HADDASANAA

@haddasanaa


🖌️ Хадис шәкіртінің жазбалары

وَمَا تَوْفِيقِي إِلَّا بِاللَّهِ عَلَيْهِ تَوَكَّلْتُ وَإِلَيْهِ أُنِيبُ

HADDASANAA

22 Oct, 17:32


Еххх 🫠

HADDASANAA

22 Oct, 08:02


💬 Али ибн Мәдини (Алла оны рахымына алсын) жеткізеді:

Хадис үйрену үшін сапарға шықпастан алдын Суфиян ибн Ғуйәйнамен (Алла оны рахымына алсын) қоштасып жатқанымда маған:

“Міндетті түрде үйренген хадистеріңмен сыналасың! Адамдар саған мұқтаж болады. Тақуалықты ұстан, хадистерді үйренуде және жаттауда ниетіңді таза ұста!” - деді.

📕 Хатиб әл-Бәғдади, әл-Жәмиғ, 1781

HADDASANAA

20 Oct, 09:58


💬 Енді апталық әрбір Жұма күні «Араб тілі дәрістеріме» 70% жеңілдік жасап тұратын боламын. Тек 3 оқырманыма! Сондықтан жеңілдіктерге әзір жүріңіздер 😊

HADDASANAA

19 Oct, 19:01


💬 Мункәр және Шәз хадистің арасындағы байланыс қандай

▪️Мункәр хадис: Дағиф бір рауидің, сиқа бір рауидің риуаятына қарама-қайшы риуаят еткен хадисін айтамыз.

▪️Шәз хадис: Сиқа бір рауидің, өзінен мықтырақ сиқа бір рауидің риуаятына қарама-қайшы риуаят еткен хадисін айтамыз.

📌 Мункәр және Шәз хабардың екеу ара ортақтығы бар. Екеуінде де қарама-қайшылықтың болуы шарт. Олардың бір-бірінен айырмашылығы мынада: Мункәр хадистің рауиі - әлсіз! Шәз хадистің рауиі - сиқа!

🔴 Мункәрдің қарама-қайшы сөйлеушісі - Мәғруф, Шәздің қарама-қайшы сөйлеушісі - Махфуз деп аталады.

HADDASANAA

17 Oct, 21:06


💬 Бір хадиске алғаш рет «Муғәллақ» атын берген Имам Дәрақутни (Алла оны рахымына алсын).

HADDASANAA

17 Oct, 20:23


💬 Хадистерді сахихынан ажыратып «Һаза хадисун хасанун» сөзін алғаш қолданған Имам Бухаридің ұстазы Али ибн Мәдини (Алла ол екеуін рахымына алсын).

HADDASANAA

16 Oct, 06:00


💬 Ұстазымыз Шейх Дурсун (Алла оны сақтасын):

«Ұстазымыз Шейх Мухаммад Аууәма (Алла оны сақтасын) «Тәдриб әр-Рауи» еңбегін бізге 7 жыл оқытты. Заманымыздағы Усул әл-Хадис алаңында жазылған ең ауқымды жұмыс Шейх Мухаммад Аууаманың бұл еңбекке жазған тағлиқаты.»

HADDASANAA

15 Oct, 22:31


💬 Ұстазымыз Шейх Дурсун (Алла оны сақтасын):

«Ибн Хәжәр әл-Асқаләни (Алла оны рахымына алсын) қай саладан болмасын кітап жазған болса, өзінен кейін сол саланың есігін толығымен жауып (жыртығын жамап) тастаған, аз ғана жерді ашық қалдырған».

HADDASANAA

14 Oct, 08:29


🎉 Дәрістер топтамасы

👤 Дәрісті жүргізуші: Шейх Мухаммад Аууәмә (Алла оны сақтасын)

📖 Өтілетін еңбек: Тәдриб әр-Рауи

📌 Дәрістердің сілтемесі:
https://youtube.com/playlist?list=PLMqGtjEb1XwnsOvkyDafUaCJAJlp2mooW&si=vjVTeyY_8V4IG2av

HADDASANAA

13 Oct, 19:06


📌 Ілім артығырақ па? Әлде амал ма?

💬 Бірісі Имам ибн Шиһәб әз-Зуһриден (Алла оны рахымына алсын) былай деп сұрайды:

«Ілім артық па? Әлде амал артық па?» - сол кезде Имам Зуһри:

«Надан адамға ілім амалдан қарағанда артық. Ал Ілім иесіне ілімнен қарағанда амал артық» - деп жауап берді.

HADDASANAA

11 Oct, 17:49


💬 Кейбір Ілім ізденушілердің хәлі…

HADDASANAA

04 Oct, 18:59


📌 Алланың қалауымен оқуыма қажетті еңбектердің бір бөлігін алдым. Таныстырып өтетін болсам:

▪️«әс-суннәту қаблә әт-тәдуин» - бұл хадис тарихына қатысты жазылған құнды еңбектердің бірі. Хадис қызметшісі Шейх Мухаммад Ғәжжәж әл-Хатибтің (Алла оны рахымына алсын) еңбегі.

▪️«Ләмәхәту мин тәрих әс-суннәти уә улум әл-хадис» - бұл еңбекте хадис тарихына қатысты жазылған. Хадис қызметшісі Шейх Абдулфаттах Әбу Ғудданың (Алла оны рахымына алсын) еңбегі.

▪️«Ихтисару улум әл-хадис» - бұл усул әл-хадис алаңында жазылған Имам ибн Кәсирдің (Алла оны рахымына алсын) құнды еңбегі. Ибн әс-Салахтың (Алла оны рахымына алсын) «Муқаддима» еңбегін ықшамдаған. Бұл еңбекке жазылған құнды шархтардың бірі Шейх Мухаммад Шәкирдің (Алла оны рахымына алсын) «әл-Бәғис әл-Хасис» еңбегі.

▪️«Ләмәхәтун Мужәзәтун фии Усули Ғиләл әл-Хадис» - бұл еңбек ықшамды болса да ғиләл әл-хадис алаңында жазылған құнды еңбектердің бірі. Хадис қызметшісі Шейх Нуриддин Ғитрдің (Алла оны рахымына алсын) еңбегі.

HADDASANAA

04 Oct, 08:51


💬 Ихтисас дәрістеріде, виза алу шаруасыда басталып жазба шығаруға уақыт болмай жүр. Біз үшін дұға етіп қойсаңыздар, жақын күндерде жазбалар шығарып бастайтын боламыз. Ал қазір көөөп етіп реакция қалдырып кетсеңіздер 😊

HADDASANAA

03 Oct, 04:59


💬 Стамбулға келе сала кітапханаға тарттық.

📌 Кітап сыйға тартқысы келетіндер болса мархабат)

HADDASANAA

02 Oct, 15:19


🎉 Дайын видеоформаттағы Араб тілі дәрістерім сатылымда:

▪️Сарф ілімі бойынша бастауыш деңгейдегі «Әмсилә» еңбегінен дәрістер - құны: 6000.

▪️Сарф ілімі бойынша ортаңғы деңгейдегі «Бинә» еңбегінен дәрістер - құны: 8000 теңге.

▪️Сарф ілімі бойынша жоғарғы деңгейдегі «Мақсуд» еңбегінен дәрістер - құны: 10000 теңге.

▪️Нах’у (грамматика) ілімі бойынша бастауыш деңгейдегі «ән-Нах’у әл-Уәдих» (Бастауыш деңгейінің бірінші бөлімі) еңбегінен дәрістер - құны: 6000 теңге.

📌 Дәрістердің барлығын жеңілдікпен сатып алғысы келетін жандар болса
+77086567307 номеріне төлем жасап, чекті жіберсін.

HADDASANAA

30 Sep, 16:59


💬 Хадис қызметшісі, Мухаддис Ибраһим Анар (Алла оны сақтасын):

Хадис шәкірттері хадистерді, қағидаларды, анықтамаларды, үкімдерді жаттауы қажет. Қажет болса жаттауын азайтып, қайталауын көбейтуі қажет. Ибн әл-Жәузи (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Ілімнің зейінде қалуы үшін қайталауды көбейту қажет.»

HADDASANAA

28 Sep, 19:50


📌 Туған күніме өз атымнан бір сыйлық болды. Екі күннен кейін туған күнім. 26-ның басы көрініп жатыр)))

HADDASANAA

28 Sep, 19:46


📌 Аллаға шүкір бұл да бір біткен іс болды.

30.08.2024 - 29.09.2024

💬 Алланың қалауымен «Усул әл-Фиқһ» алаңында жазылған Шейх Мухаммад Ғубәйдуллаһ әл-Әсғәдидің «әл-Мужәз» еңбегін бүгін аяқтау нәсіп болды. Бір ай алдын күніге 2 сағат уақытымды арнап, барлық қосымша дәрістерімді сырып қойып бастап едім. Аллаһ Тағаладан небір еңбектерді жақсылығымен аяқтап шығуды сұраймын.

HADDASANAA

27 Sep, 10:30


💬 الشيخ محمد براء الحنبلي الشافعي الدمشقي (حفظه الله و عفي عنه)


العطلة لطالب العلم هي لرفع الهمة وتدارك النقصان

💬 Шейх Мухаммад Бәро әл-Ханбали әш-Шәфиғи әд-Димашқи (Алла оны сақтасын)

Демалыс - Ілім ізденуші үшін ыждаһатын арттырып, кемшіліктерін түзететін уақыт!