Айбек, ислами наставник 🎯

@aibekadilbek


🎓исламтанушы | магистр

кез-келген проблеманың шешімі исламда бар, сол шешімді табуға көмектесемін

Инста: https://instagram.com/aibekadilbek?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ==

Айбек, ислами наставник 🎯

14 Oct, 07:42


Олжас Ханафин ұстаздың (Алла рахымына алсын) телеграм каналындағы жазбалар мен аудармалардың жиынтығы. PDF форматта. Тегін.

Айбек, ислами наставник 🎯

30 Sep, 09:21


📌Уақытың үшін 2 рет сұраласың, қалай?

Пайғамбарымыздан ﷺ жеткен хадис бар: қиямет күнінде адам мына 4 нәрседен сұралмай тұрып бір қадам алға жылжымайтыны туралы.

1. Өміріңді не нәрсеген жұмсадың ?
2. Жастық шағыңды не нәрсеге құрттың ?
3. Қайдан мал тауып, қайда құрттың ?
4. Біліміңе немен(қалай) амал еттің ?

🤔Қарап отырсақ бірінші және екінші пункт біздің уақытымызбен тығыз байлансты. Қазіргі заманда адам уақытын дұрыс жоспарламаса дұрыс емес бағытта кетіп қалары сөзсіз.

Сондықтан уақыттарыңызға өөөөөте абай болыңыздар…. Әсіресе жастық шаққа…. Бұл сіздің үлкееен потенциалыңызға толы уақыт… оны босқа құртып соңынан қапыға қалмаңыз !!!!!!

Айбек, ислами наставник 🎯

06 Sep, 12:34


📍харамнан желінген мал адамды харам істерге алып барады, сондықтан харамнан жеуден аулақ болайық.

Айбек, ислами наставник 🎯

20 Aug, 15:03


💔Иманым әлсіреп кетті…

Дәл осы сезімді бәріміз басымыздан өткізген шығармыз. Кей күнәлар немесе парыздарды дұрыс атқармау (т.б.) себеп иманымыздың нұры әлсіреп өзімізді жаман сезініп жатамыз.

📌Негізі бұл - нормально. Тек иманның нұры әлсірегенде сіз еш амал жасамай әрі қарай оны сөндіре бермесеңіз.

Көбіміздің намазды тастап кетуіміз😿, жаман әдеттерге салынуымыздың бәрі осы іштегі иманның нұрының әлсіреуінде жатыр…

Егер сізде осы иманның әлсіреуі сезімі болып жатса тезірек амал етіп бастау керек. Әйтпесе Алла сізді көтерген, бастаған тура жолдан адасып.
Қараңғылыққа батып кетуіңіз мүмкін.

Бұнай кезде не істеу керек?👇🏻

1. Иманның нұрын әлсіреткен амалдарды(күнәларды) тоқтату.
2. Жақсы амалдар жасау, нәпсіге өте ауыр болады.
3. Ортаңызға мән беріңіз, керек болса ауыстырыңыз

4. Құран оқыңыз, тыңдаңыз. Бұл да нәпсіге ауыр тиеді бірақ өте эффективно. Себебі құранда Алла тағала осы құранның кеудедегіге шипа екендігін айтады.

Егер құранмен еш байланысыңыз болмаса, оқи алмасаңыз, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз, әлі жеңілдікпен орындар бар.

Жазылу үшін: 👉🏻ватсап👈🏻

Айбек, ислами наставник 🎯

19 Aug, 14:58


бүгінгі обновление)🙌🏻

тегін қатысушылар: орын толды
жеңілдікпен: 31

Айбек, ислами наставник 🎯

18 Aug, 12:24


Мен өзімнің курсыма қатысуды саны бар сапасы жоқ, басы бар аяғы жоқ болғанын қаламаймын. Сондықтан 50 адамды 2 шартпен (тегін) қабыдаймын деп шештім.

1-шарт, НИЕТ. Сіз 45 сабақты 2 ай ішінде қарап максималды түрде активность таныта алуыңыз керек. Егер ол шартқа сай келмесеңіз басқа қатысатын адамның орынын алмаңыз.

2-шарт, сіздің қаржылық жағдайыңыз бұл курсты 7990тг-ге сатып алуға жетпеуі керек.
Тегін орындардан бөлек ақылы 50 адамды қабылай аламын. Егер қаражатыңыз жететін болса ақылы қатысыңыз.

(Оқымайтын болсаңыз, тегін екен деп, біреудің орынын алып ақысына кірмеңіз)

📌Тегін қатысу үшін сілтемеден өтіңіз: 👉🏻ватсап👈🏻

📌Ақылы(жеңілдікпен) қатысу үшін сілтемеден өтіңіз: 👉🏻ватсап👈🏻

Орындардың мониторингі келесі постта болады.
Сабақтарға ерлер де/ханымдар да қатыса алады.

Айбек, ислами наставник 🎯

18 Aug, 12:00


Ассаламу алейкум …
құран курстарына тегін қатыстырамын деп пост шығарып едім, көп адам ниет білдіріпті. Келесі постта тегін қатысудың шарттары болады. Тек 50 адам қатыса алады соған мән беріңіздер)))📌

Айбек, ислами наставник 🎯

15 Aug, 04:32


📿Истиғфар - туралы не білесіз?

Пайғамбарымыз ﷺ бүкіл күнәләрі кешірілген болуына қарамастан күніне 100 рет истиғфар айтатын болған.

неге олай жасайсыз деп сұралғанда?
- Шүкіршіл құлдардың қатарынан болмаймын ба?! - деп жауап берген.

Истиғфар - Алладан кешірім тілеу.

Әстәғфируллаһ - أستغفرالله -

ал үстіндегі посттағы күнделікті таңда н/е кеште шын сеніп Сәйидул истиғфар арқылы дұға етіп күндіз н/е түнде жан тапсырсаңыз Жәннәт иелерінен боласыз...(хадис)

Айбек, ислами наставник 🎯

03 Aug, 13:49


Ассаламу алейкум !!!
Білесіздер менің құран үйренуге арналған мощный курсым бар. Соны тегін берсем қалай болады екен деген ой💭 болып жатыр. (Бұл курсты дайындауға өте көп күш кетті негізі)

- Бірақ тегінді көп адам бағаламайды. Сіздердің араларыңызда қанша адам бар екен үйренуге ниетті, егер тегінді үйрене аламыз деген шешімдеріңізді көрсем бере алатын сияқтымын.

Үйрене аласыздар ма тегін ??🤔

Айбек, ислами наставник 🎯

30 Jul, 15:14


📌 канал бойынша навигация:

үстін бассаңыз сол постқа барады:👇🏻

фатиха сүресі

аср сүресі

кәусәр сүресі

Кәфирун сүресі

қадір сүресі

ықылас сүресі / ықылас сүресінің мағынасы

нәс сүресі

фәләқ сүресі

аят әльКурси

құныт дұғасы

әттәхият дұғасы

субхәнәкә дұғасы

рукуғтағы/ сәждедегі дұғалар

Роббәнә әтинә дұғасы

Аллаһумма салли/Аллаһумма бәрик

намаздан кейінгі дұға

сәйидул Истиғфар

қажет намазы

керек мағлұматты төмендегі хештегтермен де іздесеңіз болады:

#сәһу #дәрет #ғұсыл #тест. #даналықтар #ойымғо #намаз

Айбек, ислами наставник 🎯

22 Jul, 07:21


бүгін таңертең ғана өлім туралы ойлап кетіп едім.

расымен де, өліп кетсең ше...
соонша жоспарың, арман-мақсатың бәрі бітті.

қияметің басталды.🤐

Ұстазды Алла рақымына алсын. Аз өмір сүрсе де сапалы өмір сүрді...

Айбек, ислами наставник 🎯

21 Jul, 17:19


Құранның адамды өзгертуі

Айбек, ислами наставник 🎯

21 Jul, 16:22


Ассаламу алейкум !!!
Алматы қаласында офисі бар кісілер болса маған жекеме хабарласа аласыздар ма?

Күнделікті жұмыстарымды істеуге офис керек болып жатыр.

@aibekadilbekov 👈🏻осында жазсаңыздар болады..

Айбек, ислами наставник 🎯

19 Jul, 11:23


жұма күні оқу сүннет болған Кәһф сүресінің даналықтарынан хабардарсыз ба?

👇🏻Сіздерге Кәһф сүресінен бір қызық даналықпен бөліспекпін. Кәһф сүресінде Муса (а.с.) Алла тағала ілім мен даналық берген кісіден (Қыдыр а.с.) білім үйренгісі келеді.

🎥Муса пайғамбар мен Қыдыр (а.с.) сапарларында 3 түрлі оқиға болады:
1. Қыдыр (а.с.) теңізде амал ететін адамның кемесін тесіп тастайды.
2. Қыдыр (а.с.) бір баланы өлтіреді.
3. Олар (а.с.) шаршап келіп тамақ сұрағанда бас тартқан ауылдағы, 2 жетім баланың құлағалы тұрған дуалын(стена) қайта тұрғызады (жөндейді).

Неге бұл нәрселері жасағанын соңынан түсіндіргенде:
1. Кемені теңіздің артқы жағынадғы патша кемесін тартып алмасын деп тескенін, патша армия жинап жатып кемелерді тартып алып жатқанын айтады.
2. Жас баланы өлтіруінің себебі, әке-шешесі салиқалы адамдар, ал бала өссе оларды тыңдамайтын қатыгез адам болатынын, ол баланың орынын Алла тағала жақсырақ баламен ауыстыратынын айтады.
3. Неге дуалды қайта тұрғызды десе, бұл әке-шешсі салиқалы ( болған екі жетім баланың дуалы, оның астында олардың қазыналары бар, Алла тағала бұлардың ер жетіп, сосын ол қазынаны шығаруды қалады деп айтады.
(18:60-82)

📌Бұл оқиғаның даналығы,
- қазір сізге ұнамсыз болып көрінген нәрседе басқа сіз білмейтін үлкееен хайыр болуы мүмкін соны біліңіз, әрі сеніңіз.

-Алла тағала сіздің тағдырыңызға сізге хайырсыз болған нәрсені жазбайды сондықтан, әр нәрседен бір жақсылық көріп үйреніңіз.

-Қиындықтар сізді сындырмасын, керісінше даналығыңызды арттырсын…

(Пост шектен тыс үлкен болып кетпесін деп, қысқаша айттым. Бұл оқиғалармен таныс па едіңіз, кері байланыс күтемін.🧠)

Айбек, ислами наставник 🎯

18 Jul, 11:04


📍намаз - байланыс

намаз ол сіздің діндегі түсінігіңіз, сезімдеріңіз, Алламен байланысыңыз.

қалай?

намаз бастауға дейін адам діннен дым түсінбейді, сезінуі де қиын...

ал, намаз бастаған соң діни түсінігі де дамып, көзі ашылады...

сондықтан-да намаз өте маңызды...

📍намаз - сенің исламмен, Алламен байланысың.

намаз жоқ = байланыс жоқ..

Айбек, ислами наставник 🎯

10 Jul, 09:34


🚨қабірде қойылатын 3 сұрақтың бірі: Раббың кім?

- бұл сұрақты қазір өзіңізге қойып ойланып көріңізші.
Раббыңыз кім?
танисыз ба Раббыңызды?

Айбек, ислами наставник 🎯

08 Jul, 11:48


құранның жүрекке әсері?
жүрегім қатайып кетсе не істеймін?
(0-ден құранға түсу курсынан үзінді)

Айбек, ислами наставник 🎯

24 Jun, 11:47


Проблемаң көбейіп кетіп шығар жол таппай жүрсең, не істеу керек?

Өзіме кеңесім, әрі тәжірибемнен өткен:

📌Негіз: Біз білуіміз, миымызда сенуіміз қажет болған мәселе: барлық істі реттеуші Алла тағала. Бұл істеріңіздің реттеуліңінің негізі болмақ.

Бірінші қадам, Алланың көркем есімдерін айтыңыз, сезініңіз, осы есімдерді әсіресе көп еске алыңыз: “Әл-Һәди, Әр-Рашид, Әл-Фәттәх, Әл-Хәкәм, Әл-Мужиб, Әл-Хәким, Әл-Уәли, Әл-Мубди, Әл-Муғид, Әл-Хәйй, Әл-Қайюм, Әл-Жәмиғ, Ән-Нур”…

Екінші қадам, дұғалар, Йәә Хәйю, Йә Қойюм бирахматикә Әстәғис, Әслих лии шәнии кулләһ, уә ләә тәкилнии иләә нәфси торфәтә айн.
Истихара дұғасын да оқысаңыз болады.

Арабшасы: يا حي يا قيوم برحمتك أستغيث أصلح لي شأني كله ولا تكلني إلا نفسي طرفة عين

мағынасы:
Уа Хәйй (мәңгі тірі), уа Қайюм (Өздігінен тұрушы) Сенің мейіріміңмен жәрдем сұраймын, менің істерімнің бәрін жақылап реттестірші және мені бір сәтке өзіме қалдырмашы.🤲🏻

Үшінші қадам, истиғфар. Истиғфар есіктерді ашады.

Төртінші қадам, өзіңізді реттеуден бастаңыз. Шаш, киім, үй барлығын реттеңіз, стресстен арылуға көмектеседі. Әрі өзіңізді жақсырақ сезінетін боласыз.

Бесінші қадам, миыңыздағы уайым, түсініксіз ойлардың барлығын қағаз бетіне шығарғаныңыз дұрыс.

Алтыншы қадам, оңаша қалып сол ойларды, уайымдарды реттеудің ең дұрыс жолын ойланыңыз. Ақылдасатын адамдар тізімін шығарыңыз.

Жетінші қадам, жоспар бойынша амалға кірісіңіз…

Бұндай жағдайдан уайымсыз өтудің жолы — тағдырға деген иманның нық болуы. Алла жазған тағдырыңыздағы оқиғалар міндетті түрде орындалады (57:23 аятты қараңыз.)

(Пайдалы болса, реакция білдіріп достарыңызға бөлісіңіз)