет етуден гөрі күту әлдеқайда қиын.

априори

11 Jan, 05:41


Ең үлкен адасушылық адамдарды бір жақты бағалау.Оларды мейірімді немесе ашуланшақ,ақымақ, ақылды деген ой қалыптастыру. Адам ағыс секілді ағып отырады, онда бұл қасиеттердің барлығы да кездеседі.Кейде ақымақ,кейде ақылды, кейде ашуланшақ, кейде мейіріміді болады немесе кересінше.Бұл - адамның ұлылығы. Сіз оны бір жақты бағаладыңыз делік, ал, ол қазір мүлде өзгереген,өзге адам! «Жақсы көрмеймін» деуге болмайды.Сіз солай дегеніңізбен, ол қазір мүлде өзге..

#ойдыойқозғайды

априори

10 Jan, 13:53


Материалды игіліктерге тәуелділік ешқашан, бостандық әкелмейді.

#ойдыойқозғайды

априори

09 Jan, 10:34


Көп адам таныс емес ортада оңға қарай бұрылады. Бұл ақиқатты білгеніңіз дұрыс: егер тобыр арасында қалғыңыз келмесе немесе ұзақ уақыт кезекте тұрғыңыз келмесе – сол жаққа қарай жүріңіз немесе сол жақтағы кезектен орын алыңыз.

#психология

априори

08 Jan, 10:33


Сауатсыз жазушының кейіпкеріде надан.

#ойдыойқозғайды

априори

07 Jan, 15:53


кейбір атеистер діннен бір қателік тапқысы келіп, ислам туралы зерттейтінін талай көрдік.

Бірақ, мұсылмандар куфрды («имансыздықты») қарсылас ретінде зерттеу керек деген мәселені көтермейді. Мұндай ғылым жоқ. Бірақ күнгі бүгінге дейін батыста советология болды, исламтану бар, бірақ исламда батыстану жоқ.

сәйкесінші, исламға қарсы сұрақтардың жауапсыз қалуы қалыпты нәрсе.

априори

07 Jan, 10:36


Өмірге келгенде ақымақ болып туу айып емес,
Бірақ өмірден өткенде ақымақ болып өлу, ұят
.

©Эрих Мария Ремарк

#афоризм

априори

06 Jan, 12:57


Ана сорлының жүрегі, мәңгілік қорқынышта.

априори

06 Jan, 10:27


Сананы — тұрмыс билейді.

априори

05 Jan, 10:26


Жақсы аяқта бір күні сүрінер, тәкәппар адамның да арқасы бүгілер, қарасақал ағарар, бұйра бас таз болар, әдемі әлпетті де әжім басар, тұнық жанар да тұманытар, тек ақ жүрек қана ай мен күн сияқты, айдан гөрі күн секілді жарқырап тұрады, өйткені ол күн іспетті өзінің ақ жолынан еш таймайды.

Шынайы ақиқат – өте қарапайым.

#афоризм

априори

04 Jan, 18:52


Өмір сүр және өзгеге де, мұрша бер.

априори

03 Jan, 09:12


Ең қиын нәрсе — жүрегіңді тәрбиелеу екен.
Бұл — өзгелерде бәрі жақсы сияқты көрінсе де, қызғанышты түбінен жою.
Бұл — өзіңдікі дұрыс екенін дәлелдеуге ұмтылатын нәпсіңді тізгіндеу.
Бұл — Алланың разылығы үшін ренішті ұмытып, оны жібере білу.

Мінез-құлықты жетілдіру — бұл әлемге мейірімділік көзімен қарау.
Бұл — әр адам біреудің сынағы екенін, ал сіз үшін Аллаға шыдамдылық таныта алатыныңызды көрсетуге берілген мүмкіндік екенін түсіну.

априори

03 Jan, 08:52


Еркектерге оңай емес негізі

априори

02 Jan, 09:12


Адам ақылды болуы мүмкін, бірақ ақылмен әрекет ету үшін ақылдың өзі жеткіліксіз.

априори

01 Jan, 09:03


«Саған жазылған нәрсе, әлсіздігіңе қарамастан, бәрібір саған жетеді. Ал саған тиесілі емес нәрсені күшпен де ала алмайсың.»

априори

31 Dec, 09:01


80/20 қағидасы:

⏏️ Денсаулық — 80% дұрыс тамақтану, 20% физикалық белсенділік.
⏏️ Диалог — 80% тыңдау, 20% сөйлеу.
⏏️ Білім алу — 80% ойлану, 20% оқу.
⏏️ Жетістіктер — 80% тәртіп, 20% көзқарас.
⏏️ Бақыт — 80% қанағат, 20% қуаныш.
⏏️ Икемділік — 80% қабылдау, 20% оптимизм.
⏏️ Қанағаттану — 80% алғыс, 20% шешімділік.
⏏️ Қарым-қатынас — 80% беру, 20% алу.
⏏️ Жұмыс — 80% жоспарлау, 20% импровизация.
⏏️ Табыс — 80% еңбек, 20% сәттілік.
⏏️ Шығармашылық — 80% шабыт, 20% талант.
⏏️ Энергия — 80% саналы болу, 20% ішкі күш.
⏏️ Махаббат — 80% қамқорлық, 20% құрмет.

априори

30 Dec, 09:02


Сырт көзге мен қалыпты көрінуім мүмкін, бірақ мысықтар мияулағанда, мен әрдайым оларға жауап ретінде мияулаймын.

априори

29 Dec, 09:05


Егер Алланың барлық жаратылысы бір жерде жиналып, бір уақытта әртүрлі тілдерде әртүрлі өтініштермен Оған жүгінсе, бір дауысы екіншісімен араласпас еді, әрі Ол адамдардың қажеттіліктерін шатастырмас еді.

априори

28 Dec, 09:01


Мүмкін, бұл әлемнің ең үлкен әділетсіздігі — балалық шағыңызда қандай жарақат алсаңыз да, қандай қиындықтардан өтсеңіз де, Әлем сізге ештеңе қарыз еместігі.

Және, өкінішке орай, бақытты болу — тек сіздің жауапкершілігіңіз, тіпті сізге не болғанына қарамастан.

Ең басты парадокс — бұл өмірде бақытты болу үшін оны қабылдау қажет.

априори

27 Dec, 09:01


Негативті ойлар мен эмоцияларға қатысты Усама Жамидің ережелері:

1. Бұл — табиғи құбылыс, әрдайым тек позитивті болуды қалау табиғи емес.
2. Көп ойлансаң, олар санада бекітіледі, ал елемесең, өзінен-өзі жоғалады.
3. Олар сенімге айналмауы керек.
4. Бұл тек ойлар ғана, шындық емес.
5. Ойлардың өзі мәселе емес. Мәселе — адамның сол ойларға сеніп, реакция білдіріп, солардың негізінде әрекет ете бастауында.