Тас жолы @tasjoly Channel on Telegram

Тас жолы

@tasjoly


Просто говорю.

Тас жолы (Kazakh)

Қазіргі уақытта, технологияларды пайдалану мен ғаламтадану үшін көптеген ақпараттық құрамдылар жиі қажет. Текнологиялар мен ғаламтандыру жайлы интересті ақпараттарды пайдаланушылармен бөлісуге мүмкіндік беретін Telegram каналы бар - "Тас жолы". Бұл канал текнологиялар, электроника, жаңа ұйымдар және ғаламтандыру жайлы жаңа қоныстар мен ақпараттар бойынша сауда болады. "Тас жолы" каналының максаты пайдаланушыларды интересі ретінде білдіруге көмектесу және технологиялардың жаңартуларымен таным көрсету. Бұл каналдың пайдаланушылары қазіргі технология тарихы және бұл талдау барысында көптеген жаңа құрылмалар жайлы ақпарат алуға мүмкіндікті біледі. "Тас жолы" каналы алдыңғы күнделікті жүргізушілерге, интернет пайдаланушыларына, оқытушыларға, және технология дайындарына арналған болады. Каналға қосылу, сізді технологиялар және ғаламтандыру жаңалықтарымен таныса аласыз. Мұнда оқушылар, интернет пайдаланушылары, және технология дайындары үшін көптеген арнайы ақпараттар болады. Сондықтан, "Тас жолы" каналы барлық технологиялар мен ғаламтандыру тақырыптарын өз көңіліңізді талқандырып, осы қазірмен каналға қосылыңыз!

Тас жолы

28 Feb, 13:39


Қайтарылған активтерден түскен қаражат түрлі әлеуметтік және экономикалық жобалар қаржыландырылатын Арнайы мемлекеттік қорға (Қаржы министрлігінде ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты) берілуге тиіс.

Әлеуметтік жобалар денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын, мүгедек адамдарды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау, коммуналдық және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым салуға бағытталған.

Экономикалық жобалар экономика салаларын дамытуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға, материалдық игіліктерді әділ бөлу сияқты мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу үшін қажетті өндірістерді құруға (жаңғыртуға) бағытталғандығын атап өткен жөн.

Тас жолы

28 Feb, 13:39


Мемлекетке қайтарылған заңсыз иемденілген активтердің қаражаты қалай бөлінеді?

Өздеріңізге мәлім, 2023 жылғы 12 шілдеде «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Заңның мақсаты активтерді қайтару, оларды заңды экономикалық айналымға тарту, шығарудың себептері мен жағдайларын жою және әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру.

Активтер ерікті түрде (келісімдер жасасу жолымен) не мәжбүрлеу тәртібімен (пайда болуы түсініксіз активтерді мемлекет кірісіне айналдыру туралы талап қою жолымен) қайтарылуы мүмкін.

Қойылған міндеттерді іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті құрылды. Комитеттің негізгі функциясы активтерді қайтару жөніндегі қызметті мемлекет атынан және оның мүддесі үшін жүзеге асыру болып табылады.

Тас жолы

07 Feb, 10:26


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында қандай мәселелерді көтерді.

7 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысыумен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.

Осы орайда маңызды 10 бағыттар туралы айтылды.

🔺Бюджет және салық саясатының тиімділігін барынша арттыру мақсатында Үкімет шығыстардың экономикалық пайдасы барынша жоғары болуына баса мән бере отырып, оның нақты басымдықтарын айқындауы керек деп айтты.

🔺Жаңа инвестициялық кезеңді бастау керектігі туралы айтылды. Сондықтан, ішкі және сыртқы инвестицияны айтарлықтай көбейту керек.

🔺Мемлекеттік сатып алу, мемлекет пен жекеменшік серіктестігі, құрылыс саласын реттеу жүйесін реформалау қажеттілігі инвестиция тарту және бюджет қаражатын тиімді пайдалану ісіндегі реформалармен барынша үйлесіп, оны толықтыра түсуге тиіс.

🔺Экономиканы кешенді түрде ырықтандыру үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Үкімет бұл жағдайдан тиісті қорытынды жасады, ахуал біртіндеп түзеліп жатыр.

🔺Еліміздегі өндірістің дамуына тың серпін беру қажет. Осы тұста, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртумен қатар, еліміз үшін мүлде жаңа өндіріс орындарын ашуға баса мән беру керек.

🔺Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын үнемдеп пайдалану өте маңызды. Сондықтан, ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржыны барынша, тіпті, мүмкіндік болса, екі есе арттыру қажет.

🔺Коммуналдық-энергетикалық секторды жаңғырту жұмыстарын жеделдету мақсатында салаға түбегейлі реформа жүргізген жөн. Ол үшін жүйелі жұмыс атқару қажет.

🔺Еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру үшін белсенді жұмыс істеу қажет. Жалпы, теміржол саласын қарқынды түрде цифрландыру керек.

🔺Экономиканы цифрландыру ісін жалғастыру және жасанды интеллект технологиясын кеңінен қолдану аса маңызды. Ол үшін жұмысты түбірінен бастауымыз керек, яғни институционалдық орта қалыптастыру керек.

🔺Әлеуметтік салаға айрықша назар аударған жөн. Үкімет барлық амал-тәсілді зерделеп, халыққа әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа кешенді үлгісін ұсынуы керек.

Тас жолы

06 Feb, 10:01


Бүгін Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев Парламенттегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жалпы отырыс басында Парламенттегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті.

Басты мәселе - Парламент Мәжілісінің төрағасы, "Amanat" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов "Amanat" саяси партиясының атынан ҚР Премьер-Министрі лауазымына ұсынған кандидатурасын талқылауы болды.
Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Үкімет нақты әрекеттерге көшуі керек екенін, тек сөздер арқылы емес, іс жүзінде де басқару қажет екендігін атап өтті.

Осы орайда, 2024 жылғы 6 ақпаннан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды.

Тас жолы

03 Jan, 07:57


Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік жылдарындағы саяси өзгерістер туралы пікір білдірді

Тас жолы

03 Jan, 07:52


Қаңтар оқиғалары мен елдегі саяси дағдарысты тудырудың сәтсіз әрекеттер

Тоқаев Қаңтар туралы тағы не айтты?