Жүрек сырлары 🤍

@zhureksyrlaary


Дамушы орта іздеп жүрсеңіз, сізге белгі☺️
Сұрақтар бойынша👇🏻
https://t.me/zholdasova_zhanna

Жүрек сырлары 🤍

22 Oct, 04:49


Егер адам жан-тәнімен Алла үшін жүрегін таза ұстауды қаласа, сол құлына Алла кез келген нәрседен сабақ алуды, тәрбие, білім алуды, сол арқылы тазалануды оңай етіп қояды. Білімнің ішінен білім, тәрбиеден тәрбие шығарып береді. Алла Оған Аль-Латыф Сипатымен жәрдем береді. Құлдың парасаттылығы артып, өзін және Раббысын түсінуді үйренеді, солай Раббысының ерекше бір тәтті тәрбиесіне кіреді.

Сүйікті Пайғамбарымыз (саллаллаху алейхи уа саллям) сияқты “Мені Раббым тәрбиеледі, қандай керемет тәрбиеледі” дей бастайды🤍

Жүрек сырлары 🤍

21 Oct, 12:54


адамның өзінен күтпеңіз, үміттенбеңіз, сонда Алла қалағаныңызды Өзі береді, қанағаттандырып

Жүрек сырлары 🤍

20 Oct, 15:08


Үнемі тәубеде болып, жүректі тазартумен айналысқан сайын, Алла білмегенді үйретеді

Жүрек сырлары 🤍

16 Oct, 10:11


Алланы қалайша жақсы көрмеуге
болады, сонша жаксылыққа бөлегенде?
Қалайша жақсылықтарын көрмеуге болады, кейде
алып, есіне түсіргенде?
Қалайша алғанда мұңаюға болады, орнына ең
жақсысын беремін дегенде?

Жүрек сырлары 🤍

16 Oct, 08:52


не істесеңіз де, не деп сөйлесеңіз де, Алланың Бақылап тұрғанын ойлап, Оған жағу, ұнау үшін жасаңыз

Жүрек сырлары 🤍

14 Oct, 12:33


Мықты болу деген ұғым өзгелерден мықты болуды білдірмейді. Өзіңді өзгелермен салыстырсаң, жарыссаң, түбінде рухани құлдырауға тап боласың. Өзіңді жегідей жейтін боласың.

Мықты болу деген ертең бүгінгіден жарты есе болса да алда болу. Даму. Өзің. Өзіңнен. Біреуден емес. Біреуден тек үлгі аласың. Біреу тек түрткі болады.

Жүрек сырлары 🤍

08 Oct, 09:05


Әдептің шыңы-өзіңізді ұмытып, Алланың бақылауын, назарын сезініп, барлық нәрседе Алланы тамашалаумен, көрумен өмір сүру.

Жүрек сырлары 🤍

01 Oct, 05:46


Сенімділік-Алланың нығметтері жайлы көп ойлаудан

Уайым-өзіңіз жайлы көп ойлап, Алланы ұмытудан

Жүрек сырлары 🤍

26 Sep, 15:48


Алланы жақсы көретін құл үнемі Алламен бірге болғысы келеді және соған көмектесетін істермен айналысу жайлы ойлардан басқа оның уайымы болмайды.

Жүрек сырлары 🤍

25 Sep, 13:54


«Кімнің ойына кенеттен дұға қылу келсе, Алла оны қабыл еткісі келгені.

Кімнің ойына истиғфар айту келсе, Алла оны кешіргісі келгені.

Ал кімнің ойына Аллаға шүкір ету келсе, Алла оған арттырып бергісі келгені».

(Нәфәхат рухания📚)

#әлі_өзекті

Жүрек сырлары 🤍

23 Sep, 17:16


Тырнақ өскенде, біз саусағымызды емес, тырнақты қысқартамыз. Сол секілді, егер қарым-қатынаста түсініспеушілік туындаса, біз қарым-қатынасты бұзбай, керісінше, сол
түсініспеушілікті жоюға тырысуымыз керек.
Себебі, саусақтың саулығы маңызды болғаны
сияқты, қарым-қатынастын, тұтастығы сақталуы тиіс. Адамдар арасындағы байланыс-нәзік жіп секілді, ол үзілуге емес, тек тазартылуға мұқтаж.

Жүрек сырлары 🤍

18 Sep, 07:15


Адам ойлайды, бәрі мен
жоспарлағандай болу керек деп. Жоқ,
бәрі Алла жоспарлағандай болады.
Көңіл қалу, стресс, депрессия осы жерде басталады, өмірден де түңіліп кетеді адам. Бірақ,сондай күйге түсіп кететіндей ешнәрсе болған жоқ қой?!
Алла бәрін Білуші, адам емес, Алла әуелгіні де, ақырыны да біледі, және
Алла тек хайырын беруші. Онда не үшін ойыңыз сан саққа бөлініп, қайғы мұнға батып жүрсіз? Бәрі жақсы, тек
Аллаһқа сеніңіз, оның шексіз
Даналығына сеніңіз! Бар болғаны осы,күлімдеңіз…

Жүрек сырлары 🤍

16 Sep, 13:55


Алладан келетін жақсылық пен жамандықты сынап, баға беру құлға тән қасиет емес. Адал, Раббысы жайлы жақсы ойда болатын құл, Раббысынан келетіннің бәрін хайырлы деп көреді және дәл сол нәрсеге жаны мұқтаж екен деп түсінеді.

Жүрек сырлары 🤍

07 Sep, 14:13


Егер өмірдегі стресс-өзге адамдарға
байланысты болса, Алла Тағаланы еске алып,
кішірейіп, дұға жасайтын уакыт келді деген сөз. Өйткені "Мен калағандай болуы керек"
деген ұстанымы бар адамдардың өзгелермен
мәселесі көп болады.
Ал стресс - адамның өзіне байланысты өзінен-өзі пайда боп, мазаны алса, Алладан кешірім (истиғфар) тілеу керек. Тазаланып, арылатын уақыт келді деген сез.

Жүрек сырлары 🤍

06 Sep, 13:11


Алла сізбен бірге болса, не керек артық ойлап, есептеп, қиындатып?🤍

Бастысы, сіз Алламен біргесіз бе?

Әр сәт Оны зікір етудесіз бе?
Әр сәт амалыңызды Ол үшін жасаудасыз ба?🤍

Жүрек сырлары 🤍

06 Sep, 07:37


Жүрек сырлары 🤍 pinned «Жүрегіне күш салма, демалсын.Саған бұйырған нарсе сенен айналып кетпейді. Миындағы артық, керек емес мусорды шығарып таста. Әр күн жаңа мүмкіндік. Өткен нарсе өтті,кетті,бітті. Өзгертуге келмейтін, шарасыз жағдай. Оны ойлап мың сарылып, басынды тауға да, тасқа…»

Жүрек сырлары 🤍

05 Sep, 17:30


Жүрегіне күш салма,
демалсын.Саған бұйырған нарсе сенен айналып кетпейді.
Миындағы артық, керек емес мусорды шығарып таста. Әр күн жаңа мүмкіндік. Өткен нарсе өтті,кетті,бітті. Өзгертуге келмейтін, шарасыз
жағдай. Оны ойлап мың сарылып, басынды
тауға да, тасқа да соққаннан пайда жоқ. Өкініп өткен өмірден алар асуын, бағындырар белесін не азайып, не көбейіп кетпейді. Сенің қандай дәрежеге дейін жететінің туылмай жатып шешіліп койған. Бірақ өмір тарихынды өз қолынмен өзің
жазып шығаратынынды ұмытпа. Қателіксіз адам болмайды. Өмір сүруді өзіне сенен басқа ешкім үйретпейді. Қателіктен сабақ ал. Бірақ жария етпе. Ешкімге сырынды айтып, жат болғанды жақын көріп, өз жолынды өзін жаппа. Сон нәрсені адамдар кейде бетіне басып жіберу мумкін.
Пендеміз ғой.

Жүрек сырлары 🤍

05 Sep, 10:28


Уақыт өте келе сол естеліктер де, адам да ұмытылады екен. Кейіннен түсінесін
ол адамды емес, онымен өткен
сәттерді сағынғаныңды. Бәрі
ұмытылып өз орнына келді дегенмен де, өзгені өміріңе, жүрегіне кіргізіп орын беру мүмкін еместей көрінеді.

Жүрек сырлары 🤍

03 Sep, 06:05


Біреу “жақсы көруді” жай ғана сезім деп біледі, ал біреу оған өмір деп қарайды.

📚 ليطمئن قلبي

Бір адамды ұнатсаң, жақсы көрсең, сен одан кімді көргің келеді? Өміріңдегі өтпелі сезімнің өкілін бе, жоқ әлде (отау құрып, бірге ғұмыр кешетін) өмірлік серігіңді ме? Соны ойла…