Жаңалықтар - Qaz365.kz

@qaz365kz


Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿

Жарнама бойынша: @bs2906
@alim_the_magnus

Жаңалықтар - Qaz365.kz

22 Oct, 14:18


«Үрейде өмір сүр де Алладан жазаңды күт»: депутат Тұрлыхановтың қызы адвокат Черновтарға сес көрсетті

Тұрлыхановтың қызы ағасы Нұрасыл Болат сотталғанына байланысты ашуға булыққан.

Тұрлыхановтың қызы ағасы Нұрасыл Болат Черновтардың жұбайын ұрып-соққаны, пробацияда жүргенімен тойда, караокеде жүргені үшін сотталғанына байланысты ашуға толы "сторис" қалдырған.

Заңгерлер Олег пен Анна Черновты ұрып соққан Нұрасыл Болат пробация тәртібін бұзғаны үшін 1 жыл 5 ай мерзімді қауіпсіздігі орташа колонияда өткізеді.

Жаңалықтар - Qaz365.kz

22 Oct, 09:57


Жақында түрмеден шыққан Қайрат Сатыбалдының анасы қайтыс болды

75 жастағы Светлана Мырзахметқызы біраз жыл ұстаз болып қызмет атқарған, «Дәуір» баспасының директоры қызметін болған.

Светлана Назарбаеваның Дубайда екі вилласы бар екенін анықталған болатын.

Жаңалықтар - Qaz365.kz

22 Oct, 09:14


🚘 «Бар-жоғы 42 секунд ұтады»: Сергек Алматының агрессивті жүргізушілеріне талдау жасады

Зерттеуден 66 мыңнан астам көлік өтті, оның 22 мыңы агрессивті жүргізу түрін көрсетті.

Жаңалықтар - Qaz365.kz

22 Oct, 08:15


Қостанайда екі шетелдік дроппер ұсталды

Ұсталғандардың бірнеше алаяқтық фактілеріне қатысы бар екені анықталды. Полицейлер тергеуді жалғастырып жатыр.

Жаңалықтар - Qaz365.kz

22 Oct, 06:40


Банктерге қосымша құн салығын салу тұтынушыларға ауыр тиеді - Үміт Шаяхметова

Halyk Bank басшысы Үміт Шаяхметова қаржылық қызметтерге ешқашан салық салынбағанын және салудың қажеті жоқ екенін айтты.

Жаңалықтар - Qaz365.kz

22 Oct, 06:39


Талғардағы тергеу изоляторынан бір күдікті қашып кетті

Оқиға болғаннан кейін 4 сағат өткен соң ғана дабыл қағылған.

Жаңалықтар - Qaz365.kz

22 Oct, 04:49


Мемлекетке қайтарылған 3 млрд теңгеге екі облыста спорт кешені мен музыка мектебі салынады

Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен Түркістан және Ақмола облыстарында әлеуметтік нысандар салынады.

Жаңалықтар - Qaz365.kz

21 Oct, 15:49


Адвокат Дәулет Тұрлыхановтың ұлын бостандықта қалдыруды өтінді

Алматы қаласының №2 Медеу аудандық сотында Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат бойынша іс қаралды. Сотта Қуандық Бишімбаевты қорғаған танымал адвокат Назкен Құсайынова бұл жолы Нұрасыл Болаттың мүддесін қорғады.

Жаңалықтар - Qaz365.kz

21 Oct, 11:44


Қазақстанда мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған адамдар қанша жәрдемақы алады

Қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде шамамен 516,7 млрд теңге төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпарат таратты.

Жаңалықтар - Qaz365.kz

21 Oct, 10:36


Қазақстанда ауыз судың бағасы күннен-күнге қымбаттауда

Елде ауыз су 14%-ға, минералды су 15%-ға қымбаттаған.

Жаңалықтар - Qaz365.kz

21 Oct, 08:56


Юлия Навальная Ресейдегі президент сайлауына түсетінін мәлімдеді

Бұл туралы BBC агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді. Сұхбат барысында қайтыс болған саясаткер туралы көп айтылады.

Жаңалықтар - Qaz365.kz

21 Oct, 08:18


Түркістанда 15 жастағы қызды зорлаған қылмыскер тағы 15 істе күдікке ілінді

Қылмыскердің телефонынан 15-ке жуық кәмелетке толмаған жас қыздардың жалаңаш суреттері табылған.

Жаңалықтар - Qaz365.kz

21 Oct, 08:16


Ұлыбританияда Маргарет Тэтчерге Қазақстан атынан табысталған «Достық» ордені аукционға шығарылды

«Достық» ордені Маргарет Тэтчерге 2001 жылы берілген.

Жаңалықтар - Qaz365.kz

21 Oct, 06:43


Ақтөбе облысының балабақшаларында миллиондар жымқырылған

Ақтөбе облысының Хромтау және Мұғалжар аудандары прокуратуралары мектепке дейінгі мекемелерде 240 млн теңгеден астам бюджет қаражатын талан-таражға салу фактілерін анықтады.

Бұл туралы Қазақстан Бас прокуратурасы ақпарат таратты.

Жаңалықтар - Qaz365.kz

20 Oct, 08:10


Алматының орталығында кафе өртенді

Бүгін Алматы қаласының Алмалы ауданында, Мақатаев көшесінде орналасқан бір қабатты кафеде өрт шықты. Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндіру бригадалары келіп жетті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің аумағы 350 шаршы метрді құрайды. Өрт сөндірушілер жалынды оқшаулады. Оқиғаның әрі қарайғы егжей-тегжейі мен зардап шеккендер туралы әлі ақпарат жоқ.

Жаңалықтар - Qaz365.kz

18 Oct, 17:56


18 қазанда , 21сағат :50 минуттан бастап ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Медеу ауданы, Төлебаева көш 38 а өртті сөндіруде, екі қабатты мейрамханасының шатыры отқа оранғаны анықтады.
Келушілер мейрамханадан шығып үлгерді. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. ТЖД орнында 27 құтқарушы және 8 техника жұмылдыруда.