Shuakh

@shuakh


🔹 SMM-мен басталып, жайлап жеке күнделігіме айналып келе жатқан канал❤️

🔹Біздің парақшалар:
https://instagram.com/shuakh?igshid=1tm1j3a7oipyc ;
https://instagram.com/shuaq_smm_sc

Shuakh

22 Oct, 17:33


Өткенде 15 парақшаға талдау жасаймын деп едім. Талдау жасау қиын емес, оны бір жерге орналастыру қиын екен) Бір видеомды инста каналыма үш рет салып, ақыры дауысын шығара алмадым. Қазір осында көрем.
Парақшалар қандай қате жібереді, не өзгерту керек, қай бағытқа бұрылса тиімді болады, талдаулар сол жайлы.

Shuakh

22 Oct, 16:15


https://www.notion.so/1272b13952e9808eb520f78adc7646ae?pvs=4

Shuakh

22 Oct, 14:06


Жеке бренд - ол басқаларда сіз туралы қалыптасқан ой, түсінік. Онлайнда жеке бренд жасаулың кезеңдері бар. Алғашқы қадамдар қандай болу керек, сол туралы жаздым:

Shuakh

19 Oct, 13:48


38-ді еңсеріп, 39-ға аяқ басқан шағымда косметологқа баруды бастадым. Жақында)

Ертерек барар едім, шектен шыққан сезімталдығым болмағанда. Баяғыда, бетті қара дақ басып декретте отырғанда бірнеше талпынып көрдім. Бірақ үнемі ойбайлап жатқан жерімнен қашатынмын. Жай ғана бетті тазалау дегеннің өзіне шыдамайтын едім, инені былай қойғанда. Сөйтіп, қолды бір сілтегем. Фэйсфитнеспен, қымбат косметикамен амалдауға тырысқам.
Енді күн өткен сайын тереңдеп жатқан әжім де жан шыдатпай барады)
Жақында косметолог эксперт алып едім ғой, сол кісіге өзім пациент бола бастадым. Сезімталдығым сол қалпы, бірақ бұл кісі әйтеуір амалдап жасайтынын жасайды)

Өте білікті, жоғары квалификациялы дәрігер, әлде сол білімі осындай шеберлікке жеткізген бе, білмеймін.

Не де болса, бүгін екінші рет укол салдырдым, ал:) Әзірге бетті терең ылғалдандыратын Пленейдж деген брендтің полинуклеотид (антиоксидант деп ұқтым) курсын аламын. Не нәрсенің нәтижесі тұрақтылықта ғой, енді тұрақты күтінуім керек, жасарып жатқан жоқпыз дегендей)

Негізі мен сияқты ауруға шыдамайтын қорқақтарға дәл укол эффектін беретін ғажап аппараты да бар екен. Бірақ оған импланты барлар жарамайды.
Сол. Сіз косметологияға қалай қарайсыз?

Р.s. косметологым Инстаграмда @doctor_karlygash

Shuakh

18 Oct, 12:54


Алматыдағы жап-жаңа локация🥰
Бұрын кафе көп болса, енді кофе көп, иә) Осы сияқты минималистік стильдегі құрқылтайдың ұсындай бұрыш-қуыстың бәрі кофеханаға айналған. “Эстетикалық кеңістік” болуға ұмтылатындары, келген қонақтардың контентіне жағдай жасауы да сондай бір сүйкімді үдеріс. Біз сияқты фриланстың қаймағын жеп жүрген онлайн қызметкерлерге ғана емес, былайғы жұртқа да приятно ғой. Баяғыда көпшілік орында, әсіресе тамақ жейтін жерде суретке түсу ұят болса, қазір как положено билейтін тренд те түсіре беретін болдық. Бұл да бір санамызға білінбей енген өзгеріс лебі.
Жоғарыдағы кофеханада кофе түрлерінен басқа тіскебасар ешнәрсе жоқ. Яғни, КОФЕ ІШУ мәдениеті мықтап орнап жатыр. Тамақтанатын емес, кофеленетін жер іздеуші бір тап қалыптасып қалған боп тұрмыз ғой, шамасы)

Ал, сіз кофе іздейтін кәдімгі қалалыққа айналып үлгердіңіз бе?

Жап-жаңа кофехана мекенжайы:
Құрманғазы 77/ Massimo coffee

Shuakh

14 Oct, 10:10


“Атомдық әдеттер” кітабының авторы Джеймс Клир кішігірім өзгерістер тұрақты болса, түбінде үлкен нәтижелерге әкелетінін айтады. Басты идея - әрекетті әдетке айналдыру үшін - жеңілдету, бөлшектеу. Бұл кітап әдеттердің күшіне, олардың уақыт өте келе жинақталып, үлкен жетістіктерге жеткізе алатынына негізделген. Кітаптан алатын негізгі ойлар мен сабақтар төменде:

1. Кішкене өзгерістердің маңызы

Клир кішігірім, тұрақты жетістіктердің маңызына баса назар аудартады. Күн сайынғы 1% жақсару уақыт өте келе айтарлықтай нәтижелерге әкеледі.

2. Әдеттер циклдер арқылы қалыптасады

Әдеттер төрт кезеңнен тұрады: триггер, құмарлық, реакция және марапат. Соңында марапат болмаса, алдыңғы циклдер болмайды. Бұл циклдер қайталанып, мінез-құлықты бекітеді. Осы элементтерді түсіну әдеттерді өзгертуге немесе жаңасын қалыптастыруға көмектеседі.

3. Мақсаттарға емес, жүйеге назар аударыңыз

Клир мақсатқа ғана емес, оны жүзеге асыратын жүйеге, яғни жолға назар аудару маңызды екенін айтады. Нәтижеге емес, әрекетке мән беріп, қимылдай берсек, нәтиже өзі келеді.

4. Тұлғаңызды өзгерту арқылы әдет қалыптастыру

Сыртқы мақсаттарға емес, жеке тұлғаңызды өзгертуге назар аударыңыз. Мысалы, “Мен артық салмақтан арылғым келеді” дегеннің орнына, “Мен денсаулығыма мән беретін адаммын” деңіз. Осылайша, әдеттер ұзақ мерзімге бекітіледі.

5. Қоршаған орта мінез-құлықты қалыптастырады

Біздің мінез-құлқымызға қоршаған ортамыз айтарлықтай әсер етеді екен. Клир әдеттерді қолдайтын орта ұйымдастыруды ұсынады. Мысалы, теледидарды аз көргіңіз келсе, пультті көзге көрінбейтін жерге қойыңыз. Темекіні тастағыңыз келсе, темекіні еске салатын заттың бәрінен құтылыңыз.

6. Екі минут ережесі

Жаңа әдетті бастау үшін бар болғаны екі минут жеткілікті. “Екі минут ережесі” - барлық істі бастауды барынша жеңілдету. Мысалы, спортпен айналысуды жоспарласаңыз, алдымен спорт киіміңізді киіп, далаға шығыңыз.

7. Әдеттерді күрделендіру

Қарапайым әдеттерді бекіткеннен кейін, оларды күрделендіруге болады. Клир бұл тәсілді “әдеттерді жинақтау” деп атайды. Мысалы, төсекке жатар алдында кітап оқуға үйреніп қалсаңыз, оған жаңа әдет ретінде күнделік жазуды қосыңыз.

8. Жетістікті марапаттау арқылы бекіту

Әдеттер оң нәтижелер бергенде жақсы бекітіледі. Сондықтан сізді ынталандыратын марапаттау жүйесін құру маңызды. “Мына істі бітірсең, кофе ішеміз” дегендей өзіңізбен келісім жасасасыз.

9. Әдеттерді бақылау

Әдеттерді бақылау және жетістіктеріңізді тіркеу, орындалды деп галочка қойып отыру олардың тұрақты болуына көмектеседі. Яғни, мотивацияңыз өшпейді.

10. Қателіктерге дайын болу

Қателіктер болатыны қалыпты жағдай. Клир қателіктерді болдырмау жоспарын алдын ала жасауды ұсынады. Мысалы, егер бір жаттығуды өткізіп алсаңыз, бұл бүкіл аптаға созылмауы керек – келесі күні жаттығуды қайта бастаңыз. Яғни, тоқтаған жерден жалғастырамыз.

Қорытынды:

“Атомдық әдеттер” кітабы тұрақты жетістіктерге кішігірім, бірақ тұрақты өзгерістер арқылы жетуге болатынын көрсетеді. Кітап біздің ойлау жүйемізді өзгертуге, мінез-құлқымызды түзетуге және оң әдеттерді қалыптастыруға бағытталған орта құруға үндейді.

Shuakh

14 Oct, 10:03


Сәлем, достар! Кітаптардың саммариден де сығылған нұсқасын жазуды тағы қолға аламыз! Бүгін тоқталатынымыз - әлемде бестселлер болған, әдет қалыптастыру туралы кітаптардың үздігі ретінде мойындалған кітап - "Атомные привычки"!