«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры және «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2025 жылдың 21 ақпан күні мемлекеттік тілді қолдауға бағытталған «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңін өткізеді. Олимпиадаға 7-11 сынып оқушылары қатысады.
Олимпиада бес бағыт бойынша өтеді:
1. «Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу);
2. «Білгірлер бәйгесі» (халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша сайыс);
3. «Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс);
Олимпиаданың өтетін орны: Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты (Б.Соқпақбаев көшесі, 17 үй)
4. «Сөз шеберлері» (шешендік өнер, көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу);
5. «Әнші-бұлбұлдар» (жанды дауыста ән айту);
Олимпиаданың өтетін орны: Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» (Тұрар Рысқұлов көшесі, 14)
Қатысушыларды тіркеу уақыты: 08:30 басталады
Олимпиаданың басталу уақыты: 10:00-де
Трансляция
Әнші бұлбұлдар
Сөз шеберлері
Жұмыстар
Хаттамалар