Алланың 99 көркем есімдері @allanyn_99_esimi Channel on Telegram

Алланың 99 көркем есімдері

@allanyn_99_esimi


Ассалаумағалейкум, телефондағы жиналған жазбаларды бөлісуді жөн көрдім. Пайдалы болса қуаныштымын

Алланың 99 көркем есімдері (Kazakh)

Сіздердің телефоныңыздағы контактілермен сапалы жазылған жасырын алып жүру қиын болмағанда, тек Алланың 99 көркем есімін көріңіз. @allanyn_99_esimi каналы - бұл ортақ атаудағы жиналғы құрастыру, оқиға сізді түлектіретін гүлденмен қамтамасыз есімдер тобы. Қазіргі аз ғанағаттанушылар осы каналға қосылып, жоғары сападағы есімдерді үйренуге мүмкіндікті алады. Сіз де біздің каналға қосылып, Алланың 99 көркем есімдері үшін қайырымды бөлісудің таңдаған жолы болыңыз. Алланың 99 көркем есімдері каналына қосылыңыз және жаңа қазақ тілінде есімдерді көмекпен айтуға тапсырыңыз. Сол сіздің телефоныңыздағы контактілермен көп жазылған ретінде қиын емес. Мұның үшін тек @allanyn_99_esimi каналын көру қалаған жоқсыз. Пайдалы болса қосылыңыз, қуаныштымыз!

Алланың 99 көркем есімдері

04 May, 13:33


Алла Тағаланың “Әс-Саттар” деген есімі бар. Мағынасы: Жасырушы. (Ең көркем 99 есіміне енбесе де, сондағы “Әл-Ғаффар” есімінен шығады)

Біздің өзімізден басқа ешкім білмейтін қаншама күнә-қателіктеріміз бар. Соның барлығы дерлігін Алла Тағала басқалардың көзі мен хабарынан жасырып қойған.

Суфиян ибн Ғуяйна деген (табаға табиғин) ғұлама айтады:

“Егер Алла Тағала біздің күнә-қателіктеріміздің көбісін басқалардан жасырып қоймағанда, бізге ешкім де жоламайтын еді”.

📚 Шуғаб әл-Иман

Алланың 99 көркем есімдері

09 Apr, 03:21


Кім Алланың разылығы үшін бір амалды жасаймын деп ниет етіп, алайда сол ниетіне тағы да басқа мақсаттар қосылып, олар себепті амал жеңіл жасалатын болса, онда ол ықыластың шеңберінен шықты дейді имам Ғазали.

Мысалы біреу Алла разылығы үшін ораза ұстаймын, бұған қоса денсаулығым да жақсарады деп ораза ұстаса, таза ықыласты болып табылмайды.

Немесе біреу сапарға шығу арқылы көңіл-күйімді көтеремін деп қажылыққа шықса, шынайы ықыласты болып табылмайды.

Немесе біреу білім арқылы мен адамдардың арасында сыйлы боламын деп білім алса, ықыласты болып табылмайды.

Немесе біреу ертең менің де қал-жағдайымды сұрайды ау деп науқасқа кіріп шықса, ықыласты болып саналмайды.

Немесе біреу тәһәуджудқа тек Алла үшін емес, сондай-ақ түнде өз затын біреу тонап кетпесін деп намаз оқыса, ол да шынайы ықыластылардың қатарынан емес дейді имам Ғазали "Ихия-у улум әд-дин" кітабында.

Яғни, Алланың разылығынан бөлек, басқа ниет қосылып ол амалды жасау оңай болса, ол қосымша ниеттер болмағанда игі амал жасалмаса, онда ол ықыласты амал болып саналмайды

Алланың 99 көркем есімдері

07 Apr, 08:32


Алланың 99 көркем есімдері pinned «Мұхаммед пайғамбар (саллалаһу әлейһи уә сәлләм) айтқан: Шын мәнінде Аллаһта 99 есім бар — бірсіз жүз. Кімде-кім оларды санап шықса жәннәтқа кіреді —«Сахих әл-Бұхари» Алланың көркем есімдерін күнделікті қайталау арқылы өміріңіздегі барлық қиындықтарды жеңіп…»

Алланың 99 көркем есімдері

02 Apr, 18:21


«Рамазанның бірінші күні рамазан өте ұзақ секілді көрініп, 1 ай оразаны қалайша ұстайтыныңды ойлай бастайсың.

Бірақ рамазанға қазір қарасаң, құдды бір рамазан – 1 сағат ішінде өте шыққандай».

©️ Али әт-Тантауи жазбалары

Рамазанның соңғы күндерін дұға, садақа, құлшылық пен құранға арнайық. Расында, амалдар – соңына қарай бағаланады.

Алланың 99 көркем есімдері

31 Mar, 11:48


Рамазанның соңғы 10 күндігі, басып-басып қалайық газды 😮‍💨🔥

Қандай дұға етсем болады деп толғанып жүрген жандар үшін осы арнаға салып жүрген дұғалар тізімін қоямыз (үстін бассаңыз болды):

1. Байлық, рақым, жәннат, білім, ризық, амал сұрау;

2. Қу достан пана сұрау;

3. Пайғамбарға салауат жолдау;

4. Кедейліктен пана сұрау;

5. Әлсіздіктен, төмендіктен пана сұрау;

6. Екіжүзділіктен, риядан, өтіріктен, қиянаттан пана сұрау;

7. Арсыз, жаман адамның ақысынан пана сұрау;

8. Жаман көршіден, аштықтан, сатқындықтан пана сұрау;

9. Қажетіңді сұрау;

10. Әйел фитнасынан пана сұрау;

11. Жаман әйелден, жаман перзенттен, жаман табыстан пана сұрау.

Бұл дұғалардың бәрі Мулла Әли Қаридің (رحمه الله) “Хизб әл-Ағзам уа Уирд әл-Әфхәм” кітабынан алынған. Кітаптың ерекшелігі сол, ғалым дұғаларды Құраннан және сахих хадистер мен сенімді кітаптардан жинақтаған.

#дұға_қару

Алланың 99 көркем есімдері

31 Mar, 11:47


Қадір түні – 1000 айдан да хайырлы болған түн.

Түнгі уақытты шамамен 10 сағат деп алсақ, қадір түнінде 1 сағат қана құлшылық қылу – 8 жыл құлшылық қылғаннан артық.

Қадір түнінде 1 минут қана құлшылық қылу – 50 күн құлшылық қылғаннан артық.

Осынау ғажайып мүмкіндікті құр жіберіп алмайық. Рамазанның соңғы күндері берекелі болғай!🤍🌙

Алланың 99 көркем есімдері

25 Mar, 23:28


Имя Аллаха: Ан-Нур (Свет).

✒️ Имам, Хафиз Аль-Байхаки [384-458г], да смилуется над ним Аллах, пишет:

«Сказал аль-Халими: "Под именем Аллаха «Свет» имеется в виду, что Он — наставляющий на верный путь. Его рабы не знают ничего, кроме того, чему Он их обучил. Они не могут познать ничего, кроме того, познание чего Он им облегчил. Все органы чувств и разум — Его создания и дар" — конец слов аль-Халими.

Далее Имам аль-Байхаки приводит со своей цепочкой передатчиков до Ибн Аббаса (да будет доволен Аллах ими обоими), сказавшего относительно аята: {Аллах — свет небес и земли}: ″В аяте имеется в ввиду, что Аллах наставляет на истинный путь жителей небес (ангелов) и земли (людей и джинов)″» — конец цитаты.

📘 «Аль-Асма ва ас-Сыфат», 1/369.

🗒 Блокнотик Муслима | ПОДПИСАТЬСЯ

Алланың 99 көркем есімдері

25 Mar, 23:28


Имя Аллаха: Аль-Вадуд (Любящий).

✒️ Имам, Хафиз Аль-Байхаки [384-458г], да смилуется над ним Аллах, пишет:

«Сказал аль-Халими: "Под именем Аллаха «Любящий» имеется в виду, что Он любит тех, кто подчиняется Ему, т.е доволен ими за их деяния, вознаградит их за них и хвалит их" — конец слов аль-Халими.

Сказал Абу Сулейман (аль-Хаттаби): "Также может быть, что данное имя означает: Он тот, кто заставляет людей любить тех, кто подчиняется Ему, как об этом сказано в Коране: {Воистину, тех, которые уверовали и совершали праведные деяния, Аллах одарит любовью} [Сура Марьям, 96]" — конец слов Абу Сулеймана» — конец цитаты.

📘 «Аль-Асма ва ас-Сыфат», 1/364.

🗒 Блокнотик Муслима | ПОДПИСАТЬСЯ

Алланың 99 көркем есімдері

17 Mar, 12:58


ЦЕННЫЙ ЗИКР В МЕСЯЦ РАМАДАН.

От Сальмана аль-Фариси, да будет доволен им Аллах, приводится как часть длинного хадиса:

«Увеличивайте в этот месяц (Рамадан) четыре дела:
Два из них – для довольства вашего Господа, а два других – это такие слова, без которых вы не сможете обойтись.
Два дела, которыми доволен Аллах — это свидетельствовать "Ля иляха илляЛлах", что "Нет бога достойного поклонения кроме Аллаха" и просить у Него прощения.
А два дела, без которых вы не сможете обойтись — это просить у Аллаха рай, и просить защиты от наказания в огне».

— Muḥammad Zakarīyā Kāndhlawī. Faza'il-i Ramazan.

Комментарий 'Абида абу 'Умара:

Можно собрать эту рекомендацию в очень лёгкий для языка зикр, который можно чаще произносить во время Рамадана:

لا اله إلّا الله، نستغفر الله، نسألك الجنة و نعوذ بك من النار

«Ля иляха илляЛлаху, настагIфируЛлаха, насалюкаль джанната ва на’узу бикя мин ан-нар»

(Нет бога достойного поклонения кроме Аллаха, мы просим у Аллаха прощения, а также просим у Тебя рая, и прибегаем к Тебе от адского огня).

Сады познавших Аллаха ﷻ

Алланың 99 көркем есімдері

31 Oct, 00:25


Алла Тағалаға мадақпен тәмәм болды.

Аллааһумма салли уа сәллим уа бәәрик ъаләл-мустафа уа әәлиһил- атһаар!
Уа, Алла! Мұстафаға әрі таза әулеттеріне салауатың мен сәлеміңді, құт-берекеңді жолда!


«АЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ»
Құрастырған: Мейір Қадыров

Алланың 99 көркем есімдері

31 Oct, 00:25


99. Ас-Сабур الصَّبُورُ
Аса сабырлы

«Аллаға және Оның елшісіне мойынсұныңдар және таласпандар,
өйтсеңдер сәтсіздікке ұшырап, күш-куаттарың кетеді. Сабыр етіңдер, расында Алла сабырлыларды жақсы көреді» (Әнфал, 46).
Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: "Құлақпен естіген жәбірге Алладан асқан сабырлы ешкім не ешнәрсе жоқ. Олар (кәпірлер) Оған бала телиді, ал Ол соған қарамастан оларды есен қылып, ризықтандырумен болады». Бұхари риуаят еткен хадис.
Осы көркем есімді күн шыққанға дейін 100 мәрте қайталаған жан сол күні түрлі жамандықтан аман-сау болады, оның дұшпандары оған ештеңе де істей алмайды, иншалла. Сондай-ақ, осы көркем есімді ахуалдың жақсаруы үшін 1020 мәрте қайталаған жөн.

Алланың 99 көркем есімдері

30 Oct, 00:25


98. Ар-Рашид الرَّشِيدُ
Туралыққа Нұсқаушы

«Бұрын Біз Ибраһимге тура нұсқау берген болатынбыз» (Әнбия, 51).
Кімде-кім ойға алған ісін жүзеге асырудың жолын таппаса немесе оны жоспарлауды білмесе, осы көркем есімді ақшам мен құптан намаздарының арасында 1000 мәрте қайталасын. Сонда, Алла қаласа, оның ісі алға басады.

Алланың 99 көркем есімдері

29 Oct, 00:25


97. Әл-Уарис الوَارِثُ
Мирасқор

«Әрі Біз Мирасқор болдық» (Қасас, 58).
Кімде-кім күн шықпастан бұрын осы көркем есімді 100 мәрте қайталайтын болса, иншалла, қайғы-қасіреттен, таршылықтан, тағы басқа да тауқыметтерден аман-сау болады. Сондай-ақ, бұл есімді көп қайталау мұқтаждық пен мазасыздықтан құт-қарады.

Алланың 99 көркем есімдері

28 Oct, 00:25


96. Әл-Бақи البَاقِى
Мәңгі қалушы

«Тек ұлылық пен жомарттықтың Иесі - Раббыңның дидары ғана қалады» (Рахман, 27).
Кімде-кім осы көркем есімді бейсенбіден жұмаға қараған түні шынай ықылас-ниетімен 1000 мәрте қайталаса, иншалла, барлық қауіп-қатерден, қиындықтардан аман болып, Алланың құзырында ізгі істері қабыл болады.

Алланың 99 көркем есімдері

27 Oct, 00:25


95. Әл-Бәдиъ البَدِيعُ
Көркем Жаратушы

«(Алла) көктер мен жерді көркем жаратушысы. Егер бір істі қаласа, бар болғаны «бол» дейді де ол болады» (Бақара, 117).
Кімде-кім «Ия, Бәдииъә-сәмәәуәәти уал-ард!» («Уа, көктер мен жерді көркем жаратушы!») деп 1000 мәрте қайталаса, иншалла, оның бойындағы қайғы-қасіреттен ештеңе де қалмайды, егер қайтыс болса, иманмен қайтады. Бұл дұғаны ақшам мен құптан намаздарының арасында айтқан абзал. Сондай-ақ, кімде-кім бір тәуекелді іске бел буып, оның жүзеге асуына күмәнді болса, осы көркем есімді ұйқыға жатардан алдын көп мәрте қайталасын. Иншалла, сол кезде оның ісі оңға басып, күдігі сейіледі.

Алланың 99 көркем есімдері

26 Oct, 00:20


94. Әл-һәди الهَادِى
Туралыққа бастаушы

"Шындығында Алла иман келтірушілерді тура жолға бастаушы» (Хаж, 54).
Кімде-кім екі қолын жоғары көтеріп, аспанға қарап, осы көркем есімді көп қайталаса, иншалла, оның иманы нығайып, тақуалығы артады, Алла оны тура жолға бастайды. Сондай-ақ, осы есімді көп қайталау рухани танымға жетелейді.

Алланың 99 көркем есімдері

25 Oct, 00:20


93. Ән-Нур النُّورُ
Нұр, Нұрландырушы

«Алла - көктер мен жердің нұрландырушысы» (Нұр, 35).
Осы көркем есімді Нұр сүресін оқыған соң 1001 мәрте қайталаса немесе осы есімді көп мәрте қайталап жүрсе, иншалла, ол адамның жүрегіне нұр орнайды. Ал егер оңаша түрде екі рәкағат намаз оқып, осы көркем есімді 7 мәрте қайталаса, иншалла, ол адамның жоғалған не ұрланған заты қайта оралады.