EGOV.KZ @egov_portal Channel on Telegram

EGOV.KZ

@egov_portal


Официальный Telegram-канал портала eGov.kz

EGOV.KZ (Russian)

Добро пожаловать на официальный Telegram-канал портала eGov.kz! EGOV.KZ - это уникальный онлайн-ресурс, который предоставляет широкий спектр государственных услуг в Казахстане. Наш канал @egov_portal создан для того, чтобы вы могли быть в курсе всех новостей, обновлений и полезной информации о работе портала eGov.kz. Здесь вы найдете актуальные обновления законодательства, советы по использованию портала, а также ответы на часто задаваемые вопросы. Мы стремимся обеспечить максимальное удобство и доступность государственных услуг для всех граждан Казахстана. Присоединяйтесь к нам в Telegram и будьте в курсе всех событий на портале eGov.kz! }

EGOV.KZ

09 Jan, 06:58


🎓eGov.kz порталында білім туралы құжаттарды цифрландыруға арналған қызмет қолжетімді. Енді азаматтар тек қате деректерді түзетіп қана қоймай, құжаттың цифрлық нұсқасын жасауға өтініш бере алады. Қызмет тек бұрын алынған дипломның немесе аттестаттың сканерленген көшірмесі болған жағдайда ғана қолжетімді.  
 
💡«Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді жаңарту (түзету)» қызметі бұрын тек қате мәліметтерді түзетуге мүмкіндік берсе, енді білім туралы құжаттарды цифрландыруға өтініш беру мүмкіндігі қосылды.  

——

🎓На портале eGov.kz доступна услуга по оцифровке документов об образовании. Теперь граждане могут не только корректировать неверные данные, но и подать заявку на создание цифровой версии документа. Услуга доступна при условии наличия скан-копии ранее полученного диплома.
 
💡Услуга «Актуализация (корректировка) сведений о документах об образовании» ранее позволяла лишь исправлять некорректные сведения, то теперь появилась возможность подать заявление на оцифровку документа об образовании.
 
Подробнее

EGOV.KZ

31 Dec, 16:14


Келе жатқан 2025 жыл құтты болсын

🎄Жаңа жыл үлкен бақыт, бақ-дәулет және табыс алып келсін!

Бізбен бірге болғаныңыз үшін рахмет!
———
С наступающим 2025 годом

🎄Пусть Новый год принесет огромное счастье, финансовое благополучие и успех!

Спасибо, что были с нами!

EGOV.KZ

26 Dec, 10:33


🧑🏻‍💻 На портале eGov.kz запущен новый цифровой сервис, который позволяет запрашивать справки об опеке и попечительстве. Это упрощает процедуру проверки информации о попечителях несовершеннолетних детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей.

📌 Услуга дает возможность пользователям подтверждать свой статус опекуна или попечителя для государственных органов и уполномоченных лиц онлайн. Для получения справки достаточно отправить запрос, который обязательно подтверждается опекуном.

⚙️ Чтобы воспользоваться услугой, необходимо:
− авторизуйтесь на портале eGov.kz и перейдите в раздел «Гражданам» - «Транспорт и коммуникации» - «Коммуникации»;
− выберите «Сервис получения справок третьими лицами» и нажмите «Заказать услугу онлайн»;
− введите ИИН и выберите услугу «Выдача справок по опеке и попечительству»;
− заполните обязательные поля, выберите регион и нажмите «Запрос».  
 
Подробнее об услуге

EGOV.KZ

26 Dec, 10:32


👩🏻‍💻 eGov.kz порталында қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтамаларды сұратуға мүмкіндік беретін жаңа цифрлық сервис іске қосылды. Бұл қызмет жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қамқоршылары туралы ақпаратты алу процесін жеңілдетеді.
 
📌 Қызмет пайдаланушыларға мемлекеттік органдар мен уәкілетті тұлғалар үшін қамқоршы мәртебесін онлайн растауға мүмкіндік береді. Анықтаманы алу үшін сұрау жіберу жеткілікті және оны міндетті түрде қамқоршы растауы керек.
 
⚙️ Қызметті пайдалану үшін:
− eGov.kz порталында авторизациядан өтіп «Азаматтарға» - «Көлік және коммуникациялар» - «Коммуникациялар» бөліміне өту қажет;
− «Үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисі» бөлімін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басу керек;
− ЖСН-ді енгізіп, «Қамқоршылық және қорғаншылық туралы анықтама беру» қызметін таңдау қажет;
− қажетті өрістерді толтырып, аймақты таңдап, «Сұрау салу» батырмасын басу керек.

Қызмет туралы ақпарат

EGOV.KZ

19 Dec, 10:23


📲Теперь владельцы частных домов и объектов недвижимости могут получить технические условия на подключение к природному газу онлайн в приложении eGov Mobile. Услуга доступна потребителям АО «QazaqGaz Aimaq», и предоставляется физическим лицам бесплатно.

🖇Технические условия на подключение к газу – это документ, который подтверждает возможность подключения объекта к газораспределительной системе.

📇Воспользоваться услугой может владелец имущества. Для этого пользователю необходимо заполнить все обязательные поля формы, которая отображается в приложении и подтвердить сведения о зарегистрированных правах на имущество.

📌Отказ в выдаче технических условий допускается в случаях:
- Отсутствия свободных и доступных мощностей, емкостей, мест, пропускных способностей сетей АО «QazaqGaz Aimaq», необходимых для предоставления услуги;
- Отсутствия сетей АО «QazaqGaz Aimaq» или иного имущества, необходимого для предоставления регулируемой услуги.

Полная информация

EGOV.KZ

19 Dec, 10:22


📲Енді жеке үйлер мен жылжымайтын мүлік нысандарының иелері табиғи газға қосылудың техникалық шарттарын eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн түрде ала алады. Қызмет «QazaqGaz Aimaq» АҚ тұтынушыларына қолжетімді және жеке тұлғалар үшін тегін ұсынылады.

🖇Газға қосылуға арналған техникалық шарттар - бұл объектіні газ тарату жүйесіне қосу мүмкіндігін растайтын ресми құжат.

📇Қызметті мүлік иесі пайдалана алады. Ол үшін пайдаланушы қосымшада көрсетілген барлық міндетті өрістерді толтырып, мүлікке тіркелген құқықтар туралы мәліметтерді растауы қажет.

📌Техникалық шарттарды беруден бас тартуға келесі жағдайларда жол беріледі:
- Реттелетін қызметтің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос және қолжетімді қуаттар, сыйымдылықтар, «QazaqGaz Aimaq» АҚ желілерінің орындары, өткізу қабілеттері болмаған жағдайда;
- «QazaqGaz Aimaq» АҚ желілері немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті өзге де мүлік болмаған жағдайда.

Толық ақпарат

EGOV.KZ

16 Dec, 04:37


Құрметті қазақстандықтар, сіздерді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!🇰🇿
 
Бұл мереке – халқымыздың тәуелсіздігі мен мемлекетіміздің күш-қуатының жарқын символы. Тәуелсіздік күні баршаңызға мықты денсаулық, мол бақ-береке, тұрақтылық пен табыс тілейміз!

Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын. Еліміз өркендеп, жарқын белестерді бағындыра берсін!

——
 
Дорогие Казахстанцы, поздравляем Вас с Днём Независимости!🇰🇿

Этот праздник по праву считается символом свободы и могущества нашего государства. В этот знаменательный день желаем Вам крепкого здоровья, благополучия и стабильности! Пусть в вашем доме всегда царят мир, согласие и взаимопонимание.

С днем Независимости!

EGOV.KZ

13 Dec, 06:19


📲 В мобильном приложении eGov Mobile стали доступны онлайн-сервисы «Qazpost»

📦 Сервис «Qazpost» предоставляет гражданам Казахстана возможность совершать международные покупки на ведущих мировых платформах, таких как Amazon, AliExpress и других. Он включает два направления: дропшиппинг Keruen — доставка из США, Европы и Китая, и Keden — таможенное декларирование.
 
🔹 В разделе «Keruen – Доставка из-за рубежа» отображаются стоимость и сроки доставки. Также доступен калькулятор расчета стоимости доставки, включая крупногабаритные посылки, а также ответы на часто задаваемые вопросы.

🔹В разделе «Keden - Таможенные услуги» есть возможность рассчитать пошлину и ознакомиться с часто задаваемыми вопросами. Для удобства пользователей предусмотрена поисковая строка, где по трек-номеру посылки или номеру телефона можно получить полную информацию по ранее отправленной заявке.

Подробная информация

EGOV.KZ

13 Dec, 06:19


📲eGov Mobile мобильді қосымшасында «Qazpost» онлайн сервистері қолжетімді болды

📦«Qazpost» сервисі Қазақстан азаматтарына Amazon, AliExpress және басқа да жетекші әлемдік платформаларда халықаралық сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның ішіне екі бағыт кіреді: Keruen дропшиппинг – АҚШ, Еуропа және Қытайдан жеткізу және Keden – кедендік декларация.
 
🔹«Keruen – шетелдегі дүкендерден жеткізу» бөлімінде жеткізу құны мен мерзімі көрсетіледі. Сонымен қатар, осы бөлімде жеткізу қызметі, үлкен көлемді пакеттерді жеткізу, құнды есептеу калькуляторы сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар бар.

🔹«Keden – кеден қызметтері» бөлімінде бажды есептеу және жиі қойылатын сұрақтармен танысу мүмкіндігі бар. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін іздеу жолағы қарастырылған, онда сәлемдеменің трек нөмірі немесе телефон нөмірі бойынша бұрын жіберілген өтінім бойынша толық ақпарат алуға болады.

Толық ақпарат

EGOV.KZ

10 Dec, 08:13


🏠Теперь опекуны лиц старше 18 лет, признанных судом недееспособными, могут регистрировать своих подопечных по новому месту жительства через портал eGov.kz.

💻 С помощью обновленной услуги теперь можно подать заявку на прописку, не выходя из дома, за три клика, что значительно сокращает затраченное время и делает процесс более удобным.
 
Информация об услуге

EGOV.KZ

10 Dec, 08:13


🏠 Енді 18 жастан асқан, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың қорғаншылары өздерінің қамқорлығындағы тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша eGov.kz порталы арқылы тіркей алады.

💻 Жаңартылған қызметтің арқасында тіркелімге өтінімді үйден шықпай-ақ, бірнеше қадам арқылы оңай беруге болады. Бұл уақытты үнемдеп, қызметті алуды әлдеқайда ыңғайлы етеді.
 
Қызмет туралы ақпарат

EGOV.KZ

04 Dec, 08:17


💡Казахстанцы могут запретить себе участвовать в азартных играх и пари до 10 лет через eGov Mobile
 
Ранее пользователи могли выбрать срок запрета от 6 до 12 месяцев, теперь максимальный срок самостоятельного отказа от участия в азартных играх и пари может составлять 10 лет.
 
📲 Сервис предоставляет возможность любому гражданину ограничить доступ ко всем лицензированным игровым площадкам и онлайн-платформам букмекеров. Важно подчеркнуть, что услуга доступна исключительно для лиц старше 21 года.
 
📌 После подачи заявки пользователь автоматически вносится в перечень лиц, ограниченных от участия в азартных играх, без возможности отзыва заявки. Для тех, кто ранее уже оформлял ограничение, доступна функция продления срока его действия. При повторной подаче заявки система уведомит пользователя о текущем статусе ограничения и предложит продлить его.

Полная информация на сайте eGov.kz

EGOV.KZ

04 Dec, 08:17


💡eGov Mobile арқылы қазақстандықтар құмар ойындар мен бәс тігуге қатысудан 10 жылға дейін бас тарта алады
 
Бұрын пайдаланушылар 6 айдан 12 айға дейін тыйым салу мерзімін таңдай алатын болса, енді құмар ойындар мен бәс тігуден өз бетінше бас тартудың ең жоғары мерзімі 10 жылға ұзартылды.
 
📲 Қызмет кез келген азаматқа барлық лицензияланған ойын алаңдары мен букмекерлік компаниялардың онлайн платформаларына қол жеткізуді шектеуге мүмкіндік береді. Қызмет тек 21 жастан асқан адамдарға қолжетімді.
 
📌 Өтініш бергеннен кейін пайдаланушы автоматты түрде құмар ойындарға қатысуына шектеу қойылған адамдардың тізіміне енгізіледі, өтінішті қайтарып алу мүмкін емес. Бұрын шектеу қойғандар үшін оның мерзімін ұзарту мүмкіндігі бар. Қайта өтініш берген жағдайда, жүйе пайдаланушыға шектеудің ағымдағы жағдайы туралы хабарлап, оны ұзартуды ұсынады.

Қызмет туралы толық ақпарат eGov.kz сайтында

EGOV.KZ

03 Dec, 07:39


📲Подтвердить подлинность документов об образовании можно в приложении eGov Mobile
 
Это позволяет гражданам легко подтвердить подлинность документов о среднем и после среднем образовании прямо с мобильного устройства. Ранее услуга была доступна на портале eGov.kz.
 
Также данная услуга значительно упрощает процесс получения дубликатов утраченных документов и подтверждения факта получения образования за рубежом. Благодаря этому пользователи могут быстро и удобно оформить удостоверение о признании подлинности ранее полученного образования, восстановить утраченный документ подтверждающий факт его получения или подтвердить зарубежное образование.

Полная информация на сайте eGov.kz

EGOV.KZ

03 Dec, 07:38


📲 Білім туралы құжаттардың төлнұсқалығын eGov Mobile қосымшасында тексеруге болады
 
Қызмет азаматтарға орта және орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарының түпнұсқалығын тікелей мобильді құрылғыдан тексеруге мүмкіндік береді. Бұған дейін қызмет eGov.kz порталында қолжетімді болды.
 
📑Сонымен қатар, қызмет жоғалған құжаттардың телнұсқаларын алу және шетелде білім алғанын растау процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Пайдаланушылар бұрын алған білімдерін растайтын куәлікті тез және ыңғайлы түрде рәсімдей алады, жоғалған білімдерін растайтын құжатты қалпына келтіре алады немесе шетелде білім алғанын растай алады.

Қызмет туралы ақпарат eGov.kz сайтында

EGOV.KZ

28 Nov, 06:34


📲 Теперь пользователи мобильного приложения eGov Mobile могут получить информацию об истории владения транспортным средством в несколько кликов прямо со своих смартфонов. Это значительно ускоряет процесс получения информации и помогает минимизировать риски при приобретении авто.
 
🖇️Сервис позволяет проверить полную информацию о транспортном средстве, такую как дата первичной регистрации авто на территории РК, наличие залога или обременения, а также общее количество предыдущих владельцев. Персональные данные предыдущих владельцев при этом остаются конфиденциальными.
 
⚙️Для использования сервиса достаточно ввести в приложении государственный номер автомобиля и номер техпаспорта. После этого пользователю предоставляются подробные данные о транспортном средстве, включая марку, год выпуска, объём двигателя, цвет кузова и наличие дополнительного оборудования.

Полная информация на сайте eGov.kz

EGOV.KZ

28 Nov, 06:33


📲 Енді eGov Mobile қосымшасының пайдаланушылары көлік құралының иелену тарихы туралы ақпаратты ала алады. Бұл ақпарат алу процесін айтарлықтай жылдамдатып, автокөлік сатып алу кезінде тәуекелдерді азайтуға көмектеседі.
 
🖇️Сервис көлік құралының ҚР аумағында алғашқы тіркелген күні, кепіл немесе ауыртпалықтың болуы, сондай-ақ алдыңғы иелерінің жалпы саны сияқты көлік құралы туралы толық ақпаратты тексеруге мүмкіндік береді. Бұл ретте алдыңғы иелердің жеке деректері құпия болып қалады.

⚙️Қызметті пайдалану үшін қосымшада автокөліктің мемлекеттік нөмірі мен техникалық паспорт нөмірін енгізу жеткілікті. Осыдан кейін пайдаланушыға көліктің толық мәліметтері, соның ішінде маркасы, шығарылған жылы, қозғалтқышының көлемі, шанақтың түсі және қосымша жабдықтардың болуы ұсынылады.
 
Толық ақпарат eGov.kz сайтында

EGOV.KZ

27 Nov, 07:21


🪪 Пользователи портала eGov.kz могут получить медицинскую справку формы 073/у, подтверждающую, что получатель в состоянии управлять транспортным средством.

💡Медицинская справка формы 073/у - обязательный документ для всех водителей, который подтверждает отсутствие противопоказаний к управлению транспортным средством.

🖇️ Ранее граждане получали эту справку в бумажном виде после прохождения медицинского осмотра у четырех профильных специалистов (терапевта, психиатра-нарколога, офтальмолога и отоларинголога).

💻 Теперь пользователь получает справку в электронном формате после завершения медицинского осмотра, а цифровой документ автоматически сохраняется в единой базе данных.

Подробнее на сайте eGov.kz

EGOV.KZ

27 Nov, 07:20


🪪 eGov.kz порталының пайдаланушылары көлік құралын басқаруға жарамды екенін растайтын 073/e нысанындағы медициналық анықтаманы ала алады.

💡 073/e нысанындағы медициналық анықтама – барлық жүргізушілер үшін міндетті құжат, ол көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқ екенін растайды.

🖇️ Бұрын азаматтар бұл анықтаманы төрт маманнан (терапевт, психиатр-нарколог, офтальмолог және отоларинголог) медициналық тексерістен өткеннен кейін қағаз түрінде алатын.

💻 eGov.kz порталындағы жаңа қызметтің арқасында медициналық анықтама алу процесі жеңілдеді. Енді пайдаланушылар медициналық тексерістен өткеннен кейін анықтаманы электрондық форматта алады, ал цифрлық құжат автоматты түрде бірыңғай деректер қорында сақталады.

Толығырақ eGov.kz сайтында

EGOV.KZ

21 Nov, 07:53


📲В мобильном приложении eGov Mobile был запущен новый сервис - «Гид кредитной и страховой истории»

🔍Теперь пользователи могут отслеживать свою кредитную и страховую историю, а также оценить общий уровень своей кредитоспособности онлайн.
Сервис состоит из двух разделов:
• «Кредитование»;
• «Страхование».

🖇️В разделе «Кредитование» пользователю предоставляется отчет о кредитной истории за последние пять лет, информация об активных кредитных обязательствах и скоринговый балл (показатель, который отображает уровень кредитоспособности пользователя). Стоит отметить, что скорбалл несет исключительно информационный характер и предназначен для пользователя в целях оценки его кредитного поведения.

📎В разделе «Страхование» пользователю доступен общий отчет о ранее заключенных страховых договорах и полисах, а также информация о классе бонус-малус, который влияет на стоимость обязательного автострахования.

🌟Отметим, все функции нового сервиса предоставляются бесплатно.

Подробнее: eGov.kz

EGOV.KZ

21 Nov, 07:52


📲 eGov Mobile мобильді қосымшасында «Кредиттік және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық» жаңа сервисі іске қосылды

Енді пайдаланушылар өздерінің несие алу және сақтандыру тарихын қадағалап, жалпы кредиттік қабілеттілік деңгейін онлайн бағалай алады. Сервис келесі бөлімдерден тұрады:
• «Кредиттеу»;
• «Сақтандыру».

🖇️«Кредиттеу» бөлімінде пайдаланушының соңғы бес жылдағы несие алу тарихы туралы есеп, белсенді несие міндеттемелері мен скорингтік балл (скорингтік балл – пайдаланушының несие қабілеттілігінің деңгейін көрсететін көрсеткіш) ұсынылады. Скорингтік балл тек ақпараттық сипатқа ие және пайдаланушылар үшін оның кредиттік мінез-құлқын бағалауға арналғанын айта кету керек.

📎«Сақтандыру» бөлімінде пайдаланушыға бұрын жасалған сақтандыру шарттары мен полистері туралы жалпы есеп, сондай-ақ міндетті автосақтандыру құнына әсер ететін бонус-малус класы туралы ақпарат қолжетімді.

🌟Айта кетейік, жаңа сервистің барлық функциялары тегін беріледі.

Толық ақпарат: eGov.kz

EGOV.KZ

18 Nov, 07:06


💡 Казахстанцы могут получать и передавать данные о воинской службе через eGov Mobile

📲 Это стало возможным благодаря обновлению сервиса «Цифровые сведения». Теперь пользователи могут просматривать и делиться информацией о своем статусе воинской обязанности и призыве на воинскую службу.

📌 В обновленной версии приложения стали доступны два новых цифровых сведения:
1. Информация о призыве на срочную воинскую службу – данные о призывном статусе гражданина;
2. Сведения об отношении к воинской службе – актуальная информация о статусе воинской обязанности гражданина.

⚙️ Чтобы воспользоваться сервисом:
• Авторизуйтесь в eGov Mobile, перейдите в «Сведения»;
• Просмотрите входящие запросы на предоставление доступа к сведениям в разделе «История»;
• Дайте разрешение на передачу сведений или отклонитe запрос;
• При необходимости отзовите ранее предоставленные данные, нажав кнопку «Отозвать». Кроме того, пользователи могут проверять историю запросов сведений и управлять доступом, отзывая ранее предоставленные данные.

EGOV.KZ

18 Nov, 07:02


💡Енді қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасы арқылы әскери қызмет туралы деректерді ала алады және жібере алады.

📲 Бұл «Цифрлық мәліметтер» сервисінің жаңартылуы арқасында мүмкін болды. Енді пайдаланушылар өздерінің әскери қызметке шақырылу мәртебесі мен әскери қызметке шақыру туралы ақпаратты смартфонынан тікелей қарап, бөлісе алады.

📌 Қосымшаның жаңартылған нұсқасында екі жаңа цифрлық мәліметтер қолжетімді:
1. Әскери қызметке шақыру туралы ақпарат – азаматтың шақыру мәртебесі;
2. Әскери қызметке қатысуға қатысты мәліметтер – азаматтың әскери міндеттілік мәртебесі туралы өзекті ақпарат.

⚙️ Сервисті пайдалану үшін:
• eGov Mobile қосымшасында авторизацияланып, «Мәліметтер» бөліміне өтіңіз;
• «Тарих» бөлімінде мәліметтерге қолжетімділік беруге келген сұрау салуларды қарап шығыңыз;
• Мәліметтерді беруге рұқсат беріңіз немесе сұрау салуды қабылдамаңыз;
• Қажет болған жағдайда, бұрын берілген мәліметтерді «Қайтарып алу» батырмасын басу арқылы қайтарып ала аласыз.

EGOV.KZ

08 Nov, 07:09


Казахстанцы могут бессрочно отказаться от получения банковских займов с помощью портала eGov.kz👨🏻‍💻
 
📌Подать заявку на использование сервиса может только сам гражданин. Запрет на оформление кредитов и микрозаймов устанавливается на бессрочный срок. Также пользователь в любое время может снять установленные ограничения на получение кредитов и займов.
 
⚙️Для получения услуги пользователю необходимо:
- авторизоваться на портале eGov.kz и перейти в раздел «Таможня и налоги»;
- выбрать из списка раздел «Экономика и финансы», выбрать услугу «Добровольный отказ от получения банковских займов, микрокредитов»;
- заполнить необходимые поля и подписать заявку с помощью ЭЦП;
- ознакомиться с результатом услуги можно в Личном кабинете.

📲 Данная услуга также доступна в приложении eGov Mobile в разделе «Услуги» - «Налоги и финансы».

EGOV.KZ

08 Nov, 07:08


Қазақстандықтар eGov.kz порталының көмегімен банктік қарыздарды алудан шексіз мерзімге бас тарта алады👨🏻‍💻

📌Сервисті пайдалануға тек азаматтың өзі ғана өтінім бере алады. Кредиттер мен шағын қарыздарды ресімдеуге тыйым салу мерзімсіз уақытқа қойылады. Сондай-ақ, пайдаланушы кез келген уақытта несиелер мен қарыздарды алуға белгіленген шектеулерді алып тастай алады.
 
⚙️Қызметті алу үшін:
- eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Кеден және салықтар» бөліміне өтіңіз;
- тізімнен «Экономика және қаржы» бөлімін таңдап, «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» қызметін таңдаңыз;
- қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойыңыз;
- көрсетілетін қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады.

📲 Аталған қызмет eGov mobile қосымшасында «Қызметтер» - «Салықтар және қаржы» бөлімінде қолжетімді.

EGOV.KZ

31 Oct, 06:20


5 лет обновленному мобильному приложению eGov Mobile🥳

📲Сегодня каждый второй казахстанец является пользователем eGov Mobile, которое оказывает госуслуги порядка 4 миллионам пользователей ежемесячно.
 
💡 Первая версия приложения была запущена в 2012 году под названием mGov, и к 2019 году оно уже предлагало около 70 услуг и сервисов. После ребрендинга в 2019 году приложение обновило дизайн и с этого момента был представлен всем уже хорошо знакомый eGov Mobile.
 
⚡️ За 5 лет обновленного мобильного приложения количество пользователей увеличилось в 15 раз и сегодня 90% госуслуг и сервисов можно получить через eGov Mobile. Впереди еще много инноваций, и команда АО НИТ уверенно движется к своей цели - сделать государственные услуги максимально доступными и удобными для каждого казахстанца.

🌐 Подробнее читайте на сайте www.egov.kz

EGOV.KZ

31 Oct, 06:19


Жаңартылған eGov Mobile мобильді қосымшасына 5 жыл🥳

📲 Бүгінде әрбір екінші қазақстандық eGov Mobile пайдаланушысы. Ай сайын 4 миллионға жуық пайдаланушы қосымша арқылы мемлекеттік қызметтерді алады.

💡 Қосымшаның алғашқы нұсқасы 2012 жылы mGov атауымен іске қосылды, ал 2019 жылға қарай ол шамамен 70 қызмет пен сервисті ұсынды. 2019 жылғы ребрендингтен кейін қосымша дизайны жаңартып, сол сәттен бастап баршаға таныс eGov Mobile болып өзгерді.

⚡️5 жылда пайдаланушылар саны 15 есе артты, бүгінде 90% мемлекеттік қызметтер мен сервистерді eGov Mobile арқылы алуға болады. Пайдаланушыларды алда көптеген инновациялар күтуде, және «ҰАТ» АҚ командасы мемлекеттік қызметтерді әрбір қазақстандық үшін барынша қолжетімді және ыңғайлы ету жолында жұмысын жалғастыра береді.

🌐 Толық ақпаратпен www.egov.kz сайтында таныса аласыз

EGOV.KZ

25 Oct, 04:21


🇰🇿Құрметті қазақстандықтар, сіздерді Республика күнімен құттықтаймыз!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, табысты күндер мен жетістіктер тілейміз!

Әр отбасында бақыт пен береке болсын🤍

~

🇰🇿 Уважаемые казахстанцы, поздравляем вас с Днем Республики!

Желаем крепкого здоровья, счастья вам и вашей семье, удачных дней и больших достижений!

Пусть мир и счастье будут в каждом доме🤍

EGOV.KZ

24 Oct, 11:09


🏠 Онлайн-услуга на получение жилищного сертификата стала доступна на портале eGov.kz

💳 Жилищный сертификат для покрытия части первоначального взноса по ипотечным жилищным займам выдаются семьям, нуждающимся в жилье и имеющим недостаточный уровень дохода.

🖇️Жилищный сертификат предоставляется как социальная помощь при следующих условиях:
• у заявителя и постоянно проживающих с ним членов семьи (супруг и несовершеннолетние дети) средний доход за последние 6 месяцев не превышает установленный предел от трудовой и/или предпринимательской деятельности;
• средний доход не учитывает пенсионные отчисления, индивидуальный подоходный налог и другие обязательные отчисления;
• в рассмотрение включаются дети, обучающиеся по очной форме в образовательных учреждениях до 23 лет.

📌 Сертификат выдается при условии приобретения жилья по ипотечной программе, утвержденной Национальным банком РК или государственной программе жилищного строительства.

С инструкцией получения жилищного сертификата можно ознакомиться в карусели⬆️

EGOV.KZ

24 Oct, 11:08


🏠 Тұрғын үй сертификаттарын алуға арналған онлайн-қызмет eGov.kz порталында қолжетімді болды

💳 Ипотекалық қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін сертификат тұрғын үйге мұқтаж және табыс деңгейі жеткіліксіз отбасыларға беріледі.

🖇Тұрғын үй сертификаты келесі жағдайларда әлеуметтік көмек ретінде ұсынылады:
• өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайы мен кәмелетке толмаған балаларының) соңғы 6 айдағы орташа табысы еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен белгіленген шектен аспағанда;
• орташа табыс зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және басқа да міндетті аударымдарды ескермегенде;
• 23 жасқа дейінгі білім беру мекемелерінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалар бар кезде.

📌Сертификат ҚР Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алынған жағдайда беріледі.

Тұрғын үй сертификатын алу нұсқаулығымен жазбадан танысуға болады⬆️

EGOV.KZ

21 Oct, 06:49


Уважаемые пользователи!

📌 Сегодня мы поговорим об услуге, которая поможет вам защититься от мошенников и ненужных долгов - это возможность бессрочно отказаться от получения банковских займов и микрокредитов.

💻 Пользователи могут получить данную услугу на портале eGov.kz или в eGov Mobile на бессрочныи‌ срок. Подать заявку на использование сервиса может только сам гражданин.
 
⚙️Для получения услуги:
- авторизуйтесь на портале eGov.kz и переи‌дите в раздел «Таможня и налоги»;
- выберите из списка раздел «Экономика и финансы», услугу «Добровольныи‌ отказ от получения банковских заи‌мов, микрокредитов»;
- заполните необходимые поля и подпишите заявку с помощью ЭЦП;
- ознакомьтесь с результатом услуги в Личном кабинете.

С инструкцией подачи заявки в eGov Mobile вы можете ознакомиться в ролике ⬆️

EGOV.KZ

21 Oct, 06:47


Құрметті пайдаланушылар!

📌 Бүгін біз сіздерге алаяқтардан және қарыздардан қорғануға көмектесетін қызмет туралы айтамыз. Бұл - несиелер мен микрокредиттерді алудан шексіз уақытқа бас тарту.

💻 Аталған қызмет eGov.kz порталында және eGov Mobile-да шексіз уақытқа қойылады. Сервисті пайдалануға тек азаматтың өзі ғана өтінім бере алады.

⚙️Қызметті алу үшін:
- eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Кеден және салықтар» бөліміне өтіңіз;
- тізімнен «Экономика және қаржы» бөлімін таңдап, «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» қызметін таңдаңыз;
- қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойыңыз;
- көрсетілетін қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады.

Қызметті eGov mobile-да алу нұсқаулығымен бейнероликтен таныса аласыз⬆️

EGOV.KZ

18 Oct, 07:06


🏡Теперь пользователи могут присвоить или упразднить адрес объекта своей недвижимости онлайн на портале eGov.kz.

📌 Присвоение адреса придает объекту недвижимости официальный статус, который необходим для его последующей идентификации в государственных базах данных. Эта информация позволяет владельцам недвижимости легально распоряжаться своим имуществом. Адрес требуется для подключения к коммунальным системам (электричество, вода, газ), интернета, почтовой доставки и других сервисов.

💻 Чтобы получить услугу, пользователю необходимо:
• авторизуйтесь на портале eGov.kz и перейдите в раздел «Недвижимость» – «Покупка, продажа, аренда»;
• выберите услугу «Присвоение/упразднение адреса объектов недвижимости»;
• подпишите услугу с помощью ЭЦП.

🖇 Результат получения услуги - письмо-уведомление о присвоении/упразднении адреса, либо мотивированный отказ.

Подробнее

EGOV.KZ

18 Oct, 07:05


🏡 Енді пайдаланушылар eGov.kz порталында өз жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын бере немесе жоя алады.

📌 Мекенжайды беру жылжымайтын мүлік объектісіне мемлекеттік деректер қорында кейін сәйкестендіру үшін қажет ресми мәртебе береді. Бұл ақпарат меншік иелеріне өз мүлкін заңды түрде басқаруға мүмкіндік береді. Мекенжай коммуналдық жүйелерге (электр, су, газ), интернетке, пошталық жеткізілімге және басқа да көптеген қызметтерге қосылу үшін қажет.

💻 Қызметті алу үшін:
• eGov.kz порталында авторизациядан өтіңіз;
• «Жылжымайтын мүлік» - «Сатып алу, сату, жалдау» бөлімін таңдаңыз;
• «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» қызметін таңдаңыз;
• қызметке ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз.

🖇 Қызмет нәтижесі - пайдаланушының жеке кабинетінде мекенжайды беру/жою туралы хабарлама-хат немесе дәлелді бас тарту.

Толық ақпарат

EGOV.KZ

15 Oct, 06:37


Казахстанцы могут бессрочно отказаться от получения банковских займов с помощью портала eGov.kz👨🏻‍💻
 
📌Подать заявку на использование сервиса может только сам гражданин. Запрет на оформление кредитов и микрозаймов устанавливается на бессрочный срок. Также пользователь в любое время может снять установленные ограничения на получение кредитов и займов.
 
⚙️Для получения услуги пользователю необходимо:
- авторизоваться на портале eGov.kz и перейти в раздел «Таможня и налоги»;
- выбрать из списка раздел «Экономика и финансы», выбрать услугу «Добровольный отказ от получения банковских займов, микрокредитов»;
- заполнить необходимые поля и подписать заявку с помощью ЭЦП;
- ознакомиться с результатом услуги можно в Личном кабинете.

📲 Данная услуга также доступна в приложении eGov Mobile в разделе «Услуги» - «Налоги и финансы».

EGOV.KZ

15 Oct, 06:37


Қазақстандықтар eGov.kz порталының көмегімен банктік қарыздарды алудан шексіз мерзімге бас тарта алады👨🏻‍💻

📌Сервисті пайдалануға тек азаматтың өзі ғана өтінім бере алады. Кредиттер мен шағын қарыздарды ресімдеуге тыйым салу мерзімсіз уақытқа қойылады. Сондай-ақ, пайдаланушы кез келген уақытта несиелер мен қарыздарды алуға белгіленген шектеулерді алып тастай алады.
 
⚙️Қызметті алу үшін:
- eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Кеден және салықтар» бөліміне өтіңіз;
- тізімнен «Экономика және қаржы» бөлімін таңдап, «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» қызметін таңдаңыз;
- қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойыңыз;
- көрсетілетін қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады.

📲 Аталған қызмет eGov mobile қосымшасында «Қызметтер» - «Салықтар және қаржы» бөлімінде қолжетімді.

EGOV.KZ

10 Oct, 07:40


🪪 У казахстанцев появилась возможность размещать цифровую версию удостоверения личности из Egov Mobile в электронный кошелек Samsung Wallet.

📲 Функция доступна для пользователей смартфонов Samsung, у которых установлено приложение Egov Mobile.

⚙️ Для добавления документа:
- авторизуйтесь в приложении Egov Mobile, перейдите в сервис «Цифровые документы»;
- откройте цифровой документ «Удостоверение личности» и нажмите на кнопку «Добавить в кошелек Samsung Wallet»;
- ознакомьтесь с соглашением об обработке персональных данных, дайте свое согласие на их обработку:
- подпишите посредством ЭЦП.

Все данные в Samsung Wallet защищены многоуровневой системой безопасности, что обеспечивает надежную защиту личной информации.

Подробнее

EGOV.KZ

10 Oct, 07:40


🪪 Қазақстандықтарда eGov Mobile-дан жеке куәліктің цифрлық нұсқасын Samsung Wallet электрондық әмиянына орналастыру мүмкіндігі пайда болды.

📲 Бұл функция Egov Mobile қолданбасы орнатылған Samsung смартфондарының пайдаланушылары үшін қолжетімді болды.

⚙️ Құжатты қосу үшін:
- Egov Mobile қосымшасында авторизациядан өтіп, «Цифрлық құжаттар» сервисін таңдаңыз;
- «Жеке куәлік» цифрлық құжатын ашып, «Samsung Wallet әмиянына қосу» батырмасын басыңыз;
- дербес деректерді өңдеу туралы келісіммен танысып, оларды өңдеуге өз келісіміңізді беріңіз;
- ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.

Samsung Wallet-тегі барлық деректер жеке ақпаратты сенімді қорғауды қамтамасыз ететін көпдеңгейлі қауіпсіздік жүйесімен қорғалған.

Толық ақпарат

EGOV.KZ

08 Oct, 06:51


🚙 На портале eGov.kz появилась возможность проверить всю информацию об истории владения автомобилем с помощью сервиса «История авто».

💡Сервис помогает пользователям проверить историю авто перед покупкой. Для проверки необходимо узнать у потенциального продавца государственный номер авто и номер техпаспорта.

📌 Сервис «История авто» раскрывает следующую информацию:
- название марки авто и год выпуска;
- объем двигателя, цвет кузова и наличие дополнительно установленного оборудования;
- дата первичной регистрации автомобиля на территории РК;
- общее количество предыдущих владельцев с датами перерегистрации автомобиля без указания персональных данных о владельцах;
- наличие залога или обременения на транспортное средство.

Информация об услуге

EGOV.KZ

08 Oct, 06:50


🚗 eGov.kz порталында «Көлік тарихы» сервисінің көмегімен автокөлікке иелік ету тарихы туралы ақпаратты тексеру мүмкіндігі пайда болды.

💡Сервис пайдаланушыларға сатып алудың алдында көліктің тарихын тексеруге көмектеседі. Тексеру үшін әлеуетті сатушыдан көліктің мемлекеттік нөмірін және техникалық паспорт нөмірін білу қажет.

📌«Көлік тарихы» сервисінен төмендегі ақпаратты алуға болады:
- автомобиль маркасының атауы және шығарылған жылы;
- қозғалтқыштың көлемі, көліктің түсі және қосымша орнатылған жабдықтың болуы;
- ҚР аумағында автокөлікті алғашқы тіркеу күні;
- автокөлікті қайта тіркеу күндерімен бұрынғы иелерінің жалпы саны (меншік иелері туралы дербес деректер көрсетілмейді);
- көлік құралына кепілдің немесе ауыртпалықтың болуы.

Қызметті алу нұсқаулығы