Ainur_ustaz_

@ainurustaz


Ainur_ustaz_

22 Oct, 10:50


Бұл сауалнаманы жасаудағы мақсат - сол күйді тану, сезе алу. Біз кейде не себепті мұндай халде екенімізді білмей, дауаны басқа жақтан іздеп кетеміз. "Ауру" себебін тапқан адам - одан жылдам айығады.
💉💊
Расында осы иман салихалы амалдарға жетектейді әрі күналардан қориды. Ал, иман қорғансыз қалып, әлсіресе, онда пенде салихалы амалдарға бейғамдық көрсетіп, күнәлі істерге бой ұра бастайды.

Иман – ол нұр. 🌟☀️

Егер ол нұрдың жарығы кеми бастаса, немесе өшсе, онда пенде қараңғылықта қалып, оңы-солындағыны ажырата алмай, өмір атты жолдың бойында көптеген шұңқырлардан сүрініп, кедергілерден тосылып отырады. Тіпті қаранғылықтан ештеңені ажырата алмай, барып соғысқан кейбір кедергісі оны мәңгіге бақытсыз етіп қоюы мүмкін.


Иман – Алламен бірге болу. Алланың панасында, назарында болу. Онсыз бір құрдымға кетеміз. Алламен бірге болғандарға, Алланың панасында болғандарға кім қылдай қиянат жасай алсын? Сондықтан да ілгергі өткен мұсылмандар бір-біріне: «Егер Алла сенімен бірге болса,кімнен қорқасың, ал егер Алла саған қарсы болса, кімнен үміт етесің?» –деп өсиет ететін.

Ainur_ustaz_

21 Oct, 11:25


Қайсысын көбірек уайымдаймыз?

Қайсысына көбірек көңіл бөлеміз?

Өкінішке орай, мойындауымыз керек. Ризық...

Білесіз бе, бүкіл жаратылыстар ішінде ризығын уайымдайтын адам баласы ғана екен.

Асылында:
"Жер бетінде ризығы Алладан болмаған бірде - бір жанды зат жоқ". (Һуд сүресі, 6-аят)
Ризықты оған, не оны ризығына жетелеп əкеледі. Тамағына қарай жолын жеңілдетеді. Тіпті, бір түйір дəн, бір тамшы су болса да...

Пайғамбарымыз(с.а.с): "Ризық сендерді ажал қуып жеткені секілді қуып жетеді" деп хабарлаған.

Ainur_ustaz_

21 Oct, 03:09


Өткен жолғы "Нығметтердің ұлысы" тақырыбымен басталған ойды жалғастырсақ...

ЕРЕКШЕ НЫҒМЕТ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛУЫ тиіс

Иман арқасында адам өзінің тірі екендігін сезінеді. Өмірді нығмет ретінде біліп, онымен шынайы араласа алады

♦️Иман – Алланың берген ұлы да баға жетпес сыйы. Сүйгені үшін берген сыйы, нығметі дедік.

Біз кез келген құнды дүниемізді әрдайым қорғаштайтынымыз рас. Мысалы, малымыз болса, оның өсіп-өнуі үшін ерінбей жем-шөп береміз. Қасқырдан, ұры-қарыдан қору үшін оларға арнап қора соғамыз. Тіпті, сол қора маңайындағы сытырлаған бөгде дауыстарды аңдып, ұйқымыздан сергек жатамыз.

🐏🐑🦮

Немесе Алла бірімізге қыз немесе ұл беріп қуандырса, ол сәбиімізді жөргекке орап немесе қымтап бесікке бөлеп, ыстық-суықтан қорғап жанымыз қалмайды. Оған бір нәрсе бола қалса,жүрегіміз ауырады. Сол сияқты алтын, күміске ұқсаған асыл бұйымдарымыз болса, оларды қай жер болса, сол жерге тастамай, ұқыптап,кісі көзінен жасырын жерге қойып бекітеміз. Ұрының қолына оңай олжа болып кетуін қаламаймыз.

💰📿

Осылайша қалған барша нығметтерді де өзіне сай түрде қорғаштап жататынымыз сөзсіз. Ал сол нығметтердің ішіндегі ең көркемі әрі ең абзалы болған иман нығметін қалайша қорғауымыз керек?

Иә, артықша нәрсені артықша қорғауға тиістіміз. Өйткені иман өзінде екі дүниенің жақсылығын ұстап тұр.

Одан ажырау екі дүниенің жақсылығынан ажыраумен тең. Иманға әп сәтте-ақ лайықсыз болып қалуымыз ғажап емес. Мұсылман болып таң атырып, кәпір болып кеш батырған адамдар қаншама?!

Сіз иманыңызды қорғайсыз ба? Қалай қорғайсыз?

Ainur_ustaz_

20 Oct, 17:20


Алыстан танитын шәкірттер курсыңа қатысып алғыстарын жаудырып, мақтауларын жаудырағна кезде “сіздер мені танымайсыздар ғой” деген ой келеді.

Алайда жақындарың сіңлің, құрбың, қайын апаларың😅 сенің курсыңа қатысып, кітаптарыңды сатып алып әсерлерімен бөліскен мүлдем бөлек🥺🥺🥺


Менің кемшіліктерімді біле тұрып, курстардан әсер алулары дегім келді🌹

Барлық мақтау-мадаққа жалғыз Алла лайық❤️‍🩹❤️‍🩹❤️‍🩹

Ainur_ustaz_

20 Oct, 15:04


Пайғамбарымыз ﷺ үйреткен таңғы және кешкі зікірлерді оқып, 5 уақыт намазға бекем болған кісіге жын-пәленің ешқайсысы жоламайды.

Көп “жын шығарушылардың” қорқытуы бос әңгіме ғана.


Мирас Ерланұлы

Ainur_ustaz_

20 Oct, 10:08


Өлім үлкен ескертуші, ең күшті уағыз дейміз. Қаншалықты осы уағыздан әсер алып жүрміз?!!

Ainur_ustaz_

19 Oct, 15:14


Тыңдап шығыңыздаршы🌹


🔰 Алматыдан өздері алып кететін ханымдар🌹

• Бүгін жексенбі мкн Тулпар, Жансүгүров 33, пәтер 131, қабат -2 (домофон ашық)


87770207138 уатсапқа хабарласу арқылы алып кете аласыздар

• Тек алматылықтар үшін❗️❗️❗️

• Басқа өңірлер трек нөмірді күтесіздер👌

Ainur_ustaz_

19 Oct, 12:26


Иә, мойындаймын, күтпеген жағдайлар мен кемшіліктер болып жатыр. Ұйымдастырушылық жағынан да мінсіз емес.


Алайда, мен бірінші рет кітап шығарып жатырмын. Кітапты шығарудың мұншалықты ауырлық тудыратындығын білмедім. Біраз қарызға кіріп тұрмын. Және маған көмектесіп жатқан командамның еңбекақылары да бар. Тіпті, жауапкершілік жүгі батып тұрғандықтан, осындай керемет дүниені шығаруға жетекші болу бақытын сезіне алмай жатырмын...


Алайда, сіздердің осындай кері байланыстарыңыз маған шабыт беріп, ықыласымды арттырады. Командама жігер береді. Алла қаласа, баршаңызға кітап жетеді. Кітап алған оқырмандар, әсерлеріңізді, ойларыңызды, сыйлық алған кездегі сезімдеріңізді осында пікір ретінде қалдырсаңыз қуанып қаламын❤️

Жоғарыдағы пікірді уақытын бөліп, шынайы жазған оқырманыма ерекше алғыс айтамын!

Ainur_ustaz_

18 Oct, 13:55


https://www.instagram.com/reel/DBQ-aUANTH0/?igsh=MW92Z3Rmd29mb24ybQ==


Кәһф сүресі

Ainur_ustaz_

18 Oct, 05:28


Ainur_ustaz_ pinned Deleted message

Ainur_ustaz_

18 Oct, 02:34


Жақсы көреді бізді Раббымыз❤️
Қинамайды, қимайды еш жамандыққа🥹
Ізгілердің бірі: "Егер перде ашылып кетіп, Алла тағаланың сенің ісіңді күндіз-түні қаншалықты реттеп тұратындығын көрсең Оған деген махаббаттан жүрегің еріп кетер еді..." деген екен.

Ұлы Раббымыздың қадірін, Оған деген иманның құнын түсіріп алуымыздан сақтасыншы🤍

Ainur_ustaz_

17 Oct, 04:04


НЫҒМЕТТЕРДІҢ ҰЛЫСЫ

Алла тағаланың бізге берген нығметтері өте көп, саусақпен санап тауыса алмастай...
Денсаулық, амандық, тыныштық нығметі қандай?!
Дүние, қабілет, жар, бала, ата-ана - бәрі нығмет...

Ақиқатында, осылардың арасында иман нығметі - дүние нығметтерінің баршасынан артық🌟

♦️Бұл нығмет өзінің ішінде көптеген ғажап нығметтерді  қамтыған. Бұл нығмет –егесіне есепсіз пайда келтіретін көптеген жақсылықтар мен ізгіліктерге жол сілтеуші. Осы нығметтің арқасында адам намаз, ораза, зекет сияқты, тағы басқа адамның екі дүниеде бақытты болуына себепкер болатын нығметтерді табады. 

Бұл нығмет – Алланың Өзі сүйген құлдарына беретін ерекше сыйлығы❤️ Аллаға сүйікті екенімізді растайтын ұлы мөр! Оған дәлел Алланың әлемге рахмет ретінде жіберген елшісі, Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың сәлемі  мен игілігі болсын) мына бір сөзі:

📌 «Расында Алла дүниені сүйген пендесіне де, сүймеген пендесіне де береді. Ал, иманды тек сүйген пендесіне ғана береді»(Бұхари).

♦️Егер бізге Алла Өзі таңдап иман бермегенде, иманды ешбір ақшаға сатып ала алмас едік! Иманымыз болмаса, мал секілді таң атырып, кеш батырар едік. Кеудесінде иманы бар адамның өзін басқадан төмен санауына жол жоқ. Өйткені, оған әлемдегі ең ұлы байлық, ең ұлы артықшылық берілген❤️

Ainur_ustaz_

16 Oct, 08:54


әмин, әәмин🌹

Игі тілектеріңізге үлкен алғысымды білдіремін. Алла тағала бұл кітапты сіздің де, менің де екі дүниеме берекелі етіп қойсыншы!

Әлі де кітап бағасын, тапсырыс беру нөмірін сұрап жатқан оқырмандар бар екен

• Кітап бағасы 4500 т;

• Доставка бағасы 1500 т
(жеткізу KZ барлық қалаларына)

📕📕📕


ТАПСЫРЫС ҮШІН:
Wa.me/77773278289

Тапсырыс беру жалғасады. Алайда, бірінші алғаш тапсырыс берген жандарға жібереміз👌

Ainur_ustaz_

16 Oct, 04:02


Оқырмандарыммен бірге өзім де қобалжи, уайымдай күткен сәт те туды, Аллаға шүкір. Баспа кітаптарымызды аман-есен жеткізіп берді. Енді Алла өздеріңіздің қолдарыңызға аман-есен жеткізсе деп тілейік❤️🌹
Бір-біріміздің сабырымыз сыналған бір жағдай болды өзі😊Сабырымыз үшін де Жомарт Раббымыздың берер сыйы мол болсын😉