Insports.kz

@atamekenbusiness_sport


Қазақстан және әлем спортының жаңалықтары

Спортивные новости Казахстана и мира

Insports.kz

22 Oct, 11:43


Елімізде УЕФА стандарттарына сәйкес оныншы алаң ашылды

🇰🇿Қазақстан футбол федерациясы ALAÑ жобасы аясында оныншы алаңды қолданысқа берді. Кезекті ауқымды жұмыс Жезқазған қаласындағы «Металлург» стадионында жүргізілді. 6 мың жанкүйер сиятын стадион енді халықаралық стандарттарға сай.

🗣Айта кетейік, «Металлург» стадионындағы жасыл алаң соңғы рет 2010 жылы жөндеуден өткен. Енді ALAÑ жобасы арқасында италиялық сападағы төсеніш төселді. Алаңның сапасын бірінші кезекте «Ұлытау» футбол клубының ойыншылары тексерді. Олар осы аптада жаңа алаңда Премьер-лигаға шығу үшін, SD Family клубымен күш сынасады.

Insports.kz

22 Oct, 09:17


Рыбакина тағы да құрамаға көмектесе алмайды

🇰🇿🇰🇷Елена Рыбакина Оңтүстік Кореяға қарсы Билли Джин Кинг кубогының плей-офф кезеңінде Қазақстан құрамасына көмектесе алмайды.

🤷‍♂️Рыбакинаның турнирге келмеу себептері белгісіз.

Турнирдің ресми сайты еліміздің атынан Юлия Путинцева, Жібек Құламбаева, Анна Данилина және Зарина Диястың жарысқа қатысатынын жариялады.

Кореялықтармен кездесу 16-17 қарашада Астанадағы Ұлттық теннис орталығында өтеді.

https://t.me/atamekenbusiness_sport

Insports.kz

22 Oct, 08:01


Қазақстандық футзал командалары Еурокубоктық ойындарды бастайды

Бүгін ел чемпиондары «Семей» мен алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі жорықтарын бастайды!

🇰🇿 «Семей» 🆚 «Спортинг» 🇵🇹
🏆 УЕФА Чемпиондар Лигасы
17:00
🏟 «Балуан Шолақ» спорт сарайы, Алматы
🖥 QazSport телеарнасы

🇭🇺 «Халадаш» 🆚 «Қайрат» 🇰🇿
🏆 УЕФА Чемпиондар Лигасы
20:00
🏟 «Балуан Шолақ» спорт сарайы, Алматы
🖥 QazSport телеарнасы

Insports.kz

22 Oct, 05:20


«Барыс» Минскіде жеңіс тойын тойлады

🏒«Барыс» Минскілік «Динамоға» қарсы ойынмен сырт алаңдағы матчтар сериясын жалғастырды. Командамыздың бапкерлер штабы шабуылшылардың барлығын ауыстырып, айдынға Дінмұхамед Қайыржан, Аңсар Шайхмедденов және Руслан Оспанов шықты.

Елордалықтар алғашқы кезеңде жақсы ойын өрнегін көрсеткендерімен, бірақ үзіліске аз уақыт қалғанда айдын иелері сапынан Кристофер Тирни есеп ашты. Ал «Барыс» бұған Өмірбеков пен Панюковтың голдарымен жауап берді. Осылайша астаналық команда көптен күткен ұпайына қол жеткізді.

«Барыс» үшін бұл 18 матчтағы төртінші жеңіс болды. Алайда турнирлік кестеге әсер еткен жоқ және 9 ұпаймен Шығыс конференциясындағы соңғы, 12-ші орында қалды.

23 қазанда Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері Новосібірде «Сібір» командасына қарсы ойнайды.

📊«Динамо Минск» — «Барыс» 1:2 (1:0, 0:1, 0:1)

1:0 – 18:48 – Тирни (Дубе, Аяз)
1:1 – 34:51 – Өмірбеков (Әсетов, Жафьяров)
1:2 – 59:30 – Панюков (Өмірбеков)

🥅Қақпашылар: Вельмакин – Бояркин

https://t.me/atamekenbusiness_sport

Insports.kz

22 Oct, 05:12


🇺🇸20-қазан күні Лас-Вегаста UFC Fight Night 245 турнирінде Матеус Николауды жеңген Асу Алмабаев бүгін UFC рейтингінде 7-орынға көтерілді🔥

Асуды әлемдік аренадағы тамаша жетістігімен құттықтаймыз👏👏👏

https://t.me/atamekenbusiness_sport

Insports.kz

21 Oct, 12:03


«Барыс» бүгін жаңа бас бапкердің жетекшілігімен алғашқы ойын өткізеді

🏒Динамо Минск - Барыс

📆 Бүгін 21:00

📍«Минск-Арена»

Естеріңізге сала кетейік, елордалық хоккей клубы легионерлермен, атап айтқанда Владислав Кодола, Данил Апальков, Уилл Бутчер, Майкл Маклауд және Натан Больемен келісімшартты тоқтатты.

Сондай-ақ «Барысқа» бас директор болып Нұрлан Оразбаев тағайындалса, ал бас бапкер қызметіне Ғалым Мамбеталиев келді.

https://t.me/atamekenbusiness_sport

Insports.kz

21 Oct, 10:51


🇰🇿Дін-Мұхамед Қошқар әлем чемпионатын сенімді жеңіспен бастады!

🤼Албанияда өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі палуандардың әлем чемпионатында ол алғашқы белдесуінде литвалық Адомас Григалюнасты 5-1 есебімен жеңді.

Енді біздің спортшы 1/8 кезеңде Даниал Агаевпен (Бейтарап атлет) күш сынасады.

https://t.me/atamekenbusiness_sport

Insports.kz

21 Oct, 10:47


🏆Зарина Дияс Кайсериде 🇹🇷(Түркия) өткен ITF W 50 турнирінің финалында жеңіске жетті

🇰🇿🇧🇾Финалда WTA рейтингінде 488-ші орында тұрған Зарина Беларусь өкілі Алена Фалейді (224 WTA ) жеңді. Бірінші сетте Зарина 0:6 есебімен жеңілсе, келесі екеуінде камбэк жасады – 6:4, 6:3. Бұл кубок қазақстандық теннисші үшін биылғы жылғы алғашқы және ITF демеушілігімен өткен турнирлерде иеленген 10-шы жүлде болды.

🗣Айта кетейік, қазақстандық теннисші жарақатына байланысты екі жыл бойы турнирлерге қатыса алмады. Ол биылғы жылдың мамыр айында ғана кортқа қайта оралды.

https://t.me/atamekenbusiness_sport

Insports.kz

21 Oct, 10:27


Ұлттық құрама боксшылары Азия чемпионаты алдында оқу-жаттығу жиынын өткізуде

Азия чемпионатына дайындықтың бұл кезеңі тау бөктерінде, Алматы облысы Талғар ауданындағы Akbulak Olympic Center базасында өтуде. Бас бапкер Қайрат Сәтжановтың жетекшілігімен жиынның алғашқы күні боксшылар тауға серуендеді. Жексенбі күні ойын ұйымдастырылып, жаңа аптада бокс залындағы жаттығулар легі басталды.

Жаттығу жиынында ұлттық құрамаға көмектесуге жалпы физикалық дайындық бойынша белгілі маман Дарио Камачо командасымен бірге қосылды. Олардың арасында Геннадий Головкинмен бірге жұмыс жасаған Кристофер Камачо да бар.

Insports.kz

21 Oct, 03:58


🇰🇿Палуандарымыз әлем чемпионатына қатысады

Бүгін Албания астанасы Тиранада 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионаты басталды.

Күні кеше турнирдің жеребе тарту рәсімі өтіп, спортшыларымыздың қарсыластары да анықталды.

Грек-рим күресі:

55 кг:
Ербол Камалиев - Максим Ступакевич (Бейтарап атлет)

60 кг:
Досжан Өтепқалиев - Хасан Мұхаммед Әл-харти (Сауд Арабиясы)

63 кг, 1/8 кезең:
Нұрсұлтан Базарбаев - Арам Варданян (Армения)/Амарильдо Ласка (Албания)

67 кг:
Дін-Мұхамед Қошқар - Адомас Григалюнас (Литва)

72 кг:
Мерей Мәулетқанов - Мұхаммед Әли Гёчмен (Түркия)/Әділхан Нұрланбеков (Қырғызстан)

77 кг:
Темірлан Қаратай - Исмаил Барахоев (Бейтарап атлет)

82 кг:
Альмир Төлебаев - Кун Шанг (Қытай)

87 кг:
Бағлан Қуаныш - Марсель Стекеленбург (Нидерланд)

97 кг:
Бейбіт Қорғанов - Хайк Хлоян (Армения)/Антон Эрих (Германия)

130 кг:
Асылбек Әбдіқалық - Фехри Мұхаммед Айса (Мысыр)

https://t.me/atamekenbusiness_sport

Insports.kz

19 Oct, 09:52


📝ҚФФ Какамен келісімшартты 2026 жылға дейін ұзартты

🤝 Қазақстан футбол федерациясы футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Какамен серіктестікті әрі қарай жалғастырады.

Жаңа келісімшарт 2026 жылдың соңына дейін созылады.

https://t.me/atamekenbusiness_sport

Insports.kz

19 Oct, 04:12


Көзқарастар шайқасы👀

🇧🇷Матеус Николау - 🇰🇿Асу Алмабаев

Қазақстан уақыты бойынша Матеус - Алмабаев жекпе-жегі 19-нан 20-қазанға қараған түні өтеді және шамамен сағат 3:30-да басталады.

Асу үшін бұл алғашқы ондыққа кіру үшін тамаша мүмкіндік болмақ. Қазақстандық файтер қазір рейтингте 14-ші орында, ал бразилиялық жетінші орында келеді.

https://t.me/atamekenbusiness_sport

Insports.kz

18 Oct, 13:26


GGG бапкері ұлттық құраманы жаттықтырады

Геннадий Головкиннің физикалық даярлығына көмектескен Кристофер Камачо Қазақстанға келді. Америкалық маман енді бокстан ұлттық құраманың физикалық дайындығына жауапты болады.

https://t.me/atamekenbusiness_sport

Insports.kz

18 Oct, 12:11


ARTLINE KAZAKHSTAN ПОБЕЖДАЕТ В ИСПАНИИ!

На автодроме «Барселона-Каталония» прошёл захватывающий этап европейской серии Lamborghini Super Trofeo, где команда ARTLine Kazakhstan завоевала шесть кубков.

Три пилота команды добились отличных результатов:

Шота Абхазава (Lamborghini Cup) — два золота и одно серебро.
Егор Оруджев (Pro Cup) — победа в финальной гонке и второе место в другой.
Найджел Байли (Am Cup) — серебро в своём классе.

Создатель команды ARTLine Kazakhstan, Шота Абхазава, продолжает активно развивать автоспорт как в Казахстане, так и за его пределами. Его команда уверенно закрепляется среди лидеров мировых соревнований.

Трижды на этих выходных звучал гимн Казахстана, и это лишь начало.

https://t.me/atamekenbusiness_sport