Осынау айтулы күнге орай білім ордасында «Ұлтым деп соққан жүрегі...» атты салтанатты іс – шара өткізілді.
Шараға елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, мәжіліс депутаттары, Астана қаласы Білім басқармасының қызметкерлері, мектеп директорлары қатысты.
Алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп-лицейінің директоры Гүлжамал Пердебаевнаға беріліп, шара кемеңгер тұлғаға арналған ескерткіш баральефтің салтанатты ашылуымен басталды.
Ескерткіш баральефті репрессия құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалау офисының басшысы, қоғам қайраткері, Қасымов Сабыр Ахметжанович ашты.
Сондай-ақ, қазақ өнері мен мәдениетінің қалыптасуына зор үлесін қосқан Темірбек Жүргеновтің өміріне шолу жасаған белгілі жазушы, кинодраматург Айгүл Кемелбаева парасатты ойымен бөлісіп, мектеп қорына көркем фильмге негіздеп жазған сценарийі енгізілген кітапты тарту етті.
@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
@akimat__astana
@baikenyesset
@bilimastana
@k.sengazyyev_official