ZERTTEU ZONASY

@zertteuzonasy


ZERTTEU ZONASY

22 Oct, 05:53


Абай облысының Үржар ауданындағы Үржар ауылында 2001 жылы туған жас жігіттің кісі қолынан қаза тапқаны анықталды.

2024 жылдың 30 қаңтарында Абай облысында Райбек Рахат есімді ер адам аса қатыгездікпен өлтірілген.

Ақпаратты БАҚ–қа жеткізген жігіттің туған әпкесі – Әсем.

«2001 жылы туған бауырым аса жауыздықпен, қаталдықпен өлтірілді. Оған 22 пышақ жарақаты салынған!!! 29.01.24 күні әскери комиссариатта Урджар аудандық қорғаныс істері басқармасының (ОДО) 6-ға жуық қызметкерінің қатысуымен кісі өлімі орын алды», - делінген Әсемнің желіде жариялаған хабарламасында.

Әсемгүл Қанатқызы «Адырна» тілшісіне берген сұхбатында оқиғаның мән- жайын айтты.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқи аласыз

ZERTTEU ZONASY

21 Oct, 03:57


Қазан айының басында Ресей басшысы 72 жасқа толды. Жасы ұлғайған автократ басшының атауларды дұрыс атай алмайтын кездері жиі кездеседі. Оның жаңылыс сөйлегені жайында Кремль ешқашан түсінік берген емес. Ол көбіне өзі жиі сапарлайтын және жиі бас қосатын Орталық Азия президенттерінің ресми аты-жөнінен шатасып жүреді. Мұндай шатасу тек Путинде ғана емес, оның протокол қызметінде де кездеседі.

25 жылдан жоғары биліктен кетпеген Ресей президенті Владимир Путин көптеген жиындар мен маңызды жиналыстарда ел президенттерінің, адам аттарын, елдер мен даталарды шатастырады. Тиісінше, БАҚ беттерінде жиі талқыланып жатады. Путиннің шатасуы «қашан және қалай» болғаны туралы бірнеше деректі ұсынамыз.

«КАЗАХСТАН – КАЗАХТАН»

2018 жылы ТМД мемлекеттері басшыларының кездесуінде Владимир Путин Қазақстан атауын шатастырған болатын. Кездесуде ол «Казахстан» деген сөзді «Казахтан» деп айтқан. Көптеген БАҚ беттерінде бұл кішкентай қателік екені айтылды. Алайда мемлекеттің атауын дұрыс айтпау саясаткер үшін үлкен сын болған.

2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялағаннан кейін Владимир Путин Украина қалаларының атауларын шатастырған бірнеше жағдай болды.

СЛАВЯНСК МА, ӘЛДЕ СУМЫ МА?

Мысалы, ол "Славянск" қаласын атаған кезде "Сумы" деп айтқан. Бұл қате оның сөйлеген сөзінде орын алды.Сондай-ақ, бұл Путиннің географиялық сауаттылығы туралы сұрақтар туғызды. Осы сәтте Путиннің сөзі әлеуметтік желілер мен БАҚ-та кеңінен талқыланды, бұл оның Украина географиясын қаншалықты жақсы білетіндігіне қатысты күмән туғызды.

Толығырақ: https://adyrna.kz/post/216076

ZERTTEU ZONASY

19 Oct, 07:28


Адамзат үшін қауіпті жұқпалы аурудың үш жүзден астам түрі болса, соның басым бөлігі климат өзгеруінен туындаған. Ғылыми әдебиеттер күйдіргі, тырысқақ, безгек, Лайма ауруы, Батыс Ніл, Зика сияқты бактериялық және вирустық аурулар жаһандық жылыну, құрғақшылық, аптап ыстық, орман өрті, су тасқыны мен теңіз деңгейінің көтерілуі салдарынан таралады дейді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ары қарай - ДДСҰ) климат құбылуының Қазақстанға тікелей және жанама әсері 30-дан астам жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін екенін айтады. Оның бірін биыл бастан өткердік.

Биыл соңғы 80 жылдағы болмаған ірі табиғи апат салдарынан еліміздің 10 облысында төтенше жағдай жарияланды. Тасқын инфрақұрылымдарды бүлдіріп, бөгеттерді бұзды, су қоймаларын қиратты. 120 мыңнан астам адам, оның ішінде 40 мыңға жуық бала эвакуацияланды, 7 адам қаза тапты. Апаттан келген шығын 300 млрд теңгеден асты.

📌Толығырақ Adyrna.kz сайтынан оқи аласыздар

ZERTTEU ZONASY

17 Oct, 08:14


Алматыда 17 қазан күні жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Алматы жұрты 2 балдық жер сілкінісін таңға жуық сезген.
«ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 17  қазан Астана уақытымен 03 сағат 23 мин жер сілкінісі тіркелді», – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметте.
Жер сілкінісінің ошағы Қытайда орналасқан. Қалалық ТЖМ Алматыға бұл жер сілкінісі 2 балл болып сезілгенін хабарлады. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ.
17 қазан күні таңғы 10:00-де сирена ойнап, оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілген.
Еске сала кетейік, 16 қазан күні Түркияда 6 баллдық жер сілкінісі тіркелді.

ZERTTEU ZONASY

17 Oct, 08:02


Жер жүзін шарлауды мақсат тұтқан жетпістен асқан жаяу қазақ Сәрсенбай ақсақал қазан айында сапарының үшінші кезеңін аяқтады. Осыған дейінгі жаяу жорығы туралы айтқан ол болашақ жоспарымен де бөлісті.

Дүниежүзін жаяу аралауға шыққан 74 жастағы саяхатшы Сәрсенбай Қотырашев 2022 жылы Қазақстанның 17 облысын 6 айда жүріп өтті. Сонымен қатар, 2023 жылы 100 күнге жуық уақытта 3000 шақырымды еңсерді. 74 жастағы қазақстандық саяхатшы биыл 2 тамыз бен 2 қазан аралығында Өскемен қаласынан бастап Қытай астанасы Пекинге дейін барып, сапарының үшінші кезеңін сәтті аяқтады. Зайыбы дүние салған соң жер шарын жаяу аралауға шыққан Сәрсенбай Қотырашев сұрақтарымызға жауап беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз

ZERTTEU ZONASY

16 Oct, 11:20


Қазақстанда АЭС салу бойынша референдумның қорытындысы жарияланғаннан кейін “Росатомның” бас директоры Алексей Лихачев Қазақстан Президенті Қасым Жомарт Тоқаевпен кездесуді сұраған. Бұл туралы Ресей елшілігінің хаты делінген құжаттың көшірмесі желіге тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Айта кетейік, 6 қазан күні Қазақстанда атом электр стансасын салу бойынша референдум өткен болатын. Оның даулы нәтижесі елде атом электр станциясы салынады деген шешіммен аяқталды.

Референдум қорытындысы 8 қазан жарияланғаннан кейін “Росатомның” бас директоры Алексей Лихачев Қазақстан Президенті Қасым Жомарт Тоқаев және Премьер-министр Олжас Бектеновпен кездесуді сұраған. Тиісті сауал 11 қазанда дипломатиялық арналар арқылы жіберілген.
Аталған құжат желіде тарады.

https://adyrna.kz/post/215652

ZERTTEU ZONASY

16 Oct, 05:22


Таяуда прокатқа шығарылған «Қажымұқан» фильмін түсірген топ жетекшісі картинаның қалай әзірленіп, түсірілгені және қиындықтары жайында ой бөлісті.

“Қажымұқан” фильмі – Қанағат Мұстафиннің тарихи-өмірбаяндық кинотуындысы. Бұл фильм қазақ халқының атақты балуаны, әлемге танымал спортшы Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмірі мен ерліктеріне арналған.

Қажымұқан – қазақ халқының спорттық және ұлттық қаһарманы, классикалық күрестен әлем чемпионы болған тұлға.

Көркем фильмде Қажымұқанның балуандық жолы, оның спорттағы жетістіктері, бәсекелестері, сондай-ақ қазақ халқының күрделі әлеуметтік және саяси кезеңдердегі өмірі көрсетіледі. Сонымен қатар, Қажымұқанның қарапайым ауылдан шығып, әлемдік аренада атақты балуанға айналу жолындағы қиындықтары мен табандылығы – басты назарда. Фильм Қажымұқанның ерлігі мен қайсарлығы арқылы ұлттық рухты дәріптейді.

Қазақтың тарихи-мәдени құндылықтарын жаңғыртып, жастарды отансүйгіштікке, табандылыққа және өз халқына деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеуге бағытталған кинотуындының режиссері Қанағат Мұстафин фильмнің түсіру барысы мен идеясын айтып, сұхбат берді.

📌Сұхбаттың толық нұсқасын adyrna.kz сайтынан оқи аласыз

ZERTTEU ZONASY

15 Oct, 06:17


Екі күн қатарынан екі әскери қызметкердің өлімге ұшырағаны анықталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Шахтинск қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде Ұлттық ұланның әскери қызметкерінің мәйіті табылды. Бұл оқиғаға қатысты ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады.

«13 қазанда Шахтинск қаласында қызметтен тыс уақытта өзі тұрып жатқан пәтерден келісімшарт бойынша әскери қызметшінің денесі табылды. Болжамды ақпаратқа сәйкес, әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзіне қол жұмсаған. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық»өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады»,—делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.

Заң бойынша Ұлттық ұлан iшкi iстер органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi. Ұландықтар жеке бастың, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды.

Ал 14 қазанда Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметкер өзін-өзі атап өлтірді. Бұл туралы Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Әскери қызметкер қарауыл қызметінде міндеттерін орындаған уақытта бекітілген қаруынан басына оқ атқан. Аталған оқиға әскери қызмет өткерумен байланысты емес. Алдын ала мәліметтер бойынша, марқұм отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзіне қол жұмсаған. Қылмыстық іс қозғалды, мән-жайлар анықталып жатыр»,—делінген хабарламада.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқи аласыз

ZERTTEU ZONASY

14 Oct, 07:22


Түркия ұлттық білім министрлігі оқулықтағы "Орталық Азия" терминін "Түркістан" терминімен ауыстырды. Түркияда тұратын қазақ ғалымы, қазақ диаспорасының белсенді өкілі Әбдіуақап Қара бұл қадам Түркістан аймағындағы елдердің ынтымаұтасты мен мәдениетіне оң әсер етеді деп санайды. Дегенмен ол шешілмей келе қала жатқан мәселелерді де жоққа шығармайды.

Түркия президенті Ражап Тайп Ердоған ұлттық бірлік министрлігінің бұл шешімін оң бағалады. Саяси басшының бұған реакция білдіруі мәселенің саяси қырынан да хабар берсе керек. Ол  түркі әлемінің бірлігі мен елдің осы үдерістегі рөлінің маңыздылығын атап өткен.
«Біз «Түркия ғасыры» туралы көзқарасымызды түркі мемлекеттерін ұйымдастыру арқылы кеңейте отырып, алдағы кезеңді түркі дәуіріне айналдыру үшін иық тіресетін боламыз»,-деген президент Ердоған.

Түркиялық ғалмы Рамин Садық білім министрлігінің шешіміне түсініктеме берген. Оның сөзінше, «Түркістан» атауы негізінен түріктер тұратын аймақты білдіреді.
«Ұлттық білім министрлігінің «Түркістан» терминін оқулықтарға, оның ішінде балаларға арналған оқулықтарға енгізу туралы шешімі Түркия үшін ғана емес, бүкіл түркі әлемі үшін, сондай-ақ түркі мемлекеттерінің әріптес елдері үшін маңызды бастама және құнды үлес»,- деп түсіндірген Рамин Садық.

https://adyrna.kz/post/215391

ZERTTEU ZONASY

14 Oct, 07:22


10 қазан күні Түркіменстан астанасы Ашхабад төрінде ұлтымыздың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіш орнатылды.  Оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркіменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов салтанатты түрде ашты.

Қазақ басшысы "Абай – әлемдік ауқымдағы алып тұлға. Оның шығармалары бүкіл адамзаттың асыл мұрасына айналды", - деді.  Ал Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы бауырлас халықтардың тарихи және мәдени өмірінде жарқын із қалдырған белгілі тұлғалар мұрасын сақтаудың және оны болашақ ұрпаққа жеткізудің мәні зор екеніне тоқталды.

Абай есімі жарты әлемге танылған. Әлемнің түкпір-түкпірінде ұлы ақынға арналған көшелер мен ескерткіштер бар. Соларға көз жүгіртіп өтелік.

https://adyrna.kz/post/215329

ZERTTEU ZONASY

12 Oct, 18:38


11 қазан күні Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жол апаты Текелі қаласының Әуезов көшесінде болған. Салдарынан үш адам қаза тапты.
«Жол апаты салдарынан үш адам қаза болып, тағы үш адам ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.
ПД халықты ауа райы нашарлаған кезде рөлде сақ болуға шақырды.
Айта кетейік, 17 тамыз күні Жамбыл облысындағы республикалық тас жолда жол апатынан алты адам қаза тапқан.

ZERTTEU ZONASY

12 Oct, 09:53


16 жасында кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың әкесі болған жағдайдан соң мәлімдеме жасады👆

ZERTTEU ZONASY

12 Oct, 05:18


Алматы облысы, Талғар қаласында бір топ бұзақының қолынан қаза тапқан 16 жастағы жасөспірімнің үйі толығымен өртенді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Марқұмның үйі сенбіге қараған түні өртенген. ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендердің бар-жоғы нақтылануда.
Алматы облысының полиция департаменті өрт фактісін растады.
"Полиция бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады", – делінген ПД хабарламасында.
Тергеу аясында куәгерлерден жауап алынған. Сондай-ақ, бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп жатқаны айтылды.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен оқиғаға себеп болуы мүмкін себептер анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Талғарда сыра үшін төбелескендердің қолынан қаза тапқан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болаттың өлімі қоғамдық резонанс тудырды.

ZERTTEU ZONASY

11 Oct, 18:31


2024 жылдың қазан айында ҚР Ұлттық қорынан 1,4 млрд долларға дейін шетел валютасын сату жоспарлануда. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдағұлова айтты, деп хабарлайды Адырна ұлттық порталы.

«Ағымдағы жылдың қазан айында 1,3 млрд доллардан 1,4 млрд долларға дейінгі рекордтық көлемді сату қажет. Осы айдың соңына дейін біз осы көлемнің шамамен 2/3 бөлігін сатуымыз керек», - деді Молдағұлова жұма күні Ұлттық банктің брифингінде.

Оның айтуынша, бұл валюта нарығындағы жағдайды қалыпқа келтіру үшін жеткілікті көлемде ұсыныс жасайды.

Айта кетейік, 10 қазан қарсаңында Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов теңгенің долларға шаққандағы әлсіреуі аясында девальвацияға түбегейлі негіз жоқ деп мәлімдеген болатын.

ZERTTEU ZONASY

11 Oct, 18:30


Ауғанстан билігіндегі «Талибан» қозғалысы Кабулда аты аталмаған өзбек компаниясымен 1 миллиард долларлық келісімге қол қойды. Бұл туралы TOLOnews «Талибан» үкіметіндегі кен және мұнай министрлігіне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды Адырна ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, келісімшарт Ауғанстанның солтүстігіндегі Дзаузжан провинциясындағы Тотимайдан кен орнында табиғи газды барлау мен өндіруді қарастырады. Келісімшарт 10 жыл мерзімге жасалды. Оған сәйкес, өзбек компаниясы бірінші жылы 100 миллион долларды, ал қалған 900 миллион долларды алдағы тоғыз жылда салады. Алғашқы екі жылда өндірілген газ 100 мегаватт электр энергиясын өндіруге жұмсалады.

Құжатқа қол қою кезінде Өзбекстан президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исматулла Иргашев қатысты.
Тотымайдан кен орны бұрыннан Орталық Азиядағы табиғи газдың ең перспективалы әлеуетті көздерінің бірі болып саналады. Оның қоры шамамен 7 мың шаршы шақырым аумақты алып жатыр, ол Түркіменстанмен шекараға дейін созылады.

ZERTTEU ZONASY

10 Oct, 18:30


Алматы маңында жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Krisp_almaty дерегінше, қайғылы оқиға 10 қазан күні таңертең болған. Алматы маңында 20 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде 60 жастағы әйелді қағып кеткені анықталды. Жол-көлік апаты Алматы-Бішкек тас жолының 19-шы шақырымында, БАКАД қиылысына жақын жерде болған.
Аймаққа қарай келе жатқан Toyota Camry көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Әйел алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше көз жұмды.
Оқиға орнына жеткен полицейлер шетелдік көліктің жүргізушісін қамауға алған. Қазір жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.
Айта кетейік, кеше Алматыда автобус бес жастағы баланы қағып кеткені туралы хабарлаған едік.

ZERTTEU ZONASY

10 Oct, 03:15


Қорғаныс министрлігі желіде қызу талқыланған министр мен отбасының суретіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың отбасымен түскен фотосы Астанадағы фотостудияның парақшасында тамыз айында жарияланған. Алайда министрлік тарапынан фотоға қатысты түсіндірме болмады. Тек бүгін Мәжіліс кулуарында қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жанғулин фотосессияға қатысты пікір білдірді.
Генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың жұбайы және 3 баласымен әскери киім киіп, медальдармен фотосессия жасағанын көруге болады. Көпшілік 58 жастағы министрдің әйелінің өзінен әлдеқайда жас екеніне назар аударып, таңдана пікір жазған. Дереккөзде Жақсылықовтың әйелі Ұлттық ұланда биші екені, есімі Эльмира екені анықталған. Генерал-полковниктің әйелі де әскери шенге ие.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз.

ZERTTEU ZONASY

09 Oct, 17:51


Қазақстан басшысы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысып, басқаларды бәтуаға шақырды. Бұл туралы Ақордаға сілтеп “Адырна” ұлттық порталы хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қазандағы жиында дәстүрлі қонақжайлығы және Ресейдің ТМД-ға төрағалық ету барысында нәтижелі жұмыс атқарғаны үшін Ресей басшысы Владимир Путинге алғыс айтты.
Мемлекет басшысы 1991 жылы Алматы Декларациясының негізінде құрылған ТМД-ның әлеуетін беделді халықаралық ұйым ретінде одан әрі нығайту Қазақстан үшін басты басымдықтың бірі екеніне назар аударды.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз.