Qazaq Debate🇰🇿

@qazaqdebate


Instagram.com/QazaqDebate

Qazaq Debate🇰🇿

13 Feb, 06:54


Қайырлы күн, Қазақ дебаты🇰🇿

Пікірсайыс түлектерін Өңірлік кадр резерві жобасына қатысуға шақырамыз⭐️

Естеріңізде болса, былтыр еліміздің үздік 50 маманы Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған еді. Жоба аясындағы қабылетті жастар басшылық қызметке тағайындалып жатыр.

Енді 1 наурыздан бастап Өңірлік кадр резервіне іріктеу басталады. Жоба мақсаты өз жұмысын жоғары деңгейде атқарып жүрген, өңірдегі көшбасшы жастарды басшылық қызметке тарту.

Пікірсайыс түлектерінің өзін көрсете алуына тілектеспіз🧡

Біз әрбір пікірсайысшының кәсіби дамып, қоғамның дамуына үлес қосатынына сенеміз❤️‍🔥🇰🇿

Qazaq Debate🇰🇿

01 Jan, 16:06


ҚР Президентінің Телерадиокешенінің қолдауымен Жібек Жолы арнасы дайындаған Димаш Құдайбергеннің орындауындағы мемлекеттік әнұранымыздың ерекше нұсқасын қабыл алыңыздар.

Өте ерекше орындау. Барынша таратайық достар!

Qazaq Debate🇰🇿

06 Dec, 04:54


Жақында “Білім Инновация” лицейлеріне 30 жыл толды. Қазақстанның тарихындағы Тәуелсіздік жылдарынан бастау алған ең сәтті жобалардың бірі деп есептеймін.

Қазақстан орта білім саласына дәл осы лицейдің білім және тәрбие беру жүйесін енгізу қажет. Сонымен қатар, барлық мектеп лицейлердің деңгейіне жету үшін инфрақұрылымды да ыңғайлайтын уақыт келді. Министрліктің әлі күнге дейін дәл осы жүйені енгізу бойынша баяу қимылдайтыны тіпті нақты әрекеттер жасамайтыны түсініксіз.

Лицейлердің біз байқаған артықшылықтары:
1. Мемлекеттік формадағы 7-11 сынып оқушыларын (ұлдары бөлек қыздары бөлек) оқытатын республикалық мектеп-интернаттар желісі. Әлі күнге дейін дәл осы жүйеге көңілі толмаған ата-ана немесе оқушыны кездестірмедім. Ал, бұл жүйе түріктерден, түріктер ағылшындардан алғаны туралы ақпарат бар.

2. Оқушыларына білім беру жұмыстарын қаржыландыруды толық мемлекет көтерсе, инновациялық даму жұмыстарын Қоғамдық Қорға қарасты жеке мектептер көмектесуде.

3. БИЛдар мемлекеттік білім жүйесінің жетілуіне жүйелі тұрғыда өз еркімен үлес қосуда, тәжірибесімен бөлісіп, мамандарын таратуда. Оған министрлік немесе өңірлік басқармалар деңгейде біраз жылдан бері ұйымдастыратын біріккен шаралар мен жобалар жатқызуға болады.

4. БИЛдар Қазақстанның атын Әлемнің пәндік олимпиада картасына шығарған алғашқы әрі бірегей жүйе.

5. БИЛ мыңдаған қазақ баласына сапалы білім мен тәрбие фундаментін қалыптастырып, олардың әлемдік Гугл, Эпл, Майкрософт сынды мықты корпорацияларда жұмыс жасауына жол ашты.

Егер біз балаларымыздың сапалы білім мен құндылықтарға негізделген тәрбие алғанын қаласақ, министрліктен нақты өзгерістерді талап етуіміз керек.

Qazaq Debate🇰🇿

04 Dec, 08:49


Қайырлы күн, пікірсайысшылар🇰🇿

2-3 желтоқсан күндері Астанада өткен MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY CUP турнирінен естелік бейнежазба ұсынамыз❤️

Университет кубогін астаналық Парасат клубының мүшелері Мырзалиев Нұрасыл мен Бағдат Қымбатбек жеңіп алды🏆

Алдағы жылы өтетін ауқымды шараларымызды күтіңіздер😊

Qazaq Debate🇰🇿

28 Nov, 11:28


#Күнтізбе

🧡 25 қараша -10 желтоқсан, Астана
Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні халықаралық науқаны

🧠 29 қарашаға дейін тіркелу, Астана
EduhackCamp жобасы

🏆 2 December, Орал
Arguex Cup, 🔺school english league

🏆 2 желтоқсан (финалдық кезең), Астана
Tungysh Cup, қазақ 🔺 english league

🏆 2 желтоқсан, Петропавл
Жүректен жүрекке, қазақ 🔺 русская лига

🏆 2-3 декабря, Алматы
Кубок Четырех Стихий

🏆 2-3 желтоқсан, Алматы
Energo Cup республикалық турнирі

🏆 2-3 желтоқсан, Орал
Aqiqat Cup республикалық турнирі

🏆 2-3 желтоқсан, Актобе
ASDC 🔺школьная русская лига

🏆 2-3 желтоқсан, Ақтөбе
Shabyt Cup, мектеп, колледж, студенттік лига

🏆 2-3 желтоқсан, Астана
Respublica Cup, қазақ лигасы

🏆 3 желтоқсан, Астана
Мәңгілік ел, қазақ лигасы

🏆 9 желтоқсан, Семей
Qağiyda Cup, қазақ/english
🔺мектеп оқушылары үшін

🏆 9-10 желтоқсан, Өскемен
EKTU Cup республикалық турнирі

🏆 9-10 желтоқсан, Петропавл
Қос аңыз республикалық турнирі
🔺ұстаздар үшін

🏆 9-10 декабря, Алматы
Jedi Cup, русская лига

🏆 9-10 декабря, Астана
Renaissance Cup, русская лига

🏆 10 желтоқсан, Астана
AIU Cup, қазақ
🔺мектеп оқушылары үшін

🏆 16-17 декабря, online
Ösek cup, русская лига

🧠17 желтоқсанға дейін тіркелу, Астана
Талдау мектебі жобасы

🧠17-18 желтоқсан, Қарағанды
UNICEF Kazakhstan хакатоны

🏆 23-14 December, Almaty
Zaman Cup, 🔺 english, school league

🏆 27 December - 4 January, Ho Chi Minh City (Vietnam)
Vietnam World University Debating Championship (WUDC) 2024

🏆 MED: Upcoming online tournaments, November

🏆 16-26 July, 2024, Belgrad (Serbia)
World Schools Debating Championship (WSDC) 2024

Тағы қандай шараларды білесіз👀
Еркебұланға жазу🗣

Qazaq Debate🇰🇿

27 Nov, 11:44


📣«Талдау мектебі» жобасының үшінші кезеңіне қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды.

ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен мемлекеттік басқару, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардағы, БАҚ және азаматтық сектор қызметіндегі талдау тәсілдердің сапасын арттыруға бағытталған «Талдау мектебі» қоғамдық жобасы жалғасып келеді.

2023 жылғы 27 қарашадан 17 желтоқсанға дейін жобаның үшінші кезеңіне өтінімдер қабылданады.

Qazaq Debate🇰🇿

27 Nov, 06:15


Қайырлы күн, пікірсайысшылар🇰🇿

🧠ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен өтетін Талдау мектебі жобасына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды

💡Қатысушылар курс аясында деректерді жинау мен талдаудың қолданбалы әдістерін игереді

📈Оқудың қорытындысында қатысушылардың Қазақстанның орнықты даму мақсаттарындағы әртүрлі мәселелер бойынша талдамалық материалдарды дайындалады

📆Сабақтар 2024 жылғы 13 қаңтардан 2 наурызға дейін (8 апта) сенбі күндері офлайн түрінде өтеді.

🗣Мектепке мемлекеттік қызметкерлер, талдау жасайтын құрылымдардың, ұлттық компаниялардың қызметкерлері, қоғамдық сарапшылар, журналистер, зерттеушілер және т. б. қатыса алады.

Өтінімдер 17 желтоқсанға дейін қабылданады: https://senate.parlam.kz/kk-KZ/news/details/9153

Qazaq Debate🇰🇿

22 Nov, 07:49


Пайдалы қызметтер қатарына +1 қосымша

Enbek HR қосымшасы арқылы бірнеше минутта жұмыс орныңыздан анықтаманы онлайн алуға болады. Сондай-ақ, ағымдағы және алдыңғы еңбек келісімшарттарыңыз бен жеке деректеріңізді көре аласыз: фото, жеке куәлік мәліметтері, төлқұжаттар, білім туралы ақпарат, қызметі, 075/у медициналық анықтамасы, психо/нарко/туб диспансерлерде тіркеуде болған-болмағаны жайлы мәліметтер және т.б.

Қызмет ағымдағы жылы іске қосылған және hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталымен байланыстырылған (компанияның кадр бөлімдері пайдаланады). Сондықтан жұмысшылар өз деректеріне смартфон арқылы қол жеткізе алады.

Қосымша қызметтерін пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы нөміріңіз болса жеткілікті.

P.s:
жұмыс орныңыздан анықтама алу үшін негізгі бетте қазіргі жұмыс орныңызға қарама-қарсы тұрған мәзір батырмасын (үш нүкте) басу керек. Сол жерден суреттегі құжатты таңдаңыз.

Дереккөз: pro1c.kz | https://t.me/tiimdiqazaqstan

Qazaq Debate🇰🇿

21 Nov, 14:46


💬Біздің кинода баланс жоқ

Толығырақ YouTube-тан көріңіз!

__

💬
В нашей киноиндустрии нет баланса

Смотрите полную версию на YouTube-канале!

#ҚҚДИ #KIPD

Qazaq Debate🇰🇿

21 Nov, 12:51


Қазір әлемде жастар үшін талас басталды. Себебі, көптеген дамыған елдерде халықтың қартаю процесі жүруде.

Ұлыбритания 2030 жылға қарай 600 мың, Жапония 2023 жылы 400 мың, ал Франция 2027 жылға қарай 500 мың шетелдік студентті оқуға тартпақ.

Осындай ғылыми-технологиялық соғыста жеңілмес үшін Корея үкіметі де 2027 жылға қарай 300 мың халықаралық студентті оқуға тартуды жоспарлап отыр.

Не үшін керек? Не өзгереді? Санның артуы сапаның төмендеуіне әкелмей ме?

Толығырақ Ақмарал Ағзамқызының материалынан оқи аласыздар.

Qazaq Debate🇰🇿

20 Nov, 09:01


Егер сұхбатта дискуссия орын алса, сол сұхбаттан шын мәнінде “каэф” аламын. Ал егер сұхбатта сен сұрағыңа сенімді болсаң, тіпті ерекше әсер береді.

Достар, шын мәнінде халықтың көбірек кредитке кіруі мені ойлантады, уайымдатады. Осы күнге дейін жеке адамның деректерін банктерге беруді лобби жасаған кім екен деп ойлайтынмын. Дәл осы сұхбатта министр Мусин Багдат идеяның авторы өзі екенін айтты. Бұл тақырыпты әлі де зерттеп талқылау қажет деп есептеймін.

P.S. Видеоны бөлісіп, таралуына ықпал етсеңіз алдын ала ризашылығымды білдіремін.