أحدث المنشورات من Қаржылық Еркіндік (@yerkinfinance) على Telegram

منشورات Қаржылық Еркіндік على Telegram

Қаржылық Еркіндік
Акция, облигация, инвестиция, қаржылық сауаттылық туралы блог
24,244 مشترك
137 صورة
10 فيديو
آخر تحديث 06.03.2025 21:48

قنوات مشابهة

QASSQYR
1,893 مشترك
“AQTOBE 1967”
1,498 مشترك

أحدث المحتوى الذي تم مشاركته بواسطة Қаржылық Еркіндік على Telegram

Қаржылық Еркіндік

25 Feb, 16:28

5,913

Ертең, бұйырса, тегін сабақтың сыйлық iPhone 16-ын сатып алуға барамын.

Ол жәй ғана сіздерге белсенді болуға мотивация болсын. Ал, сол 2 сағатта барынша көп білім алу үшін кіріңіздер.

Тегін сабаққа қатысу үшін төмендегі сілтеме арқылы ватсап топқа қосылып алыңыз ✊🏻👇🏻

http://yerkintd.kz/ibw
Қаржылық Еркіндік

25 Feb, 08:17

6,049

Бүгінгі жаңалықтар:

🏦 Акциялар төмендеді, ал қазынашылық облигациялардың кірістілігі екі айдағы ең төменгі деңгейге жетті. Бұған Трамптың тарифтік саясаты мен АҚШ-Қытай инвестициялық шектеулері себеп болды.

🚘Tesla Қытайда автопилотқа қала ішінде навигация қосатын жаңарту шығарды, бірақ бұл қытайлық жүргізушілердің үмітін ақтамады.
Қаржылық Еркіндік

24 Feb, 13:59

6,679

Бұрын тегін сабақ өткізсем iPhone ойнататынмын.

Сол салтты ұмытып кетіппін. Енді бұйырса 27 ақпан күні қатысушылардың біріне iPhone 16 сыйласам деймін.

Идея ұнаса, лайк ❤️
Қаржылық Еркіндік

24 Feb, 07:11

6,854

Бүгінгі жаңалықтар:

💻Microsoft (MSFT) АҚШ-тағы деректер орталықтарын жалға алу көлемін қысқарта бастады. Сарапшылардың пікірінше, бұл компанияның жасанды интеллектке арналған есептеу қуатын тым көп өндіріп қою мүмкіндігіне байланысты болуы мүмкін.

🛒Alibaba Group (NYSE:BABA) алдағы үш жылда бұлтты технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту үшін 52,4 миллиард доллар инвестиция салатынын мәлімдеді. Бұл – компанияның осы уақытқа дейін технологияға жұмсаған ең ірі қаражаты.
Қаржылық Еркіндік

22 Feb, 12:19

6,835

Бүгін Қаржылық сауаттылық курсының студенттеріне оффлайн сабақ өттім.
3 сағат бойы, 2 апта онлайн оқыған білімдерін қорытындыладық.

Тек Астана емес,басқа қалалардан келген студенттерге рақмет❤️
Қаржылық Еркіндік

21 Feb, 09:20

7,024

Бүгінгі нарықта не болып жатыр?

🛒 Қытай технологиялық компанияларының акциялары соңғы үш жылдағы ең үлкен өсімді көрсетті, бұл бүкіл Азиядағы технологиялық акциялардың өсуіне ықпал етті, өйткені Alibaba шамамен 14%-ға көтерілді.

Alibaba және басқа қытайлық технологиялық компаниялардың акциялары соңғы аптада DeepSeek жасанды интеллект моделі туралы оптимизмнің әсерінен өсті.

🚘 Жапониядағы бұрынгы премьер-министрі бар, жоғары деңгейлі топ Tesla (NASDAQ:TSLA) компаниясының Nissan (OTC:NSANY) компаниясына инвестиция салу жоспарын дайындады. Бұл шешім Honda (NYSE:HMC) компаниясымен бірігу туралы келіссөздердің сәтсіз аяқталуынан кейін қабылданды, деп хабарлады Financial Times.

Отчетке сәйкес, жоғарғы топ Tesla-ның стратегиялық инвестор болуын қалайды және Масктың компаниясы АҚШ-тағы Nissan зауыттарын сатып алуға мүдделі деп болжам жасап отыр.
Қаржылық Еркіндік

20 Feb, 09:50

7,421

Бүгінгі күннің жаңалықтары:

🏆Алтын бағасы Азия саудасында өсіп, уақытша рекордтық деңгейге жетті. Бұл өсімге Трамптың қосымша сауда тарифтерін енгізу қаупі сұранысты арттырғаны әсер етті.

🚘Mercedes-Benz акциялары Еуропадағы ерте сауда сессиясында төмендеді. Бұған отчеттағы жылдық кірістің төмен болуына байланысты өз қызметін қайта бағыттау жоспарын жариялауы себеп болды.


🛒Walmart өзінің кірісі туралы есепті Уолл-стритте сауда басталғанға дейін жариялауы тиіс. Бұл аптадағы ең көп күтілетін тоқсандық есептердің бірі болып саналады.

🎪 Asar Baspana қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ұсталды — олардан 1,2 млрд теңгеден астам қаражат пен 13 автокөлік табылды.

Агенттіктің мәліметінше, олар адамдарға жылжымайтын мүлікке, автокөліктерге және тұрмыстық тауарларға инвестиция салу арқылы айына 30%-ға дейін пайда табуға уәде берген.

Ақшаны бір жерге салмас бұрын, «жеті рет өлшеп,бір рет кесу» керек✊🏻
Қаржылық Еркіндік

19 Feb, 08:15

7,308

Жаңалықтар тізбегі:


- Кеше Intel (INTC) акциялары компания тарихындағы ең үлкен бескүндік өсімді 16% -бен аяқтады.
Бұған Broadcom (AVGO) мен TSMC (TSM) компанияларының Intel-мен ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттеп жатқаны туралы жаңалық себеп болды. Жоспар бойынша, чип өндіруші екі бөлікке бөлінуі мүмкін.

- Ал Meta (META) акциялары керісінше төмендеп, Уолл-стриттегі 20 күндік жеңісті сериясын тоқтатты.

- Инстаграмда оқырмандар саны 500к-ға жетті. Бірге болғандарыңызға рақмет❤️
Қаржылық Еркіндік

18 Feb, 06:05

8,367

Аймара жаңа пәтерге ремонт жасауға Алматыға кетті. Осы уақытқа дейін жинаған алтынды ауыстырып,ремонтқа жаратамыз. Жиналған ақшаны- жұмсау үшін, мақсатты жоспармен тиімді жинау керек. Алтын жайлы сіздерге де ақпарат айта кетейін👇🏻

Алтынды алудың түрлері:
1. Физикалық алтын:
- Құймалар ( слиток) – тікелей иелік,сыртын бүлдірмей сақтау қажет. (Халық пен БЦК банктерінен МИГ обменный пунктарынан ала аласыз)
- Әшекейлер– сән үшін де, инвестиция үшін де, бірақ бағасы сатқанда әлде қайда төмен болады.

2. Виртуалды алтын:
- Алтын шоты – банкте грамммен көрсетіледі, бірақ нақты алтын берілмейді.(БЦК банкінен аласыз)
- ETF– биржада сатылады, өтімділік жоғары, бірақ нақты алтын жоқ. Мысалы: SPDR Gold Shares (GLD)

Мақсатыңызға қарай таңдау жасайсыздар✊🏻 Ұнаса лайк)
Қаржылық Еркіндік

17 Feb, 11:13

7,868

Анатолий Аксаков*:

Visa және Mastercard жақын арада Ресейге оралады. Ол клиенттік базасын қайта өсіріп, табысын арттыру қажет