Жаңалықтар - Qaz365.kz (@qaz365kz) के नवीनतम पोस्ट टेलीग्राम पर

Жаңалықтар - Qaz365.kz टेलीग्राम पोस्ट

Жаңалықтар - Qaz365.kz
Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿

Жарнама бойынша: @bs2906
@aidananagiyeva
13,219 सदस्य
5,559 तस्वीरें
1,259 वीडियो
अंतिम अपडेट 14.03.2025 05:41

समान चैनल

DIVAN BATYR
2,226 सदस्य
Совет Биев
2,083 सदस्य

Жаңалықтар - Qaz365.kz द्वारा टेलीग्राम पर साझा की गई नवीनतम सामग्री

Жаңалықтар - Qaz365.kz

26 Feb, 13:14

1,033

Қазақстанның қай өңірінде ер адамдар декретке жиі шығады

Былтыр елімізде 277 мың адам бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алса, соның 500-ге жуығы — ер адам.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ мәліметінше, декреттік демалыста отырған ерлердің үлесі Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облысында жоғары.

Мәселен Павлодарда әлеуметтік төлем 2023 жылы 7 865 адамға тағайындалған. Соның 40-ы — ер адам. Өткен жылы 7825 әйел өмірге нәресте әкелсе, бала күтімімен 33 әке үйде отырған.

СҚО-да бала туу көрсеткіші екі жылдан бері бірқалыпты, шамамен 4,5 мың нәресте дүниеге келген.

Алайда 2023 жылы 10 ер адам, былтыр 18 ер адам декреттік демалысқа шыққан. Үлесі — 0,5%.

Бұдан кейін 0,3% көрсеткішпен Алматы, Астана қалалары және Жамбыл облысы келеді.

Қызылорда мен Батыс Қазақстан облыстарында бала күтімімен үйде отыратын ерлердің саны өте аз.

Қызылордада былтыр шамамен 14,7 мың әйел босанған, екі жағдайда ғана бала күтіміне байланысты ер адамдар үйде отырған.

Бала туу көрсеткіші бойынша алда тұрған Түркістан облысында былтыр 37 мың сәби дүниеге келіп, 29 ер адам декреттік демалысқа шықты.

Жалпы былтыр қор бала күтіміне байланысты кірісінен айырылғандарға 404,1 млрд теңге әлеуметтік төлем жасаған.

Мамандардың айтуынша, қазір бала туғаннан кейін баланың ата-анасының біреуі біржолғы әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы ала алады. Бірінші-үшінші балаға — 38 АЕК, төртінші баладан кейін 63 АЕК мөлшерінде төлем жасалады.

Жұмыс істейтін анасына немесе әкесіне 1,5 жасқа дейін бала күтіміне қордан әлеуметтік төлем жүргізіледі. Жұмыс істемейтіндерге бюджеттен мемлекеттік жәрдемақы беріледі.

Бірінші балаға — 5,76 АЕК, екінші балаға — 6,81 АЕК, үшінші балаға — 7,85 АЕК, төртінші баладан бастап 8,9 АЕК мөлшерінде төленеді.
Жаңалықтар - Qaz365.kz

26 Feb, 06:26

949

⚡️Астана сауда-ойын сауық орталығы өртеніп жатыр

Елорда өрт сөндірушілері Нұра ауданы Тұран даңғылы бойында орналасқан сауда-ойын сауық орталығындағы өртті сөндіріп жатыр.

Құтқарушылар жоғары дәрежелі шақыртуға барды.
Жаңалықтар - Qaz365.kz

21 Feb, 18:58

234

Белгілі жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

Қаралы хабарды Алаш жұртына Қазақстан жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов естіртті


Дулат Исабеков 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында туған. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Жазушы әр жылдары Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор (1967-1968), Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор (1968-1970), «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі (1971-1976), «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі (1976-1980), Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы (1980-1988), Қазақ теледидарының бас директоры (1988-1992), «Жазушы» баспасының директоры (1992-1995), Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, ҚР Мәдениеттану ғылымизерттеу институтының директоры болып еңбек еткен.
Жаңалықтар - Qaz365.kz

21 Feb, 11:31

645

93 блогерге ескерту қателікпен жіберілген: Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеме жасады

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 19 ақпанда 53,3 млрд. теңгеге 594 блогер бойынша бұрын жіберілген 1 014 хабарламадан жалпы сомасы 9,8 млрд теңгеге 93 блогерге жіберілген 169 хабарламаны кері қайтарып алу жүргізілгені туралы хабарлады.

Хабарламалардың күшін жоюдың себебі оларды жіберу және өңдеу процесінде техникалық ақаулардың пайда болуынан. Қазіргі уақытта жойылған техникалық қателерді ескере отырып, кері қайтарылған хабарламаларды қайта қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді.
Жаңалықтар - Qaz365.kz

21 Feb, 09:00

658

Алматы жол сапасын қалайша 95%-ға жеткізбекші

Биыл Алматыда жол жөндеу жұмыстары ерте басталады.

Алматыда жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын басталмақшы. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында магистральді көшелердегі шұңқырларды жою жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары кезінде жол қозғалысына ешқандай шектеу қойылмайды.

Асфальт-бетон зауыты да мерзімінен бұрын іске қосылды. Ол «жылы асфальт» деп аталатын жаңа технологиялық асфальт қоспасын өндіреді. ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, Э. «ҚазжолҒЗИ» әзірлеген бұл әдіс республикалық тас жолда сыналып көрген.
Жаңалықтар - Qaz365.kz

21 Feb, 05:05

674

Тель–Авивтегі жарылыс: Израильде қоғамдық көлік пен темір жол қатынасы тоқтады

Бүгін Израиль астанасы Тель-Авивте үш автобус жарылды.

Бұл туралы ресми Израиль билігі мәлімдеп отыр.

Израильде Тель-Авив қаласының оңтүстігіндегі Бат-Ямда үш автобус жарылды. Тағы екі автобуста жарылғыш құрылғы жұмыс істемей қалған. Израиль полициясының мәліметі бойынша, жарылыс автобустарға қойылған құрылғылар арқылы ұйымдастырылуы мүмкін. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.  Израиль билігі бұл оқиғаны террорлық шабуылдеп сипаттады.Басқа да шабуыл болуы мүмкін деген күдікпен елдегі барлық қоғамдық көліктер мен теміржол қатынасы уақытша жұмысын тоқтатты.

Қазір қалада антитеррористік операциялар жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар - Qaz365.kz

20 Feb, 11:54

837

Қазақстанда бүгіннен бастап автонесие алу жеңілдеді

Қазақстанда мойнында қанша қарызы барына қарамастан автонесие алуға мүмкіндік беретін қаулы қабылданды.

Бейсенбіден бастап күшіне енген қаулыға сәйкес, отандық автомобиль үшін несие алу кезінде азаматтың қаржы мекемелері алдындағы басқа да борышы ескерілмейді. Бұған қоса, автонесиені 4% мөлшерлемемен ала аласыз.

Қаржы нарығын дамыту агенттігінің хабарлауынша, құжат отандық автомобиль өндірісін қолдау мақсатында қабылданды.

Атап айтқанда, құжатта 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда, несие беру кезінде қарыз алушының борыштық жүктеме коэффициентінің шекті деңгейін сақтау талабы қолданылмайтыны көрсетілген.
Жаңалықтар - Qaz365.kz

20 Feb, 09:41

780

Қазақстанда соңғы екі жылда 80 ауыл жойылып кеткен

Бұл туралы Мәжілісте ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел барысында депутат Жигули Дайрабаев айтты.

Мәжіліс депутаты ресми деректерге сүйене отырып, былтырғы 1 қазанға қарай Қазақстан халқының 37,2 пайызы ауылдық жерлерде тұрғылықты тұрғанын айтты.

"Жыл сайын бұл көрсеткіш төмендеп келеді. Бүгінде Қазақстанда 6208 ауыл бар, ал 2023 жылы олардың саны 6286 болған. Осылайша, бар болғаны екі жыл ішінде 80 ауыл жойылды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр қазақстандық ауылдардағы көші-қон сальдосы минус 111 400 адам болған", – деді Дайрабаев.

Депутаттың айтуынша, бұл – соңғы 25 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.

"Алматы және Атырау облыстарын қоспағанда, барлық өңірде көші-қон сальдосы нөлден төмен болды. Әсіресе, Түркістан облысындағы жағдай алаңдаушылық тудырады, бұл өңірден 29,2 мың адам көшіп кеткен", – деді мәжілісмен.
Жаңалықтар - Qaz365.kz

14 Feb, 12:57

755

Ақтөбе облысында мектеп оқушысы өзіне қол салған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында мектеп оқушысы көз жұмды. Полиция қылмыстық істі тергеп жатыр.

Шалқар ауданындағы ауыл мектебінің жоғары сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған. Желіде оның буллингтің кесірінен өлімге әкелетін қадамға баруы мүмкін деп жазады.

Шалқар аудандық ішкі істер бөлімі кәмелетке толмаған баланың өз-өзіне қол жұмсауына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Себебі анықталуда, - деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.
Жаңалықтар - Qaz365.kz

14 Feb, 09:37

769

Алматыда балабақша тәрбиешісі 4 жасар баланы тұншықтырған

Ата-ананың бірі 4 жасар баласының тәрбиешіден зорлық-зомбылық көргенін айтып шағымданған. Ол бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеріп, тәрбиеші баласын тұншықтырғанын көрсететін жазбаларды тапқан. Оқиға болған кезде бөлмеде тағы екі қызметкер болды. Алайда олар әріптесінің әрекетіне араласпаған.

Ата-аналар Бостандық аудандық полициясына арыз жазды.

Бостандық аудандық полиция басқармасы бұл дерек бойынша қылмыстық тергеуді бастады.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықталып жатқанын жеткізді. Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылатын болады.