Uali | ولي

@shokhanuali


Автор: Shokhan Uali

● 1-бакалавр: Қазақстан, NMU 🇰🇿
● 2-бакалавр: Ливан, "Триполи" университеті (араб тілі) 🇱🇧
● Магистратура: Ливан, "Триполи" университеті

Instagram:

@shokhanualiyev

Uali | ولي

07 Mar, 13:26


Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Алланың атымен!

Басталған істі соңына дейін жеткізуіме сабыр, қайрат берген Жаратушы Раббымызға мың да бір алғыс-мадақтар айтамын!

Алланың қалауымен, осыдан бірнеше жыл бұрын екі ұстазыма оқып бастаған, Құранның 10 қырағатын жинау сапарым бүгін аяғына жетті… сонымен қоса үлкен жауапкершілік салмағын сеземін…

Бірінші ұстазым - шейх Жамал Занттың иджәзасы - шейх Зияд Хаж, шейх Махмұд Аккауи, Ахмад Шбайк (Аллаһ оларға разы болсын) секілді 3 ұстазының тізбегі арқылы келіп жетсе, екінші ұстазым - шейх Махмұд Заътаридің иджәзасы - шейх Махмуд Дейри, шейх Абдуразақ Халяби, шейх Мұхаммед Самир Насс, шейх Ъадил Химси, шейх Бакри Тарабиши (Аллаһ оларға разы болсын) секілді 5 ұстазының тізбегі арқылы Қазақстанмен жалғасын табуда.

Жоғарыдағы шейх Бакри Тарабиши - (ثقات) сенімді кісілер арқылы жеткен әлемдегі ең жоғарғы тізбектің иесі. Ол кісі мен Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уа саллам) арасында 27 адам бар болса, ол кісінің тікелей шәкірті - ұстазым шейх Махмұд Заътари 28-адам, ал біз пақыр 29-адам боп тұрмыз.

Қорытындылай келе, маған сабыр сақтап, әдепсіздіктеріме көз жұмған ұстаздарыма, отбасыма, жанымда қолдау білдірген бауырларыма, осындай ұлы тұлғалардан ілім алуыма себепші болған Еркінбек Шоқай, Ерсін Әміре ұстаздарыма алғыс айтамын. Аллаһ Тағала баршаңыздан разы болып, осы елімізге келген алтын тізбектердің жалғасын тауып, алған ілімім бірінші өзіме, кейін басқаларға пайдасын беруін Раббымыздан тілеймін!

Uali | ولي

24 Feb, 11:26


⠀⠀Аллаға шүкір!!!

Бүгін Имам Шатыбидың (رحمه الله) 1173 шумақтан тұратын “Хирз әмәни” атты манзумасын жатқа әрі шархымен ұстазыма тапсырып бітірдім.
Бұл манзуманы жаттаудың әрі оны түсінудің арнайы тәсілі бар. Жай ғана арабша білу жеткіліксіз. Ішіндегі имамның қойған рәміздерімен қатар жаттау керек. Осы және жанындағы имам Жазаридің (رحمه الله) 241 шумақтан тұратын, екеуі қатар жүретін “Дурро” атты манзумасына қанша тал шашым ағарды)))))

⠀⠀(бұл манзуманың жыры өз алдына бөлек)

Бірақ, қанша қиналсам да, тіпті, ең жақын болған әкем мен анама да мұңымды айтқызбаған Аллаға мадақтар болсын.

Өйткені: Жақын адамдарыма мұңымды айтуым - оларға тек нашар көңіл-күй сыйлайды.

Осыдан 5 жыл бұрын жаттап бастаған шағымда “Ұзаққой”, “Соңына шейін алып бара аласың ба”, “Құран жаттадыңғой, тыныш қана фиқх пен ақиданы оқи берсей” деген ойлар мазалайтын. Егер, сол күмәндарыма жеңілсем - қазір осы ұзын манзуманың бір шумағын да жаттай алмаған болар едім.

⠀⠀Сол үшін:

БАСТАҒЫҢЫЗ КЕЛГЕН ТІРЛІКТІ ДӘЛ ҚАЗІР БАСТАҢЫЗ. “БІРАЗДАН КЕЙІН” дедіңіз бе? СІЗ - ҰТЫЛДЫҢЫЗ.

⠀⠀Бұл кітаптар не үшін?

Ұстаздарымыз Құранның 10 қырағатынан иджаза алатын қаридан осы екі кітапты түсінікпен жаттауын талап етеді.

Себебі: Имам Шатыбидың манзумасы 7, ал имам Жазаридің манзумасы 3 қырағатты қамтып, екеуі қосылып 10 қырағатта келген үкімдер мен бір-бірінен айырмашылықтарын жинаған.

Uali | ولي

24 Jan, 09:13


Баршамыз танитын, өмірін Құран жазуға арнаған хаттат Осман Таханы (حفظه الله) ҚАЗАҚ деп жатыр.

Өз басым, бұл мәлімет сәл тереңірек зерттеуді талап етеді. Өйткені: біздерге бүткіл арабтар “АРАБСТАН” болса, арабтар үшін де бүткіл Орта Азия бір “СТАН” мемлекеттері.

Айтқым келгені ол емес, ол кісі жайлы қызық дерек оқыдым. Ол:

“ 36 жыл бойы Құран жазып келемін. Осы жылдар арасында жазылған Құран кітаптың бір әріпін де дәретсіз жазған емеспін. Бір күні ғажайып оқиға орын алды. Құран жазуға қаламымды қолға ұстаған едім, еш жазылмады. Әрі көрдім бері көрдім - түк нәтиже жоқ. Менің қасымда шейх Али Хузайфи бар еді. Сол уақытта өзімнің дәретсіз екенімді еске түсіріп, дереу дәрет алып келген кезімде, әлгі қаламым жаза бастады” - деген қиссасын өз құлағымен өз аузынан естіген доктор Абдусамиъ Анис жеткізеді.

Uali | ولي

10 Jan, 09:33


Құран оқудағы мүміннің хәлі

Аллаһ Тағала:

Біз кітап түсіргендердің арасында оны лайықта түрде терең түсініп оқитындар бар” - деген. (Бақара, 121)

Имам Ғазали (рахимаһулла):

Яғни, Құран оқуда мүміннің тілі, ақылы, жүрегі қатар жұмыс жасауы.

1) Тілдің міндеті - әріптерді дұрыс оқу;

2) Ақылдың міндеті - мағыналарын түсіну;

3) Жүректің міндеті - уағыз алу, әсерлену, жаман амалдардан тиылу, бойұсыну.

Демек, тіліміз оқиды, ақылымыз Құранды аударады, жүрегіміз әсер алады.

(Ихья улум әд-дин 1-287)

Uali | ولي

01 Jan, 18:21


Инна лилләһи уа инна иләһи рожиъун”.

Алладан келгенбіз, Аллаға қайтушымыз”.

Бүгін үлкен муробби шейх - Убайдулла Қодири өмірден өтті.

Шамамен осыдан 1 ай бұрын бұл кісімен Ливан елі, Триполи қаласында жолығу нәсіп болған еді.

Бұл кісі Ливанға не үшін келген еді?

Түсінде Пайғамбарымызды (саллаллаһу алейһи уа саллам) көріп, қолындағы тізбекпен салихалылар арқылы қолдан-қолға иджазамен келе жатырған өзінің мүбәрак шашын ұстазымыз шейх Абдуль Һади Хорсаға (حفظه الله) тапсыруды бұйырып, арнайы тек осы Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уа саллам) мүбәрак шашын табыстау үшін Түркиядан ат терлетіп келген еді.

Міне, бүгін Раббысымен жолығуға аттанды…

АЛЛАҺ ТАҒАЛА БІЗДЕРДІ ЖӘННАТТА САЛИХАЛЫ, ІЗГІ, ТАҚУА ЖАНДАРМЕН БІРГЕ БОЛУЫМЫЗДЫ НӘСІП ЕТСІН!

#Бүгінгі #күн #ертеңгі #тарих

Uali | ولي

31 Dec, 20:01


Бүгін шейх Абдуль Һадидің үйіне зиярат етіп шейх Хассан Хинди мен шейх Адһам Ъасими келді. (حفظهم الله)

СұбханАллаһ, сабақ алғанына біраз жыл болып, білімде үлкен деңгейге жетіп, жүздеген шәкірттер тәрбиелеп, тіпті, атағы әлемнің біраз жеріне жетіп тұрса да шейх Адһамның кезінде сабақ берген ұстазы шейх Абдул Һадидың алдында жас балаша ұялып, қазір де шәкірт тәрізді кемел құрметпен отырғанын көріп таңданасың… сонымен қоса қазіргі таңдағы кейбір шәкірттер мен ұстаздарының арасындағы мәмілені еске аласың.

Ол:

1) Шәкірт басында ұстазын қатты құрметтеп “ҰСТАЗ” сөзін қолданады…

2) Кейіннен, Құранды бітіріп, не болмаса біраз кітапты өзі түсініп бастағаннан кейін “Саке” немесе “Баке” бола бастайды…

3) Шәкірттер тәрбиелеп, танысы көбейіп, санаулы адамдар танып бастағаннан кейін “брат” немесе “бауырым” болады…

Әрине, бәрі бірдей емес…

لا حول ولا قوة إلا بالله

Uali | ولي

29 Dec, 09:23


Телефонымды таксиде ұмытып кетіп, ұзақтамай тұрып артынан бәлкім қуып жетермін деген үмітпен алдымнан шыққан бір арабтан:

- “Жағдай осылай болып тұр, мопетіңді бере тұрасың ба”- дегенімде, мен оны не ол мені танымайтын жігіт кілтін қолыма ұстатып:

- “Тірліктеріңді бітіргеніңде мені осы жерден табарсың” - деп аты-жөнімді сұрамастан қымбат мопетін бере салғанда, өзіңді Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уа саллам) мақтап кеткен ШАМ жерінде өмір сүріп жатқаныңды шынайы сезінесің.

Мопетті алып қанша қатты айдасам да көліктің аты көлік, көзге көрінбей жоқ болып кетті. Үмітімді үзбей тағы біраз барайын, болмаса Аллаға тапсырайын деп жолүсті келе жатсам, көлік тоқтап күтіп тұр екен.

Сөйтсем мені емес, әлгі жүргізушінің телефоннан хабары да жоқ, көлікте орын толмай, орынын толтыруға басқа жолаушыны күтіп тоқтаған екен…

Бұйырған кетпейді, қуған жетпейді” - деген осы шығар. Алайда, бізден әрекет пен үмітімізді соңғы сәтке дейін сөндірмеу.

Группаға қатысы жоқ болса айыпқа бұйырмайсыз. Бірақ, өзіме қызықты жағдай секілді көрінді…

Uali | ولي

25 Dec, 14:49


⠀⠀Білікті әйел ұстаздарға ауадай мұқтажбыз…

Қоғамға, дінге ғам жеген әрбір әйел баласын үлкен міндет күтіп тұр…

Себебі: ОТБАСЫ - әйелден құралады және отбасы тәрбиесінде негізгі рөльді әйел атқарады. Ал қоғам - осы отбасыдан құралады…

⠀⠀Батыс әлемінің отбасы құндылықтарына қатысты сырты жылтыр, құлаққа жағымды естілгенімен, негізгі нәтижесін түсіне алмаған әпке-қарындастарымыз өздері білмеген хәлде шабуылдың құрбанына айналып жатқанына аз уақыт бола қойған жоқ.

Бұл қате пікірлерге таяу шығыс мұсылман қоғамы жеңіліс тапқанын өз көзімізбен көріп жүрміз.

Солардың бір көрінісі:

Ажырасудың көбеюі мен тұрмыс құрмаған жалғызбасты әйелдердің артуы және қыз баланың тұрмысқа шығудағы орта жасының 25 - 30 жас аралығына айналуы.

Соңғы уақытта біздің елде де өз әсерін беріп, өте жылдам қарқынмен жайылуда. Бірден бір себеп: әрине, интернет желісіндегі бір минуттағы бір ақыл-кеңесімен бүткіл отбасыдағы проблеманы шешкісі келетін апайлар.

(Өз ойым әрине. Келісу не келіспеу сіздің еркіңізде).

Ол кісілердің біразы “біз өз пайдамызды тигізіп жатырмыз” деген оймен өздері білмеген хәлде контенттің соңынан қуалауда.

Әрине, тек әйелдерді кінәламаймыз. Өз басын арқалай алмай жүрген еркектер де жетерлік. Сол сияқты 100 еркекке татитын әйелдер де бар.

Бірақ, жалпы қоғамдағы көрініс пен аз уақытта қазақ қыздар қауымының тез арада қате пікірлердің құрбаны болып бара жатқаны жанға батады.

“Өзіңді жетілдір”, “ешкімге мұқтаж болма”, “дамы”, “ақша табуды үйрен” деп бастап, соңында “ертең күйеуің нашар болса өз бетіңмен ақша табатын боласың” деп қазірден отбасы жайлы “о” әріпінде білмейтін қыздарды тез ажырасуға бейімдеуде.

Ислам діні “ӘЙЕЛ” затының дамуына, білім алуына, жетілуіне қарсы емес.

⠀⠀Айша анамыз (Аллаһ оған разы болсын):

- “Ансарлардың әйелі қандай керемет еді! Өйткені: оларды ұяттары діндерін терең үйреніп алудан тосып қоймады” - деген.

Яғни, ғалым әйелдер болды десек те болады. Сол сияқты тарихымызда үлкен еңбектер атқарған әйел аналарымыздың мысалдары жетерлік. “Әйел адам тек қазан-ошақтың басында жүрсін” деп айтып жатқан жоқ Ислам діні.

Демек: әйелдердің білім алмай тек үйде отыра беруіне қарсымыз, сол сияқты, діннің шекарасынан асып еркегі қайсы, әйелі қайсы айырмашылығы жоқ бәрі етене араласып кетуіне де қарсымыз. Ең дұрысы - орта жол.

АЛЛАҺЫМ КӨКІРЕК КӨЗІМІЗДІ АШАГӨР!!!

Uali | ولي

24 Dec, 08:05


Нағыз қырсықтықтың көкесі шайтанға болсын))))

⠀⠀Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уа саллам):

“Қайсібірің намаз оқып тұрғанда шайтан келіп “сен адамдарға мақтанып оқып жатырсың” деп ой салатын болса - намазын тағы да ұзағырақ оқысын”. (Имам Байһақи)

Кейде қандай да бір сауапты амалды жасарда шайтан келіп осылай “рия боладығой” деген уәсуәсәмен сізді мүлдем әлгі амалдан тоқтатпақ болады.

⠀⠀Фудайл бин Ияд (Аллаһ оған разы болсын:

“Адамдар үшін амал жасауың - рия. Ал олар үшін (сауапты істі) жасамай қоюың - шірк (кіші шірк). Ал ықылас - осы екеуінен амандықта болуың” -деген.

Сіздің “рия” мен “үміт” араласқан амалыңыз - сол сауапты істі мүлдем жасамай қоюыңыздан абзал.

⠀⠀Өйткені: жүректі 100 пайыз тек бір Аллаға арнай білу - Алланы шынайы жан-тәнімен тани білген тақуа құлдардың ғана деңгейі. Ізгілерден:

“Денеме найзаны сұғып алу - қайсібір амалға Алладан басқа ешнәрсені араластырмай орындаудан жеңілірек” - деген.

Алайда, мұсылман адам әрдайым бір Алла үшін кемел әрі көркем түрде жақсы амалдарды орындауға ұмтылыста болуы керек.

“ЕҢ БАСТЫСЫ - ҰМТЫЛЫС”.

Uali | ولي

21 Dec, 16:38


Бір сұрақ қойып, жауабын алғаннан кейін “рақмет” не болмаса “Аллаһ разы болсын” дей алмаған адамның екінші сұрағы қатты маңызды болмаса мүлдем жауап бермеймін….

Ол кісінің РАҚМЕТі маған ешқандай да пайда бермейді. Көңіл-күйімді бір граммдай көтермейді.
⠀⠀Алайда, өмірлік ұстанымым Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уа саллам):

-“Адамдарға рақметі жоқтың - Аллаға рақметі жоқ” - деген хадисі. (Тирмизи)

⠀⠀Икрима (Аллаһ оған разы болсын):

“Ілімді тек қана құнын өтейтін кісілерге ғана үйретіңдер. Ал оның құны - алған іліміне амал етуі” - деген.

⠀⠀Шейх Фаууаз Намр (хафизаһулла):

- “Мешітте отырсам маған бір шәкірт келіп желкемнен ұстап “Сенің сабақтарыңа қатыссам маған ханафи фиқһынан иджаза бересің бе” - деген еді, мен:

- “Жоқ, уаллаһи саған иджаза бермеймін. Әдепсізге ілім үйрету - ертең өзіңе қарсы шабатын кісіге қылыш беру секілді” - деп жауап бердім деген еді.

Өзінің ұлын ілім алуға шығарып саларда:

“Ей, Ұлым! Амалың “тұз” секілді, әдебің “қамыр” секілді болсын” (нан жапқандағы екеуінің өлшемінің мысалындай) - деген имам Руаймнан Аллаһ разы болсын…..

Uali | ولي

18 Dec, 09:40


⠀⠀Кеше бір кісі жекеме шығып:

- “Негізі жоғарыдағы мәселе басқаша едіғой, Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уа саллам) “Ешқайсыларыңды амалдарың Жәннатқа кіргізбейді, тіпті, мені де егер Алланың рақымы болмаса” - деген едіғой” - деп жазды.

⠀⠀(Осылай жеке шығарып қателікті не болмаса қате түсініп қалғанын айтатын кісілерден Аллаһ разы болсын)

Алайда, сырт көзімізге бұл хадистер бір-біріне қарама-қайшы болып көрінгенімен, негізінде бұлар бір-бірін толықтырушы дәлелдер.

Бұндайды "تعدد الجهات" көпбағыттылық дейді.

Яғни, сіз бір мәселеге тек бір тұстан емес, бірнеше тұстан қарай білесіз. Осы жерде кейбіріміз қандай да бір нәрсеге анықтама бергенде қателесіп жатамыз.
Берген анықтамамыз тек бір бұрыштан ғана дұрыс, қалған бұрыштардан қарағанда қате болып жатады.

Мысалы жоғарыдағы мәселемізге оралатын болсақ:

- Жалпы, қандай да бір амалымыз өзі тікелей бізді Жәннатқа кіргізе алмайды. Қанша амал жасасақ та Жәннаттың бір татым ауасының орнын да баспайды.

Ол жерде құлақ естімеген, көз көрмеген, тіпті, ақылымызға сыймайтын сантүрлі нығметтер бар.
500 жыл тек бір Аллаға құлшылық жасап, соңында амалына сеніп таразыға өлшесе, тіпті, бір көзін де Тозақтан құтқара алмаған адам жайлы хадисті баршамыз білеміз.

Негізінде амалдарымыз - жай ғана себепші, әрі жүректегі иманымыздың жемісі.

⠀⠀Демек, қорытынды:

Жалпы Жәннатқа кіруіміз - Алланың рақымымен ғана, олсыз мүмкін емес. Ал амалымыз - сол Алланың рақымына алып баратын себепші.

Бүткіл ісімізде алдымен себебін жасап, нәтижесін Аллаға тапсырғанымыз секілді, рақымды да мейірімді жаратушы Алланың рақымына бөленуіміз үшін бүткіл себептерді қолдан келгенімізше жасаймыз. Кейде орындай алмасақ та, сол амалды жасауға ниеттенеміз. Осы ниетіміз үшін де сауапқа, Алланың рақымына кенелеміз

Uali | ولي

17 Dec, 11:18


Осымен байланысты “Ақида” ғалымдарының мына сұраққа керемет жауабы бар:

- “Не үшін Аллаһ Тағала мұсылманды 70 жыл не болмаса аз уақыт өзіне құлшылық қылғаны үшін мәңгі Жәннатқа кіргізеді және кәпір жаратушыға бұл дүниеде күпірлік қылған уақыттың көлеміндей тозақта азапталмайды”?

Жауабы:

Өйткені: егер, әлгі мүмін жер бетінде тіпті мәңгі қалса да, мәңгібақи Аллаға құлшылық қылатын ниетте еді әрі оны Аллаһ білді.

Дәл сол сияқты әлгі кәпір де жер бетінде мәңгі қалса, мәңгібақи жаратушыға бас имей өтетін ниетте еді, әрі оны да Аллаһ білді.

Uali | ولي

17 Dec, 10:58


Адам баласының Жәннатқа не Тозаққа кіруі - оның жасаған амалы себепті болады.
Ал, онда мәңгі қалуы - оның ниеті себепті.

⠀⠀Хасан әл-Басри (رضي الله عنه)

Сол үшін де ғалымдарымыз “Мұсылман адамның ниеті амалынан да хайырлы” деген.

Себебі: жасаған амалымыз рия мен мақтанышқа толы болуы мүмкін. Алайда, ниетімізді Аллаһ пен өзімізден басқа ешкім біле алмайды.

⠀⠀Көкірегіміз таза ойлар мен жақсы ниеттерге толы, иісі хош аңқыған мисктей болсын, рахатын тек бұл дүниеде емес ақыретте де көреміз….

Uali | ولي

07 Dec, 07:51


⠀⠀Адам баласы білуі керек:

- Қолындағы бар ең қымбатты дүние - УАҚЫТ пен ЖҮРЕГІ.

Уақытына немқұрайлы қарап, жүрегін құртып алса - бүткіл олжасынан мақрұм қалғаны.

Имам ибн әл-Жәузи (رحمه الله).

⠀⠀Қарап тұрсаңыз:

Уақытқа немқұрайлы қарау мен жүректің құртылуын қатар келтірген. Демек, біз әр уақытымызды пайдалы өткізбеген сайын - зиянды істермен айналыса бастаймыз.

“Мубах” амалдар жасағанымыздың өзінде барлығы топталып, ақырсоңы күнәлі істерге алып баруы әбден мүмкін. Ал, әрбір жасаған зиянды істеріміз жүрегімізді өлтіріп, рухымызды әлсірете бастайды. Құранда Аллаһ Тағала:

“Біз оларға зұлымдық қылмадық, олар өздеріне зұлымдық қылды” - деген. (Зухруф 76)

Uali | ولي

30 Nov, 14:57


Баршамыз өте асығыспыз!!!

Өзімізде жоқ болған, оған жетуіміз бәлкім мүмкін бәлкім мүмкін емес дүниелерге асығып жүріп, қолымыздағы ҚҰНДЫ байлықтардан айырылып не болмаса қадірін кетіріп алып жатқан жоқпыз ба?

Ғалымдарымыз:

- “Қандай да бір нығметтің дауамын қаласаң - сол үшін Аллаға шүкір ет” - деген.

Әрине, шүкір қылу үшін де бірінші әлгі нығметті бағалай біру керек…

Uali | ولي

25 Nov, 15:45


⠀⠀Аллаһ Тағала пендесінен мына 3 сипатты көрсе басқа 3 сипатын арттырады:

1) Кішіпейілділікті көрсе - абыройын арттырады.

2) Жомарттықты көрсе - малын арттырады.

3) Өзіне құлшылық ету мен тақуа болуға деген тырысуын көрсе - ғұмыры мен дүниесін арттырады.

(Имам Ахмад Рифаъи رضي الله عنه).

⠀⠀Жоғарыда айтылған сипаттар - жалпы қағидалар. Өмірде кейбір адамдарда бірінші шарты табылып, кейінгі жемісі бұл дүниеде көрінбеуі мүмкін.

Адам баласы асығыстыққа салынып “жасап жатырмын неге болмай жатыр”? - деп айтуы мүмкін. Алайда, жоғардағы имамның сөздерін шын ықыласымызбен бір Аллаһ үшін жасай алып жатырмыз ба? Ол да сұрақ….

Амал дәптерге жай ғана қойылу үшін жасау мен жан-тәнімізбен, махаббатпен бір өзіне жасалған құлшылықтың арасындағы айырмашылық қандай үлкен еді!!!

Дегенмен, пенде бұл дүниеде көре алмаған нәтижесін қияметте еселеп көрері сөзсіз. Бүткілі Алланың хикметінің аясында….